81 САБАҚ Сабақ жарнамалық роликті түсіндіру және жарнамалаушылардың адамдарды өз
өнімдерін сатып алуға қалай көндіретіндері туралы түсінік беруден басталды; бұл сондай-
ақ PowerPoint таныстырылымы мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету
түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік.
Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана
отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз
элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек
ретінде, әр топқа оқушылар қосуға тиіс ақпарат туралы нұсқаулығы бар жұмыс парағы
берілді. Бірінші сабақ оқушылар өздерінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын тол-
тырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материалдар (мысалы, қосымша слайдтар
және т.б.) табумен аяқталды. Оқушыларға, сыныптан шыққанға дейін, үзіліске және түскі
асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта видеоны
жасап, редакциялауға және оны көрсету үшін Microsoft Movie Maker пайдалануға шамамен
30 минут бөлінді.