Бағдарламасы Негізгі сұрақтар: Өлкетану курсын оқытудың маңызы



бет6/6
Дата12.10.2019
өлшемі138,74 Kb.
#49692
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
e79c1ef1-8b03-11e6-8573-f6d299da70eeдәріс Географияны окытуда өлкет ізде


4. Отын энергетика саласы ( көмір, мұнай, электроэнергиясы).

5. Шикізат пен материал саласы (құрылыс материалдары).

6. Көлік кешені.

1.2   Өлкетану жұмыстарының әдістері мен мазмұны

Сыныптан  тыс  өлкетану  жұмыстары  мектептегі  оқу-тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол мектеп бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, мұғалімге  міндетті  жұмыс  болып  табылады.   Оқушылар  өлкетану жұмыстарына  қалауы бойынша өз еріктерімен қатысады. 

Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары оқу мен тәрбиені бір жұмыс процесі  ретінде   қарауға   негізделеді.   Бұл    жұмыстар  нәтижесінде оқушылардың ойлау   қабілеті    дамиды, өздігінен  білімін жетілдіреді, шығармашылық, қызығушылық, байқампаздық қасиеттері қалыптасады.  Жұмыс жасау барысында алған білімдері мен тәжірибелерін  іс  жүзінде меңгеріп,   өмірде пайдалануға жол сілтейді.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары  оқушыларды  еңбек етуге  тәрбиелеп,  болашақ  мамандығын таңдауға  көмектеседі.  Өлкетану жұмыстарымен  айналысу  барысында  оқушылар  нақты  мысалдармен өлкенің табиғатын танып біледі,  оны қорғауға, аялауға жауапкершілігін арттырады.

Өлкетанудың мақсаты –  сыныптан  тыс   жұмыстарды жетілдіру, оқушылардың  дамуына,  ғылыми-қызығушылық көзқарасын, тарихи,   байлықтарын білуге  әлеуметтік-географиялық   сұрақтарды меңгнруге          ( мәдени,  ғылыми, білім, сауда  қатынасы,  халықтың  шаруашылық әрекеті)  жетелейді.  

Мұндай  бағыт-бағдар,   әлеуметтік-экономикалық     география саласының  географиялық  білімдердің   негізгі  бөлігі  екендігін көрсетеді.  Мәселен,   кішігірім   қалаларды      көбінесе халқына,  олардың  әлеуметтік  жағдайына  көңіл  бөледі. 

Негізгі мектептегі өлкетану жұмыстарының көп тарағаны топсеруен мен табиғатқа  саяхат,  өнеркәсіп   кешендеріне,  тарихи  жерлерге,  археологилық қазбалармен  танысуға,  сәулет  өнерімен,  тарихи-әдеби мұраларды  танып  білуге,  танысумен  ерекшеленеді. 

Барлық  мектептегі  өлкетану  жұмыстары алдын-ала жоспарланады.   Жалпы  мектептегі  географиялық-өлкетану жұмыстары мен өлкетану үйірмелерінің жұмыстары бір-бірімен тығыз байланысты.   Жалпы  мектептегі  өлкетану  жұмыстары өлкетану  үйірмелерінің  негізінде  жұмыс  атқарады. 

Мәселен, география мұғалімі бір сынып бойынша өлкетану үйірмесін ұйымдастырады, әрі сыныптың жетекшілік қызыметін атқарады.  Үйірменің негізгі  мазмұны - өз облысының өлкесін тану, оқу. Екі жылда .... үйірме мүшелері мен ....  саяхатқа және туған өлкеге топсеруенге шықты, көптеген географиялық материалдар жинады. Саяхаттар  мен  топсеруендердің қорытындысы күнделікке  толтырады.

Жалпы мектептегі география -  өлкетану  жұмыстарын   өлкетану штабы мен  ұйым  құрудан  бастау  қажет.  Ұйым құрамына 6-10 сынып  оқушылары алынады және мектептегі тәрбие ісі жөніндегі  меңгерушісі  басшылық  жасайды. Жалпы мектептік  өлкетану  жұмысының  жоспары жасалып  оқытушылардың   педагогикалық   мәжілісінде   жетекші тағайындалып бекітіледі.  Жоспарға қажетті: тақырып, сыныптар бойынша  тапсырма,   сыныптар   немесе  отрядтар   бойынша  топсеруенге   немесе  саяхатқа  шығу  мерзімі,  орындалуына жауаптылар. Жалпы мектептік жоспар  экспедициялық  отряд,  сыныптардың  жоспары негізінде жасалынады.

Әрбір  сыныпта  экспедициялық  отряд  құрылады,   олар  жалпы мектептік  жұмыстарға қатысады. Өлкетану ұйымының шешімімен әрбір отряд  арнайы  тапсырмалар  бағыттары  бойынша  алады,  тапсырма орындауға кіріседі.

Тапсырманы орында убарысында жұмыстың жоспары жасалынады. Экспедициялық отряд мүшелері, зерттеу жұмыстарына дайындалып, оның мерзімін,  алынған  нәтижесін  толтыру,  жауаптылары  көрсетіледі.

Зертеуге дайындық: картографиял ық материалдар мен әдебиеттерді дайындау.

Зерттеу объектілерінің маршруттарына арналған нұсқаулар:
Картографиялық негізді дайындау, оқу объекиілерін дайындау.   Объектінің анықтамасына толық жоспар жасау, қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, табиғатқа саяхаттың мерзімін анықтау,  өнеркәсіп кешендері, мұражай т.б. жауапты жұмыстарды экспедиция мүшелеріне бөлу. 
Зерттеуді өткізу:  топсеруен, саяхат және стационарлық бақылау, әрбәр отряд  алдын-ала  жоспар  бойынша   табиғат  объектісімен танысады, жоспарда  қандай  географиялық  жұмыстар,  колекциялар,  көрнекті материалдар  жасалынатыны   қарастырылады.   Мектепте өлкетану жұмыстарына  оқушыларды  қызықтыру  мақсатында   экспедициялық отрядтардың  арасында   жарыстар    ұйымдастырылады. Жарыстың қорытындысы  жылына бір рет қаз ан  айының басында шығарылады. 

Жарыста қойылатын талаптар: жиналған материалдардың құндылығы,  оны безендірудегі сапасы,  бір сыныптан қатынасчқан оқушылардың саны, өткізілегн экспедиция мен саяхаттардың саны,  қорытында бойынша 1-3 орын алғандарды марапаттайды. Экспедициялық отрядтардың  жұмыстары көрме түрінде көрсетіледі, ал аудандық немесе қалалық көрмеге жіберіледі. Жоғары дәрежеде жұмыс жасаған экспедициялық отрядтар, республикалық, жергілікті әкімшілік тарапынан іздену, туристік жұмыстарының нәтижесінде мақтаулармен марапатталады.

Географиялық өлкетанудың негізгі мазмұны:

1. Аймаққа физфкалық-географиялық сипаттама, шолу жасау, табиғи-аймақтық кешендерге сипаттама беру, аймаққа ауыл шаруашылық жағынан сипаттама бере отырып, бір жылдық даму ритмін бақылау.

2.  Өз өлкесіне, табиғатына, халқына, өнекәсіпкешендеріне, транспортына экономикалық-географиялық сипаттама беру. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне ( салт-дәстүрін, мақал-мәтелдерін) оқуға көп көңіл бөлу. 

Аймақты физика-географиялық кешенде оқыту.
Мектеп деңгейінде табиғатты оқыту өте қарапайым беріледі. Оның жеке компаненттетріне түсінік берумен шектелмей іс жүзінде практикалық сабақтарда жұмыстар жасалынады.

Мектепте аймақтық  физикалық-географиялық кешенді оқыту үшін үш кезеңнен тұрады:

1.    Дайындық;

2.    Далалық;

3.    Камералық;

4. Дайындық кезеңі:



А) Келешекте оқытылатын ауданның табиғатын анықтау.

Б) Экспедицияға қатысатын отрядтың тапсырмасы құрылады.
« Өз өлкесін» оқытуда келешекте оқытылатын ауданның табиғатын анықтағанды негізделеді.  Алынатын аймақ мектептегіден 7-8 шақырым қашықтықта алынады. Алынатын аймаққа ауданның әкімшілік аймағы, қала типтес село, аудандық-ұалалық типтегі жасыл желек,  ауылдық әкімшіліктің бір бөлігі, әкімшілік аймақтың шекарасы т.б. алуға болады.  Өлкені оқытудағы ауданды  анықтауда қойылатын талаптардың бірі:  карта жасау.  Ол өлкетануға қажетті материалдарды жинағанда далалық  жұмыстардың қорытындысы бойынша ( тау жыныстарынның коллекциясы, гербарий, суреттер, кестелер).  Егерде әкімшілік аймақтың шекарасының  картасы болсы, физикалық-географиялық кешенді сипаттау өте оңай жүргізіледі.

Жер бетіндегі бақылауға  алынған  табиғат кешендерінің көлемі, пішіні, құрылымы жағынан әртүрлі: елдердің физикалық-географиялық зоналары, облыстың аудандары, ландшафттары.  Қазіргі таңда географ мамандар ландшафттық бағытқа көп көңіл бөлуде.  Оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында кейбір табиғат  кешендеріне анықтама беруге болады. 

Фация – жер бедерінің ұсақ бөлшектерінде қалыптасқан ландшафт құрылымындағы ең төменгі рангтан орын алатын территориялық табиғат кешені. Ол территориялық бөлшектерге бөлінбейді. 

Ландшафт – құрамдық, құрылымдық бөліктерінің баламалары қайталанбайтын нақтылы  территориялық табиғат кешені. 
Қоныс – ландшафттардың құрылымдық бөлігін құрайтын территориялық табиғат кешені. 

Ірі елді мекендер мен  қаларда орналасқан мектептер үшін алынатын аймақ өз өлкесіне сәйкес ,  мынадай талаптарға сай келуі тиіс: табиғат зонасы физикалық-географиялық жағынан әртүрлі, күрделі жер бедері, жақсы жабылған тау жыныстары, түрлі топырақ өсімдік жамылғысы, аудан саяхат жасауға өте қолайлы, мектеп маңына өте жақын орналасқан болуы тиіс.

Экспедициялық отрядтың тапсырмалары:

1.  Өз аймағанаң, елді мекенінің географиялық координатын анықтау ( карта бойынша).

2. Өз еллді мекеннінің географиялық ендігіне сипаттама беру.

3. Жергілікті жердің бойлық меридианын анықтау.

4.Өз облысының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі қашықтықты анықтау ( карта бойынша).

5. Өз облысынның көлемін көрші облыстармен салыстыру.



6. Өз облысын қандай табиғи кешендерді басып өтеді.

Облыстың табиғи ресурстары мен табиғат жағдайлары:

1. Облыстың геологиялық  картасын оқи отырып өз облысының геологиялық жағдайына қорытында жасау.

2.  Өз облысынының табиғи қазба байлықтарын оқи отырып, кескін картаға түсіру, халық шаруашылығында қалай пайдаланатынын түсіндіру.

3. тау жыныстарының пайдалы қазбалары мен қазында организмдердің үлгі коллекцияларын жинау.

4. Өз болысынның жер бедері қалай қалыптасты, облыстың жер бедеріне, шаруашылық жағынан баға беру,  жер бедері мен жолдардың  арасындағы байланыс, жергілікті халықтың орналасуы, егістік дала, бау-бақша, жер бедеріне жүргізілген суару жұмыстары туралы мәлімет беру.

5. Өз қалаңның, аудынның, елді мекеннің жер бедерін жазу: өзен маңындағы, карьерлердегі жүргізілетін жұмыстарды түсіндіру, жазықтардың жыныстары туралы түсіндіру.

6.Аймаққа геология-геоморфологиялық профиль ( кескіндеме) жасау.

7. Жер бедерінің тереңдігі, ені, биіктігін өлшеу ( өзен, арна, жайлы жерлер, жарықтар, карстық жерлер т.б.).

8. Өзен жағалауына,арнасы мен аңғарына бақылау жасау.
Климаты:

1. Өз облысының жылдық жеке мезгілдеріне сипаттама жасап, оның түзілу жағдайынатүсіндіру (климат картасы мен өз ауа райын бақылауын пайдалана отырып). 

2. Өз облысында көбінесе ауыл шаруашылығына қолайлы ауа райы қандай анықтау.

3. Ауа райына систематикалық бақылау жасау.

4. Мектептегі ауа- райына  жасалған бақылау бойынша ауа температурасының өзгерісіне, қысымға ауаның ылғалдылығы мен жер рязасына график сыздыру.

5. Күнделікті ауа-райына бақылау, жергілікті жердің ауа рацының өзгеруіне, радио, телеақпарат арқылы берілген ауа-райына өздігінен қорытынды щығарады.

Өлкетану ұстанымының өрісі кең. Қазақстан Республикасының дамыған бәсекеге қабілеті 50 ел қатарына ену туралы алдына мақсат қойған тарихи кезеңде   «Қазақстан  Республикасының  географиясы» курсын өткенде, қазіргі уақытта өзгеріп жатқан  Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша оқу материалдары толықтырылып, әлемдік білім қорына Қазастан географиясынан не қосылды, қандай жаңа технологиялық жаңалық ашылды, ғалымдарымыздың мақтаныш тұтатын еңбектері қайсы, міне, осы мәселелер төңірегінде  әдістемелік ізденістер жасалып,  нәтижесі оқу үрдісіне көрініс тапқаны дұрыс.   Ұлтжанды ел азаматтарын тәрбиелеуде өлкетану ұстанымы -  географияны оқытуды өмірмен жақындастыруға қолдау көрсететін маңызды ұстанымдардың бірі.

Жалпы ортп білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарында оқылатын « Қазақстан Республикасының географиясы»  курсын оқытуды дұрыс жолға  қойғанда және  алдыңғы курстарда алған  өлкетанушылық   білімге  арқа  сүйей  отырып  өз  облысының         ( ауданның) аумағындағы табиғатты неғұрлым тереңірек тануға және сезінуге қол жеткізуге  мүмкіндік пайда болады.
Өлкетану ұстанымы бағдарламадағы географиялық білімдер мәселелерін тану құралы және қоршаған табиғи ортамен байланыстару қызметтерін орындайды. Өз мекенінің табиғатындағы ерекшеліктерді оқып- үйрену  үрдісінде оқушылар бойында алуан түрлі сарамандық дағды  қалыптасады және географиялық зерттеу әдістерімен танысады.
Курсытың осындай құрылымдық негізде белгіленген физикалық-географиялық байланыстарды және олардағы табиғи жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерін  түсіндіруде географиялық жалпы ұғымдар мен заңдылықтарды пайдалану және тереңдете рқыту әрбір келесі аймақ табиғатын қарастыруға өз мүмкіндігін ұсынады.  Осы мүмкіндікті игергенде ғана табиғат құбылыстарының мәнін неғұрлым тереңірек зерттеу, оларды ғалашарлық ауқымда ( 6-7 сыныптар), сосын елді тұспа-тұсымен, ірі табиғат аймақтарын (8-сынып) талдауға раналған жағдай жасалады.

Мұндай курс құрылысы оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту міндетіне де жауап береді. Оқытудағы өлкетанушылық ұстанымы – жаңа білімді игеру үрдісіне оқушылардың өзіне қоршаған өмірде бақыланған айғақтарды тұрақты және органикалық қосу болып табылады.

Мұндай курс құрылысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытады.

Өлкетану ұстанымын жүзеге асыру – төл оқулықтың маңызды қызметі, міндеті. Оңтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 10-нан 200 км-ге жететін 118 кіші өзендер бар. Олардың көбісі антропогендік зиян көріп отыр:  ағынды сулардың қабылдағышы ретінде немесе сулары түгелімен ауыл шаруашылығына қолданылады.
Шымкент қаласының тазаланған ағынды сулармен суландыратын диханды жерлердің салынуы өте баяу өтуде. Жоспарланған 7 мың га жер көлемінің орнына 2095 га ғана салынған.

Ауылды аудандардағы табиғат қорғау мәселелерінің өздеріне тән, ерекшеліктері бар және олар адам денсаулығына өте қауіпті, себебі, ол жерлерде суды тазарту жүйелері аз немесе мүлдем жоқ десе де болады. Ауыл түрғындарының көбісі азотты ластанудан зардап шегуде. Оған қоса облыстың кейбір аудандары Арал апатының да зиянды әсерінің ықпалында.
Арал теңізінің шөгуінен, теңіз экожүйесінің өзгеруінен, климаттың континентальдылығының күшеюінен, табиғи ландшафтар мен ауыл шаруашылық егістер мен шалғындардың шөлге айналуы мен деградацияның әсерінен, Амудария мен Сырдария өзендерінің төменгі жақтарындағы жерүсті және жерасты суларының азаюы мен күрделі экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Экологиялық дағдарыс алдында Оңтүстік Қазақстанның 5 ауданы еніп тұр.
Суға ақы төлеуді енгізу басты мәселені шешпеді, себебі, су тұтынушылары қолданылған суға төлемейді. Ал судың тегін болуы, оны тиімді пайдалануға итермелемейді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер қорының жалпы ауданы 12 млн. га асады. Соңғы жылдарда жер ресурстарының деградациясы тоқтамаған. Деградацияға үшыраған жердің ауданы 4 млн га, соның ішінде ауа эрозиясынан 3 млн га, ал су эрозиясынан 1 млн га. Эрозияға қарсы жұмыстар қажетті қарқында жүргізілмейді. Облысымыздағы суланатын жер көлемі соңғы жылдарда 500,5 мың гектарға жетті. Сонымен қатар, екіншілік түздану процестері жандана түсуде. Тік дренаждың 840 қоймалар әр түрлі себептермен жұмыс істемейді, құртылған жерлердің (карьерлер, ішкі және сыртқы үйінділер, желілі құрылыстарының салыну кезіндегі жіберген қателіктер, қолданудан және ашық дренаж жүйесінен шыққан каналдар) жалпы көлемі - 1,5 мың га /40/. Сонымен бірге, соңғы жылдары ол жерлердің рекультивациясы мүлдем тоқтап қалған. Сондықтан, қазіргі кезде төмендегі шараларды жүргізу керек:

• органикалық   тыңайтқыштардың   ғылыми   негізделген   көлемін қолдану    арқасында    топырақтың    органикалық    заттар    жағынан дефицитсіз баланс құру;

• балаларға диета және емдік тағамдар жасау үшін қолданылатын ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін пестицидтерді қолданбайтын экологиялық жағынан таза шаруашылықтарды бөліп алу;

• теплица-парниктік   шаруашылықтарда   пестицидтерді   қолдануға тиым  салу,  оның  орнына  өсімдіктерді  қорғаудың  тек  биологиялық әдістерін қолдану;     

• зиян келтірілген жерлерді қалпына келтіру үшін жеткілікті айып пұлды талап етіп, оны өңдіріп алу;

• өндірістік кәсіпорындардың (әсіресе токсикалық қалдықтары бар) санитарлы-қорғаныш зоналарын санитарлы қалыптарға жеткізу;

• мемлекеттік қорықтардың беделін және ролің көтеру мен материалды-техникалық базаны нығайту үшін, Ресей қорықтары кеңінен қолданылатын халықаралық мекемелердің әр түрлі грант жүйесімен экология  мәселелерімен  айналысып  жүрген  ғылыми  қызметкерлерді қызықтыру;

• облыстық орман шаруашылығының дамуының және ұйымдастыруының жоспарын жасау;

• эрозияға қарсы қорған ретінде орман өсіруді қаржылау ынталандыру, ол ең тиімді және ұзақ уақыт тұратын шара, ал кейбір жағдайларда мелиорациялық қызметтің тек қолдануға болатын жалғыз ғана түрі болып табылады;

• лабораторияларда анықталатын көрсеткіштердің тізімінің ішіне топырақтағы гумусты,  бензин буларын анықтауда  және т.б.  кіргізіп кеңейту керек.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында 250 млн.т. астам өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған. Барлық қалдықтардың, урбанизацияның деңгейі биік жерлерде орналасқандықтан, экологиялық қаупі жоғары болып табылады (6-кесте). 

                                                                                                       

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет