Бағдарламасы Негізгі сұрақтар: Өлкетану курсын оқытудың маңызы



бет5/6
Дата12.10.2019
өлшемі138,74 Kb.
#49692
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
e79c1ef1-8b03-11e6-8573-f6d299da70eeдәріс Географияны окытуда өлкет ізде


Дәріс№11. Өлкетануды оқыту әдістемесіндегі ақпараттық технологиялардың ролі

Негізгі сұрақтары:

  1. Географияны оқыту әдістемесі пәнінде техникалық оқыту құралдарын пайдалану

  2. Географияда компьютерді қолдану әдістері

  3. Географиялық бейнелер мен олармен жұмыс жасау әдістері

  4. Географияны оқыту барысында кино мен теледидар мүмкіндіктерін  қолдану

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында:  «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет » деп атап көрсетілгендей бүгінгі  күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді.

Осылайша оқу–тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.


Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында  «Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр–бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,  адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір. 

Білім беру үрдісін ақпараттандыру–жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу–тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. 

Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық–коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.


Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:  «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық–техникалық кешен болып саналатын « Активті экран»  болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.


Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; 


оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Бүгінгі  күні  оқытуды ақпараттандыру үрдісінде ерекше  көңіл  бөлінуде.Оқыту үрдісін ақпараттандыру-қазіргі қоғамды  ақпараттандыру  үрдісінің бағыты  болып  саналады. Ал барлық арнайы  ақпараттық  техникалық  құралдары ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино қолданылатын  технологияларды тәжірибеде  ақпараттық технологиялар  деп  атаймыз. Компъютерлер  білім  беруде кеңінен  қолданыла  бастағанда  оқытудың  жаңа  ақпараттық технологиялары  термині пайда  бола  бастады.

Бұл технологиялар  бағдарламалап оқыту идеясын  дамыта  отырып, қазіргі  компъютерлер мен телекоммуникацияның  дамуымен  байланысты  оқытудың  жаңа, әлі  толық зерттелмеген  әдіс-тәсілдерін  ашады. Оқытудың жаңа  ақпараттық технологиялары  ақпаратты оқушыға  компъютер  арқылы  әзірлеу мен  тарату  үрдісі  болып  саналады.

Алдымен  жаңа  ақпараттық  технологияларға  көшпей  тұрып, оқу  тәрбие  үрдісінде  білім  беруді ақпараттандыру мүмкін  емес. Білім  берудегі жаңа  ақпараттық технология дегеніміз оқу мен оқу  тәрбие материалдарын үйретуге  арналған есептеуші  техника құралдарының оқу  үрдісіндегі ролі мен  орны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы  ғылыми білімнің жүйесі екені  белгілі.


Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін  табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу  үрдісін тиімді басқаруға  негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге  оқытудың мазмұнын,әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік  береді. Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін  пайдаланудың педагогикалық  сәйкестігін  ескеріп оқыту  үрдісіне  енгізу  сабақты  ұйымдастырудың  және оқыту  әдістерінің өзгеруіне  әкеледі. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологиялар  келесі үш нұсқа  түрінде жүзеге  асырылуы  мүмкін.

•    Тереңдетілген  технология ретінде компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша  қолдану;

•    Негізгі технология ретінде белгілі  бір юөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде  қолдану;

•    Монотехнология ретінде барлық оқыту,оқытудың басқару үрдісі, яғни, диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген. 


  

 Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:

•    Ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;

•    Ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау;

•    Берілетін оқу материалының өмегімен оқушы меңгере  алатын деңгейге дейін өсіру;

•    Зерттеу іскерлігін,тиімді шешімін қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;


    Концептуальды ұстанымдар төмендегідей:

•    Оқыту–бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

•    Компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;

•    Оқытудың диалог ретінде болуы;

•    Басқарылуы:мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісінде өзгерістер енгізе алуы;

•    Оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субьект-обьект, субьект-субьект, обьект-субект;

•    Жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;

•    Оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мативін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс істей отырып, оқушыға кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді,ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймайды, оның типін анықтап,дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді.

Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең,оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын,тапсырмалардың қиындық деңейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретінде тыңдауға дейін. Компьютер оқушыда өз іс әрекетінің Рефлекциясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс әрекет нәтижесін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.


Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік  ақпараттық ортаның  болуы. Бүгінгі күні компьютерлік  ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялық оқыту, электронды коммуникациялар желілері, экспертті жүйелер енеді.

Мәліметтер қоры дегеніміз-компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік, графикалық ақпарат енеді.

Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асырылады.

1. Иерархиялық мәліметтер–қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық іздеу тілдері болып  саналады.

2. Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бірқатар       атрибуттар меншіктеледі, және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асырылады.

3. Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді кейде үш өлшемді, матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен  айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп те атайды.   

Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады. Оқыту  үрдісіндегі ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына бірқатар көкейкесті мәселелер қояды.
Студентке кәсіби білім беру жүйесінде болашақ маманның кәсіби дайындығын толық шығармашылық үрдіске жұмылдырылуы ең басты мәселе. Мұндай даярлық моральдық,психологиялық кәсіби әрі көркемсуреттік дайындықтарды және жеке тұлғаның, талапқа сай сол мамандықтың ерекшелігімен ғана жүзеге асады. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс әрекеттерде,пайдалануға даярлау үрдісі күрделі ұйымдастырылатын нысан. Ғылыми әдебиеттерге жүгінсек, психологияның жаңа бағыттары екі негізгі теориялық бағытты көрсетеді: функционалды және жеке.

Дайындық алдында тұрған іс-әрекетке негізделеді, ал дайындау болашақ кәсіби іс-әрекетке тұлғаның ұзақ әрі қанық дайындалуы. Ұзақ дайындықтың құрылымына:

1/ Іс әрекетке дұрыс компьютерлік графиканы пайдалану;

2/ Іс-әрекеттің талаптарына, мінез-құлық, біліктілік, темперамент, мотивация,

3/ Керекті білім, білгірлік, жұмыс істей білу қабілеті;

4/ Қабылдау мен беру, ойлау мен эмоциялық тұрақты кәсіби ерекшелік жатады.

Осы көрсетілген жолдар студентті компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау мақсатында белгіленген бөліктер.
Компьютерлік графиканы шығармашылық үрдісте пайдалануға даярлау түсінігі студент өзінің іс-әрекетін құруда жаңа технологияны пайдалану арқылы толықтырады, сондай-ақ шығармашылық ойлау қабілетін, түрлі күрделі операцияларды орындауын, жаңаша  ойлау сияқты қабілеттерін толықтыра түседі.

«Компьютерлік графика» пәнін оқытуда жиналған тәжірибелер екі алдыңғы функцияларды көрсетеді: Студенттердің компьютерлік білімдерін қалыптастыру, білім және компьютермен жұмыс істеу біліктілігі, ақпараттық көркем графикалық мәдениетінің дамуы, оған шығармашылық жолмен кәсіби іс әрекетке компьютерлік графиканы қолдану кіреді.

Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау жүйесінің құрамына мыналарды недіруге болады:

•    Компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұндық бөлігі;

•    Компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың және іс-әрекет бөлігі;

•    Компьютерлік графиканы кәсіби іс әрекеттерде пайдалануға даярлауды ұйымдастыру және соған сәйкес келетін жүйелі әдіс, құрал әрі формаларының технологиялық бөлігі.



3. Географиялық бейнелер мен олармен жұмыс жасау әдістері

Географиялық бейнелерге суреттер, фотосуреттер, табиғат суреттері, географиялық бейнелер, құбылыстар жатады. Географиялық иллюстрациялардың арасында география оқулықтарына орналастырылған суреттер мен бейнелер үлкен мағынаға ие. Оқулықтарда ақ-қара және түрлі-түсті иллюстрациялар көп. Көп жағдайларда оқулықтардағы суреттердің мазмұны кітаптағы материал мәтініне сәйкес.


Географиялық иллюстрациялардың маңызды түрі–арнайы шығарылған қабырғаға ілінетін оқу материалдары. Мысалы, 5 сыныпқа арналған география материктері бойынша 20 суреттен тұратын серия, жеке шығарылған «Жануарлар әлемінің өкілдері», «Өсімдіктер әлемінің өкілдері», «Саяхатшылардың суреттері». Бұл суреттердің барлығы түстерін түрлі–түсті үлкен форматта. Олар бүкіл сынып оқушыларына анық көрініп тұрады. (Егер тақтаға немесе қабырғаға ілінсе).

География сабағындағы иллюстрацияларды әр түрлі мақсатта қолданады. Кейбірде жаңа материалды баяндауды иллюстрациялардан бастайды. Мысалы: 5 сыныптың физикалық географиясы курсындағы тау мен тегістіктердің өзендерін оқытуды оқулықтағы суреттерден бастауға болады.

Иллюстрацияларды қажеттілігіне байланысты материалды баяндау барысында көрсетуге болады. Мысалы: VІ сыныпта Евразия өзендерін оқытқанда Атлант мұхиты бассейні өзендерінің ерекшеліктерін сипаттайды, оны «Дунай» өзені суреті үлгісінде сипаттап, көрсетеді.
Ашық хат, фотосуреттер және кіші форматтағы иллюстрацияларды әдетте эпидоскоп көмегімен бейнеленеді. Кейбір жағдайларда  арнайы щиттерге суреттерлі жинақтап іледі.

Иллюстрациялардың ерекші түрі экранды құралдар-диапозитивтер мен диафильмдер. Мектепте курс тақырыптары бойынша диапозитивтер мен диафильмдердің үлкен жиынтығы болады. 6  сынып курсы бойынша барлық материктер бойынша диапозитивтің жиынтығы бар, ал материктердің барлық облыстары бойынша диафильмдер болады. 

Диапозитивтерді әр түрлі оқу  ситуацияларында қолдануға болады. Мысалы 5 сыныпта вулкандарды оқыту кезінде «Литосфера» сериясынан  диапозитивтерді келесі ретте қолдануға болады. Оқытушы «Жанартау пйзажы–Камчатка» диапозитивін көрсетуді жанартау туралы түсіндіруді бастайды.Одан кейін «Неаполь тарапынан Визувийдің түрі», «Визувий бейнесі», «Помпейдің қазып алу» және К.Брюлловтың «Помпеидің соңғы күні» атты сұңғат бейнелерінің диапозитивін көрсетіп, б.э 79 жылы Визувидің жарылысы орын алғандығын, Помпейдің күйреуі жайлы әңгімелейді.

 «Кратер» және «Вулкан Кракатау» диапозитивтерін көрсеткенде оқытушы жанартау құрылымын, жанартаудың атқылау механизмін түсіндіреді. Содан соң оқытушы картадағы жанартаулардың орналасуын көрсетеді. Соңында «Ключев шоқысы», «Фудзияма» және «Страмболи» диапозитивтері бейнеленіп, оларға сипаттама беріледі. Бұл диапозитивтер материалды бекіту үшін қолданады. «Кратер», «кракатау жанартауы» диапозитивтерін көрсетіп оқушыларға жанартау құрылымын айтып беруін ұсынуға болады.

Диапозитивтерге қарағанда диафильмдер диакадрлар жүйесінің сценариімен сәйкес жинақталған кадрлардан тұрады. Оларды сабақ барысында және фрагменттермен көрсетуге болады. Диафильмдер–күрделі түсініктерді қалыптастыру кезінде,табиғи процестерді ашу кезінде,құбылыстарды дамытуды анықтау кезінде, яғни мазмұны бір, байланысы бар диакадрлардың бірқатарын ізгілікті көрсетуін талап еткен уақытта үлкен артықшылықтарға ие.

«Жер сілкінісі» диафильмін қолдану үлгісін 5 сыныптағы ішкі күш әсерлерінен жер рельефінің өзгерісі туралы сұрақты зерттеу барысында көрсетеміз.

Бұл диафильм 4 фрагменттен тұрады:

1)Жер сілкінісі адамдарға не әкеледі?

2)Жер сілкінісінің себептері ?

3)Сейсмограф не дейді?

4)Жер сілкінісінен қалай қорғанамыз?

Диафильмдер мазмұны бұл курстағы қаралған мәселелердің бәрін қамтиды, және мұғалім диафильм негізінде оқу материалын баяндай алады. Сонымен қатар ол картамен жұмыс істеу мен қоса басқа әдістерді қолданады (мысалы кадрларда көрсетілген территорияны картадан көрсету), әңгімелей орытып оқушыларға сабақ соңынан жауап берулері тиіс сұрақтарға жауап іздеулерін баяндайды.


Диафильмдерді материктерді, елдерді, мемлекеттер аудандарын оқыту кезінде олардың шаруашылық салаларын, облыстарын белгілі бір тәртіпте көрсету үшін тиімді.
Сондықтан, осы принцип бойынша аймақтар жайлы барлық диафильмдер құрастырылған. Диапозитивтер сияқты диафильмдер диапроекторлардың көмегімен көрсетіледі.
Соңғы кездері мектептерде диапроекторлармен қатар кодоскопты қолданады–сыныптық оптикалық тақта. Бұл ірі көлемдегі кодоскоптарға арналған диапозитивтер өндірісіне түрткі болады. Әрбір жаңа диапозитив  суреті салынған соң кодоскопта алдыңғы даипозитивтің мазмұны ескеріліп, динамикалық сезімі қалыптастырылады. Бұл әртүрлі процесстерді көрсету үшін ыңғайлы. Кодоскопта диапозитив үстіне пленка бекітіліп, оған мұғалім көрсету барысында қажетті жазбаларды түсіруіне мүмкіндік алад

4. Географияны оқыту барысында кино мен теледидар мүмкіндіктерін  қолдану

Кино – географияны оқытуда кең қолданылатын көрнекі құралдардың ең көп тарағандарының бірі. Ол оқушыларды әлемнің кез келген  бұрышымен көрнекі түрде  танысуына мүмкіндік береді. Әсіресе кино табиғи ландшафтылар, адамдардың шаруашылық әрекеттері жайлы мәлімет алуына мүмкіндік береді. Кино табиғи процестерді көрнекі ете алады, яғни баяу көрсету арқылы жедел жүретін табиғи процестің жүру барысын бейнелейді, немесе керісінше баяу жүретін процессті жеделдетіп түсінікті етіп ұсынады. (жер сілкінісін баяулатып та, жеделдетіп те көрсетеді). Кино көмегімен ауыл шаруашылық пен өндірістегі әр түрлі процестерді көрсете алады.

Оқу кинофильмдерін өндіру көп уақытты талап етіп, өте қымбатқа түседі. Кинофильмді көрсету үшін арнайы жабдықтар қажет. Қазіргі кезде кино көрсететін жабдықтары бар мектептер саны арта түсті. Олардың сапасы да артты. Мектептерде географиялық мазмұндағы оқу фильмдері және көп мөлшердегі кинофрагменттер жинақталып, олар мектеп географиясында документальды–хроникальды фильмдерді қолдануға болады. Қордың едәуір бөлігі дыбысты, кейбіреулері дыбыссыз, түрлі–түсті және ақ–қар нұсқадағы фильмдер.

Экранда бір минут ішінде шамамен 22 м пленка проекцияланады, яғни киноның бір бөлігін бейнелеу 7-8 минутты алады,ал әңгімелесуді  қосқанда– 12-15 минут жұмсалады.

Жаңа материалдың түсіндіріліп, бекітілуі тиіс сабақтарда, үй тапсырмасын тексеріп, жаттығу орындауын  талап етілсе, онда мұндай сабақтарда кинофильмді немесе кіші-гірім фильдер қолдану мүмкіндігі ашылады.

География сабақтарында кинофильмдер картамен жұмыс жасаумен қатар ауызша баяндаудың әр түрлі түрін қолданады. Кинофильмді көрсетуді бастау кіріспе әңгімеден кейін жүреді. Оның негізгі мақсаты–оқушылардың фильмді дұрыс қабылдауына қол жеткізу. Сол үшін  оқытушы фильм мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беріп, фильмдерді көріп болған соң жауап берулері тиіс сұрақтарды ұсынады. Оқытушы сұрақты қоя отырып, кинофильмді көрсетуге көшеді.

Дыбыссыз фильмді көру барысында оқытушы көрсету кезінде айтып жатқан әңгіме мазмұны мен кадрлардың синхрондығын баяндайды, жазуларды ауызша оқып, қысқаша және қосымша мәлімет береді,қысқаша екі ауыз сөздерімен, сұрақтарымен оқушылардың зейінін мазмұнды,маңызды объектілерге бағыттайды.

Дыбысты фильмді көрсету кезінде ауыз екі сөздер, сөйлемдер оқушылар зейінін бағыттау үшін қолданылады, түсіндірулер мен қосымша жасалу бөліктер арасында немесе көрсету алдын, немесе ақырында жобалайды. Форматы тар кинофильмдерді көрсету кезінде мұғалім  жеке кадрларды экранда ұстай алады. Осы тұрғыда кадрлармен жұмыс жасау диапозитивтермен жұмыс жасауға ұқсас. Кинофильмді көріп болған соң қорытынды әңгіме жүргізіліп, оқытушы оқушыларда туындаған сұрақтарына жауап береді.

 «Кольск түбегі» атты–кинофрагманті бойынша кіріспе әңгімеде хибинге үлкен мән беріледі. Оқытушы оқушыларға: «Хибин деп аталатын таудың ерекшеліктеріне зейін аударыңдар.Оның сыртқы пішіні қандай?»деп, Хибин тауын көрсетіп жатқанда оқытушы: «Шоқылардың, шың, жартастарының қияларына зейін аударыңдар!, Ормандар шыңына дейін жетеді ме? Таудың қай шетінде аппатитті өндіреді?» деген сұрақтарды қояды. Кинокартина көріп болғаннан соң картадан Хибин тауының орналасқан жері бар екендігін оқушыдан көрсетуін сұрайды.
Кинофильмді дұрыс таңдау үшін мұғалім оларды жақсы білуі тиіс. Ол алдымен кинофильмдерді өзі көріп алуы тиіс. Алдымен кіріспе және қорытынды әңгімені белгілеп алады, және киноны көру барысында айтылатын әңгімелерін құрып алады.
Мектеп географиясы үшін теледидар үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр. Күндізгі және кешкі уақытта география тақырыбындағы деректі фильмдерді көрсету қолға алынған. Телеарналар арқылы оқушыларға «географиялық саяхат» жасатуға болады.

Оқу телекөрмелер кинофильмдер, фотосуреттер көрмелері, натуралды түсірілімдерді (мұражайлардан, кәсіпорындардан, мекемелерден, мультипликациялық түсірілімдер, схемалар мен графиктер) тақырыпқа көрсетуге болады. 5 сыныптағы «Ауа райы мен оны болжау» тақырыбына сай жасанды жер серігінен, ғарыштан түсірілген деректі фильмдерді көрсетуге болады.

Оқу телехабарларының алдында оқытушы оқушыларды хабарды көруге даярлайды. Хабарда көрсетілетін объектілерді картадан көрсетіп, сұрақтарды алдын–ала береді. Телехабарларды көріп болғаннан соң алынған мәліметтерді сұрақ қоюмен бекітеді. Кешкі оқу–білім беруші хабарларды оқушылардың танымын кеңейту үшін көрсетеді. Көптеген оқытушылар телехабарлардың материалдарын жеке берілген тапсырмаларда қолдануын кеңес етеді. Әсіресе, «киносаяхатшылар» және т.б.с.с. хабарлардың маңызы осы тұрғыда өте маңызды.    

Дәріс№12. Географияны оқытудағы өлкетану принципі. Мектепте өлкетану бұрышын ұйымдастыру.

Негізгі сұрақтар:



  1. Географияны оқытудағы өлкетану принципі

  2. Географиялық өлкетану жұмыстарының әдістері мен негізгі мазмұны

  3. Географиялық өлкетанулық курс құрылысы


География пәні мұғалімі өз еркімен мектептің өлкетану негізінде өз өлкесінің географиялық  құбылыстарын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оны микрогеография-физикалық,  экономикалық немесе географиялық өлкетану десе де болады. 

Географиялық  өлкетануды төмендегі мазмұнда қарастыру өте тиімді. 

1.    Туған  жердің  жер  қыртысын  зерттеу , өсімдіктерін,  жан-жануарларын, микроклиматы  айырмашылығын зерттеп  салыстыру.

2 Адамзаттың  әсерінен  табиғи  ортаның  қалай  өзгеруін  зерттеу.

3.  Жер бетінің эрозияға ұшырауы, су аңғарларының өзгеруі, суалу, көшкін сияқты құбылыстарды бақылау. 

4.  Тұрған мекеннің ( қала, ауыл, т.б.) тұрғындарының географиялық құбылысын анықтау.

5.  Тұрғындардың немен қандай шаруашылықты жұмыс істейтіндігі жайлы,  табиғаттың  бұл  жұмыстарға   әсері  жайлы  зерттеулер  жүргізу.

6.   Жеке кәсіпорын, мекемені зерттеу.    

7. Туған жердің,  ауданның  физикалық-экономикалық   карталарын жасау.

Аудан географиясын оқытудың 8-9 сыныптарға арналған бағдарламасы.

8-сынып. Ауданның физикалық-географиясы

1. Географиялық орнының жалпы сипаттамасы.

2. Ауданның зерттелу тарихы.

3. Жер бедері, географиялық құрылысы.

4. Пайдалы қазбалар. № 1 сарамандық жұмыс.

5. Климаты. № 2 сарамандық жұмыс.

6. Рекрациялық ресурстарды қоғрғау.

7. Ішкі сулаы және жер асты суларды.

8. Топырағы, өсімдігі және жануарлары.

9. Орман шаруашылығы және табиғатты қорғау шаралары.

9-сынып. Ауданның экономикалық географиясы

1. Зайсан ауданының халқы.

2. Ауданның егіншілік және мал шаруаылығы № 1 сарамандық жұмыс.

3. Тамақ кәсіпорындары. № 2 сарамандық жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет