іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы желтоқсан айы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
желтоқсан
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар:
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу.
Қимылды ойындар.
Ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру
Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол - аяқтарын жуу, тіс тазалау, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану, белге дейін дымқыл шүберекпен сүртіну. Осы шараларды жүргізудің және жеке гигиена заттарын пайдаланудың қажеттілігін түсіну.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөздік қор
Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.
Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну, оларды сөйлегенде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Зат есімдер мен жалпылаушы сөздерді дұрыс қолдану білуді дамыту.
Балаларға сөздерді мағынасына сәйкес қолдануға көмектесу.
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.
Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.
|
Сауат ашу негіздері
|
Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру. Жазу парағында бағдарлай білу, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажырата білуге үйрету.
Жазуды көзбен қадағалай отырып, қаламды немесе қарындашты дұрыс, еркін ұстап, үстінен қатты қысып күш түсірмей, саусақтармен біркелкі жоғарыдан төменге, солдан оңға қимылдарды орындап, сызықтарды үзбей салу.
|
Қазақ тілі
|
Менің Отаным.
Балаларға Отан туралы түсінік беру. Тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, Отан туралы тақпақ үйрету.
Мемлекттікрәміздері.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңбаны сипаттай білу үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, тіл мәдениетін жетілдіру.
Елорда–Астана.
Елордамен таныстыру. Сөздік қорларын молайту
Әсем қала–Алматы.
Алматы қаласы туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.
|
Математика негіздері
|
Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Адамгершілікке баулу
Балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге, өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға, өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.
Менің Отаным – Қазақстан.
Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.
|
Құрастыру
|
Қағаздан құрастыру.
Ұжыммен сюжетті құрастыруға баулу. Шығармашылық ойлауды және қиялды дамыту. Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту. Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану.
|
Сурет салу
|
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу), қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояу, бейнелеу, түсті қанық беру үшін қағаздың фонын таңдау және бояуларды үйлестіру, өз жұмысының нәтижелерін бағалау.
Бейнелеу әдістерін (штрихтар, бояуларды араластырып, кляксография, жіппен және т. б.) қолдану.
Бояулармен жұмыс жасауды жетілдіру (бояғышта акварельді сумен араластыру, қажетті түсті алу)
|
Мүсіндеу
|
Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау). Затқа қарап мүсіндеуде ойыншықтарды, пішіні шағын мүсіндерді, халық шеберлерінің бұйымдарын қолдану.
|
Жапсыру
|
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен (кілем, алаша, сырмақ, ши, көрпе, жастық және т.б.), киіз үйдің жабдықтарымен (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, басқұр және т.б.) таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша қиып жапсыру, оларды ою-өрнектермен безендіру.
|
Музыка
|
Музыка тыңдау.
Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, «күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазы, Қорқыт, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы шығармаларымен таныстыру.
Ән айту.
Әртүрлі сипаттағы әндерді өз бетінше және шығармашылықпен орындауға баулу. Әнді музыкалық талғаммен орындауға жаттықтыру.
Билер
Музыкаға сәйкес орындалатын би қимылдарын білу; би қимылдарының элементтерін жеңіл, еркін орындау; қозғалыс бағытын музыкалық фразаларға сәйкес өзгерту.
|
Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
Достарыңызбен бөлісу: |