Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет8/9
Дата28.02.2023
өлшемі71,93 Kb.
#170418
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспект. жоспар МАД тобы

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы сәуір айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

сәуір

Дене шынықтыру

Спорттық ойындар
Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру.
Бадминтон. Воланды ракеткамен белгілі бір жаққа бағыттай отырып лақтыру.
Футбол элементтері. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен тебу. Допты заттарды айналдыра жүргізу. Допты қақпаға тебу. Допты бірнеше рет аяқпен қабырғаға тебу.
Хоккей элементтері. Берілген бағытта қақпаға хоккей таяқпен шайбаны сырғанату, оны қақпаға кіргізу.



Сөйлеуді дамыту

Шығармашылықпен сөйлеу әрекеті.
Шығармашылықпен әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару, бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру, өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.



Көркем әдебиет

Шығарма мазмұнын сюжеттің бірізділігін сақтай отырып, эмоциямен, қисынды қайталап айтып беру, диалогтік сөйлеуді дамыту, кейіпкерлерге және олардың әрекеттеріне өз көзқарасын білдіру. Әдеби кейіпкердің белгілі бір әрекетін өзінің қалай қабылдағаны туралы айту, кейіпкерлердің жасырын әрекетін түсіну.
Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.



Сауат ашу негіздері

Әрбір сөздің мағынасы болатыны туралы түсінік қалыптастыру, сөздің мағынасына қызығушылыққа баулу. Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.
Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.



Қазақ тілі

Жайлауда.
Жайлау туралы түсінік беру, тақырып бойынша жаңа сөздермен тіл байлығын жетілдіру.
Киіз үй.
Киіз үй жабдықтарымен таныстыру. Ұлттық бұйымдарды дұрыс айтуға үйрету.
Әжемнің оюлары.
Қазақ ою-өрнектерінің аттарымен таныстыру. Сөздік қорларын ою аттарымен молайту.
Көлік.
Көліктердің қазақша атауларымен таныстыру. Көлік атауларын дұрыс айтуға жаттықтыру.



Математика негіздері

Уақытты бағдарлау. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.



Қоршаған ортамен таныстыру

Менің Отаным – Қазақстан.
Мемлекеттік Әнұранды жатқа білу, оның маңыздылығын түсіну. Мемлекеттік мерекелердің (Тәуелсіздік, Республика күні, жаңа жыл, Наурыз, ғарышкерлер, аналар мерекесі, Отан қорғаушылар, балалар, астана күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу.
Жануарлар әлемі
Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.
Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.
Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу және т. б.); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл және т. б.) бойынша топтастыру.



Құрастыру

Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыру, жұмысты бірге келісіп орындау, дайын құрылыспен ойнап,
ұжыммен бірге жұмыс істеуді үйрету.
Жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерту, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгерту.



Сурет салу

Сюжеттік суреттерді салу, ұжымдық жұмыстарды орындап, ойдан сурет салуды үйрету.
Суретті бейнелеуде мәнерлі құралдарды, қазақ оюларының элементтерін қолдану.
Сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.

Мүсіндеу

Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.



Жапсыру

Шаблондар мен трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеуді үйрету.
Геометриялық элементтерден құрастырып, заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру.
Қайшы мен желімді дұрыс қолдану.
Еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйрету.



Музыка

Музыка тыңдау.
Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, «күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазы, Қорқыт, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы шығармаларымен таныстыру.
Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет