Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет9/9
Дата28.02.2023
өлшемі71,93 Kb.
#170418
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспект. жоспар МАД тобы

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы мамыр айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

мамыр

Дене шынықтыру

Спорттық жаттығулар
Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимылдар жасау (жоғары және төмен). Судың ішінде қолымен алға, артқа жүру (аяғы денесінің деңгейінде созылған). Иек, көз деңгейіне дейін судың ішінде отыру, суға бетін малу, суға үрлеу; суда жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар жасай отырып, суда қимылдар жасау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Жергілікті шаралардың температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым су шараларын өз бетінше жүргізуге дағдыландыру, балалардың денсаулықтарын, шынықтыру құралдарының әсерлеріне бейімделу деңгейін ескеріп, қарама-қарсы температурадағы сумен шайыну, таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және аяқтың өкшелерін нығайту.
Өткенді қайталау.

Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу
Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру, әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға және қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болу.
Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру. Ойыншықтарды, заттарды, сюжеттік суреттер, табиғат құбылыстарын сипаттауда заттар мен нысандардың ерекшеліктерін білдіретін сөздерді дұрыс таңдау, сын есімдер мен үстеулерді қолдану.
Өткенді қайталау.

Көркем әдебиет

Өлеңдерді жатқа, мәнерлеп, интонациямен айту. Көркем шығарманы рөлдерге бөліп, сахналау, рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру, қойылымдағы өзінің рөлін мәнерлі дербес орындау.
Өткенді қайталау.

Сауат ашу негіздері

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.
Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.
Өткенді қайталау.

Қазақ тілі

Қазақстан – ортақ үйіміз.
Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Қазақстан халқы тату, көп ұлтты мемлекет екенін түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту.
Ертегі әлемі.
Сөздік қорларын молайту. Зейін қойып тыңдауға, таныс сөздерді табуға дағдыландыру.
Алақай,жаз келді!
Жаз мезгілінің ерекшелігін қазақша айтуға үйрету. Жаз айларын қазақша айта білу, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету.
Мен не білемін және не істей аламын?
Өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау. Ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру.
Өткенді қайталау.

Математика негіздері

Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Өткенді қайталау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Көлік, байланыс құралдары
Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б. қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
Жол қозғалысы ережелері
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «трамвай аялдамасы», «автобус аялдамасы», «жаяу жүргіншілер жолы», «велосипед жолы» белгілерін білу.
Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін және оны қорғау, сақтау керек екендігін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.
Өткенді қайталау.

Құрастыру

Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыру, жұмысты бірге келісіп орындау, дайын құрылыспен ойнап,
ұжыммен бірге жұмыс істеуді үйрету.
Жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерту, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтауды меңгерту.
Өткенді қайталау.

Сурет салу

Сюжеттік суреттерді салу, ұжымдық жұмыстарды орындап, ойдан сурет салуды үйрету.
Суретті бейнелеуде мәнерлі құралдарды, қазақ оюларының элементтерін қолдану.
Сурет салуда ұқыптылықты, қауіпсіздікті сақтауға үйрету.
Өткенді қайталау.

Мүсіндеу

Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.
Өткенді қайталау.

Жапсыру

Шаблондар мен трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеуді үйрету.
Геометриялық элементтерден құрастырып, заттарды қазақ ою-өрнектерімен безендіру.
Қайшы мен желімді дұрыс қолдану.
Еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйрету.
Өткенді қайталау.

Музыка

Музыка тыңдау.
Қазақ халық аспаптары: домбыра мен қобыз үнінің тембрлік ерекшеліктерімен, «күй» жанрымен, күйші-композиторлар: Құрманғазы, Қорқыт, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы шығармаларымен таныстыру.
Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.
Өткенді қайталау.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет