Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет5/9
Дата28.02.2023
өлшемі71,93 Kb.
#170418
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспект. жоспар МАД тобы

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Бәйтерек» мектепалды даярлық тобы
Балалардың жасы 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы қаңтар айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қаңтар

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Кеудеге арналған жаттығулар. Артқы жағынан қолды айқастырып көтеру; қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу. Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею.
Қолдың күшін жетілдіруге арналған жаттығулар. 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).
Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екінші бала оның аяғына отырады (5-6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).
Спорттық жаттығулар
Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.
Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау;
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру
Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау.
Өзіне – өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Шамасы келетін еңбек тапсырмаларын, асханада кезекшілердің міндеттерін орындауға, түрлі балалар әрекеттеріне қажетті құралдарды дайындауға баулу.
Қоғамдық орындарда гигиена ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.



Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.

Көркем әдебиет

Шешендікке, сөз өнеріне баулу, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.



Сауат ашу негіздері

Геометриялық фигуралардың, көгөністер, жеміс-жидектердің және т.б. дайын суреттерінің сыртын контурдан шығармай бастыру, бояу. Әртүрлі бағыттағы тігінен, көлденең, қысқа, ұзын, толқынды, ирек сызықтарды, нүктелерді, тамшы тәрізді пішіндерді олардың арасындағы арақашықтықты сақтап, алдымен үлгі бойынша және кейіннен өзбетінше жазуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Қыс қызығы.
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін қазақша айтуға үйрету.
Қысқа мәтіндер құрауды үйрету, жұмбақ, жаңылтпаш жаттауға үйрету.
Үй жануарлары.
Үй жануарлары мен төлдерін қазақша атауларымен таныстыру. Сөздік қорларын молайту, үй жануарлары мен төлдерін топтай алуға жаттықтыру.
Жабайы жануарлар.
Жабайы жануарлар қазақша атауларымен таныстыру.
Қарапайым сұрақ қойып, оларға жайсөйлеммен жауап беруді дағдыландыру.
Қысқы киім.
Киімінің қазақша атауларымен таныстыру; оларды топтай алуғаүйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, айыра білу.



Математика негіздері

Шама.
Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.
Геометриялық фигуралар
Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Менің Отаным – Қазақстан.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу.
Табиғатпен таныстыру
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. «Өлі табиғат» ұғымымен таныстыру (су, ауа, мұз сүңгілері, күн, бұлт, қар, тастар, жел, жаңбыр); өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білу.



Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Табиғи материалдарды дұрыс пайдалануға үйрету. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс жасау кезінде өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, дербестік пен шығармашылық танытып, мақсатты түрде жұмыс жасай білу. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасай білу.

Сурет салу

Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк, қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару (гуашпен сурет салу кезінде).
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып, қарапайым пішінді өрнектерді құрастыра білуді бекіту, түрлі өлшемді өрнектерді біріктіру, ақ және түрлі-түсті фондарды қолдана отырып, түсті таңдау.



Мүсіндеу

Қазақ халқының түрлі ыдыс-аяқтарын (қазан, астау, табақ, тостаған, керсен, ожау, күбі торсық және т.б.), тұрмыстық заттарын (керует, үстел, ер-тұрман, ошақ, кебеже, диірмен және т.б), зергерлік бұйымдарымен (білезік, сырға, сақина, тұмар, шашбау және т.б.), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру, жұмыс барысында әртүрлі пішінді кескіштерді қолдану, олардың бетіне бедерлер жасау.



Жапсыру

Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару.
Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру, әлеуметтік оқиғаларды, балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеу.

Музыка

Музыка тыңдау.
Лирикалық, вальс ырғағындағы баяу әуендерді қабылдау, әннің (шығарманың) сипатына сәйкес би қимылдарын орындай білу, әннің қарқынының өзгеруін байқау, шығармаларды сипаттай білу.
Қазақ халқының әндері мен би әуендерінің үздік үлгілерін тыңдауға баулу.
Билер
Қазақ халқының би өнерімен таныстыру, қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқандығын, ол халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екенін, би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін құрайтынын түсіндіру, балаларға «Қаражорға» биін билету.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет