Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет38/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

№ 22 дəріс


Тақырып: Биология курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстар

  1. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы

  2. Зертханалық жұмыстарға қойылатын талаптар

  3. Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау

Дəріс мақсаты:Биология курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау жəне жүргізу əдістерімен танысу.
Ұғымдар:ұлғайтқыш əйнек, қол əйнек,морфологиялық,физиологиялық..

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


  1. Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру жəне өткізу. Мектептің мақсаты-оқушыларды қазіргі ғылым негіздерімен терең таныстыру жəне алған білімді практикада іскерлікпен қолдана білуге үйрету.Бұл міндетті шешуде биологияны оқытудың практикалық бағытының маңызы зор.Оған зертханалық жұмыстар,сарамандық жұмыстар,мектептің оқу тəжірбиелік үлескелеріндегі жұмыстар,жазғы тапсырмалар т.б.жатады.

Өсімдіктану курсы бойынша морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің кейбіреуіне тоқталайық.Ұлғайтқыш құралмен жұмыс істеу тəртібінен өткізілетін зерт.жұм.мақсаты:микроскоппен жұмыс істеу тəртібі,жеке жасуша құрлысы неден тұратынын ұлғайтқыш құралмен көріп талдау арқылы жасуша-тірі ағза екеніне оқушылардың көзін жеткізу.Препарат жасауды үйрету. Зертханалық жұмыстарды өткізу нұсқау қағазы бойынша жүргізіледі..

  1. Физиологиялық мазмұндағы тəжірибелерді талдау.

Физиологиялық мазмұндағы тəжірибелерге.Жапырақта жарық əсерінен органикалық заттың түзілуі;жапырақтың суды буландыруы;жарықта жапырақта көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегін бөлу;жапырақтың тыныс алуы жатады.Жапырақта жарық əсерінен органикалық заттың түзілуі. Фотосинтез парагрофында 7-күн бұрын қойылған тəжірбиені демонстрациялап,орг.емес заттың органикалық затқа айналуын оқушыларға түсіндіру мұғалім мақсаты.
Сабақтың жоспары:1.Сабақтың міндетін анықтау.2.Тəжірбиенің қалай қойылғанын мəлімдеу.

  1. Жапырақтың түссізденуі мен онда крахмалдың түзілуін демонстрациялау кезінде қойылатын сұрақтар.4. Жапырақта жарық əсерінен органикалық заттың түзілуіне қорытынды жасау. 5.Сабақты қорытындылау,бекіту.Осы жоспар бойынша оқулықта берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып тəжірбие жасалады.(бет59)əдістемесі оқулықта берілген. Жапырақтың суды буландыруы сол сабақты түсіндіру кезінде,3-4күн бұрын қойылған тəжірбие арқылы демонстрацияланады. Мектеп оқулығында тəжірбиені жасау əдістемесі берілген.Тек алдын ала тəжірбиені қою уақытын календарьлық жоспар ескертпесіне жазған жөн. Сабақтың жоспары:

  1. Оқушыларға су сіңірілу өсімдік тамыры арқылы жүретінін естеріне салу.

  2. Сұрақ:-Өсімдіктің қай мүшесі су буландырады.Жауапты тəжірбиені демонстрациялау арқылы айтады.Физиологиялық мазмұндағы тəжірибелерді өткізу үшін алдымен мұғалім сабақ жоспарын құрып, тəжірибені уақытылы қою керек. Тəжірбиені сол сабақты түсіндіру барысында немесе сол сабақты қорытындылау да өткізуге болады. Тəжірбиенің өткізілу орнын дұрыс анықтау ,оқушыда білімнің қалыптасуына үлкен етеді.

  3. Жануарлар биологиясының мазмұны.

Жануартану-жануарлардың тіршілігін,құрлысын,тіршілік əрекеті процестерін,дамуын,ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Жануарларды оқытуда
оқушыларда жануарлардың ортаға бейімделуі туралы біртұтас идеяны қалыптастыратын мынадай негізгі ұғымдарды ерекше түсіндіруге болады:

  1. Кез-келген ағза өзі тіршілік ететін орта жағдайларына бейімдеушілік қабілетке ие бола алады. Бұл оның сыртқы түрінен,түсінен,құрлысынан,тіршілік əрекеттерінен көрінеді.

  2. Бейімдеушілік ағзаның тіршілігін сақтауына,өсіп-өнуіне,артында ұрпақ қалдыруына,түрдің сақталуына мүмкіндік береді.3.Бірақ бейімдеушілік салыстырмалы болады,яғни ағзаның тіршілігін барлық жағдайда сақтап қала алмайды.4. Бейімдеушілік табиғи сұрыпталудың əсерінен жүреді.

4.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау.
Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстар 7-сынып оқулығының соңында берілген.6-сынып оқулығында жапнуартану курсы бойынша зертханалық жұмыстар берілмеген,онда тек жануарлардың тіршілік əрекеттері,құрылысы мен қызметі берілген. Зертханалық жұмыс Кірпікшелі кебісшенің құрылысын,қозғалысын жəне тітіркенгіштігін бақылаудан басталады. Мақсаты: микропрепарат дайындап,кірпікшелі кебісшенің құрылысымен,тіршілік əрекетіменоқушыларды таныстыру.Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.Зерт.жұмыс нұсқау карточкасы бойынша жүргізіледі.(оқулық бет174)Сабақты бастамас бұрын мұғалім кірпікшелі кебісшені өсіру əдісін айтады,сосын мынадай сұрақтарға жауап алады:кірпікшелі кебісшенің дене бөліктерін табу,ядроның маңызына тоқталу;кірпікшелі кебісшенің ас қорыту ерекшелігіне тоқталу;
кірпікшелі кебісшенің маңызды қасиеті тітіркендіргіштікке тоқталу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет