Дəріс мақсаты:Тəнтану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тəжірбиелерге тоқталу.
Ұғымдар:генетика,эмбрион,эмбриология,гистология,оогенез,сперматогенез,жасуша химизімі.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны
1Тəнтану биологиясының мазмұны.
Тəнтану биологиясы оқу бағдарламасына сəйкес жазылған.Тəнтану биологиясының мақсаты адам ағзасының тіршілік құбылыстары мен құрлысы туралы жүйелі,ғылыми материалдарды оқушыларға беру.Адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқытуда, медицина ғылыммен байланыстылығы мектеп оқушысының кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсете алатындай білім мен білікін қалыптастырады.Зерттеу обекьтісі ретінде адам алынған.Басқа тірі ағзалар сияқты адам ағзасыныңда негізгі қызметі зат
алмасу,ассимиляция мен диссимиляция.Органикалық дүниенің дамуында адам дамуы жоғарғы дəрежеден көрінеді.
Тəнтану биологиясы бірнеше пəндердің негізінде құрылады, гигиена, физиология, эмбриология,гистология.Тəнтану курсы ағзаны құрайтын жасушалар,ұлпалар,мүшелер, мүшелер жүйесіне тоқтағннан кейін олардың құрлысы мен қызметі қаралады. Адам ағзасының жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуінен кейін ішкі секреция бездері беріледі.Мектеп оқулығының мазмұны-Жүйке жүйесі,сезім мүшелері,тірек-қимыл жүйесі,қан жəне қан айналым,тынысалу жүйесі,асқорыту жүйесі,зат пен энергия алмасу,зəр шығару жүйесі,терінің құрлысы мен қызметі,адамның көбеюі мен дамуы,мінез-құлық жəне психика тарауларынан тұрады.
Тəнтану курсында өткізілетін тəжірибелер ерекшеліктері
Тəнтану курсында өткізілетін зертханалық жұмыс 1.«Жасушалар мен ұлпалардың микропрепаратын микроскоппен көріп талдау»тақырыбынан басталады.Мақсаты:дайын препаратты қарап,жасушалардың,ұлпалардың құрлысымен танысу.Ұлпалардың 1-1-нен айырмашылығын айыра білу.Микропрепараттан көрген жасушасы мен ұлпа топтарының суретін кітаппен салыстырып дəптерге суреттерін салу. 2. «Тізе рефлексін бақылау»тақырыбын дағы зерт.жұмыс,мақсаты:оқушыларға«рефлекс»,«рефлекстік доға»туралы ұғымды меңгерту жəне нейрон топтарын ажыратып,дəптерге суретін салу. Мектеп оқулығындағы жұмысты нұс- қау бойынша орындап,рефлексті бақылау.3.«Жүйке жүйесімен танысып,талдау»тақ.зер.жұмыс мақсаты:адамның жүйке жүйесінің құрлысы туралы түсінік беру.Жұлын мен мидың құрылысын кесте жəне оқулықтағы суреттер бойынша талдау.Ми қыртысының аймақтарымен таныстыру керек.Мұғалім таблицаларды пйдалана отырып əңгімелейді.Жүйке жүйесінің құрылысы схемасын сызып сабақты бекітеді.
Тіршіліктану пəнінің міндеті жəне мазмұны.
Тіршіліктану курсы 10-11кластарда оқытылады.Пəннің негізгі міндеті-оқушыларға тірі ағзаның негізгі заңдары мен қасиеттерін,ағзаның жеке жəне тарихи дамуын түсіндіреді,биологиялық құбылыстар мен процестерді жəне биология ғылымының келешегіне тоқталады. Тірш. курсы басқа пəндермен,əсіресе химия мен тығыз бай-ты.Курс үлкен ғылыми материалдарды қамтиды.Тірш-у курсының алдына оқушыларға тиянақты білім беру ғана емес, оқып отырған материалға толық сенім туатындай етіп тəрбиелеу міндеті қойылған. Тірш. курсының мазмұны бүгінгі таңғы биология ғылымының осы заманғы даму дəрежесіне сəйкес келеді.Бұл курста табиғатта үнемі жүріп отыратын табиғи сұрыпталу процесі нəтижесінде түрлердің пайда болуы Дарвин ілімін баяндау мəселесі қалпына келтірілді.Дарвиннің өзі түсіндіргендей тіршілік үшін күрес-түрлі формадағы биологиялық бəсеке қарастырылады. Жалпы биология курсының жаңа мəселелерін қамтитыны,жəне биология ғылымдарының негізін сақтайтындығы айқын көрінеді.Тірш-у курсының мазмұны 1-1не байланысты мынадай тақырыптарды қамтиды.1.Кіріспе.2.Цитология негіздері.3.Жасушаның құрлысы мен қызметі.4.Жасушадағы зат алмасу.5.Ағзалардың көбеюі жəне жеке дамуы.6.Генетика мен селекция негіздері.7.Өзгергіштік.8.Эволюциялық ілім.9.Органикалық дүниенің даму жолдары. 10.Адамның шығу тегі.11.Экология жəне биосфера туралы ілім.12.Биосфера эволюциясы.
Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері
Тіршіліктану курсының материалдары педагогикалық талаптарға сай дұрыс іріктеліп құрылған.
Тіршіліктану курсын өткенде өсімдіктану,жануартану,тəнтанудан алған білімдеріне сүйену керек болады.Курста тақырыптарды өту тəртібі сабақ оқыту кезінде түсінікті дамыта беру жөніндегі əдістемелік теорияның талаптарына сай келеді. «Органикалық дүниенің дамуы»тақырыптарын өткенде табиғатқа,мектеп оқу-тəжірибе аймағына топсеруен жасауға барлық курс тақырыптарын өтуге қажет табиғи материалдар жинауға үлкен мүмкіншілік туады. Бұл аталған тақырыптарды күзде –курс басында өту уақытына қарағанда өткен
класқа жақын жəне сондықтан оқушылардың бұдан бұрынғы жылдары басқа биологиялық пəндерден алған білімдерін қортуға жəне толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |