Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет49/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

Дəріс №28


Тақырып: Деңгейлеп оқыту технологиясы

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы

  2. Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктері

Дəріс мақсаты: Деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы түсіндіру
Ұғымдар: Деңгейлеп оқыту , алгоритмдік, эвристикалық

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


1. Оқыту əдісі танымдылықты-оқыту іс-əрекетіне байланысты, диактикалық қүбылыстың мəндік өзара байланысы жəне сөздік байланысы, олардың козғалысьш өзгертілуін сапалы жəне бір жүйедегі таным процесі деп қарастыруға болады. Бүл оқыушылардың білім, білік жəне дағдыларын қалыптастырудың өдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады. Оқыту əдістерін классификациялау, оларды белгілі бір мəтінде беліп негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқыту мақсатына байланысты түрлі авторлар мен белгілі бір тəртіпте жүзеге асырылуы, оқушылардың танымдық іс-əрекетін, оқыту пəндерінің мазмүнын, оқу процессінің логикасын, сонымен қатар басқа да үқсас жалпы ерекшеліктерін, түрлі қажетті жақтарының керсетілуі.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға тусетін «салмақтаң» артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың əр түрлілігі жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: əрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:

  1. Деңгейлеп оқыту əр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

  2. Деңгейлеп оқыту əр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделеген деңгей.

Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны əрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
1.Оқушының жеке тəжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нəтижелі болуы үшін:

  • жеке тұлға ерекшеліктеріне;

  • психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшклігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);

  • пəн бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімі мен іс-əрекет тəсіліне) назар аударып, көңіл бөлу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет