Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9


Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны



бет24/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


    1. Білімді тексеру түрлері жəне олардың сипаттамасы.

Оқушылардың білімін тексеру. Білім тексеру де негізгі биологиялық ұғымдарды қалыптастырып, білімді, іскерлікті жəне дағдыны баянды ету мақсатын атқарады.
Оқытудың əр түрлі кезеңдерінде оқушылардың білім жағдайын анықтау – оқу процесін жетілдіріп, оның сапасын арттырудың өте қажет жағдайы. Жүйелі түрде тексеріп отырғанда мектеп оқушыларында оқуға жауапкершілікпен қарау əдеті тəрбиеленіп, олардың жеке ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді, сөйтіп олардың əрқайсысына түрліше ыңғаймен келуге болады. Мектеп оқушылары неғұрлым көбірек есепке алынып отырса, соғұрлым оқу процесін басқау жүйелі де кең мүмкіндікте болады. Білімді үнемі тексеріп тұрса, мектеп оқушылары оны ұзақ есте сақтап, ондағы кемшіліктерін толықтыруға мүмкіндік алады. Егер мұғалім мек жаңасын ғана емес, бұрынғы алған білімдерін де жүйелі түрде тексеріп отыратын болса, оқушылар оқу материалын əрқашан да пысықтап отыратын болады. Бұрын өтілген оқу информациясын жаңа білімді тексерумен ұштастыру курс бөлімдері арасындағы байланысты тиянақтап, ұғымдар тұтастық жүйесінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Жалпы биология курсында мына методтар мен білім тексеру формалары көбірек тарлаған: əрбір сабақтарда дерлік қолданылатын жеке жəне жаппай ауызша сұрау; класс оқушыларын толық қамтып сұрау, білімді мезгіл-мезгіл жəне жинақтап тексеру үшін жазбаша жұмыс жүргізу; зачет алу, семинарлар мен конференциялар өткізу; практикалық тексеру. Курстың теорияға бағытталуы білімді практикалық тексеру мүмкіндігіне кедергі келтіреді. Cолай болғанмен де мектеп оқушыларының экскурсиялар, лабораториялық сабақтар жəне басқа өздігінен істейтін жұмыстар туралы есептеріне мұғалімнің талдау жасауы – мектеп оқушыларының білімі туралы информациялардың маңызды көзі.
Ауызша тексеру. Мектеп оқушыларының сабаққа əзірлігін, үй тапсырмаларын орындауын, ұғымдарының дамуын ауызша тексеру үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сабақтың басында немесе жаңа материалды түсіндіруге байланысты сұрақ қою мектеп оқушыларының жаңа оқу информациясын меңгеруге негіз болатын білімді жүйеге келтірулеріне көмектеседі. Тікелей оқып үйренуге қажетті тақырыпқа жатпайтын материалдан білім тексеру оқу процесінің тұтастығын бұзып, мектеп оқушыларының назарын аударады. Мəселен, пəн мен цитология методына арналған сабақта антропогенез кезеңдері жəне факторлары туралы мектеп оқушыларының білімін тексеру қолайлы емес. Одан да мектеп оқушыларына органикалық дүниедегі клеткалардың ролі туралы мəселеге жауап қайтаруды ойлануды ұсыну жəне жаңа материалды баяндау барысында тіршіліктің
клеткалы формасының даму бағыттары, көп клеткалы организмдердегі клетканың ролі жəне т.б. туралы хабарларды тыңдау əлдеқайда дұрысырақ болады.
Бақылау жəне эксперимент. Анықтауыштармен жұмыс істеу ережесін білуді, микропрепараттарды даярлауды, микроскопты пайдалана білуді, қарапайым биохимиялық тəжірбиелер жасай білуді, генетика жəне экологиядан тəжірибе негізін салуды, бақылау өткізіп, оның нəтижелерін биометриялық тұрғыдан сауатты өңдеуді мектеп оқушылары болашақ қызметі үшін білуі қажет жəне оларды бақылау, эксперимент тəрізді методтардың жəрдемімен тексеруге болады.Мектеп оқушыларының экскурсияларды, лабораториялық сабақтарда өздігінен тексеру жұмыстарын орныдау барысында, сабақта толық қамтып сұрау кезінде, мына типтегі тапсырмаларды: клеткаларды препараттарын, тканьдерді, қарапайым жəндіктер культурасын дайындап, обьектілерді танып білуді; тірі клеткалардағы ферменттердің əсері мен хлорофилдің оптикалық қасиеттерін көрсететін тəжірибе жасауды, қарапайымдардың қозғалыс реакциясының бейімділік маңызын эксперимент жəрдемімен дəлелдей білуі, моно жəне дигибридтік шағылыстыруға арналған дрозофиланы іріктеп алуды, дрозофилалармен жасалған тəжірибелер нəтижесі бойынша ата-ана жұбының генотипін анықтауға, ас бұршақ жəне жүгері өсімдіктеріндегі фенотиптер арақатынасын анализдеу жолымен белгілердің ажырауы мен тұқым қуалауы сипатын дəлелдеуді, клеткалық мембрананың су өткізгіштігін дəлелдеп көрсетуді орындаған кезде іскерлік пен дағды тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет