Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9


Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны



бет34/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


Биология кабинеті, оны ұйымдастыру мен жабдықтау. Биология кабинетіне қойылатын талаптар. Класс, лаборанттық бөлме. Көрнекі құралдарды таңдау мен сақтау принциптері. Биология кабинетінің лабораториялық жəне топсеруендік жабдықтары.
Тірі табиғат бұрышы. Өсімдіктерді мен жануарлды таңдау жəне оларды тірі табиғат бұрышында орналастыру. Өсімдіктер мен жануарларды күтуді ұйымдастыру.
Мектеп оқу-тəжірибелік аймағы. Аймақ территориясын ұйымдастыру. Аймақ бөлімдері жəне оларды пайдалану мақсаты. Негізгі дақылдар мен сорттарды бөлімдер бойынша орналастыру. Жануарларды аймақтың зоологиялық бөлімінде орналастыру жəне ұстау. Оқушылардың тəжірибелік-практикалық жұмысын ұйымдастыру.
Оқушылардың мектеп аймағында тəжірибелік-практикалық жұмыстарының нəтижелерін қорытындылау.
Биологияны оқыту материалды базаны ұйымдастыруда қажет етеді. Биологияны оқыту көрнекілік жəне практикалық əдістерді қолданып тірі өсімдік пен жануарлармен жүргізуді талап етеді.

Таепреабиғи объектілер,

Биологияны оқытудың оқу – материалдық базасы.
Биологияны оқытудың əдістемесінің талабына сай материалдық базаға – зертханалық – демонстрациялық құрылғыларыбар кабинет, тірі мүйіс бұрышы, мектеп жанындағы оқу – тəжірибе үлескесі жатады.
Кабинетті ұйымдастыру. Кабинеттегі құрылғылар белгілі бір жүйеде, яғни əрбір биология курсының талабына сай болуы тиіс.
Мұғалім мен оқушының жұмыс орны рациональды түрде жабдықтау керек. Практикалық жұмыстар үшін 2 адамға арналған үстел сөресі төменде орналасқан жəне орындығы болған тиімді. Егер топтық жұмыс болған кезде үстелдерді ысырып қоюға болады.
Кабинетте 2 краны бар раквина болуы тиіс. Су əр уақытта да демонстрациялық, практикалық жұмыс жүргізгенде, өсімдіктерді күткен кезде қажет болады. Мұғалімнің жұмыс орны мен оның артындағы орын көрнекі құралдарды демонстрациялау үшін керек.

    1. Демонстрацияланатын зат оқушыларға жақсы көрінуі керек.

    2. Демонстрацияланып тұрған заттан басқа ешқандай нəрселер оқушылардың назарын бөлмеу керек.

    3. Демонстрацияланатын зат алдын-ала емес, сабақта өту барысында көрсету керек. Мұғалімнің столы кəдімгі столдан 20-25 см жоғары болуы тиіс. Столдың үстіне –

демонстрацияланатын заттарды қоятын арнайы жəшік қою керек.
Əртүрлі заттарды демонстрациялаған кезде олардың түсіне жəне сəйкес фонды таңдап алу керек.
Сынып тақтасы қара фон болады.
Тақтаның алдына қабырғаға экранда қондырады, оның рамасын жинап қоюға болады. Тақтаның алдына плакаттарды ілетін ілгіш жасап қоюға болады. Сабақ басталмас бұрын
плакаттарды рет-ретімен іліп қойып, кейін сабақ барысында оларды айналдырып көрсетуге болады. Кабинетте гүлдерді орналастырғанда да рет-ретімен болуы тиіс.
Барлық өсімдіктердің атауы мен паспорты болуы тиіс. Белгісіз, атауы жоқ өсімдіктерді бөлмеде ұстауы керек. Кабинетте терезенің жанында аквариум жəне террариум қоюға болады.
Биология кабинеті 3 бөлмеден тұрады: зертханалық бөлме, препараттық бөлме жəне тірі мүйіс бұрышы.
Көрнекі құралдар. Биология сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар тірі (табиғи) жəне бейнелі болып бөлінеді.
Тірі табиғи құралдарға – бөлме бөлме өсімдіктері жəне мектеп үлескесінен немесе экскурсиядан алынған өсімдіктер, аквариум, террариумдағы, тордағы жануарлар жатады.
Тірі препараттың құралдарға: ботаникадан – гербарийлер, гербарийлік таблицалар, зоологиядан – бунақденелілердің коллекциялары, ылғао препараттар, анатомиядан - əртүрлі мүшелердің муляждары жатады.Барлық табиғи препараттық құралдар шкафтяң полкаларында этикеткалармен орналасады. Шкафтың есігінің ішкі жағында шкафта орналасқан заттардың тізімі жазылып тұрады. Мұның бəрі оқулық – ассистентердің сабаққа қосымша материалды тез табуға тиімді болып келеді. Бейнелеу көрнекі құралдар: əрбір курсқа арналған суреттер мен таблицалар, диопозитивтер, кино, бейнетаспалар т.б.
Биология жүйесі, ескі құрылғыларды жөндеу, сабақта мұғалімге көмектесі – мұның бəрі оқушыларда еңбек мəдениеті мен білімін қалыптастырудың, тəрбиелеудің құралы болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет