БАҒдарламасы «Өнеркәсіптік экология және химия»



Дата15.09.2017
өлшемі333,63 Kb.
#33679
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанда Мемлекеттік техникалық университеті

БЕКІТЕМІН

ҚарМТУ

О және ӘЖ бойынша проректоры



__________________ В.В.Егоров

6М072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»



МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

КОМПЛЕКСТІК ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

«Өнеркәсіптік экология және химия» кафедрасы


Құрастырушы: доцент Кокжалова Б.З.


Қарағанды 2014


Іске енеді: « » 2014ж.


  1. Құжаттың аты

6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламаасы
2. Дайындаушы

Өнеркәсіптік экология және химия кафедрасы



3. Құжаттың дайындалу мақсаты

6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы үшін билеттердің мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды орнату


4. Нормативтік сілтемелер

4.1. ҚР «Білім туралы» заңы №319-III ҚРЗ 27 шілде 2007ж.;

4.2. Қазақстан Республиксы Үкіметі 19 қаңтар 2012 жылы №109 бекіткен ЖОО кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын орындайтын білім мекемелерінде оқуға қабылдаудың типтік ережелері;

4.3. «Органикалық химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәндері бойынша типтік бағдарламалар



5. Терминдер және анықтамалар

Термин

Анықтама

Гибридизация

Бастапқы атомдық орбитальдардың будандасқан орбитальдар түзе өзгеруі

Цис–транс изомерия

Атомдардың немесе атомдар тобының орналасуы бойынша ерекшеленетін изомерия

Полимеризация

Молекулалық массасы өте үлкен макромолекулалар түзілуі







6. Пайдаланылған қысқартулар

Қысқарту

Толық атауы

ОЗХТ

Органикалық заттардың химиялық технологиясы



7. Жалпы шарттар

7.1. Аталған бағдарлама Қазақстан Республиксы Үкіметі 19 қаңтар 2012 жылы №109 бекіткен ЖОО кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын орындайтын білім мекемелерінде оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне; «Органикалық химия», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәндері бойынша типтік бағдарламаларға сәйкес дайындалды

7.2. Бағдарлама 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша қабылдау емтиханына шығарылатын, магистратураның ОЗХТ мамандығы оқу жоспарының негізгі компонентіне енетін базалық және кәсіби пәндердің тарауларын, тақырыптарын және сұрақтарын анықтайды.

8. Бағдарламаның мазмұны

Кіріспе

Органикалық химия пәні. Органикалық химияның ғылым ретінде даму кезеңдері. Теориялық органикалық химияның негізгі сұрақтары. А. М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Органикалық қосылыстардың жіктелуі: қатарлар, кластар, функционалдық топтар. Молекулалардың құрылымдық изомерлері, органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың әсері. Органикалық қосылыстардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Органикалық реакциялардың химиялық өзгеру сипаты (орын басу, қосып алу), бастапқы молекуладағы байланыстың үзілу әдісі (бөлу, изомерлену) бойынша жіктелуі. Аралық бөлшектердің құрылысы, химиялық реакциялардың механизмі туралы түсінік. Органикалық реакциялардың механизмін зерттеу әдістері.

Ациклдық қосылыстар

1. Алкандар (қаныққан немесе шектелген көмірсутектер, парафиндер)

Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Молекулалардағы электрондық және кеңістік эффектлер. Метан молекуласының тетраэдрлік құрылыс моделі. sp3-гибридизация. Гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы. Алкандардың алыну әдістері және химиялық қасиеттері. Орын басу реакциялары. Механизм Еркін-радикалдық орын басу механизмі. Галогендену, нитрлену.

2. Алкендер (этилен көмірсутектері, олефиндер)

Құрылысы. Көміртек атомының sр2-гибридизациясы. Қос π-байланыстың квантты-механикалық түзілу түсініктемесі. Қос байланыстың сипаттамасы (ұзындығы, энергиясы, полюстілігі, полюстенгіштігі). Гомологтық қатары. Изомериясы. Алкендердің геометриялық (цис- және транс-) изомериясы. Номенклатурасы. Алкендердің алыну әдістері. Химиялық қасиеттері. Гетерогендік және гомогендік катализдік гидрлену. Электрофилдық қосып алу реакциялары. Гидроборлану. Осы реакциялардың механизмдері. Галогендердің қосылу стереохимиясы, көпіршелік иондар туралы түсінік. Симметриясыз алкендерге қосылу реакцияларының бағыты. Марковников ережесі, оның қазіргі түсініктемесі. Карбкатиондардың құрылысы, салыстырмалы тұрақтылығы және әрекеттесу қабылеті. Алкендердің құрылысы мен олардың әрекеттесу қабылетінің арасындағы байланыс. Галогендер мен бромсутектің радикалдық қосылу реакциялары. Караша эффектісі. Алкендердің эпоксиһосылыстар (Н.А.Прилежаев реакциясы), гликольдер (Е.Е.Вагнера реакциясы) түзе, көміртек тізбектерін үзе (күшті тотықтырғыштардың әсері) тотығуы. Озонолиз. Алкендердің сатылы және радикалдық полимерленуі: мономерлер, олигомерлер, полимерлер туралы түсінік. Тізбектік полимерленудің радикалдық және иондық механизмдері. Полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен. Полимерлік материалдардың халық шаруашылығы үшін маңызы. Тепломерлену. Алкендердің органикалық синтезде қолданылуы.



3. Алкадиендер (екі қос байланысты көмірсутектер)

Гомологтық қатары. Изомериясы. Оқшауланған, жинақталған және қабысқан қос байланысты алкадиендердің номенклатурасы. Қабысқан қос байланысты көмірсутектер: дивинил (1,3-бутадиен), изопрен, 2,3-диметил-1,3-бутадиен. Дивинилдың алыну әдістері. Изопрен мен дивинилдың өнеркәсіптік көлемде алынуы. Химиялық қасиеттері. Қабысқан алкадиендердің электрофилдық және радикалдық қосып алу реакцияларының (1,2- және 1,4-қосып алу) ерекшеліктері. Электрофилдық қосылу реакцияларының ктнетикалық және термодинамикалық бақылануы. Қабысқан алкадиендердің әрекеттесу қабылеті. Тотығу, гидрлену реакциялары. Полимерлену және қоса полимерлену реакциялары. Табиғи және синтетикалық каучуктер туралы түсінік.

4. Алкиндер (ацетилен көмірсутектері)

Құрылысы. Көміртек атомының sp-гибридизациясы. Үш байланыстың квантты-химиялық түсініктемесі, сипаттамасы (ұзындығы, энергиясы, полюстілігі, полюстенгіштігі). Гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы. Алыну әдістері. Химиялық қасиеттері. Шеткі үш байланысты алкиндердің қышқылдық қасиеттері. Ацетиленидтер, құрылысы, қолданылуы. Алкиндердің гидрленуі. Галогендер мен галогенсутектердің электрофилдық қосылуы, реакциялардың бағыты, стереохимиясы. Алкиндер мен алкендердің қосылу реакцияларындағы әрекеттесу қабылеттерін салыстыру. Алкиндердің М.Г. Кучеров бойынша гидратациясы. Винилдену реакциялары. Ацетиленнің полимерленуі (винилацетилен, дивинилацетилен, хлоропрен). Ацетилен негізіндегі өнеркәсіптік синтездер.

5. Спектрлік әдістердің органикалық қосылыстардың құрылысын зерттеу үшін қолданылуы

Инфрақызыл спектрлер. Электрондық спектрлер. ЯМР-Спектроскопия. Масс-спектроскопия. Майлы қатардың көмірсутектерінің спектрлік сипаттамасы.

6. Органикалық қосылыстардың оптикалық изомериясы

Органикалық қосылыстардың оптикалық белсенділігі. Меншікті айналу. Көміртектің асимметриялық атомдары. Рацемиялық формалары, олардың қасиеттері. Изомерлер санының асимметриялық көміртек атомдарының санына тәуелділігі. Екі асимметриялық орталықты қосылыстардың стереоизомериясы. Рацемиялық формалардың ыдырау әдістері. Оптикалық белсенді қосылыстардың жанды табиғаттағы ролі. Абсолюттік асимметриялық синтездің мәселелері.

7. Көмірсутектердің галогентуындылары

Галогеналкандар. Изомериясы. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік галогеналкандар. Номенклатурасы. Алыну әдістері. Химиялық қасиеттері. Галогеналкандардың нуклеофилдық орын басу реакциялары. Нуклеофилдық орын басудың механизмдері. Нуклеофилдық орын басу реакцияларының стереохимиясы, оптикалық белсенді қосылыстардың конфигурацияны сақтай және бұра жүретін, рацемизацилана орындалатын реакциялар. Галогеналкендер үшін бөліну реакциялары. Бірінші және екінші дәрежелі элимирлену реакциялары. Зайцев ережесі, оның түсініктемесі. Бөліну жылдамдығына және бөліну мен орын басу өнімдерінің қатынасына әсер ететін факторлар.

8. Бір- және көп атомдық спирттер

Бір атомдық спирттер. Гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы (тривиалдық, рационалдық, жүйелік). Алыну әдістері. Спирттердің Гриньяр реакциясы бойынша және литийорганикалық қосылыстар арқылы синтезі. Метил, этил, изопропил спирттерінің өнеркәсіптік алыну әдістері. Химиялық қасиеттері. Қышқылдылығы. Қышқылдылық константасы. Алкоголяттардың түзілуі, олардың құрылысы. Спирттер мен алкаголят-аниондардың нуклеофилдылығы және негізділігі, олардың галогеналкандармен реакциялары. Нуклеофилдық орын басу реакциялары. Спирттердің минералдық қышқылдармен реакциялары, минералдық қышқылдардың эфирлерінің түзілуі. Бөліну реакциялары. Судың молекулаішілік бөліну реакцияларының механизмдері, бағыты және стереохимиясы. Спирттердің ацилденуі, карбон қышқылдарының күрделі эфирлерінің түзілуі. Ацилдеуші реагенттер. Тотығу және дегидрлену. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттердің ерекшеліктері. Метил, этил, пропил және бутил спирттері, олардың органикалық синтезде қолданылуы. Қанықпаған спирттер. Винил спирттері, олардың тұрақсыздық себептері (Эльтеков ережесі). Аллил және пропаргил спирттері. Алынуы. Екі атомдық спирттер (гликольдер). Алыну әдістері. Үш атомдық спирттер. Глицерин, аллынуы. Екі және үш атомдық спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері. Этиленгликоль мен глицериннің өнеркәсіпте қолданылуы.

9. Альдегидтер және кетондар. Қаныққан альдегидтер және кетондар.

Изомериясы. Номенклатурасы (тривиалдық, рационалдық, жүйелік). Алыну әдістері. Альдегидтер мен кетондардың Гриньяр реакциясы бойынша синтезі. Оксосинтез. Химиялық қасиеттері. Карбонил тобы бойынша нуклеофилдық қосып алу реакциялары. Альдегидтер мен кетондардың әрекеттесу қабылетіне электрондық және кеңістік факторлардың әсері. Су мен спирттердің қосылуы. Жалпы және арнайы қышқылдық катализ туралы түсінік. Қосып алу реакциялары. Қосып алубөліну реакциялары. Осы реакциялардың механизмдері. Негіздермен катализденетін реакция (көкшіл қышқылдың қосылуы). Альдольдік және кротондық конденсациялар, негіздік катализдің механизмі. Спирттерге және көмірсутектерге дейін тотықсыздану. Тотығу (Попов-Вагнер ережесі).

10. Бір негізді карбон қышқылдары және олардың туындылары.

Қаныққан карбон қышқылдарының гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы (тривиалдық, рационалдық, жүйелік). Ацилдар, олардың номенклатурасы. Алыну әдістері. Химиялық қасиеттері. Қышқылдық қасиеттері. Қышқылдылық константасы, құрылымдық және электрондық факторлардың әсері. Карбоксилат-анионның құрылысы. Этерификация реакциясы, оның механизмі. Декарбоксилдену және тотықсыздандыру реакциялары. Құмырсқа және сірке қышқылдары, алынуы және қолданылуы. Құмырсқа қышқылының құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. Галогенангидридтер, күрделі эфирлер, ангидридтер, амидтер, нитрилдар. Алыну әдістері және маңызды қасиеттері. Спектрлік сипаттамалар. Гидролиз, оның қышқылдық және негіздік катализ барысындағы механизмі. Акрил және метакрил қышқылдары және олардың эфирлері. Техникалық алыну әдістері және қолданылуы. Акрилдынитрил. Жоғары майлы қышқылдар: пальмитин, стеарин, олеин қышқылдары. Қолданылуы және қасиеттері.

11. Нитроқосылыстар

Мононитроалкандардың гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы. Алыну әдістері. Нитроқосылыстардың аминдерден тотықтыру арқылы алынуы. Нитротоптың құрылысы. N-О байланысының валенттік бұрыштары және сипаттамасы. Нитротоптың индуктивтік әсері, көмірсутекті радикалға әсері. Химиялық қасиеттері. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың таутомериясы. Таутомерлік өзгерістердің механизмі. Нитроалкандардың қасиетінің (тотықсыздану және гидролиз) азотты қышқылдың эфирлерінен айырмашылығы.

12. Аминдер

Аминдердің жіктелуі. Изомериясы. Номенклатурасы (рационалдық және жүйелік). Алыну әдістері. Осы қайта топтасулардың механизмі. Химиялық қасиеттері. Негізділігі. Негізділік константасы. Аминдердің құрылысы мен олардың негізділігінің арасындағы байланыс. Аминдердің қышқылдармен реакциялары, тұздардың құрылысы, олардың номенклатурасы және қасиеттері. Аминдердің галогеналкандармен алкилденуі. Қышқылдардың галогенангидридтері және ангидридтерімен ацилденуі. Алкилдену және ацилдену реакцияларының механизмдері. Азотты қышқылмен реакциялары, орындалу шарттары, механизмі.

Карбоциклдық қосылыстар

13. Алициклдық қосылыстар

Номенклатурасы және изомериясы. Алициклдық қосылыстардың қасиеттері. Үш және төрт мүшелік циклдар, олардың ерекшеліктері. Циклдардың тұрақтылығын сипаттайтын факторлар. Циклогексан. Конформациялар туралы түсінік.



14. Ароматты көмірсутектер

Бензол және оның құрылысы. Кекуле формуласы. Бензолдың құрылысы туралы қазіргі көз-қарастар. Бензол ядрсының ароматты сипаты. Электрофилдық орын басу реакциялары. Электрофилдық орын басу реакцияларының механизмі, π- және δ-комплекстер. Алкилдену реакциясы. Толуол, ксилол. Стирол. Ароматты қосылыстардың практикалық маңызы. Стирол пластикалық массалар алу үшін бастапқы өнім ретінде. Бензол ядросындағы орын басу ережелері. Бірінші және екінші текті орынбасушылар. Бағыттау ережелерінің электрондық түсініктемесі. Орынбасушылардың бензол ядросының белсенділігіне әсері.



15. Ароматты галогентуындылар, сульфоқышқылдар және нитроқосылыстар

Бензол мен толуолдың галогенденуі, галогенді ядроға және бүйірлік тізбекке енгізу шарттары, олардың галогендену реакциясының механизмімен байланысы. Хлорбензол және хлорлы бензил. Галогеннің ядродағы және бүйірлік тізбектегі әртүрлі қозғалғыштығы. Сульфирлену реакциясы. Сульфоқышқылдардың химиялық қасиеттері. Сульфирлеу реакциясының бояғыштар химиясы үшін маңызы. Нитрлеу реакциясы және нитроқосылыстар. Нитробензол. Тринитротолуол (тротил). Олардың практикалық маңызы.



16. Фенолдар

Фенол және оның гомологтары (крезолдар). Таскөмір шайырларының фенолдан бөлінуі. Оның алыну әдістері. Фенолдың қышқылдық қасиеттері. Қарапайым және күрделі эфирлердің түзілуі. Бензол ядросы мен гидроксил тобының өзара әсері. Фенолдың галогенденуі және нитрленуі. Фенолдың қолданылуы. Фенолформальдегидтік шайырлар және пластикалық массалар.



17. Ароматты аминдер

Ароматты аминдердің алыну әдістері. Анилин, толуидиндер. Ароматты аминдердің химиялық қасиеттері. Қышқылдармен әрекеттесу, алкилдену және ацилдену реакциялары. Біріншілік аминдердің азотты қышқылмен минералдық қышқылдардың (тұз, күкірт) қатысуында әрекеттесуі. Анилиннің нитрленуі және сульфирленуі. Анилиннің тотығуы. Амин тобының негізділігіне бензол сақинасының әсері. Қара анилин. Анилинпластар. Бояғыштардың химиясы үшін анилиннің маңызы.



18. Диазо - және азоқосылыстар

Диазоттану реакциясы, диазоний тұздарының құрылысы және олардың қасиеттері. Азот бөле жүретін ыдырау реакциялары (диазореакциялар). Азобояғыштар алудың негізіне жататын азоүндесу реакциясы. Органикалық қосылыстардың құрылысы мен бояуының арасындағы байланыс, хромофорлық теория, хромофорлық және ауксохромдық топтар туралы түсінік. Сульфотоптың бояғыштардағы ролі.



19. Ароматты альдегидтер, кетондар және қышқылдар

Бензальдегид, оның алыну әдісі және қасиеттері. Альдегид тобындағы қосып алу және орын басу реакциялары, ароматты альдегидтердің конденсациялану реакциялары, тотығу. Ядродағы элетрфилдық орын басу реакциялары. Ароматты кетондар – бензофенон, ацетофенон. Кетондардың Фридель-Крафтс реакциясы бойынша синтезі. Ароматты монокарбон қышқылдары. Бензой қышқылы. Алыну әдістері. Бензой қышқылының қасиеттері. Бензоил пероксидіа, оның полимерлену реакцияларында қолданылуы. Салицил қышқылы. Оның азобояғштардың синтезінде азоқұраушы ретінде қолданылуы. Салицил қышқылының тундылары – ацетилсалицил қышқылы (аспирин) және фенилсалицилат (салол). Дикарбон қышқылдары: фтал және терефтал қышқылдары, олардың гликольмен, глицеринмен әрекеттесуі. Полиэфирлік талшықтар (лавсан).



20. Көп ядлық ароматты қосылыстар

Дифенил. Бензидин, оның қасиеттері және қолданылуы. Диазобояғыштар. Конго-қызыл. Нафталин, оның құрылысы. Моноалмасқан нафталиннің изомериясы. Нафталиннің нитрленуі, сульфирленуі және галогенденуі. Нафтолдар, олардың алынуы, қасиеттері және қолданылуы. Мұзды бояу туралы түсінік. Азотол АС. Нафтиламиндер, олардың алынуы, қасиеттері және қолданылуы. Нафтолдар мен нафтиламиндердің сульфоқышқылдары. Нафталин туындыларының анилиндік бояу өнеркәсібі үшін маңызы. Антарацен және антрахинон. Антрахинондық бояғыштар туралы түсінік. Ализарин, онымен боялған бояғыштардың өкілі ретінде.



21. Гетероциклдық қосылыстар

Гетероциклдық қосылыстардың табиғатта таралуы және қолданылуы, олардың биологиялық процестердегі маңызды ролі. Хлорофилл мен гемоглобиннің құрылысы туралы түсінік. Гетероциклдық қосылыстардың бояғыштар мен дәрілік препараттардың өнеркәсібі үшін маңызы. Гетероциклдық қосылыстардың жіктелуі. Бес мүшелік гетероциклдардың жалпы сипаттамасы, олардың ароматты қасиеттері. Бензолмен ұқсастығының себебі. Индол, индоксил және индиго. Индигоның анилиннен алынуы, оның құрылысы және қасиеттері. Кубтық сырлау. Алты мүшелік гетероциклдар. Пиран, оның көмірсулармен байланысы. Пиридин, құрылысы, электрон тығыздығының таралу ерекшеліктері. Нуклеофилдық және элетрофилдық орын басу реакциялары. Тотықсыздану. Винилпиридиндер, олардың полимерленуі. Пиперидин. Алкалоидтар туралы түсінік: кониин, никотин, анабазин. Белсенді бояғыштар туралы түсінік. Триазин. Хлорлы цианур (2,4,6-трихлортриазин). Оның белсенді бояғыштардың синтезі үшін маңызы.



22. Полимерлердің негізгі түсініктері және анықтамасы, жіктелуі және номенклатурасы

Негізгі түсініктер және анықтамалар: мономер, олигомер, полимер, сополимер, элементарлық буын, макромолекула, полимерлену дәрежесі. ЖМҚ айрықша ерекшеліктері. Орташа молекулалық масса, полидисперстілік туралы түсінік. ЖМҚ жіктелуі. Макромолекуланың иілгіштігі және полимерлердің құрылымы. Макромолекуланың конформациясы. Макромолекуланың иілгіштігіне әсер ететін факторлар. Номенклатурасы және аттарының құрастырылуы, терминологиясы және халықаралық аббревиатура.



23. Полимерлердің алыну әдістері

Органикалық қосылыстардың функционалдық топтары, мономердің функционалдылығы. Полимерлену. Тізбектік полимерлену процесінің жалпы заңдылықтары. Радикалдық және ионды тізбектік полимерлену. Механизмі, негізгі сатылары және процестің заңдылықтары. Циклдық қосылыстардың полимерленуі, сатылы полимерлену. Қоса полимерлену. Қосарланған полимер-блоктарын және екпелі қосарланған полимерлердің алынуы. Осы процестердің механизмдері және заңдылықтары. Полимерлену әдістері.

Поликонденсациялану. Тең және теңсіз поликонденсацияланудың ерекшеліктері, механизмі және заңдылықтары. Поликонденсациялану реакцияларының типтері. Сызықтық және торлы полимерлердің алыну шарттары. Біріккен поликонденсациялану. Поликонденсацияланудың орындалу шарттары. Талшық тәріздес полимерлер алу үшін поликонденсациялану мысалдары.

24. Полимерлердің химиялық өзгерістері

Полимер аналогтық өзгерістер. Полимерлердің қасиеттерінің өзгеруі, полимер аналогтық өзгерістерді практикалық пайдалану аймақтары.

Молекулаішілік және молекулааралық реакциялар. Полимерлердің құрылымдану реакциялары. Полимерлік тізбектердегі полициклдану.

Полимерлердің дееструкциялануы және ескіруі. Деструкциялану түрлері. Деструкцияны практикалық пайдалану мүмкіндіктері. Полимерлерді тұрақтандыру.



25. Полимерлердің агрегаттық, фазалық және физикалық күйлері.

Полимерлердің кристалдық және аморфты фазалық күйлері. Аморфтық полимерлердің физикалық күйі. Шынылану және ағындалу температурасы. Аморфтық полимерлердің термомеханикалық қисықтары. Аморфтық полимерлер деформациясының олардың физикалық күйіне, молекулалық массасына тәуелділігі.

Аморфтық полимерлердің созылуы барысындағы кристалдану құбылысы. Бағытталу – полимерлік материалдардың беріктігін жоғарылату әдісі ретінде. Полимерлердің бұзылу механизмі.

26. Полимерлердің ерітінділері

Полимерлердің термодинамикалық жақсы және нашар еріткіштерде ісінуі және еруі. Ісінудің полимерлерді қайта өңдеу және жеңіл материалдар технологиясындағы маңызы.

Полимерлердің ерітінділері. Полимерлердің сұйытылған ерітінділері және олардың макромолекулалардың молекулалық массасын, мөлшерін және пішінін анықтаудағы маңызы. Полимерлердің концентрленген ерітінділері, олардың талшықтар, пленкалар, желімдер, қойыртпақтар, шлихталар, дәнекерлер алу үшін маңызы.

Полимерлік дисперсиялар. Латекстер, желімдер, дәнекерлер. Практикалық пайдалану ерекшеліктері. Полимерлердің адгезиясы.



27. Полимерлердің өндірілу және қайта өңделу технологиясы

Полимерлерді қайта өңдеудің физикалы-химиялық негіздері. Талшықтардың ерітіндіден және балқымадан алыну ерекшеліктері. Шикізаттың негізгі түрлері және көздері. Пластмассалардың құрамы: толтырғыштар, пластификаторлар, стабилизаторлар, майлағыш заттар, бояғыштар. Пластмассалардың, олардан жасалатын композициялық материалдар мен бұйымдардың сапасын жақсарту жолдары.

Полиолефиндер. Полиэтилен, оның жоғары, төмен және орта қысымда алынуы. Олардың технологиялық өндірілу процестерінің ерекшеліктері. Полипропилен. Полипропиленнің технологиялық өндірілу процестерінің ерекшеліктері. Этилен мен пропиленнің біріккен полимерлері. Полипропиленнің қасиеттері және қолданылуы. Полиизобутилен, оның қасиеттері және қолданылуы. Полистирол. Құрылымы, қасиеттері және қолданылу аймақтары. Пенополистирол. Стиролдың біріккен полимерлері. Қанықпаған көмірсутектердің галогентуындыларының полимерлері. Поливинилхлорид, винипласт, фторопластар, өндірілуі, қасиеттері және қолданылуы. Полиакрилаттар. Акрилаттардың өндірілу ерекшеліктері. Органикалық шыны. Полиакрилонитрил. Акрилаттардың қасиеттері, қайта өңделуі және қолданылуы. Поливинилацетат. Полвинилацетаттың өнеркәсіптік алыну әдістері. Поливинил спирттің полимер аналогтық өзгерістерінің ерекшеліктері. Поливинилацетальдар, олардың қасиеттері және қайта өңделуі.

Фенолформальдегидтік шайырлар және олардың негізіндегі пластмассалар. Конденсацияның заңдылықтары, шайырлардың өндірілуі, қасиеттері және олардың пайдаланылу аймақтары. Аминдіальдегидтік шайырлар және олардың негізіндегі пластмассалар. Мочевинаның, меламиннің формальдегидпен әрекеттесу ерекшеліктері. Полиамидтер. Полиамидтер алу үшін бастапқы заттар. Полиамидтердің жіктелуі. Полиамидтердің қасиеттері, қайта өңделуі және қолдану аймақтары. Полиуретандар. Полиуретандардың алыну ерекшеліктері. Полиуретандардың қайта өңделуі және қолданылуы. Күрделі полиэфирлер. Күрделі полиэфирлер алу үшін шикізат. Күрделі полиэфирлердің түзілу заңдылықтары. Полиэфирлер өндірісі процестерінің теориялық негіздері. Қанықпаған полиэфирлер. Полиэфирмалеинаттар, полиэфиракрилаттар синтезінің технологиялық процестері. Қанықпаған полиэфирлер негізіндегі қабатты пластиктер, пенопластар және поропластар, желімдеуші композициялар. Ароматты, алифатикалық және циклоалифатикалық эпоксидтік олигомерлердің өндірісі. Эпоксидтік полимерлер негізіндегі шыныпластиктер, құюшылар, лактар, пенопластар және поропласттар. Қайта өңдеу әдістерінің жіктелуі. Қалдықтарды қайта өңдеу.



28. Пленка түзетін заттар синтезінің негізгі қағидалары

Пленка түзетін заттар туралы негізгі деректер. Пленкалық материалдардың жіктелуі. Пленка түзетін жүйелердің негізгі типтері. Пленка түзетін материалдарды полимерлеу, поликонденсациялау және химиялық модификациялау әдістерімен алу заңдылықтары. Лактыбояғыш материалдар және жабындылар. Лактыбояғыш жабындылардың тұрмыстағы және техникадағы ролі. Пленка түзетін жүйелерден пленкалардың түзілу процестері. Пленка түзетін полимерлердің жіктелуі.



Органикалық заттардың химиялық технологиясы

29. Мұнайды өңдеуге дайындаудың негізігі бағыттары және ғылыми негіздері

Мұнай өңдейтін заводтардың шикізаты және товарлық өнімі. Мұнайды өңдеуге дайындау. Химиялық және фракциялық топтық құрамның графикалық түсініктемесі. ИТК және ОИ қисықтарын салу және пайдалану. Мұнайдың физикалы-химиялық сипаттамасы. Мұнайдың элементарлық және химиялық топтық құрамы. Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі. Мөлдір және майлы дистилляттардың потенциалын анықтау. Мұнайды айдаудың материалдық балансын жасау. Мұнайдағы қоспалар және мұнайдың өңделуі мен тасымалдануына оларлың әсері. Мұнайдың дегаздалуы және тұрақтануы. Мұнай шаруашылықтарында мұнайды жинау және дайындау. Мұнайды сұрыптау. Булану шығындарымен күресу әдістері. Мұнайдың сусыздануы және тұзсыздануы. Мұнайдың сусыздану және тұзсыздану процестерінің теориялық негіздері. Мұнай эмульсияларының түрлері және олардың бұзылуы. Мұнайдың тұрақтылануы мен біріншілік айдалу процесті өнеркәсіптік сусыздану және тұзсыздану әдістері. Мұнайдың электрсусыздануы және тұзсыздануының технологиялық жобасы және тәртіптері. Процестердің техникалы-экономикалық көрсеткіштері.



30. Мұнайдың көмірсутекті шикізатын біріншілік өңдеу және бөлудің негізгі әдістері

Біртіндеп және бір ретті буландыру. Мұнайдың бір және көп сатылы әдістері. Негізгі физикалық және физикалы-химиялық заңдар. Аталған заңдардың қолданылу аймақтары. Құрылғылардың жіктелуі. Мұнайды біріншілік айдаудың бір және көп сатылы түтіктік құрылғылары. Мұнайды атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық айдау құрылғыларының принципті технологиялық жобалары. Мазутты вакуумдық айдаудың принципті технологиялық жобалары. Мұнайды біріншілік айдаудың негізгі аппараттары (жылу алмастырғыштар, пештер, мұнаралар, конденсатор-тоңазытқыштар, вакуум туындататын қондырғылар, реакторлар, сепараторлар, газгольдерлер, электродегидраторлар, насостар).



31. Көмірсутекті шикізатты екіншілік өңдеу процестері

Көмірсутекті шикізатты екіншілік өңдеу процестерінің жіктелуі. Деструктуралық процестер реакцияларының тәртіп сипаттамасы және жылу эффектісі. Термиялық процестер: кокстау, термокрекинг, пиролиз. Катализдік процестер: катализдік крекинг, катализдік риформинг, катализдік изомерлену, гидрокрекинг. Заводтың газдары – отын және мұнай химиясының өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде. Газдарды өңдеуге дайындау: газдарды күкіртсіздендіру және кептіру. Газдарды ГФУ және АГФУ қондырғыларында жіңішке фракцияларға бөлу. Жіңішке фракцияларды пайдалану. Алкилдену. Полимерлену.



32. Мұнай және мұнай өнімдерінің физикалы-химиялық қасиеттері

Тығыздық. Молекулалық масса. Тұтану, жану және өз бетінше тұтану температурасы.

Қосалқы, табиғи газдардың және газ конденсатының құрамына енетін қаныққан көмірсутектердің құрамы. Мұнайдың бензиндік, керосиндік, дизельдік және майлы фракцияларының құрамы. Қалыпты парафиндерді мұнай өнімдерінен бөлу әдістері. Қалыпты құрылысты алкандардың химиялық құрамы. Алкандарды мұнай химиясының синтезінде пайдалану.

Мұнайдың моноциклдық алкандарының құрамы. Циклоалкандардың мұнай және мұнай өнімдерінің қасиеттеріне әсері. Нафтендік көмірсутектерге тән химиялық реакциялар. Циклоалкандардың қолданылуы.

Мұнайдың құрамына енетін арендер. Арендерді фракциялар бойынша бөлу. Арендердің химиялық қасиеттері. Арендерді мұнай химиясының синтезінде пайдаланудың негізгі жолдары.

Олефиндерді мұнай шикізатын өңдеу барысында алу. Алкандармен қоспадан қанықпаған қосылыстарды бөлу амалдары. Олефиндер мен алкадиендерге тән химиялық қасиеттер. Олефиндер мен алкадиендерді дәлелдеу үшін қолданылатын реакциялар. Қанықпаған қосылыстардың пайдаланылуы.

Мұнайдың құрамына енетін гетероатомдар. Мұнай және мұнай өнімдерінде болатын күкіртті, оттекті және азотты қосылыстар. Гетероатомдық қосылыстарды мұнай өнімдерінде жою амалдары.

Мұнайдың шайырлы-асфальтендік заттарының құрамы Ерігіштік бойынша фракциялар. Шайырлардың құрамы. Асфальтендердің орташа молекулалық массасы. Битумдардың қолданылуы.

Мұнайдың компоненттерін жіктеу және бөлу әдістері. Айдау түрлері. Мұнайдың ректификациясы. Адсорбция және абсорбция әдістері. Органикалық қосылыстарды спектрлік сараптау әдістері.

Мұнайды екіншілік өңдеу процестері. Мұнай шикізатын термиялық өңдеу процестерінің механизмі. Мұнай көмірсутектерінің термиялық өзгерісінің негізгі сатылары. Термиялық крекинг, висбкрекинг және пиролиздің процестері. Мұнай коксының қолданылуы.

Мұнай шикізатын катализдік өңдеу процестерінде қолданылатын катализаторлар. Катализдік крекинг процесінің негізгі сатылары. Катализдік риформинг процесінің негізгі сатылары. Катализдік крекинг және катализдік риформинг барысында алынатын өнімдер. Октан санын жоғарылату үшін қолданылатын процестер.

Мұнай шикізатын өңдеу үшін гидрогенизациялық процестер. Гидрогенизациялық процестердің катализаторлары. Гидрокрекинг. Гидротазарту. Гидрокрекинг және гидротазарту процестерінің негізгі факторлары және шарттары.




9. Ұсынылатын әдебиеттің тізімі

1. Стрепихеев А.А и др. Основы химии высокомолекулярных соединений. - М. : Химия, 1975.

2. Кулезнев В.Н. “ Основы физики и химии полимеров”, М.: Высшая школа, 1988.

3. Тугов И.И.. Костыркина Г.И. Химия и физика полимеров. Москва. Химия, 1989.

4. Шур А.М « Высокомолекулярные соединения», М.: Высшая школа, 1981.

5. Оудиан Дж. «Основы химии полимеров», М.: Мир, 1974.

6. Технология пластических масс. Под ред. В.В.Коршака. М.: Химия,1976, 607с.

7. Николаев А.Ф. Технология пластических масс. М.-Л., Химия,1977, 367 с.

8. Сорокин М.Ф., Шоде Л.И., Кочнова З.А. ''Химия и технология пленкообразующих веществ'', М., 1981г.

9. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа.ч.2. -М.: Химия 1980.-328с.

10. Аспель Н.Б., Демкина Г.Г. Гидроочистка нефтяных топлив. -Л.; Химия, 1977.-459с.

11. Масдянский Г.Н., Шапиро Р.Н. Каталитический риформинг бензинов. - Л.: Химия, 1985.-224с.

12. Суханов В.П. Каталитические процессы в переработке. М.: Химия, 1979. -344с.

13. Левинтер М.Е., Ахметов С.А. Глубокая переработка нефти. М.: Химия, 1992.-223 с.

14. Эрих В.Н., Расина М.Г., Рудин М.Г. Химия и технология нефти и газа –Л.: Химия,1985, 408с.

15. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа . Ч.1 М.: Химия, 1972,360с.

16. Рудин М.Г., Сомов В.Е., Фомин А.С. Карманный справочник нефтепереработчика ( под ред. Рудина М.Г.) М.: ЦНИИТ Энефтехим., 2004,336с.

17. Сарданашвили А.Г., Львова А.И.. Примеры и задачи по технологии переработки нефти и газа, М.: Химия, 1980,272с.

18. Технология переработки нефти. В 2-х частях. Часть первая. Первичная переработка нефти (под ред. О.Ф. Глаголевой и В.М. Капустина) М.: Химия, 2006, 400с.



Қосымша әдебиет

1. Григорьев А.П., Федотова О.Я. Лабораторный практикум по технологии пластических масс. -М.: Высшая школа, 1985.

2. Гуль Е.В., Акутина М.С. Основы переработки пластмасс. М.: Химия, 1985, 400с.

3. Практикум по технологии переработки пластических масс (под ред. Виноградова Ы.М., М.: 1980.

4. Кулезнева, В.Н.Гусева. В.К. Технология переработки полимеров: Ч.1: Основы технологии переработки пластмасс: Учебник для вузов.2008.

5. Рудин М.Г., Драбкин А.Е. Краткий справочник нефтепереработчика. -Л.:

Химия, 1980. -327с.

6. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. Т. 1-5. -

Алматы.: Гылым, 2001. -2000с.

7. Сериков Т.П. Перспективные технологии переработки нефтей

Казахстана. Алматы.: Гылым, 2001. -276с.

ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

«Өнеркәсіптік экология және химия» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама № _____ « ____ » _____________ 2014ж.


ӨЭ және Х кафедрасының меңг.,

х.ғ.к., доцент С.К. Кабиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет