Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»



бет2/7
Дата26.06.2018
өлшемі191,24 Kb.
#44670
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

постреквизиттер- берілген пәнді оқып болғаннан кейін пайда болатын білім, білгерлік және дағдылары талап ететін пәндер;

  • пререквизиттер - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажет білім, білгерлік және дағдылары бар пәндер;

  • таңдау бойынша компонент (Electives) - білімалушының кез-келген академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқылатын элективтік оқу пәні;

  • Тіркеуші офисі (Office of Registrat) - оқытылатын пәндерге білімалушының жазатын және оқу кезеңіндегі білімалушылардың барлық жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;

  • типтік оқу жоспары - кәсіби білім беру оқу бағдарламаның оқыту пәндердің тізімін және көлемін, олардың оқу тәртібін және бақылау қалыптарын реттейтін құжат;

  • транскрипт (Transcript) - оқыту кредиттеріне сәйкес кезеңіне, бағалары және орташа баллы, оқыған пәндердің тізбесі көрсетілген белгіленген формадағы құжат;

  • трансферттің ( ауыстыру ) және кредитты жинақтаудың Европалық жүйесі – есептік бірліктерді ( кредиттерді )білім беру траекториясы, оқу мекемесінің және білім алу мемлекеттің ауысуында олар арқылы оқу пәндерді білім алушылардың меңгеруінің салыстыруы және қайта есептелуі өткізілетін білім беру бағдарламалардың бөлшектеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге), берудің тәсілі;

  • тьютор — нақты пәнді меңгеру бойынша академикалық консультант рөлін меңгеретін оқытушы;

  • үлгерімдік аралық бақылау (Midterm Examination) - білім алушылардың бір оқу пәнді бөлімнің( модульдың) аяқталуындағы оқу жетістіктерінің бақылауы;

  • үлгерімнің ағымдағы бақылауы - әр тақырып бойынша білімалушы білімін үнемі тексеру;

  • үлгерімнің орташа баллы – (ҮОБ) (Grade Point Average - GPA) білім алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылдық жетістіктерінің орташа саналатын бағасы (пән бойынша қорытынды бақылаудың баллдарының сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтулерінің қосындысының ағымдағы оқу мерзімінің жалпы кредит санына қатынасы);

  • эдвайзер (Advisor) - сәйкес мамандық бойынша білім алушының академикалық жетекшісінің қызметтерін орындайтын білім алу троекториясын таңдауында және білім беру мерзімінде білім беру бағдарламаны меңгеруінде көмек көрсететін оқытушы;

  • элективті пәндер каталогы – білімалушылардың өздігінен таңдайтын пәндердің тізімі.

    2. Білімалушылардың өздік жұмысының ұйымдастырылуы

    Білімалушылардың өздік жұмысы - білімалушының оқу іс- әрекетінің ерекше түрі, ол дидактикалық тапсырмаларды өздігінен орындауына, білімтану іс- әрекетіне қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір саласындағы білімін толықтыруға бағытталған. Білімалушылардың өздік жұмысы логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын меңгерудегі зерттеушілік бағыттың дамуын қамтамасыз ететін тәжірибелік тапсырмаларды іске асырумен байланысты.

    Студенттердің өздік жұмысы ( СӨЖ) болашақ мамандарды дайындау процесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.

    СӨЖ мақсаттары – студенттерде өздік шығармашылық еңбекке дағдыларын қалыптастыру, қазіргі құралдарды пайдаланып, кәсіптік тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту. Студенттердің өздік жұмыс бағдарламасының (Syllabus) негізгі бөлімдерін ескере отырып, әрбір пәннің оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. СӨЖ жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және сараптау оқу процесін ғылыми ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады, ол оқу жұмысының толық басқарылуын және қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. СӨЖ процессі инновациялық технологияларды пайдалануға негізделуі қажет.

    СӨЖ материалдары кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамымен құрастырылады және келесі құжаттардан тұрады:


    • пәнді оқудың барлық кезеңдеріне СӨЖ тақырыптары есептелген;
    • типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін тапсырмалар жүйесі;

    • эссе, баяндамалар, мәселелік тақырыптар, аннотациялар және т.б. тақырыптары;

    • негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі;

    • кеңестік көмек түрлері; бақылау түрлері;

    • бағалаудың өлшеуіштері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың ұсынылатын мерзімдері.

    Студенттердің өздік жұмысы үшін тапсырмалардың мысалдары:

    1.Жазбаша жұмысты дайындау (эссе, баяндама, бақылау тапсырмасы).

    2.Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), кітаптарды, мақалаларды, препараттарды аннотациялау.

    3.Өздігінен мәтіндеу жүргізу ( лингафонды жүйе көмегімен).

    4.Іздеу – зерттеу сипаттағы тапсырмаларды орындау ( Интернет арқылы).

    5.Салыстырмалы – баламалы кестелерді дайындау.

    6.Мәселелік мақала бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді терең сараптау.
    7.Семинар жұмысына қатысу: семинардың баяндамасының конспектісін, рефераттарды дайындау, тапсырмаларды орындау.

    8. Зертханалық –тәжірибелік сабақтар: нұсқауларға және әдістемелік нұсқауларға сәйкес сараптама өткізу және қорытындысын шығару.

    9.Өздік, бақылау жұмыстарын орындау барысындағы СӨЗЖ және СҒЗЖ, ғылыми жобаны дайындау және теориялық қорытындылардың апробациясы
    (ғылыми конференция арқылы).

    10. Тәжірибе барысында материалдарды бақылау және жинақтау бойынша тапсырмаларды орындау: альбомдар, хаттамаларды құрастыру, мүсіндерді дайындау, препараттау және т.б.



    Студенттердің өздік жұмысын орындауға жетекшілік:

    1. Ағымдағы сұхбат және бақылау

    2. Кеңестер

    3. Оқытушының СӨЖ түзетуі

    4. Студенттердің қарама – қарсы рецензиялауы

    5. Пікірталас

    6. Сараптама, рецензиялау, оқытушының бағасы

    7. Қорытынды шығару және т.б.

    СӨЖ бақылау түрлері

    СӨЖ қорытындылары жазбаша эссе, глоссарий, баяндама, бақылау, жазбаша жұмысы, ғылыми мақала, аудио-, бейне есептер, шығармалар және т.б. түрінде; сонымен қатар тәжірибелік тапсырма альбомдар, хаттамалар, мүсіндер, препараттау, аннотациялау, зертханалық тәжірибені енгізу және т.б. түрінде тапсырылуы мүмкін.

    СӨЖ қорытындылары студенттердің ғылыми конференциясында, студенттердің ғылыми ұйымының отырыстарында, олимпиадаларда, сабақтарда (5 мин.), кафедраның web – бетінің СӨЖ бөлімінде көрсетілуі мүмкін.

    Білімалушылардың СӨЖ бойынша қорытындылары кафедрада 2 жыл бойы сақталуы тиіс. СӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарында және тесттік тапсырмаларда берілуі керек.



    СӨЖ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ КРИТЕРИИЛЕРІ

    Мұқабаның сыртында белгіленеді:

    Семей қ. МУ,

    Кафедраны, каф.меңгерушісі,

    Пәнді, СӨЖ тақырыбын,

    Студенттің Тегін, Атын, Әкесінің атын, мамандықты, топты,

    Оқытушының Тегін, атын, Әкесінің-атын.




    Эссе
    Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек;

    2. Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;

    3. Эссе көлемі - 5-7 бет;

    4. Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;

    5. Ұқыпты өткізілген талдау;

    6. Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға тиісті;

    7. Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;

    8. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.


    Power Point форматында презентация жасау

    Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

    2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

    3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

    4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

    5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

    6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

    7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

    8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

    9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.


    Ситуациялық есептер

    Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті зерттеулер және т.б.)

    2. Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.

    3. Студент ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық құрастыруы тиіс.

    4. Студент қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын ұсынуы керек.

    5. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

    6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

    Ситуациялық есептер
    Жалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Берілген тақырып бойынша есептер саны – 5-тен кем болмауы қажет.

    2. Конкретное изложение этапов решения задач

    3. Алынған нәтижелер негізіндегі қорытындылар болуы керек.

    4. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

    5. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    6. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

    Тесттер
    Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.

    2. Студент тақырып материалын оқуы қажет.

    3. Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек.

    4. Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.

    5. Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға (2-3 тесттік тапсырмалар).

    6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

    Аннотация
    Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Айтып жеткізу нақты және қарапайым болуы тиіс.

    2. Көлемі – 10-15 жол болуы керек..

    3. Аннотацияда келесі бөлімдер болуы керек:

      • аннотоцияланатын құжаттың типі және атуы (монография, диссертация, жинақ, мақала және т.б.);

      • құжатты аннотациялайтын студент алдына қойған міндеттер;

      • автор қолданған әдіс (эксперимент, салыстырмалы сараптау, басқа әдебиеттер компиляциясы және т.б.);

      • аннотацияланатын құжат құрылымы;

      • шығарманың пәні және тақырыбы, автордың негізгі ережелері және қорытындылары;

      • библиография және сілтемелер бірге қосымша көрнекілік құжаттардың, қосымшалардың, анықтамалық аппараттардың сипаттамасы.

    1. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    2. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

    Глоссарий
    Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

    1. Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.

    2. Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.

    3. Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету керек.

    4. Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.

    5. Терминдердің барлық маңыналарын жазу керек.

    6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

    7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.


    3. Білімалушылар білімін бақылауды ұйымдастыру

    Кредиттік жүйе кезінде білімалушылардың білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік (БРЖ) жүйе жолымен жүзеге асырылады БРЖ-де ағымдағы, аралық бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау және аралық аттестациялық бақылау жүргізіледі.

    Аталмыш жұмыс түрін жүргізу мөлшерін жоо өзі белгілейді. Бұл жағдайда ағымдағы және аралық бақылауға 60% және қорытынды бақылауға жалпы бақылаудың 40% қалдырылады.

    Білімалушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестациялаудың әр түрі қолданылады. Бақылаудың барлық жиыны мен білімалушы білімін бағалауда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізіледі.



    Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі


    Пайыздық мөлшері


    Баллдардың сандық эквиваленті


    Таңбалық жүйе бойынша баға


    Дәстүрлі жүйе бойынша баға


    95-100


    4.0


    A


    өте жақсы


    90-94


    3.67


    A-


    85-89


    3.33


    B+



    Жақсы


    80-84


    3.0


    B


    75-79


    2.67


    B-


    70-74


    2.33


    C+


    Қанағаттанарлық


    65-69


    2.0


    C


    60-64


    1.67


    C-


    55-59


    1.33


    D+


    50-54


    1.0


    D


    0-49


    0


    F


    Қанағаттанарлықсыз

    Ағымдағы бақылау — тьютор өткізетін ағымдағы сабақта білімалушылардың білімін жүйелі тексеру пәнді оқыту кезінде білімалушылардың ағымдағы білімін бақылаудың әр түрін қарастыруға болады.

    1) ауызша сұрау – пән бойынша бір немесе бірнеше бөлімнің материалын өткеннен кейін сұрақтарға жауап және тақырыпты талқылау:

    2) жазбаша сұрау — қойылған сұрақтарға, есептерді шешуге, жағдаятты талдауға жазбаша жауап, сондай-ақ курстың кейбір бөлімдері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау;

    3) аралас сұрау — бір немесе бірнеше тақырып бойынша білімді бағалауды ауызша және жазбаша бақылау;

    4) үй тапсырмасын қорғау мен тұсау кесер — үй тапсырмасы дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында жеке және топтарға бөлініп, үй тапсырмасын, өткен материалды тексеру, өткен тақырыпты қорытындылауға үйрету, курс тақырыптарын байланыстыра білуге үйрету;

    5) дискуссия, тренингтер, дөнгелек үстелдер, кейс-стадтар және т.б. — мәселелік сипаттағы сұрақтарды көпшілік (топ) болып талқылау, өз ойы мен дағдыларын көрсету, дұрыс шешім қабылдауға дағдылау;

    6) тесттілер — пән бөлімдері бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша түрі;

    7) тәжірибелік дағдылар (ОҚПЕ, ОҚКЕ).

    Ағымдағы бақылауды тьютор тәжірибелік және зертханалық сабақтар шегінде және білімалушының өздік жұмысын бақылау арқылы оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады (Office Hours).

    Аралық (рейтингілік) бақылау тьютор белгілеген кесте бойынша фармация факультетінде 8-ші (АрБ1) және 15(АрБ2) аптада өткізіледі. Ағымдағы және аралық бақылауды ұйымдастыруды деканат, оқу бөлімі жүзеге асырады.

    Тьютордың ұсынысымен жүргізілетін аралық бақылау түрлеріне жазбаша бақылау жұмысы мен зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауысша тыңдау – коллоквиум, конференцияға қатысу және т.б. жатады.

    Аралық бақылаудың нәтижелері «оқытушы жұмысын есептеу журналына» және «Рейтинг ведомосы» журналына жазылып, ол емтихан сессиясы басталар алдында Тіркеуші Офисіне тапсырылады.

    Рейтингтік бақылаудан кейінгі бір-үш күн ішінде оқушы апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш деканның атына беріліп және кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы қарайды.

    Алғашқы және екінші аралық бақылаудың қорытындылары бойынша


    АрБ = (АрБ1+АрБ2)/2 50% кем болса, сондай- ақ оған себептері бойынша қатыспаған оқушы емтихан сессиясы басталғанға дейін оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсыруға құқылы.

    Университеттік күнтізбеге сәйкес күндізгі бөлімнің студенті бір оқу жылында 2 емтихан сессиясын тапсырады (қысқы және жазғы). Күндізгі оқу түрінің қорытынды бақылауын өткізуге екі апта беріледі. Емтихандар кестесін тіркеуші офисі жасайды.

    Комплекстік емтихандарға дайындалу үшін кемінде үш күн беріледі.

    Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау — емтихан, диф.сынақ өткізіледі. Емтихан өткізу түрлері: компьютермен немесе тест бланкісімен жазбаша немесе ауызша болады. Білімалушыға емтиханды қай тілде тапсыру таңдауы беріледі.

    Емтихан кешенді түрде өтуі мүмкін, бір мезгілде өзара байланысты 2-3 пәннен.

    Жазбаша, ауызша, емтихандар, тест қорытындысы бойынша апелляцияға өтініш емтихан қорытындысы шығарылғаннан кейінгі үш күн ішінде тіркеушінің атына жазылады. Апелляцияға өтініш тіркеліп, онда талас тудырған сұрақтар ашып көрсетіледі. Апелляцияны кафедраның апелляциялық комиссиясы ауызша түрде қабылдайды.

    "Апелляцияны есепке алмағанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" және "Апелляцияны есептеп алғанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" комиссия құрамындағы оқытушылар, тіркеу офисінің өкілі қолдарын қойып тіркеуші офисіне өткізеді.

    Аралық аттестацияны өткізу кезіне пән бойынша емтиханда алған балл (қорытынды бақылауды) және бірінші, екінші рейтингтің нәтижелері бойынша ағымдағы семестрдегі орташа балл есептеледі.

    Пән бойынша аралық және қорытынды бақылау бағаларының қорытындысы жөніндегі үлес салмағы белгіленген: 40% - емтиханда алған баға; 60% - ағымдағы үлгерімді бағасы. Егер оқушы емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алса, онда оның қорытынды бағасы есептелмейді, ведомосқа F деген баға қойылады.

    Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау:

    Ағымдағы бақылау үлгерімі, аралық аттестациялау (емтихандар) және мемлекеттік қорытынды аттестациялау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі (ҚР білім беру мемлекеттік стандарты 5.03.006-2006).



    Білімалушылардың білімін бағалау белгісі

    Білімалушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін және терең білімін бағалау баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі, сонымен қатар пропорционалды сәйкес болып табылады.



    «Өте жақсы» деген баға А әріптік, 4,0 сандық және 95-100% пайыздық бағаға тең, ал А-, 3,67 сандық және 90-94% пайыздық бағаға тең.

    Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды толық меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген жағдайда қойылады.



    «Жақсы» деген баға В+ әріптік, 3,33 сандық және 85-89 % пайыздық бағаға тең, ал В, 3,0 сандық 80-84% пайыздық және В- 2,67 сандық 75-79% пайыздық бағаға тең.

    Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 75 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген және негізгі қателіктерін студент өзі түзеткен жағдайда қойылады.



    «Қанағаттанарлық» деген баға С+ әріптік, 2,33 сандық және 70-74 % пайыздық бағаға тең, ал С, 2,0 сандық 65-69% пайыздық және С- 1,67 сандық 60-64% пайыздық бағаға тең, Д+ әріптік, 1,33 сандық және 55-59 % пайыздық бағаға тең, ал Д, 2,0 сандық және 50-54 % пайыздық бағаға тең.

    Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 50 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болса, бақылау, зертхана жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе және коллоквиумдарды орындау кезінде қателер жіберсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысқанда сылбырлылық танытса, берілген пән бойынша тек қана оқулықтарды қолданса, оқытушы берген бағдарламалық материалды бір жүйеге келтіргенде қиындықтар болса қойылады.



    «Қанағаттандырарлықсыз» деген баға Ғ әріптік, 0 сандық және 0-49 % пайыздық бағаға тең. Бұл баға білімалушы бағдарламалық негізгі материалды меңгермеген, пәндік бағдарламаның жартысын да меңгермесе, жауаптарында, аралық және қорытынды бақылаудардың кейбір тапсырмаларынан кателер жіберілсе, оқу бағдарламасына сай негізгі әдебиеттерден берілген материалды меңгермеген жағдайда қойылады.

    Білімалушы қорытынды бақылаудың бағасымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге болады.




    Апелляция өткізу тәртібі

    Апелляция емтиханнан кейін, ертеңгі күні сағат 13.00 – ге дейін студенттердің өз еркімен мына жағдайларда беріледі:

    • тесттік тапсырмалар мен билеттер тұжырымдары түсініксіз;

    • тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы жоқ;

    • тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы бірнеше;

    • тесттік тапсырмалар мен билеттер пәннің жұмыс бағдарламасында

    Апелляцияны ұйымдастыру келесі тәртіппен жүргізіледі:

    • пәннің қорытындысы және сұрақтың номері жарияланып, комиссиялық анықтауды қажет еткен жағдайда студент апелляция туралы өтініш береді;

    • Офис Регистратор (ОР) өтінішті анықтайды және апелляцияны берудің қажеттіллігі туралы шешім қабылдайды;

    • Оқу бөлімі және Офис Регистратор апелляциялық комиссияның құрамын жариялайды, онда факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және әрбір пәннен емтихан алатын оқытушы;

    • ОР апелляцияға жіберілген студенттердің құрамы туралы жариялайды;

    • ОР дайындаған апелляция қорытындысы емтихандық –рейтинглік ведомосқа енгізіледі;

    • емтиханнан бұрынғы рейтингілерге өзгертулер енгізуге апелляция кезінде болмайды;

    • апелляция қорытындылары сынақ кітапшасына енгізіледі.

    Апелляция комиссиясының шешімі жағымсыз және сессия қорытындысында
    қанағаттандырарлықсыз бағалар алса, студент оқудан шығарылмайды.
    Академиялық қарыздар жазғы семестр кезінде өткізіледі.
    4. Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже

    Студенттер үшін жазғы семестр академиялық өтеулерін жою және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.

    Студент келесі курсқа академиялық өтеулерсіз көшуі керек.

    Жазғы семестрдің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиіс. Жазғы семестрге үш пәннен артық, 7 – 8 жалпы кредит санымен /360с/ болмауға тиіс. Жазғы семестрдің академиялық күнтізбесі білімалушалардың құрамына байланысты жыл сайын тұрақталады. Жазғы семестрдің басы туралы ақпаратты Тіркеуші Офисынан 10 мамырдан кейін білуге болады.

    Келесі студенттер жазғы (ақылы) семестрді өтуге құқықтары бар:
    -қосымша білім алам деушілер;

    -рейтинг қорытындылары бойынша сессияға кіруге рұқсат алмағандар;


    -сессия қорытындылары бойынша себептерге байланысты академиялық өтеулері барлар (ауырған, жүктілік, босану, туыстарының өлімі, табиғи апаттар);

    Студенттің жазғы семестрге қатысуы келесі білім алу қызметтері түрін жүзеге асыруды қарастырады:

    -академиялық өтеулерді жою мақсатымен студенттің кеңес алуы;

    -мамандығы бойынша оқу жоспарымен қарастырылған оқу пәндерін студенттің меңгеруі.

    -жазғы семестрдің ұйымдастырылу тәртібі Регламентпен сәйкес келеді:
    -жазғы семестрдің алдында студент қатысу үшін өтініш тапсырады;
    -офис тіркеушілер және деканаттар студенттердің өтініштерін қарастырады;
    -офис тіркеушілер және деканаттар топтарды қалыптастырады;
    - ОӘТЖ проректорымен бекітілетін жазғы семестрдің кестесін оқу бөлімі құрастырады;
    -кесте жазғы семестрде қызмет көрсететін тьюторлардың уақытына байланысты құрастырылады;

    -кафедра меңгерушілері өз пәні бойынша өтуіне жауапкершілік танытады;

    -студент жазғы семестрді университеттің кассасына ақысын төлегеннен және деканаттың рұқсатнамасын алғаннан кейін жазғы семестрге жіберіледі;

    -жазғы семестрдің ұйымдастырылуы баллдық-рейтингтік жүйесіне (БРЖ) сәйкес өткізіледі;

    -студенттердің өз уақытында жазғы семестрдің ақысын төлеуіне деканаттар жауапкершілік танытады.

    Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі

    Білімалушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудьң барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестациялау (емтихандар) мен қорытынды мемлекеттік аттестациялау (мем. емтихан) балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

    Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:

    Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

    ҚБ - қорытынды баға

    РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

    ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

    Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды.

    Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды.

    Рұқсат алу рейтингілік бағасы РРБ = ( АғББ +АрББ) / 2, мұнда:

    - АғББ ағымды бақылаудың бағасы:

    АрББаралық бақылаудың бағасы, әдетте 2 аралық бақылау: (АрББ1+АрББ2)/2.

    Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ =ағымдағы орташа баға ( оның ішінде соңғы бақылау) + СӨЖ үшін орташа баға + тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға + ауру сырқатнамасы үшін баға ( клиникалық кафедраларда ) + хаттамалар жазу үшін немесе альбомдар бейнелеу үшін баға ( теориялық кафедраларда)+(ҒЗЖ) кәсіптік тәжірибе үшін баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет)/n;



    n - үлгерімді бақылаудың барлық түрі кіреді

    АрББ аралық бақылау бағасы әдетте ол 2 аралық бақылаудан тұрады (АрББ1+АрББ2)/2.

    Егер білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша жақсы бағалары болса ғана қорытынды баға есептеледі. (ҚР МЖБС 5.03.006 – 2006).

    • Қорытынды бақылаудың жақсы бағасын (көтермелеу мақсатында), бағаны қайта тапсыруда, сонымен қатар жаман бағаны түзетуге рұқсат етілмейді.

    • Білімалушыларды курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жазғы семестр және алған ауыстыру баллдарын ескере отырып жүргізіледі.

    • Курстан курсқа көшіру үшін ауыстыру баллдарын жоо өзі белгілейді, ол университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі және оқу жылында 1 ақ рет өзгертіледі.

    Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіруші емтихан болып саналады. Көшіруші орташа балды жоғары оқу орны өздері шешеді.

    Егер студент қажетті өтуші баллды алмаса, онда курсты қайта өтеді немесе оқудан өз қалауымен шығады.

    Пәндерден академиялық қарызы бар студент келесі курсқа өту үшін осы пәндерді белгілі мерзімде, ақылы түрде қайтадан оқуы керек.

    Қайтадан оқуы үшін студент ректордың атына өтініш жазуы керек.

    Өтінішке факультет деканы пәннің МЖБС сәйкес сағат көлемін, дәріс сағаттары мен тәжірибелік, СӨЖ көрсетеді. Ректордың шешімінен кейін, өтініш кафедраға беріледі, кафедра меңгерушісі жауапты оқытушының ТАЖ көрсеткеннен кейін құжат қаржы-жоспарлау бөліміне түседі. Осыдан кейін студентпен ақылы пәнді қайта оқу туралы келісім шарт 2 – данада құрастырылады.

    Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алды және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды. Қайта оқыту курсын бітіргеннен кейін, қорытынды бақылауға бағасымен жіберіледі.

    Студенттер- мемлекеттік білім беру грантының иегері, курстан курсқа өту баллын алмаған және қайта оқу курсына қалтырылған болса, өзінің білімін ақылы негізде жалғастырады.

    GPA (ҮОБ) (Grade Point Average):екіншісінен 2,0 кем емес; үшіншіге – 2,25 -2,5 тен кем емес; төртіншіге -2,5-3,0 кем емес болып белгіленеді.



    Білімалушының оқу кезеңіндегі GPA (ҮОБ) тіркеуші офисінде білімалушының орташа жоғары деңгейі бойынша келесі формула түрінде анықталады:

    онда; Қ1, Қ2, Қ3 — пән бойынша қорытынды сандық баға;

    К1, К2, К3 — кредиттегі оқылған пәндер көлемі;

    п – оқудың өткен кезеңіндегі оқылған пәндердің саны.



    Тіркеуші Офисі – білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.

    Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.

    Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.

    Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.



    Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.

    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет