Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат


Шөлдеген жандарға сай ортасында шипалы бұлақ бар. Суы тұзды демесеңіз, салқын, шөл қандырады. Мешіттің өзі үлкен жартасқа ойып салынған



бет10/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)

Шөлдеген жандарға сай ортасында шипалы бұлақ бар. Суы тұзды демесеңіз, салқын, шөл қандырады. Мешіттің өзі үлкен жартасқа ойып салынған.
Ересек адам еңкейіп кіретін есігі бар. Бірнеше бөлмеден тұрады. Іші салқын.
Бекет Ата жерасты мешіті
Еуропалық ғалымдар дәл осы жерде жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеді
Ботай археологиялық ескерткіші 1980 жылы ашылды.
Қонысты қазақстандық археолог, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт ашты.
Қоныстың аумағы 15 гектар.
Ол Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан.
Қоныста 250-ге жуық баспана салынған
Қазба жұмыстарының басталғанына бір апта өтісімен-ақ 40 мыңнан астам артефакт жинауға мүмкіндік туды.
Жүргізілген қазба жұмыстары барысында 200 мыңнан астам артефакт жиналды.
Ботай қонысы тұрғындарға алты жүз жылға жуық тұрғылықты мекен болған.
01
02
03
04
05
06
07
08
09
Lorem Ipsum
Ботай қонысы
Тамғалы петроглифтері жай ғана сурет емес, сол заманның өмір салтынан, мәдениетінен, жалпы тыныс-тіршілігінен хабар береді. Олар әр заманда (қола, ерте темір дәуірі, ортағасыр, жоңғар заманы және Қазақ хандығы дәуірі) салынғандықтан білдіретін мағынасы да әртүрлі. Қола дәуіріндегі кескіндер эстетикалық мәнге ие. Мысалы, өгіз – күш-қуат пен молшылықтың белгісі. Ал қолына шоқпар, асатаяқ ұстаған немесе сыйынып отырған адамның бейнесі, аң аулап, құрбандық шалу рәсімі – бұлардың бәpi мифология, космогониялық миф кейіпкерлері. Жартасқа ойып салынған Күн және Ай құдайы және оларды айнала билеп жүрген адамдар қола дәуіріндегі тайпалардың Құдайға қалай табынғанын, қандай салт-жоралғыларды орындағанын көрсетеді.
Тамғалы шатқалы. Бұл Жетісудағы жартасқа жазылған ең ескі, әрі көрнекті ескерткіштердің бірі. Ол 2004 ж бері ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасының нысаны қатарында. Өткен ғасырдың ортасында бұл жерден жартасқа салынған әр түрлі суреттер табылған. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жердегі Аңырақай тауында. Петроглифтер б.з.д ХIV ғ бастап б.з. VIII ғ дейінгі уақытты қамтиды. Ең көнесі қола дәуірінен бастау алады. Сурет салынған тастардың ұзындығы – 10, ені – 3 шақырым аумақты алып жатыр. Тастардың жалпы саны 5000-нан асады. Олар қашау, кесу, жанамалап салу және құйып, жапсыру сияқты әдіспен салынған. Суреттер тақырыбы да әртүрлі. Қару ұстаған жауынгер, садақшы, жануар, мал мен аңдар аулау және құрбандыққа шалу сәті, сонымын бірге таңбалар, дұғалар мен шеңберлерді кездестіруге болады.
Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7–8 км жерде орналасқан. Берел қорымы – түрлі өлшемдегі тас үйінділерінен түзілген 70 жуық қорғандардан тұрады. Олардан скифтік-сақтық дәуірдің (б.э.д. IV ғ) көшпелілер элитасының теңдесі жоқ олжалары табылды. Мәңгі тоңның арқасында бұзылмай сақталған мумияланған адам мен жылқылардың қалдықтары, аң стилінің жоғарғы дәстүрінде көркемделген жасау-жабдықтар ежелгі өркениеттің қаталанбас үлгілері болып табылады.
№10 обадан бірегей жапсырма кестелері бар он ертоқымның үлгісі табылған. Ол жапсырма кестелерде адам іспетті сақал-мұрты бар, басы тау ешкінің мүйізі секілді, қанатты жыртқыштар денесі бар, құйрығы беде тәрізді, арыстанды еске түсіретін қияли болмыс бейнеленген.
№36 обадан 66 тал марал мүйізінен жасалған жылқы мен оның әшекейлері табыл-ған. Марал мүйізінен жасалған ат әбзелдерінің ішіндегі ең негізгі бейне – грифон. Бұлан мүйізіндегі кейбір элементтерді айдар ретінде бедерленген-діктен оның синкретикалық бейнесі өсе түскен.
Бұл қорғандардан әшекейлер, ағашқа ойылып салынған суретті тақтайшалар, теріден жасалған маталар, өңделген жүн-жұрқа, қамыт-сайманды ат қалдықтары, түрлі заттары көп жерлеу бөлмесі табылған. Табылған заттардың басымы алтынмен апталған. Олжалар, соның ішінде органикалық материалдар өте жақсы сақталған. Ғалымдардың қолына көшпенділер мәдениетін, қолөнерін және тарихын жақсы тануға мүмкіндік беретін баға жетпес ақпарат түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет