Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат



бет7/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
«Адам ата шоқысы»
«Пайғамбар тоқтаған»
«Пайғамбар саусағы»
«Пайғамбар атының су ішкен жері»
«Ғайып-Ерен қырық шілтен»
«Маңсары әулие»
Мұнда аңыз жетегіндегі орындар бар.
Қазығұрт тауы – Оңтүстік Қазақстанда орналасқан тау. Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі Өгем тау қыраттарының батысын ала оқшаулау орналасқан. Шымкент қаласынан 35 км оңтүстікте. Шығыстан батысқа қарай 20 км созылып жатыр, ені 8-10 км. Абсолютті биіктігі 1768 м. Кемеқалған шыңы. Тау шығыстан батысқа қарай бірте-бірте аласарады, сыртынан қарағанда керісінше батыс жағы биіктеу көрінеді. Беткейінде бетеге, боз, аңғарында арша, долана ағаштары өседі.
Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасырда бой көтерген, дала сәулеткерлерінің бар өнерін салып, шеберлікпен сомдаған ескерткіш. Әмір Темірдің басшылығымен салынды.
Қазақ халқының иелегіне бұл ескерткіш XVI ғасырда Есім ханның билігі кезінде өтті. Содан бері бұл кесене халқымыз үшін киелі мекенге айналды. Қазақ хандары мен сұлтандарының, би мен батырлардың жерленген мекеніне, қасиетті орынға ие болды.
Яссауи кесенесінің маңына 24 хан-сұлтан мен 57 батырдың, 18 бидің сүйегі жерленген. Халқымыздың бар жақсы-жайсаңдары мен игі жақсылары осында жатыр. Олардың барлығы хал үстінде жатқан кезде ұрпақтарына өсиет етіп, әулиенің жанына апарып жерлеуді өтінген. Мұнда Абылай, Есім, Тәуке, Жәңгір, Жолбарыс, Әбілмәмбет хандардың, Бөгенбай батыр, Есей батыр, Шақшақ Жәнібек, Мамай батыр, Жарылғап батырдың, Қазыбек бидің, Әнет бабаның, жалайыр Нарынбай әулиенің, Қанай бидің, Қонақай мен Қараменді бидің, тағы басқа есімі алты алашқа танымал адамдардың сүйегі жатыр.
Қожа Ахмет Ясауи кешені – аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені 46,5 м., ұзындығы 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені 50 м. жуық) және бірнеше күмбезі бар орталық залының төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Кесененің бөлмелері мен бөліктері дәліздер және баспалдақтармен бір-бірімен байланыс-тырылған. Іргетасы балшық пен тастан құйылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет