Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат



бет3/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)

Т.Г.Шевченко мемориалды кешені
Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Т.Г.Шевченко атындағы парк, Б. Маяұлы к-сі, 7.
Орналасқан жері:
Новопетровск бекінісінде айдауда болған украин халқының ұлы ақыны, талантты суретшісі, драматург, этнограф, қоғам қайраткері, саясат-кер, ұлы Кобзарь атанған тұлға. 
Т.Г.Шевченко (1847-1857 жж.)
Ақынның казармадағы әскери қызметтен қолы бос кезінде демалатын, жұмыс істейтін жер үйі баяғы күйінде сақталған. Осында отырып ақын талай суреттерін салған, өлеңдерін жазған. Жер үйде еменнен жасалған стол, орындық сақталған. Жер үйдің алдындағы тас столда ақын күнделікті әдеби шығармаларын жазған, суреттерін салған. Ол тамаша пейзаждар, тарихи және тұрмыстық жанрлардағы суреттер, портреттер жасайды.
Құдық
Т.Г.Шевченко ескерткіші
Жертөле
Қыз әулие кесенесі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Есет селосынан 7 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. 
Орналасқан жері
Қорымда жерленген қыздың «Қыз әулие» аталуына байланысты ел аузында бірнеше деректер бар. 1908 ж Қамысбай аулының адамдары жаз жайлауынан қыстауға көшіп келе жатқанда Есет тауы маңында 15 жасар Малика қайтыс болған. Оны сол кездері аруақ қысып, ұстай алмай жүрген кезі екен. Сондықтан көтеріліп те ауырған көрінеді. Қызды сол жерде арулап көміп, әкесі жергілікті қараш руының үлкендеріне белгі тас қоюы үшін шеберлердің қолақысы ретінде бірнеше малын тастап кетеді. Олар ауылдарына шеберлер келген уақытта басына құлпытас пен сандықтас орнаттырады. Татар шебер құлпытасқа қыздың аты-жөнін жазып, сандықтасқа қыздарға қажетті түрлі әшекей бұйымдарын салып, бедерлеген. 2008 ж дейін, яғни Қамысбай ұрпақтары зират салғанға дейін белгі құлпытас пен сандықтас болып қана тұрды.
Қошқар атадағы қошқар мүсіні
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында орналасқан.
Орналасқан жері:
Қошқар ата ғажайып қасиет иесі ел арасында мұсылманшылықты уағыздаған, тақуалықпен өмір кешкен әулие адам болған. Қошқар ата өз заманында ел балаларын мұсылманшылыққа оқытып, бірнеше шәкірт тәрбиелеген делінеді. Ескерткіш 1978 ж А.Итенов жетекшілік етуімен зерттелген, 1979 ж М.Нұрқабаев жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қорым қоршаулармен бөлінген ескі қорым және қазіргі күнгі бөліктен тұрады. Қорымның ерте кезеңдік бөлігі көлденеңінен қойылған тас қоршау, сандықтас, баспалдақ тәрізді сатылы тас қабірлермен және қойтас құрылым құрлыстарымен ерекшеленеді. Қорымға кіре-берісте, Әулие Қошқар атаның өзі жерленген киелі орыннан басталады. Бұл жерге үстінде сырық ағаш шаншылған тас үйінді мен қоршау яғни қабір жайғасқан. Жергілікті сенім бойынша, мұнда келген адам әулиенің құрметіне құран бағыштап оқылуы тиіс. Мұндағы қорымның танымал ескерткіші - қошқар бейнесіндегі қабір үсті құрылысын айтуға болады. «Қошқар» түрік халықтарында ұлылықтың, ақыл мен күш символы ретінде саналады. Қошқар бейнесін ел қасиет тұтып, сыйынып, құрметтеген. Ол әкті-құмтастан араланып тас жәшік үстіне орнатылған. Қапталдық бүйірлерінде араб графикасындағы жазулар, қарапайым қару жарақ суреттері салынған. Бұл неолит дәуірінен бастау алатын, тастың сырын ұққан, қашалу өнерін бойына сіңірген көшпелілердің исламға дейінгі дүниетаным дәстүрінің жарқын көрінісі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет