Бағдарламасы Орындаған: Жұмаева Гүлназ Топ: ХимБио-20-1 Тексерген: Арашова Набат



бет9/12
Дата24.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#159681
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com)
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Кесененің құрылысы
Айша бибі кесенесі - Жамбыл облысында, Тараз қаласынан 18 км жерде орналасқан, ХІ-ХІІ ғғ салынған. Сырты керамикалық плиталармен қапталған ескерт-кіш әртүрлі кірпіштерден қаланған. ХІХ ғ суреттеріне қарасақ, осыдан 8 ғасыр бұрын салынған ескерткіштің батыс жақ қабырғасы ғана бүтін қалған екен. Қалған жағы қираған. Кесене құрылысын 1897 ж В.А. Каллаур, 1938-39 жылдары А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 ж Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеген. Соңғы рет "Қазақ жобалау-қалпына келтіру" институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді.
Кесене бай және әртүрлі геометриялық фигуралармен апталған. Плитаның үсті оюмен қапталған терракотамен безендірілген. Айша бибі кесенесі – Орталық Азияда өмір сүрген көне түрік халықтарының ою-өрнектерін сақтап, осы күнге жеткізген бірден-бір ескерткіш. Сондықтан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Қабырғасы шаршыланып біткен, күйдірілген кірпішпен тұрғызылған, ауданы 7,6х7,6 м, бұрыштары бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген.
Айша бибі кесенесі
Бекет Ата жерасты мешіті Оғланды жеріндегі ақ бор тасты тау шатқалының етегінде орналасқан. Ол Шопан Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген. Бекет Мырзағұлұлы 1750 ж Атырау облысы Жылой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан әдiл және адамгершілігі мол батыр болып өскен. 
Бұл мешіт сайда орналасқандықтан, оған көлік жете алмайды. Сондықтан, зиярат етушілерге жалғыз аяқ жолмен екі шақырымдай жерді жаяу жүріп өтуге тура келеді.
Жолай жалғыз қалып, ойланып, табиғаттың әсем көріністеріне сүйсіну мүмкіндігі де жоқ емес. Мұнда архарлар көптеп кездеседі дейді жергілікті жұрт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет