Инфрақұрлымдық кешен
Жолдар және көлік
Шығыс Қазақстан облысы көліктікинфрақұрылымның дамуына ие. Көлік желісі автомобиль, теміржол, су (өзен) жолы, әуе көлігінің инфрақұрылымынан тұрады. Өңірдегі көлік желісі Ресей Федерациясында және Қытай Халық Республикасында рұқсаты бар транзиттік жүйенің маңызды бөлігі болып табылады.
Облыс жолаушыларын тасымалдау үшін қолданылатын көліктің негізгі түрі - автомобиль көлігі болып табылады.
Өңір Қазақстан Республикасындағы жалпы қолданыстағы ең ұзын автомобиль жолдары жүйесі бар - 11 929,4 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар - 3 414 км (28,6 %), облыстық маңызы бар - 3 186 км (26,7 %), аудандық маңызы бар - 5 329,4 км (44,7 %).
Олардың 7 052,7 км – қатты қабат төселген, 3 990,7 км – қиыршық тас және 888 км – топырақты жол, сондай-ақ осы жолдарда 514 көпір мен 6 653 су жіберу бөгеттері орналасқан.
2015 жылда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың үлесі 6 529,5 км немесе 76 %.
Облыс бойынша жалпы қолданыстағы қатты қабатты автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 км2-ге 39,3 км құрайды, бұл орташа ресбупликалық көрсеткіштен жоғары (ҚР бойынша 1000 шаршы км-ге 31,7 км).
Жолдардың ең үлкен тығыздығы Шемонаиха ауданында белгіленген – 1000 км2-ге 45,5 км, ең азы – Абай ауданында – 1000 км2-ге 3,8 км. Облыстың автожол жүйесі, тұтас алғанда, жолаушылар тасымалдауға және жүк тасымалын қамтамасыз етуге жеткілікті.
2015 жылына сәйкес облыс бойынша автомобиль жолдарының техникалық жағдайының қатысы (18 сурет):
Шығыс Қазақстан облысы Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарымен «Алматы - Өскемен», «Карағанды - Аягөз-Боғас», «Омск - Майқапшағай» автомобиль жолдары арқылы байланыста. Сондай-ақ, облыс «Таскескен - Бақты» автожолы арқылы ҚХР-мен, «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» жолы арқылы РФ-мен байланысып жатыр.
Айрықша жиі қолданылатын «Таскескен - Бақты», «Омск - Майқапшағай» «Семей - РФ шекарасы - Воскресеновка - Петроповловка - Зубаир - Байтанат - РФ шекарасы» автожолдары болып табылады.
18 сурет – Облыс бойынша автомобиль жолдарының техникалық жағдайының қатысы, км
Шығыс Қазақстан облысы аумағын басып өтетін негізгі транзиттік дәліз Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясымен және ҚХР-мен байланыстыратын «Омск - Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолы (19 сурет).
19 сурет – ШҚО карта-схемасы, басқа аймактармен, елдермен байланысы
2015 жыл бойынша 626,6 млн. тонна жүк, багаж, жүкбагаждары тасымалданды. Жүк айналымы 34 450,5 млн. ткм құрады (республикада
6-ншы орын). Көліктін барлық түрлерімен 1 682,6 млн. адам тасымалданды, жолаушылар айналымы 22 790,5 млн. пкм41 құрады (20 сурет).
20 сурет –2013-2015 жыл ішіндегі көліктегі жолаушы айналымы
Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан аудандарында автомобиль жолдары хабарлама-хаттар жеткізудің жалғыз тәсілі болып табылады.
2011-2015 жылдары бойынша облыстық маңызы бар 38,3 км автожол, күрделі және орташа жөндеумен 598 км автожол қамтылды.
Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 331 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 144 - қала ішіндегі, 64 - аудан ішінде, 85 - облыс ішінде, қала аралық және қала маңы бағыттары, 16 - облыс аралық Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысатын және облыстың елді мекендерін Ресей Федерациясының - Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР - Үрімші, Алтай қалаларымен байланыстыратын 22 - халықаралық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Абай, Күршім және Көкпекті ауданының елді мекендерінің біразы тұрақты бағдар қатынасымен қамтамасыз етілген (33 кесте). Сонымен қатар Шемонаиха және Бородулиха аудандарында белгіленген бағыттар қатынасында ең қолайлы жағдай қамтылған.
33 кесте – Шығыс Қазақстан облысы бойынша елді мекендердің тұрақты
тасымалдануының ауқымдылығы
Аудандар атауы
|
Барлығы
|
Тұрақты тасмалдау қамтамасыз етілмеген
|
Тұрақты тасмалдау қамтамасызетілмеген,
елді мекеннің үлесі
|
100 ден кем тұратын адамдар
саны
|
Өскемен қ.
|
7
|
1
|
14,3
|
-
|
Семей қ.
|
40
|
8
|
20,5
|
7
|
Курчатов қ.
|
1
|
-
|
-
|
-
|
Риддер қ.
|
11
|
-
|
-
|
-
|
Абай
|
11
|
9
|
82,0
|
1
|
Аягөз
|
60
|
38
|
66,1
|
22
|
Бородулиха
|
66
|
6
|
9,2
|
25
|
Бесқарағай
|
30
|
7
|
23,3
|
2
|
Глубокое
|
43
|
8
|
19,0
|
9
|
Жарма
|
54
|
30
|
55,5
|
14
|
Зайсан
|
37
|
15
|
40,5
|
13
|
Зырян
|
49
|
15
|
31,0
|
12
|
Күршім
|
53
|
37
|
67,3
|
10
|
Көкпекті
|
56
|
27
|
50,0
|
9
|
Катонқарағай
|
50
|
16
|
31,4
|
9
|
Тарбағатай
|
60
|
23
|
38,3
|
8
|
Ұлан
|
46
|
12
|
26,0
|
4
|
Үрджар
|
55
|
21
|
38,0
|
3
|
Шемонаиха
|
35
|
2
|
5,9
|
15
|
Барлығы:
|
765
|
275
|
36
|
153
|
Жолдың орташа уақытының есебі (34 кесте).
34 кесте – Аудан аралық бағыттар бойынша жолдағы орташа уақытты есептеу
Бағыттар атауы
|
Арақашықтық, км.
|
Орташа жылдамдық, км/сағ
|
Жолдағы уақыт, сағ
|
Өскемен-Семей
|
220
|
60
|
3-40
|
Өскемен-Риддер
|
134
|
50
|
2-40
|
Өскемен--Аягөз
|
325
|
50
|
6-50
|
Өскемен-Ақсуат
|
374
|
50
|
5-48
|
Өскемен-Глубокое
|
40
|
60
|
1-00
|
Өскемен-Зайсан
|
477
|
48
|
9-56
|
Өскемен-Зырян
|
182
|
50
|
3-38
|
Өскемен-Катонқарағай
|
370
|
48
|
6-02
|
Өскемен-Қалбатау
|
113
|
48
|
2-21
|
Өскемен-Күршім
|
219
|
50
|
4-22
|
Өскемен-Молодежный
|
18
|
60
|
0-18
|
Өскемен-Үрджар
|
494
|
45
|
8-18
|
Өскемен-Шемонайха
|
120
|
60
|
1-20
|
Семей-Бородулиха
|
76
|
60
|
1-16
|
Семей-Бескарагай
|
83
|
50
|
1-39
|
Семей-Караул
|
198
|
50
|
3-57
|
Семей-Курчатов
|
150
|
50
|
3-00
|
Семей-Кокпекты
|
96
|
50
|
1-55
|
Жолдағы орташа уақыт
|
|
|
68:18=3,7 сағат
|
Терминалдар арқылы халықаралық және қалааралық бағыттарға билетті электронды сату жүйесі іске қосылды, сондай-ақ карточкалық төлем арқылы, интернет арқылы сатылатын, қалыпты ғаламдық жүйеде автобус құралдары бойынша жұмыс істелінеді.
Темір жол көлігі
Шығыс Қазақстанғы темір жол бөлімі экономикаға айтарлықтай әсер етеді, ол келесі салалардың буындарына - металлургия, тау-кен, құрылыс материалдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібіне қызмет етеді.
Облыс аумағы арқылы өтетін негізгі магистраль бұл: «Семей - Локоть», «Семей - Алматы», «Семей - Павлодар», «Защита - Локоть», «Защита - Зырян», «Защита - Лениногорск» және «Защита - Шар».
Облыс бойынша басты теміжол тораптарының жайылған ұзындығы 1 209 км, ол ҚР теміржолдарының жалпы ұзындығының 8 % құрайды.
Облыстағы темір жол тығыздығы 1000 ш. км-ге 1,4 км көрсетеді, ал орташа республикалық көрсеткіштен 4,1 км төмен (ҚР бойынша - 1000 ш. км-ге 5,5 км). Облыс аймағындағы темір жолдар төсемі - бір жолдық, жалпы жолдардың 10,5 км ғана қос жолды, олар электрленген емес болып табылады.
Темір жолдын техникалық жағдайы қанағаттанарлық, жарамсыз болып қалған ағаш шпалдарының пайызы басты жолдағы ағаш шпалдарының жалпы санының 15 % құрайды, мерзімі өтіп кеткен өлшем санының жыл бойы күрделі жөндеу кезінде жалпы ұзындықтың 21 % құрайды.
Жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита - Алматы, Лениногорск - Астана (Мәскеуге дейінгі бір тіркелген вагонмен),
Томск - Лениногорск, Семей - Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк - Семей - Бішкек, Новосибирск - Семей - Алматы, Новосибирск - Семей - Ташкент, Павлодар - Семей - Алматы, Павлодар - Семей - Қарағанды және облыс аралық қатынас «Защита - Зырян», «Защита - Лениногорск» бағыттары.
Темір жол көлігі облыс орталығын Семей, Курчатов, Аягөз, Шар, Риддер, Зырян және Шемонаихақала обыстарымен байланыстырады.
Облыстағы (298) елді мекеннің 42 %-ы 50 км дейінгі радиуста темір жолға рұқсаты бар, соның ішінде Риддер қаласының - (10) 100 %, Аягөз ауданының - (32) 58 %, Бородулиха ауданының - (59) 91 %, Глубокое ауданының - (40) 95 %, Жарма ауданының - (46) 85 %, Зырян ауданының - (49) 100 %, Ұлан ауданының - (25) 54 %, Шемонаиха ауданының - (34) 100 % және Семей, Өскемен, Курчатов қалалары.
Абай, Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы елді мекендерінде темір жолдары жоқ.
2011 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ өндірістік нысандарды жетілдіру бойынша жұмыс істейді, жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне 5 өндірістік ғимарат салынды және 18 вокзалға күрделі жөндеу жүргізілді.
Алматы - Өскемен және Астана - Өскемен қатынасына 2014 жылдан бастап жоғары жылдамдықтағы жолаушылар пойызы іске қосылды, бұлар айтарлықтай жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
2015 жыл бойынша 25 858,7 мың тонна жүк тасымалданған, теміржол көлігінің жүк тасымалдауы 18 175,8 млн. ткм құрады, 1 598 мың адам тасымалданды, жолаушы тасымалы - 1 496,1 млн. пкм.
Әуе көлігі
Қазіргі уақытта 4 әуежай бар, олар: 2 әуежай халықаралық авиарейстерге қызмет атқарады (Өскемен, Семей), 2 әуежай жергілікті әуе авиалиниясына қызмет атқарады (Зайсан, Үржар). I санат бойынша ИКАО Өскемен қаласының әуежайы стандарты бойынша санатталған.
Облыстық әуе қатынасы Өскемен, Семей, Зайсан және Үржар қалаларын қамтиды. Облыс орталығы мен Семей қаласы Қазақстанның мұндай аймақтарымен әуе қатынасын байланыстырады, олар Алматы, Астана, Қарағанды қалалары. Халықаралық қатынас - Ресей Федерациясымен (Мәскеу, Новосібір қаласы).
Қаржыландырылған авиарейстері: «Алматы - Үржар» - республикалық бюджеттен, «Зайсан - Өскемен», «Өскемен - Семей - Үржар» - облыстық бюджеттен.
Су көлігі
Ертіс өзені ШҚО iшкi су жолдарындағы негізгі кеме магистральді, ол Қытай Халық Республикасы шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін ағуда. ҚР аумағы бойынша өзен ұзындығы – 1 698 км, оның ішінде облыс аймағы бойынша – 1 116 км.
Облыста бүгінгі күні үш кеме жүзетін шлюз, екі өзен жүк порты бар, олар: «Ертіс-Транс» ЖШС жүк порты және Семей қаласының жүк порты.
2015 жылы 422,9 мың жүк тасымалданған, жүк айналымы 18 809 мың ткм құрады, су көлігінің жолаушы тасымалы 12 мың пкм құрады.
Бұқтырма бөгенінде паром тасмалының екі тізбегі бар:
Көкпекті ауданының Казнаковка к. Күршім а. бағытына;
Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын а. аумағына.
Паром өткелі Күршім және Катонқарағайдағы аудан тұрғындарын көлік қатынасымен қамтамасыз етеді.
SWOT- саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жергіліктің маңызы бар жолдардың үлесін арттыру;
автомобиль жолдарының жетік жүйесі;
соңғы үш жылда жолаушы айналымының артуы;
өткізу (жеткізу) қабілетінің қоры.
|
Әлсіз жақтары (W):
автожол көпірлері мен жол өтпелерінің айтарлықтай тозуы (тозу деңгейі 85 %-ды құрайды);
процесстерге инновация мен автоматтандыруды енгізу деңгейінің төмендігі;
астыртын тасымалдаушылар әрекеті салдарынан шалғай елді мекендердің жүйелі түрде хабарлама-хаттармен қамтамасыз етілмеуі;
біржолды және электрленбеген темір жолдар;
авиация, темір жол, су жолы инфрақұрылымының тозуы.
|
Мүмкіндіктер (O):
ішкі автобағыттарды жаңартып ашу арқылы облыс жұртшылығы үшін барлық көлік түрлерінен маршруттық жүйені кеңейту, ішкі теміржол және әуе жолы арқылы хабар жеткізуді субсидиялауды ұйымдастыру;
«Нұрлы жол» және «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және біріктіру» бағдарламаларын жүзеге асыру;
автожол саласына халықаралық сапа бақылауының стандарттарын енгізу;
ақылы автожодар енгізу;
облыстың транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру.
|
Қауіптер (T):
бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы және соның салдарынан автодолжар жағдайының одан ары нашарлауы.
|
Негізгі проблемалар:
Автожолдар саласында:
автожол көпірлері мен жол өтпелерінің нашар техникалық жағдайы – 85 % астамы тозған;
ағымдық жөндеулер мен жолдардың күтіміне қаражат бөлінуінің жетіспеушілігі;
жолдардың 30 % - дай бөлігінің қанағатсыз жағдайы.
Жолаушылар көлігі саласында:
елді мекендерде тұрақты жолаушы қатынасының жеткіліксіз қамтамасыз ету;
жолаушыларды және жүкті заңсыз тасымалдау жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер тигізеді.
Темір жол қатынасы саласында:
темір жол магистральінің өтілім қабілеттілігі төмен болуы оның «бір жолдықтығы»;
электрленген темір жол желілерінің болмауы, айтарлықтай тасымалдау құнына әсер етеді;
облыс аймақтарының темір жол қатынастарымен қамтылмағандығы;
темір жол инфрақұрылымының техникалық жағдайы.
Әуе қатынасы саласында:
аймақтарда аэродромның инфрақұрылмын (Семей, Өскемен, Зайсан қалалары, Үржар ауылы) қайта жаңарту;
облыс аймақындағы әуе қатынасының дамымаған (облыстың шалғай елді мекендерінде әуе қатынасының болмауы).
Су көлігінің саласында:
өзен көлігі инфрақұрылымының жоғары тозу дәрежесі.
Байланыс
Өңірде телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын жұмыс істейді.
2015 жылы пошталық және курьерлік қызметі 1 058,7 млн. теңге көрсетілді. Интернет желілері және телекоммуникация қызметтері42 көлемінің ұлғайуына байланысты жыл сайын байланыс қызметінің ұлғайуы байқалады.
4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орынына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ меншік қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 9 АЕМ-де ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды.
Облыс аумағында 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 100 % - ды құрайды.
Өте жылдам кең көлемді тіркелген интернет желісіне қолданушыларының саны жыл сайын өсіп және 2015 жылы 33,6 мың бірлік құрады.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары(S):
телекоммуникация қызметтерінің дамыған жүйесі;
АТС-ті жаңа сандық nextgenerationnetworks технологиялармен ауыстыру;
интернет желісін барлық жерде тарату.
|
Әлсіз жақтары (W):
тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі;
тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;
интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы;
ұялы байланысқа жоғары тарифтер;
телекоммуникация нарығында нақты бәсекелестіктің дамымауы;
азаматтық міндеттегі радижиілік ресурсының шектелуі.
|
Мүмкіндіктер (O):
тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметтерімен қамту;
азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысуы;
халықты әмбебап байланыс қызметімен қамтамасыз ету.
|
Қауіптер (T):
ұялы байланысқа ауысуға байланысты тіркелген байланыс желілері абоненттері санының азаюы.
|
Негізгі проблемалар:
интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы;
тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі.
Тұрғын үй құрылысы
Облыстың тұрғын-үй қоры 215 032 тұрғын үйлерден тұрады, олардың - 36 431 көп пәтерлі үйлер.
Облыс орталығында 1645 кондоминимум нысаны бар, Семей қаласында - 1305 үйлер. Өңір аумағындағы бар үйлердің 90 %-ының артығында 20 жылдан артық қолданыс мерзімі бар.
Күрделі жөндеу талап ететін кондоминимум нысандарының үлесі 2013 жылы 38 % құрады, 2014 жылы - 20 %, 2015 жылы - 19,5 %. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлерді термо жаңарту және жөндеу бойынша жобаларды іске асырылу арқылы көрсеткіштің төмендеуі қамтамасыз етілген. 2013 - 2015 жылдарға берілген іс-шараларға жалпы бөлінген қаражат көлемі 1 348,5 млн. теңге құрады, 129 кондоминимум нысандарына жөндеу жүргізілді.
Тұрғын үй қорынан үйді жөндеуге беленді қатысқан тұрғын үй иелері Өскемен қаласында белгіленген, онда 74 үй жөнделген, Зырян ауданында - 13, Зайсан - 10, Катонқарағай - 8 үй.
Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес қызметті іске асыратын мамандандырылған басқарушы компаниялардың тұрғын үйге қатысты қызметтерін нарыққа енгізу бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Жұмыспен қамтамасыз етудің жол картасы - 2020» үкіметтік бағдарламаларын іске асыру аясында облыста тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылады.
2013 жылдан 2015 жыл аралығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 922,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл
2010 - 2012 үш жылғы кезеңнің көлемдерінен 30,5 %-ға жоғары (706,9 мың шаршы метр) (35 кесте).
35 кесте – 2013 - 2 015 жылдар кезеңіне қалалар мен аудандарда тұрғын үйді пайдалануға енгізу, шаршы метр
№ р/с
|
Қала/аудан
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
291 302
|
313 481
|
318 064
|
2
|
Өскемен қаласы
|
98 174
|
102 340
|
140 909
|
3
|
Семей қаласы
|
87 233
|
107 503
|
80 394
|
4
|
Риддер қаласы
|
12 993
|
19 232
|
13 510
|
5
|
Курчатов қаласы
|
8 132
|
3 936
|
75
|
6
|
Абай ауданы
|
2 278
|
2 605
|
2 619
|
7
|
Аягөз ауданы
|
4 857
|
5 262
|
5 488
|
8
|
Бесқарағай ауданы
|
1 993
|
2 567
|
2 178
|
9
|
Бородулиха ауданы
|
1 751
|
1 786
|
1 977
|
10
|
Глубокое ауданы
|
10 164
|
10 426
|
20 243
|
11
|
Жарма ауданы
|
4 520
|
5 045
|
4 944
|
12
|
Зайсан ауданы
|
7 055
|
9 925
|
2 153
|
13
|
Зырян ауданы
|
7 137
|
3 586
|
3 183
|
14
|
Катонқарағай ауданы
|
1 216
|
1 355
|
2 005
|
15
|
Көкпекті ауданы
|
2 156
|
2 075
|
1 926
|
16
|
Күршім ауданы
|
1 917
|
2 351
|
1 880
|
17
|
Тарбағатай ауданы
|
5 121
|
6 398
|
6 472
|
18
|
Ұлан ауданы
|
16 544
|
10 382
|
12 837
|
19
|
Үржар ауданы
|
5 301
|
6 104
|
8 283
|
20
|
Шемонаиха ауданы
|
12 760
|
10 603
|
6 988
|
Үйдің 1 шаршы метрінің орташа нақты құрылыс құны 92,7 мың теңгені құрайды (36 кесте).
36 кесте - Үйдің 1 шаршы метрінің құрылыс құны, мың теңге
№ р/с
|
Облыс бөлінісінде
|
01.01.2016 жылға
|
Республики бөлінісінде
|
01.01.2016 жылға
|
1
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
92,7
|
Қазақстан Республикасы
|
92,6
|
2
|
Өскемен қаласы
|
119,7
|
3
|
Семей қаласы
|
74
|
Ақмола
|
64
|
4
|
Риддер қаласы
|
71,6
|
Ақтөбе
|
77,2
|
5
|
Курчатов қаласы
|
46,7
|
Алматы
|
117,8
|
6
|
Абай ауданы
|
50,6
|
Атырау
|
61,5
|
7
|
Аягөз ауданы
|
48,1
|
Батыс Қазақстан
|
69
|
8
|
Бесқарағай ауданы
|
74,5
|
Жамбыл
|
47
|
9
|
Бородулиха ауданы
|
45,8
|
Қарағанды
|
104,1
|
10
|
Глубокое ауданы
|
57,2
|
Қостанай
|
79,3
|
11
|
Жарма ауданы
|
87,8
|
Қызылорда
|
61,3
|
12
|
Зайсан ауданы
|
62,4
|
Манғыстау
|
62
|
13
|
Зырян ауданы
|
26
|
Оңтүстік Қазақстан
|
62,6
|
14
|
Катонқарағай ауданы
|
27,7
|
Павлодар
|
46,8
|
15
|
Көкпекті ауданы
|
59,7
|
Солтүстік Қазақстан
|
60,9
|
16
|
Күршім ауданы
|
81,7
|
Шығыс Қазақстан
|
92,7
|
17
|
Тарбағатай ауданы
|
60,3
|
Астана қаласы
|
116
|
18
|
Ұлан ауданы
|
84,6
|
Алматы қаласы
|
123,8
|
19
|
Үржар ауданы
|
88,6
|
|
|
20
|
Шемонаиха ауданы
|
80,3
|
|
|
2015 жыл бойынша барлығы 318,064 мың ш. метр үй енгізілді, соның ішінде бағыттар бойынша:
1) 6 несиелік тұрғын үйлер, жалпы ауданы 29,3 мың ш. метр (391 пәтер);
2) 18 жалдамалы тұрғын үйлер, жалпы ауданы 72,6 мың ш. метр
(984 пәтер), (қызметкерлерге жалдамалы үйлер, жас отбасылар үшін,
«ИҰ «ҚИК» АҚ желісі бойынша жалдамалы үйлер, «ҰК «Самрұқ Қазына» АҚ арқылы жалдамалы үйлер);
3) 10 коммерциялық тұрғын үйлер, жалпы ауданы 49,5 мың ш. метр
(482 пәтер);
4) 4 басқа тұрғын үйлер, жалпы ауданы 22,6 мың ш. метр (68 пәтер);
5) 1 358 ЖТҚ үйлері, жалпы ауданы 144,1 мың ш. метр.
Тұрғын үй алуға кезектіліктің болуы негізгі проблема болып табылады. Мемлекеттік тұрғын үй алуға 2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 21 мың адамнан астам кезекте тұрған. 2013 жылға қарағанда пәтер алуға кезектілік 19,5 % - ға өсті.
Әлеуметтік-қорғалатын халық санатының тұрғын үй алуға қажетті ақшалай қаражаттың жоқ болуы, халықтың ауылдық елді мекендерден қалаларға көші-қонынан кезектіліктің өсу себебі болып табылады.
SWOT - саланың дамуы жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жүргізілуде;
тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті қала құрылыстық құжаттамамен облыстың өңірлерін қамтамасыз ету;
құрылыс бағасының арзандауына мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған үй комбинаттарының болуы.
|
Әлсіз жақтары (w):
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың санының өсімі;
құрылыс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге облыстың құрылыс материалдарының өндірісінің қабілетсіздігі;
құрылыс салуға арналған жер учаскелері үшін коммуникация құрылысын қаржыландырудың жетіспеушілігі;
ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты құрылыс құны басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары;
салада білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігі;
ҚР бойынша салыстырғанда тұрғын үймен қамтамасыз ету төмен;
кондоминиум объектілерін жалпы мүлікпен қамтамасыз етуде халықтың әлсіз белсенділігі;
«Басқару» және «Сервистік қызмет көрсету» міндеттерін бөлумен мамандандырылған басқару компанияларының тұрғын үй қызметтерінің нарықта жоқ болуы;
көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жобаларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер (О):
«Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтамасыз етудің жол картасы - 2020» бағдарламаларын іске асыру;
құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту үшін маңызды әлеует;
қолжетімді тұрғын үйге тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру;
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «Самұрық - Қазына» ҰҚ сияқты ұйымдарды тарту жолымен инвестициялық мүмкіндіктер;
көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жобаларын іске асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді.
|
Қауіптер (Т):
құрылыс материалдарының қымбаттауы, нәтижесі ретінде тұрғын үй құнынының артуы.
|
Негізгі проблемалар:
үйдің жоғары құны, бұл жаппай тұрғын үй құрылысы өсімінің тежеуші факторы болып табылады;
коммуникация құрылысына қазіргі қаржыландыру көлемі бар сұранымды қамтамасыз етпейді;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегі тұрғындар санының өсуі;
тұрғын үй құрылысы ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды енгізуге қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі.
Жылумен қамтамасыз ету
Облыс аумағында Өскемен, Семей және Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін 5 жылу электр станциясы орналасқан - Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қ. ЖЭС-1 және ЖЭС-2.
Облыс бойынша қуаттылығы 100 Гкал-ға дейін болатын 624 қазандық бар, оның ішінде кесек отында 414, сұйық отында 26 және электрқазандарды пайдаланатын 184 қазандық бар.
2013 жылы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1199 км,
2014 жылы - 1226 км, 2015 жылы - 1275 км құрады.
Жылу желілерінің орташа тозуы 57 % - ды, нормативті жоғалтулары 18,5 % - ды құрайды. Капиталды жөндеу жұмысын талап ететін желілер үлесі 14,1 % - ды құрайды.
Семей қаласында жылумен қамту объектілерін жаңғырту бағдарламасының шеңберінде коммуналдық және жеке тиімсіз қазандықтар жабылды. Бүгінгі күні қалада 25, соның ішінде 17 коммуналдық және 8 жеке жылу көзі жұмыс істеуде. Бұған қоса, жалпы құны 36,3 млрд. теңге ЖЭО-1 және РК-1 жылу көздерін жаңғырту жобасын іске асыру жалғастырылуда.
SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:
Жағымды жақтары (S):
облыстың жылу көздерінен жылу энергиясын өндірудің өсімі;
облыстың ЖЭО-на және қазандықтарына арзан отын көзі болатын облыста көмір ошақтарының бар болуы.
|
Жағымсыз жақтары (W):
Семей, Курчатов, Зырян, Серебрянск қалаларының, Глубокое ауданындағы Глубокое ауылының мемлекеттік жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы;
жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозуының жоғары деңгейі (57,5 %);
жылу энергиясы жоғалтуының жоғары деңгейі (18,5 %);
жылу көздерінің, магистралдық және ішкі орамдық жылу желілерінің энергетикалық және қазан жабдықтарының шекті тозуы;
экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан қаржы саласының қысқартылуы, даму бағдарламаларының тоқтатылуы.
|
Мүмкіндіктері (O):
дәстүрлі емес жылумен қамтамасыз ету көздерінің даму болашағы;
орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету саласына жаңа технологияларды ендіру (қазандардың, дизолирленген құбырлардың ПӘК-ін арттыру);
мемлекеттік қолдау шаралары
(«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы);
жылумен қамтамасыз ету объектілерін жаңарту.
|
Қатерлері (T):
ЖЭО-ның орнатылған және қолдағы бар қуаттылықтарының мүмкін жаппай төмендеуі, қазандықтардың қуаттылықтарының істен шығуы, негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейімен байланысты апаттық жөндеу жұмысында жылу көздерінің тұрып қалулары.
|
Негізгі проблемалар:
жылу желілерінің жоғары деңгейде тозуы;
жылу энергиясының нормативтік шығыны;
күрделі жөндеуді қажет ететін желілердің үлесі - 14,1 %;
жылумен қамту, сумен қамту қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар үшін қолданыстағы тарифтер залалдар мен шығындардың орнын толтыруға жеткіліксіз.
Газбен қамтамасыз ету
Сұйытылған мұнай газын (пропан-бутан) тұтыну, негізінен, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Ұлан ауданының Қасым Қайсенов ауылында жүзеге асырылады.
Тозу деңгейі 83 % - ға дейін жететін 276 газ бөліп тарату қондырғылары және 82,8 шақырым газ құбырлары бар.
Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етумен қамсыздандыруға арналған газ бөліп тарату қондырғылары мен түтіктешелерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайда екендігін ескере отырып, газ шаруашылығын бірте-бірте тоқтатып қою жүзеге асырылады.
Осы жұмыс Сарыбұлақ ошағынан алынатын табиғи газбен Зайсан ауданының тұтынушыларын қамтамасыз ету бойынша жүргізіледі.
2013 жылы «Тарбағатай мұнай» ЖШС Үкіметаралық келісімге сәйкес меншік қаражатының есебінен «Зайсан» АГРС құрылысын және Зайсан ГРП-ға дейін «Сарыбулак-Зимунай» газ құбырын жеткізуді жүзеге асырды. Өндірілетін табиғи газдың орташа көлемі 500 млн. м³ құрайды.
Зайсан ауданының елді мекендерін толығымен газбен қамту кезінде табиғи газды тұтынудың болжамдық жылдық көлемі - 32 млн. м³, соның ішінде: Зайсан қаласы бойынша - 17 млн. м³, ауылдық елді мекендер бойынша - 15 млн. м³ болады.
«Газ және газбен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «КазТрансГаз Аймақ» АҚ бірынғай оператор болып анықталды.
«КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШҚ филиалының тұтынушыларына босату тарифі ҚҚС есептеумен 1 м³ үшін 11,2 теңгені құрады.
Барлығы 2013-2015 жылдар аралығында Зайсан қаласында 63,3 шақырым квартал ішіндегі желілер салынған. Газбен қамтуға 442 нысан, соның ішінде 380 жеке тұрғын үй және 62 коммерциялық нысан қосылған. Қосымша 800 жеке және көп қабатты үйлерді қосу жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың соңына дейін 1 200-дей үйді қосу жоспарланған.
Бұған қоса, Зайсан ауданының 9 елді мекеніне (Қарабұлақ, Кенсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарына) кентішілік газ тарату желілерін салу жүзеге асырылуда. 6 ауылда (Қаратал, Қарабұлақ, Кеңсай, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл) жұмыстар толығымен аяқталып, газ құбыры желілеріне қосуға дайын.
Жылу алудың негізгі көзі ретінде қазандықтардың табиғи газға ауысуы атмосфераға залалды заттардың (көмір күлінің, күкірт диоксидінің, азоттың және көміртегі оксидінің) шығарылуын 9 есеге, яғни 31 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде аймақтағы экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартады.
SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:
Жағымды жақтары (S):
облыстың газбен қамтамасыз ету ұйымдарын аккредитациялау сұйытылған газды Қазақстанның мұнай химия зауыттарынан тұрақты бағаларда импорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;
Сарыбұлақ ошағының ауданында газ инфрақұрылымының дамуы.
|
Жағымсыз жақтары (W):
газ бөліп тарату қондырғыларының, кварталішілік желілердің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді;
табиғи газды тұтыну үшін газ инфрақұрылымының жетілмегендігі.
|
Мүмкіндіктері (O):
Сарыбұлақ газ ошағын игеру Зайсан ауданының елді мекендерін табиғи газбен жабдықтауға мүмкіндік береді;
ірі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету және жылу көздерін отынның берілген түріне пайдалануға ауыстыру өңірдің экологиялық жағдайын әлдеқайда жақсартуға мүмкіндік береді.
|
Қатерлері (T):
жаңа орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы бойынша немесе бар жүйелерді қайта жаңарту бойынша шараларды жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамтамасыз етудің одан да сапалы деңгейіне толығымен шығаруға мүмкіндік бермейді.
|
Негізгі проблемалар:
газ бөліп тарату қондырғыларының, квартал ішіндегі желілердің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы.
Сумен қамтамасыз ету
2013 - 2015 жылдарда облыс халқының орталықтандырылған су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етілуі 2,3 % - ға жоғарылады және 2016 жылдың
1 қаңтарына 86 % - ды құрады (37-кесте).
37 кесте – 2013-2015 жылдарға облыс халқының сумен қамтамасыз ету қызметтерімен
қамтамасыз етілу деңгейі
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Орташа облыстық орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %
|
83,7
|
85,1
|
86
|
Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %
|
96,7
|
97,1
|
97,1
|
АЕМ-дегі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %
|
40
|
42
|
42,5
|
Елді мекендер саны, бірл.
|
303
|
319
|
321
|
Халықтың су есебінің жеке құрылғыларымен қамтылуы, қалалар, %
|
75
|
88,7
|
91
|
Халықтың су есебінің жеке құрылғыларымен қамтылуы, АЕМ %
|
53,8
|
60,4
|
68
|
Сонымен қатар, бірқатар аудандарда: Үржар (48,1 %), Көкпекті (50,1 %), Ұлан (55,5 %), Бесқарағай (55,9 %), Күршім (61,3 %) аудандарында орталықтандырылған су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етілу деңгейі орташа облыстық көрсеткіштерден біршама төмен.
Халықты коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйелерінде - 4 338,0 км (қалаларда - 70 % орташа тозумен 2 591,7 км, ауылдарда 65 % орташа тозумен 1 746,3 км), соның ішінде топтық және тораптық су тарту - 557,5 км (тозу - 60 %) су құбыры жұмыс істейді. Жалпы сумен қамту жүйелерінде тозу 68 %-ды құрайды.
7 су тартатын тазартқыш ғимараттары бар, олардың 1 - еуі Курчатов қаласында, 1 - Риддер қаласында, 3 - Жарма және 2 - Зырян аудандарында орналасқан.
Сумен қамтамасыз ету желілерінің қанағаттанғысыз жағдайы су жүргізетін желілердегі апаттар санының артуына, үлкен су көлемінің қайтарымсыз жоғалтуларына және халықтың су тұтынуының үлестік нормаларының жоғарылауына себеп болады. 2015 жылы облыс бойынша желілерде су жоғалту деңгейі берілген жалпы су көлемінен 24,1 % - ды құрады, барлығы 2015 жылы сумен қамтамасыз ету желілерінде 461 апат айқындалып, жойылды43.
Берілетін жалпы су көлемінен су тазартқыш ғимараттарда жылына 15,857 млн. м3 су тазартудан өтеді.
Облыста 31 пайдалану ұйымдары мен кәсіпорындар қызмет атқарады, облыс халқына тариф 26,65-тен 689,36 тг/м3 дейін құрайды.
8 ауданның (Глубокое, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха) 67 ауылдық елді мекендерінде тұратын 57,8 мың адамға субсидия беру жүзеге асырылуда.
SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:
Күшті жақтары (S):
бағдарламаның 5 жылында облыс елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша 80 жобаның іске асырылуы;
сапалы ауыз суға халықтың қол жетімділігі көрсеткішін 86 % - ға дейін жеткізілуі.
|
Әлсіз жақтары (W):
жерасты тұщы суларының бар қорларын жеткіліксіз пайдалану;
сумен қамтамасыз ету желілері мен объектілерінің көп тозуы, соның салдарынан - апаттар, жоғалтулар, ауыз су сапасының төмен деңгейі;
жаңа сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысына және бар сумен қамтамасыз ету желілерін қайта құруға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;
сумен қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметтерге деген тарифтері жөндеу-жаңарту жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындарды жаппайды;
көптеген аудандарда берілетін судың сапасына бақылау жүргізетін лабораториялардың жоқтығы;
ауылды елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың жеткіліксіз түрде материалдық-техникалық жабдықталуы.
|
Мүмкіндіктері (O):
облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін көтеруге себеп болатын «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының іске асырылуы;
жер асты тұщы суларының жаңа ошақтарын игеру;
сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазарту мен су дайындау шығындарының көбеюі;
заманауи тиімді технологияларды енгізу;
пайдалану қызметін материалды-техникалық базамен жабдықтау жолымен жетілдіру.
|
Қатерлері (T):
қондырғының физикалық тозу себебімен мүмкін болатын істен шығуы;
сумен қамтамасыз ету объектілерінің ұзақ мерзімде пайдалану нәтижесінде болған қанағаттанғысыз техникалық жағдайы; қаржыландырудың жеткіліксіздігі;
ескірген су дайындау технологияларын қолданудан халық денсаулығының нашарлауы.
|
Негізгі проблемалар:
сумен қамтамасыз ету желілерінің қанағаттанғысыз жағдайы;
облыс бойынша желілердегі су шығынының жоғары деңгейі - 24,1 %.
Су бұру
Облыста 765 елді мекеннің 42 елді мекенінде, соның ішінде 9 қала мен 33 ауылда орталықтандырылған су бұру жүйесі жұмыс істейді. Облыста барлығы 134 кәрізді сору станциясы, 22 тазарту ғимараты бар. Кәрізді сору станциясының орнатылған қуаты тәулігіне 1254,4 мың текше метрді құрайды.
Абай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарында кәрізді тазарту ғимараттары жоқ.
53 кәрізді ғимарат жылына 73 140,1 мың/м3 суды толығымен биологиялық тазартудан өткізеді. Қалған елді мекендер ағындыны механикалық тазарту ғимараттары арқылы немесе сүзу алаңдарына шығарады.
70-інші жылдары салынған тазарту ғимараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, ғимараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.
Әсіресе шағын қалалар мен аудан орталықтарында жағдай өте қиындаған. Ауылдық елді мекендердің тазарту ғимараттарына жүктеме аз болғандықтан істен шығып қалуда. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 25-30 %-ды құрайды.
Су бұру жүйесінің жалпы ұзындығы (қалаларда - 70 % орташа тозумен 1 156,4 км, ауылдарда - 75 % орташа тозумен 311,9 км) 1 468,3 км-ді құрайды, олардың ішінде 540,8 км немесе 36,8 % ауыстыруды қажет етеді. Тозудың салдарынан 2015 жылы кәріз желілерінде 60 апат44 тіркелді.
2013 - 2015 жылдар ішінде халықты су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету 1,8 %-ға ұлғайды (38-кесте).
38 -кесте – Облыс халқының 2013-2015 жылдары су бұру қызметтерімен
қамтылу деңгейі
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Халықтың су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі, %
|
35,2
|
36,5
|
36,6
|
Қалаларда халықтың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қол жеткізуі, %
|
51,7
|
53,5
|
53,5
|
АЕМ-де халықтың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қол жеткізуі, %
|
3,9
|
4,2
|
4,6
|
Су бұру қызметтерімен қамтылған елді мекендер саны, бірлік
|
32
|
32
|
38
|
Ағын сулардың жалпы көлеміндегі тазартылған судың үлесі, %
|
97,5
|
97,4
|
97,9
|
Бұған қоса Абай, Бесқарағай және Катонқарағай аудандарында халық орталықтандырылған су бұру қызметтерін пайдаланбайды.
Аягөз (9,9 %), Жарма (9,7 %), Көкпекті (3,4 %), Күршім (4,4 %) және Үржар (2,0 %) аудандарында су бұру қызметтерімен аз қамтылған.
Кәсіпорын үшін су бұру қызметтерінің қолданыстағы тарифтерінде технологияны жаңарту мен қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталған кешенді жаңғырту жүргізуге жұмсалатын шығындар ескерілмейді, өйткені инвестициялау, өтемпұл, кіріс көздері мен тариф құрылымдары біраз ғана үлеске ие.
Осылайша, облыс бойынша кәріз қызметтеріне тарифтер 2015 жылға бір текше метр үшін 6,3 теңгеден 183,5 теңгеге дейін түрленді. Қазіргі уақытта облыста 2 су арнасы («Өскемен Водоканал» МКК, «Семей Водоканал» МКК) үшін 2020 жылға дейін ұзақ мерзімді кезеңге жаңа тарифтер бекітілді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
халықтың су бұру қызметтеріне жету көрсеткіштеріне қол жеткізу - 37 %, соның ішінде ауылдық елді мекендер - 12,3 %.
|
Әлсіз жақтары (W):
70 % кәріздік желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр;
жаңа су бұру жүйелерін, тазарту ғимараттарын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды жеткіліксіз салу;
су бұру қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қолданыстағы тарифтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындардың орнын толтыра алмайды;
жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді, су бұру объектілерін, кәріз жүйелерін, тазарту ғимараттары мен кәріз жүйелерін салу және қайта жаңартуды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру.
|
Мүмкіндіктер (O):
су бұру объектілерін, кәріз жүйелерін, тазарту ғимараттары мен кәріз жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша инвестициялық жобларды іске асыру халықты су бұру қызметтерімен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;
ағын суларды тазартудың замануи тиімді технологияларын енгізу.
|
Қатерлер (T):
жабдықтың табиғи тозу себебінен бұзылуы.
|
Негізгі проблемалар:
облыстың кәріз желілерінің жоғары деңгейде тозуы - 80 % қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.
Қатты тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу және көму
Жыл сайын облыста 200 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) жиналып қалады және тек ҚТҚ-ның біраз ғана бөлігі (0,1 %) қайта өнделеді.
Заңдастырылған ҚТҚ үлесі төмен болып қалуда. Көптеген тұтыну қалдықтары ҚР табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін полигондарда жинақталады.
ҚТҚ көмудің тәсілдері тиімсіз болғандықтан оларды көмуге бөлінген біршама алаңдар мен біраз ғана түсірілетін ҚТҚ көлеміне қарамастан көптеген қоқыс орындарында олар тез толып қалады.
Шығыны көп және төмен инвестициялық қызығушылық болғандықтан қайта өңдеу, екінші рет пайдалану және кәдеге жарату технологиялары нашар қолданылуда.
Өңірде құрамында сынап бар пайдаланылған (қауіпті қалдықтарға жататын) құралдар мен бұйымдарды бөлек - бөлек жинау жүйесі реттелген және оларды кейіннен қайта өңдеу жүргізіледі. Ағымдағы жылдың басынан 38,4 мың дана құрамында сынап бар қалдықтар жиналып, 24 мың дана қайта өңделді.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілуіне байланысты:
қауіпті қалдықтардың (электрондық және электр жабдықтары, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар) кейбір түрлерін бөлек-бөлек жинау және қайта өңдеуге талаптар белгіленді;
қатты тұрмыстық қалдақтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге тарифтер, сондай-ақ оны осы операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында бөлу тәртібіне бекітілді;
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚТҚ-ны, әсіресе пластмасса және пластик қалдықтарын, макулатураны, құрамында сынап бар шамдар мен құралдарды, сынған шыныларды, түсті және қара металл сынықтарын, пайдаланылған автомобиль майларын, кеңсе техникасын, құрылыс және тамақ қалдықтарын алдын ала қайта өңдемейінше оларды көмуге тыйым салынады.
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында қалдықтармен айналысу саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жол картасы әзірленген, соған сәйкес жоспарланды:
Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Шемонаиха қалаларында қалдықтарды бөлек - бөлек жинауды қолдану;
Өскемен, Семей қалаларында қоқыс өңдеу зауыттарын салу.
Өскемен және Семей қалаларында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кешендерін салумен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобаларын іске асыру мәселесі пысықталуда. Бұған қоса шетел инвесторының біршама қатысуымен мемлекеттік жеке серіктестік құралдарын пайдалану жоспарлануда.
Қазіргі уақытта халықаралық қаржы инситуттарынан коммуналдық секторға қарыз қаражатын тарту, соның ішінде әлемдік стандарттарға сәйкес шетел инвесторының біршама қатысуымен мемлекеттік жеке серіктестік құралдарын пайдаланумен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді және тиімді жүйесін қолдану бойынша белгілі жұмыстар жүргізілуде.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары бар.
|
Әлсіз жақтары (W):
тұрмыстық және өндірістік қалдақтарды қайта өңдеу және зарарсыздандыру бойынша заманауи технологиялардың болмауы.
|
Мүмкіндіктер (O):
қатты тұрмыстық қалдықтарды және өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту саласында мемлекеттік-жеке серіктестіктің келешегі.
|
Қатерлер (T):
облыс елді мекендерінің санитарлық-эпидемиологиялық қанағаттанарлықсыз жағдайы, елді мекендердің эстетикасыз көркі.
|
Негізгі проблемалар:
облыста ҚТҚ-ны қайта өңдеудің төмен деңгейі (1 пайыздан кем);
көптеген полигондардың Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сай келмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |