|
Орталық – Шығыс макроөңір
|
№
р/с
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
Қарағанды облысы
|
Павлодар облысы
|
1
|
ҚР ЖІӨ - де ЖӨӨ үлесі
|
%
|
5,65
|
7,6
|
4,25
|
2
|
Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ көлемі
|
мың теңге
|
1 656,2
|
2 248,9
|
2 293,1
|
3
|
Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің көлеміндегі өңір үлесі
|
%
|
6,8
|
9,5
|
7,0
|
4
|
Республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару көлеміндегі өңір үлесі
|
%
|
11,1
|
5,96
|
4,6
|
5
|
Республика бойынша жалпы көлемдегі облыстың инвестициялар үлесі
|
%
|
5,86
|
4,88
|
6,43
|
6
|
Инновация саласындағы белсенділік деңгейі
|
%
|
11,5
|
9,2
|
4,8
|
7
|
Халықтың табиғи өсімнің (+), кему (-) коэффициенті
|
1000 тұрғындарға шаққанда
|
+5,88
|
+7,84
|
+7,03
|
8
|
Қалалық тұрғындар үлесі
|
%
|
59,9
|
79,2
|
70,5
|
9
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
4,9
|
4,9
|
4,8
|
10
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірістері бар тұрғындар үлесі
|
%
|
2,0
|
1,5
|
1,6
|
11
|
Нәрестелік өлім деңгейі
|
1000 тірі туғандарға шаққанда
|
9,57
|
8,61
|
6,96
|
12
|
3 - 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту
|
%
|
99,1
|
97,5
|
100
|
13
|
Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану-математикалық білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі
|
%
|
66,2
|
61,7
|
58
|
14
|
Қатты жабынымен жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының қалындығы
|
1000 шаршы метрге км
|
39,3
|
20,4
|
39
|
15
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі
|
%
|
76
|
74
|
75
|
16
|
Жүйелі тасымалдаулармен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі
|
%
|
64
|
69
|
100
|
17
|
Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтау қамтамасыздығы
|
%
|
86
|
69,6
|
82
|
18
|
Тұрғындардың су тарту қызметтерімен қамтамасыздығы
|
%
|
36,6
|
31,2
|
78
|
19
|
Тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыздығы
|
ш. м/адам
|
19,5
|
22,6
|
22,8
|
20
|
10 мың адам тұрғынға шаққанда қылмыскерліктің деңгейі
|
бірлік
|
195
|
219
|
234
|
21
|
Стационарлық көздерінен шығатын ластаушы заттарының ауаға шығарындылары
|
мың тонна
|
127,1
|
596,4
|
552,9
|
2.1 Аумақтын әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.1.1. Өңірлік макроэкономика
2015 жылы өңірлік ішкі өнімнің көлемі 2013 жылға қарағанда 117,6 % - ға өсті (2 кесте).
2 кесте – 2013 - 2015 жылдары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер динамикасы
№ р/с
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
ҚР/ШҚО үлесі
|
1
|
ЖӨӨ көлемі
|
млн. теңге
|
2 062 969
|
2 282 710
|
2 311 366
|
40 884 134/ 5,65 %
|
2
|
Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ көлемі
|
мың теңге
|
1 480,1
|
1 636,7
|
1 656,2
|
9 орын
|
3
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі
|
млн. теңге
|
998 701
|
1 115 636
|
1 021 779
|
14 925 230/ 6,8 %
|
4
|
Ауыл шаруашылықтағы жалпы өнім көлемі
|
млн. теңге
|
287 755
|
288 776
|
366 973
|
3 307 010/ 11,1 %
|
5
|
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі
|
млн. теңге
|
301 168
|
345 943
|
411 930
|
7024709/ 5,86 %
|
6
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі
|
млн. теңге
|
137 602
|
145 063
|
158 365
|
2 861 058/ 5,5 %
|
7
|
Экспорт
|
млн. АҚШ доллары
|
2 075,6
|
1 961,5
|
1 860,1
|
41 204,9/ 4,5 %
|
8
|
Импорт
|
млн. АҚШ доллары
|
1 331,1
|
1 302,3
|
758,9
|
19 436,7/ 3,9 %
|
9
|
Номиналды ақшалай кіріс
|
мың тенге
|
51,9
|
56,0
|
55,4
|
67,3
|
10
|
Инфляция деңгейі
|
%
|
4,5
|
7,4
|
13,2
|
13,6 %
|
11
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
5,1
|
4,8
|
4,9
|
5 %
|
12
|
Екінші деңгейдегі банктермен берілген несиелер көлемі
|
млн. теңге
|
335 485
|
367 484
|
248 181
|
9 350 500/ 2,7 %
|
13
|
Депозиттер көлемі
|
млн. теңге
|
185 607
|
209 293
|
316 193
|
10 300 595/ 3,1 %
|
2015 жылы Республиканың ЖІӨ жалпы көлеміндегі облыстың ЖӨӨ үлес салмағы 5,65 % құрады. Кему шкаласы бойынша облыс Алматы (22,3 %) мен Астана (11,8 %) қалаларына, Атырау (10,3 %), Қарағанды (7,6 %) және Оңтүстік Қазақстан (6,1 %) облыстарына жол беріп, республикада 6 орын алады.
Облыстың экономикасында тауарлар өндірісінің үлесі 41,7 %, қызметтер үлесі - 53,6 %, өнімдерге салық үлесі - 4,7 % жетті (2 сурет).
2 сурет – 2013 - 2015 жылдарға жалпы өнірлік өнім құрылымы, %
Экономиканың негізгі өсу факторлары жоғары тұтынушылардың сұранысы және облыстағы инвестициалық белсенділіктің жандануы белгіленген.
Өңір экономикасының құрылымында өнеркәсіп үлесі айтарлықтай: 2015 жылы ЖӨӨ - де 29,6 % және өңірдегі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санынан 16,1 %6 (орташа республикалық деңгейден жоғары).
Облыстың ЖӨӨ - де ауыл шаруашылық үлесі 9,6 % құрайды. 15 ауданнан 14 ауданы үшін (Зырян ауданын қоспағанда) экономиканың базалық секторы ауыл шаруашылық болып табылады.
Облыс республикада озық орынды алады: сүт, күнбағыс тұқымынан алынатын май, бал және бұғы панталары өндірісі бойынша (1 орын), ет және картоп өндірісі бойынша - 3 орын.
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымында 56,7 % - дан астам мал шаруашылығына келеді. Ірі қара мал, қой, құстарды өсіру сияқты дәстүрлі салалардан басқа марал шаруашылығы, ара шаруашылығы дамыған. Қазіргі уақытта облыста 10 мың басқа жуық маралдар бар.
2013 - 2015 жылға экспорттық өнімге сұраныстың және сыртқы саудада өсім қарқынының қысқарылуы байқалды. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 3,4 млрд. АҚШ доллардан 2015 жылы 2,6 млрд. АҚШ долларға дейін немесе 23,5 % - ға азайды.
Тауарлар экспорты тиісінше 2,1 млрд. АҚШ доллардан 1,9 млрд. АҚШ долларға дейін немесе 9,5 % - ға азайды.
Импорт 38,5 % - ға төмендеді (1,3 млрд. АҚШ доллардан 0,8 млрд. АҚШ долларға дейін). Сауда теңгерімінің оң сальдосы қалыптасты - 1,1 млрд. АҚШ доллары.
Республика бойынша экспорт көлемінде үлес салмағы 2013 жылы
3,2 % - дан 2015 жылы 4,3 % - ға дейін өсті.
Экспорт құрылымында металдар және олардан жасалған бұйымдары 67,7 %, минералды өнімдер – 6,2 %, химия өнеркәсібі өнімдері – 5,7 %, мал және өсімдік өнімдері – 3,6 %, отын - энергетикалық тауарлар – 2,7 % және басқа тауарлар – 16,6 %.
2015 жылы жылдық тұлғалауда инфляция 113,2 % құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 8,7 пайыздық пунктке жоғары.
Халықтың жан басына шаққанда орташа номиналды ақшалай кірісі 55 392 теңге құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 6,7 % - ға өсті, бірақ осы көрсеткіш республикалық деңгейден төмен (67 321 теңге).
2016 жылдың 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейдегі банктердің 29 филиалы жұмыс істеген. Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен берілген несиелер көлемі 248,2 млрд. теңге құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 26 % - ға қысқарды (335,5 млрд.теңге). Жеке және заңды тұлғалардың депозиттер көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 130,6 млрд. теңгеге немесе 1,3 есе ұлғайып, 316,2 млрд. теңгеге дейін жетті.
Өнеркәсіп
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы өнеркәсіптік-дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңірдің үлесі 2013 жылға қарағанда 5,6 % - дан 6,8 % - ға өсті.
Облыста ірі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары: түсті металлургия, машина құрастыру, құрылыс индустриясы, ағаш өнімдерін өндіретін өнеркәсіп шоғырланған.
Өнеркәсіп дамуының негізгі құралы Қазақстанның даму картасы болып табылады, 19 мыңнан астам жұмыс орыны құрылуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 160 млрд теңгеге 82 жоба қамтылған, соның ішінде 2010 - 2015 жылдарға 236 млрд теңгеге 48 жоба жүзеге асырылған. 7 мыңнан астам жұмыс орыны құрылды.
3 сурет – Облыс аудандарында өнеркәсіптің мамандануы
Өндірістік өнеркәсіп көлемі 2013 - 2015 жылдары 2,3 % - ға артты
(3 кесте).
3-кесте – Экономикалық қызметтер түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі, млрд. теңге/алдынғы жылға нақты өнім көлемі, %
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
ҚР/ШҚО үлесі
|
Өнеркәсіп - барлығы
|
998,7/ 105,8
|
1 115,6/ 100,4
|
1 021,8/ 92,6
|
14 925,2/
6,8 %
|
Тау - кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу
|
96,5/
113,2
|
104,5/
92,3
|
102,9/ 100,8
|
7 521,2/
1,36 %
|
Өңдеуші өнеркәсіп
|
827,9/ 106,7
|
929,6/
101,4
|
826,8/ 91,0
|
5 971,9/
13,8 %
|
Электрмен жабдықтау, газбен жылыту, бу беру және ауа сәйкестендіру
|
64,9/
90,0
|
71,4/
101,2
|
81,3/ 102,5
|
1 256,4/
6,46 %
|
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуына және бөлінуіне бақылау жасау
|
9,4/
81,9
|
10,1/
94,7
|
10,8/
88,1
|
175,7/
6,1 %
|
Өндірістік өнеркәсіп құрылымында өңдеуші өнеркәсіп - 80,9 % ең көп үлес алады, тау - кен өндірісінің үлесі - 10,1 % құрайды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны сәйкестендіру - 7,9 %, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және тарату бойынша бақылау - 1,1 %.
Тау - кен өндіру өнеркәсібі Өскемен, Риддер, Зырян қалалары және Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха аудандарында шоғырланған.
Өңдеу өнеркәсіптерінің ең үлкен үлесі Өскемен қаласының шаруашылық субъектілеріне (облыстық көлемінің 70,1 % - ға таяу), Семей - 11,3 %,
Риддер - 7,8 %, Зырян ауданына - 2,5 % - ы келеді. Облыстың қалған аудандарына өндеу өнеркәсібінің жалпы облыстық өндіріс көлемінің 8,3 % - ы келеді.
Тау - кен өнеркәсібі
Өнеркәсіп негізі полиметалл кенін өндіру, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс болып табылады. Негізгі өндірушілер - «Қазмырыш» ЖШС және «Шығыс түсті металлургия» ЖШС.
Өнеркәсіптік алаңдар «Қазмырыш» ЖШС Өскемен, Риддер және Зырян қалаларындағы тау-кен өнеркәсіп өндірісі болып табылады. «Шығыс түсті металлургия» ЖШС филиалдары – Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха аудандарындағы тау - кен өнеркәсіп өндірісі.
Семей қаласында «Жерек» ЖШС және «Алел» ШИК алтын өңдеу және өндіру бойынша өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асыруда.
Көмір өндейтін кәсіпорын Семей қаласында «Қаражыра» ЖШС, Зайсан қаласында «Сайқан» ЖШС, Үржар ауданында «Фирма Мадина» ЖШС бар.
Тау - кен өнеркәсібі өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты өндірілетін кен қорлары сарқылуда. Пайдаланылатын қорларды өсіру мақсатында минералды - шикізат кешенінің болашағы бар ресурстық базасын дамыту, ауқымды барлау жұмыстарын өткізу қажет етеді. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау - кен өнеркәсіп өдірісінің әлеуетін қамтамасыз ету және арттыру, бірқатар жобалар жүзеге асырылғаннан кейін жоспарланған (4 кесте).
4-кесте – ИИДМБ аясында тау - кен өнеркәсіп өндірісінің жобасы
Кәсіпорын
|
Жоба
|
Жүзеге асу кезеңі
|
«Қазмырыш» ЖШС
|
Тишин кенішіндегі төменгі деңгейде кенді денелерін дамыту
|
2014 жылы жүзеге асырылған
|
«Алтай Кен - Байыту» ЖШС
|
Алтын өндіру фабрикасында шығарылатын өнімнің мөлшері мен өнделген кен көлемінің көбейуі
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2017 жыл)
|
«Сатпаев кен - байыту кәсіпорыны» ЖШС
|
Екінші байыту фабрикасының құрылысы
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2017 жыл)
|
«Корпорация Казахмыс» ЖШС
(«KAZMinerals PLC»)
|
Ақтоғай тау - кен байыту комбинатының құрылысы
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2018 жыл)
|
«ГРК МЛД» ЖШС
|
Мыс концентратын және катодты мыс өндіру үшін тау - кен және өңдеу кешенінің құрылысы
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2017 жыл)
|
«SAT Nickel» ЖШС
|
Кобальт-никельді өнімді шығаратын зауыт құрылысы
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2018 жыл)
|
«Бақыршық тау - кен өнеркәсіп кәсіпорыны» ЖШС
|
Тау - кен және өңдеу кешенінің құрылысы
|
іске асырылуда
(мерзімі - 2018 жыл)
|
Өңдеуші өнеркәсіп
Өнеркәсіп өндірісінің әртараптандыру үшін негіз болып табылады және мынадай кіші секторларды қамтиды: металлургиялық өнеркәсіп (өнеркәсіпте нақты үлесі 62,3 %), машина құрау (12,6 %), азық - түлік өнімдерін өндіру (12 %), өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру (құрылыс материалдары) (5,5 %), химия өнеркәсібі (2,5 %) және басқа да салалар (5,1 %).
Өңдеуші өнеркәсіпте 771 кәсіпорын тартылған, соның ішінде 85 үлкен және орташа және 686 шағын кәсіпорындар.
2015 жыл қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсібінде 2013 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 41,9 % - ға төмендеуі байқалады7.
Металлургиялық өнеркәсіп
Металлургиялық өнеркәсіп аймақтағы экономика саласында жетекші орын алады. Өнімнің негізгі үлесі экспортқа бағытталған. Металлургиялық өнеркәсіп көлемі 3 жыл ішінде 18 % - ға8 өсті.
Өнеркәсіптің негізгі жетекші кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан - магний комбинаты» АҚ ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ болып табылады. Өнеркәсіп негізгі асыл және түсті металдар өндіретін: қорғасын, мырыш, мыс, тазартылған алтын мен күміс, сондай - ақ титан, магний, тантал, АЭС арналған отын шығарады.
Тау - кен металлургиялық кешенінің негізгі мәселесі: шикізат базасының сарқылуы, негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғарылығы, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалушылық, еңбекке жарамдылықтың жоғарылығы және материалдық тұтыну өнімдері болып табылады.
Машина құрастыру
Машина құрастыру кешені аймақтағы өсіп келе жатқан салалардың бірі болып табылады. 2015 жылы өндіріс көлемі 104,1 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 45,4 % - ға артық. Машина құрастыру өңдеуші өнеркәсіп саласында үлес салмағы 2013 жылы 23 %, 2015 жылы 12,6 % - ға өсті. Республикалық көлемде машина құрастыру саласының облыстық үлесі 15,7 %.
Төмендеу себебі «Азия Авто» АҚ автокөлік шығарудың тоқталуына байланысты өндіріс көлемінің күрт төмендеуі болып табылады.
Рессей рублі бағамының 2014 жылы төмендеуі себебінен РФ және ҚР арасында жаңа және пайдаланылған автокөліктерінің айырықша бағаларының айырмашылықтары салдарынан қазақстандық автонарықтың мүлдем бәсекеге қабілетсіздігі қалыптасты.
Облыста мұнай кәсіпшілік, тау - кен және металлургиялық құралдар, жеңіл және жүк көліктері, автобустар, дөңгелекті тракторлар, конденсаторлар және басқа да электротехникалық өнімдер, модификациялық барлық мүмкіншілікті сорғыштар, сым өнімдерін шығарады.
Машина жасау кешенінің кәсіпорындары «Азия Авто» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен арматур зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Семмашзавод» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «СемАз» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Первомайский механикалық зауыты» ЖШС болып табылады.
Машина құрастыру өндіріс көлемінде негізгі үлесті (54,6 %) Өскемен қаласындағы кәсіпорындар, соның ішінде «Азия Авто» АҚ 2015 жылы 27,6 % өндірістің жалпы көлемін енгізеді. Жалпы облыстық өндіріс көлемінің 20,6 % Семей қаласы, 10,6 % - Риддер қаласы, 4,8 % - Зырян ауданы,
3,5 % - Шемонайха ауданы, 2,1 % - Аягөз ауданы құрайды.
Машина құрастырудың басты болашағы бар даму бағыты «Азия Авто Қазақстан»9 АҚ толық циклді және авто тетіктер өндіру бойынша технопарк автокөлік зауыты құрылыс базасының автокөлік өнеркәсібіндегі кластерлеу мүмкіндігі болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық кластерлеудің алғышарттары:
машина құрастыру кәсіпорындар жүйесінің болуы;
автокөлік құрастырудағы жоғарғы технологиялар шекарасының негізі – «Қазгипроцветмет» институт жобасының болуы;
энергия ресурстарымен жоғарғы қамтамасыздық;
тұрақты кадрлар әлеуетінің болуы;
техникалық оқу орындар жүйесінің және техикалық және кәсіптік білім ұйымдары (ТжПБ) болуы, орталық буын болып Өскемен қаласындағы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің10 көлік және машина құрастыру факультеті есептеледі.
Құрылыс материалдарын өндіру
Облыстың ЖӨӨ құрылымының құрылыс үлесі (2015 жылы) 5,1 % - ын алады. Құрылыс көлемі бойынша республикада облыс үлесі 4,8 % құрайды 11.
2015 жылы өнім өндіру көлемі 2013 жылға12 қарағанда 3,6 %13 төмендеді. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) – 98,6 %. Өндіріс көлемі құлдырауының негізгі себебі құрылыс материалдарының сұранысы төмендеп, соның ішінде силикат және күйінді кірпіштер (46,6 % - ға), құрылыс мақсаттарына бетоннан жасалған бұйымдар (22,8 % - ға) өндірісінің төмендеуі салдарынан.
Аумақтық бөлінісінде өндірістік құрылыс материалдар кәсіпорындары Семей (олардың бөлінісінде облыстық көлемнің 42,8 % құрайды), Өскемен қалаларында, Зырян және Глубокое аудандарында шоғырланған.
Салада цемент, керамикалық кірпіш, силикат және күйінді, асбоцементтік бұйымдар, шифер, тауарлық бетон, бетоннан жасалған құрастырғыш құрылыс құрамалар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б. өндіретін 69 ірі және орта кәсіпорындар істейді.
Бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіретін бірқатар кәсіпорындардың саны: Курчатов қаласында «Kazfoam» ЖШС электрондарды өнеркәсіптік үдеткіш негізінде ғаламдық техникалық оқшаулау көшбасшылардың бірі болып саналады, полиэтилен көбігін өндіреді. Глубокое ауданында «Шығыс Универсал» ЖШС базальт тұқымды минералды мақта өнімін өндіреді. Өскемен қаласында полиуретан алдын ала оқшауланған құбырларды өндіретін цехы жұмыс істейді, «Alma Grad Real Estate» ЖШС, жеңіл болатты жұқа қабырғалы құрылымдарды жеке тұрғын үй құрылысы технологиясы үшін өнімдер өндіреді. Шемонаиха ауданында «Первомай механикалық зауыты» ЖШС прокат өнімдерінің жүз жиырмадан астам түрін шығарады. Сонымен қатар, облыста энергетикалық жабдықтарды, сым өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар.
Индустрияландыру картасы аясында 6 жоба құрылыс индустриясы саласында жүзеге асырылған: Жарма ауданында - «Цемент зауыт құрылысы «құрғақ» әдіспен» қуаттылығы жылына 1000 мың тонна» және «Кесек өндірісті сөндірілмеген әк», Зайсан қаласында - «Жаңғырту және құрылыс материалдары болатын темірбетон өнімдері зауытын кеңейту», Семей қаласында - «Майда толтырғыштардың өндірісін кеңейту бойынша зауыт құрылысы» және «Өнеркәсіптік құрылыс зауытын ұйымдастыру» қуаттылығы 50 мың ш. м дейін, Аягөз ауданында – қуаттылығы жылына 10 млн. бірлік «Кірпіш зауытының құрылысы».
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайын жаңаратын облыстың өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдар тізімі әзірленген.
Тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға құрылыс және жер қойнауын пайдаланушылардың кәсіпорындарын тарту үшін, «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жаңғырту индустриясын және өз қызметін тұрақтандыру үшін жүктеме пайызын арттыру жоспарланып отыр.
Жеңіл өнеркәсіп
2015 жылы саланың өндіріс көлемі 3,2 млрд. теңгені құрады (2013 жылға қарағанда 10,3 % жоғары). НКИ – 58,1 %.
Жеңіл өнеркәсіп саласында 40 кәсіпорын жұмыс істейді. Ең көп өндіріс көлемі Семей қаласындағы кәсіпорындарға келеді (56,2 %), онда өнім өндірумен 4 орта және 11 шағын кәсіпорын қамтылған, сонымен қатар, жаңа тігін фабрикасының құрылысы аяқталуда («Семспецснаб» ЖШС).
Өскемен қаласындағы кәсіпорындарға жалпы өнім көлемінің 26,2 % келеді (өндіріспен «ПКФ «Рауан» ЖШС және 18 шағын кәсіпорын айналысады), Зырян ауданында - 2,2 % (3 шағын кәсіпорын), қалған
өңірлерде – 15,4 %.
2015 жыл бойынша жеңіл өнеркәсіптің шығарылатын өнімнің 53,1 % киім өндіруге келеді, 31,3 % - тоқыма бұйымдарын өндіруге және 18,7 % - былғары және оған жататын өнімдерді өндіру келеді.
«Бизнестің жол картасы 2020» аясында индустрияландыру картасы құралдарын пайдалана отырып, мақта-мата қолғаптар өндіретін «Технология Комфорт» ЖШС құрылыс жұмыстары енгізілген.
Сонымен қатар, отандық жеңіл индустриясының ішкі сұранысты қамтамасыз етуі 10 % - дан артық емес (экономикалық қауіпсіздік шегі
30 % - ды құрайды). Мәселені шешуге тек импорт арқылы алмастыру саласында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Ағаш өңдеу саласы
2015 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімінде ағаш өнеркәсібі кешенінің үлесі 0,2 % құрады. Саланың өндіріс көлемі 5,4 млрд. теңге құрады (2013 жылға қарағанда 31,7 % - ға жоғары). НКИ – 96,3 %.
Кәсіпорын саласының басым бөлігі кесінді материалдарды, дайындамаларды, кесілген бөрене және үй салу үшін, терезе және есік блоктары, жиһаз өндіруге маманданады.
Ағаш өңдеу өнеркәсібі бойынша 47 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 3 орта және 56 шағын бизнес кәсіпорындары. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндірістік қуаты орташа 20 - 40 % - ға жүктелген.
Өндіріс көлемі бойынша Семей қаласы алдынғы орын алады, оның жалпы өндіріс көлемінде үлесі - 51,2 %, Өскемен қаласының үлесі - 15,4 % және Риддер - 8,2 %, сондай-ақ Зырян ауданы - 5,1 %, Глубокое - 3,1 %,
Шемонаиха - 1,3 %. Болмашы өнеркәсіп өндірісі сүректен жасалған бұйымдардың үлесі Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім аудандарында.
«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша келесі жобалар іске асырылуда: «Фаворит» ЖШС – фанера өндірісін жаңғырту, «Мелисса» ЖШС – OSB жабдықтар сатып алу бойынша өндіру, Маликов В. В.
ШК – ағаштан жасалған өнімдерді сатып алу. Сонымен қатар жиһаз шығаратын 7 жоба іске асырылуда.
Химия өнеркәсіп
Өндеу өнеркәсібі көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 2,6 % құрайды. Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндірумен 26 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар айналысады, олардың негізгі тау-кен және металургиялық өндірістеріне өнімдерін 3 ірі және орта кәсіпорын шығарады.
Соңғы үш жылда химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 23,8 % - ға ұлғайды. Нақты көлем индексі 2015 жылы 92,7 % құрады.
Өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары: Өскемен қаласындағы «Үлбі - Фтор Комплекс» ЖШС және «Орика Қазақстан» АҚ.
«Ульба-Фтор Комплекс» ЖШС әлеуетті жобалары: шлам қалдық жинағыштарды кеңейту және кен байыту фабрикасын жанғырту.
Фармацевтикалық өнеркәсіп
Өндеу өнеркәсібі көлемінде фармацевтикалық өнімдер үлесі шамалы және 0,1 % құрайды. 2015 жылы фармацевтикалық өнеркәсібінде 1 209,8 млн. теңгеге тауар өнімі өндірілді, 2013 жылға қарағанда 6,1 % - ға төмен. Өнім өндірудің нақты көлем индексі 84,4 % құрады. Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндеумен 5 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын бар.
Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі
Бұл салада 11 шағын сала бар, оларда 622 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде барлық ауылшаруашылық өнімін кешенді түрде қайта өндеумен айналысатын 87 ірі және орта кәсіпорын бар.
Жетекші салалар: май және мал майын өндіру, ет өндіру, сүт өндіру, ұн, жарма, наубайхана, балық, алкоголь өнімдерін өндіру.
2015 жылы 99,9 млрд. теңгеге тауарлы өнімдер өндіріліп, 2013 жылға қарағанда 13,6 % - ға өсті. Нақты көлем индексі 101 % құрады (5 кесте).
5 кесте – тамақ және өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны
Көрсеткіштер атауы
|
Өлшем бірлігі.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
ҚР/ШҚО үлесі
|
Тамақ және өңдеу өнеркәсібінің тауар өнімдерін өндіру
|
млрд. теңге
|
87,9
|
94,8
|
99,9
|
1 123,0/8,9 %
|
Азық-түліктін нақты көлем индексі
|
%
|
99,3
|
107,1
|
101
|
100,8
|
Жергілікті қамтуды дамыту
Отандық тауар өндірушілердің ұлттық компаниялар және жүйе құрушы өнеркәсіптермен қолдау және байланыстарды нығайту үшін облыс әкімшілігімен дәйекті жұмыс өткізіледі. Республикалық деңгейде дағдарысқа қарсы шаралар, ұлттық және жүйе құрушы компаниялар өнімдерінде қазақстандық қамтуды дамыту бойынша кеңес өткізілді.
9 меморандумға қол қойылды, 164,7 млрд. теңгеге 1884 келісім шарт жасалды, олардың:
1) ұлттық компаниялар бойынша - 9,5 млрд. теңгеге 817 келісім шарт, 102 % - ға орындалды, соның ішінде:
«Қаз Мұнай Газ» ҰК АҚ - 1,9 млрд. теңгеге 63 келісім шарт, 101,1 % - ға орындалды;
«Самұрық-Энерго» АҚ - 1,7 млрд. теңгеге 105 келісім шарт, 137,9 % - ға орындалды;
«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ - 3 млрд. теңгеге 84 келісім шарт, жоспар орындалды;
«Қазақтелеком» АҚ - 1,7 млрд. теңгеге 509 келісім шарт, 135 % - ға орындалды.
2) жүйе құраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар бойынша 155,2 млрд. теңгеге 1067 келісім шарт орындалды.
Мониторинг бойынша орындалуының бақылауын «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициалар және даму министрлігі өткізді. ДСҰ кіруге байланысты 2015 жылдың аяқталуымен мониторинг өткізілмеген.
Отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ұзақ мерзімді шарттар жасау немесе Ұлттық компаниялармен және жүйе құраушы кәсіпорындармен бұрын қол қойылған меморандумдарды ұзарту бойынша әрекеттер жасалған.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
меншікті минералдық шикізат базасының болуы;
өңірлік индустриалық картасының және индустриалық аймақтардың болуы;
машина жасауды кластерлеу үшін әлеуетінің болуы;
энергетикалық ресурстардың қамтамасыз етілгендігі;
индустрияға қажетті мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орындары мен колледждердің болуы;
шикізатты терең және кешенді қайта өндеу бойынша отандық ҒЗТКӨ болуы;
экспортқа бағытталған түсті металлургиялық өнім өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың болуы;
өнімнің ірі импорттық - нарыққа (рессей, қытай) жақындығы.
|
Әлсіз жақтары (W):
металлдық бұйымдардың кіші номенклатурасы және бөлісудің төменгі деңгейі;
геологиялық барлау жұмыстарына жеткіліксіз қаражат жұмсалуы;
шетелдік ұқсас өнеркәсіптерімен салыстырғанда өнім өндірудің жоғарғы ресурсты және энергия сыйымдылығы;
еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;
технологиялық қондырғылардың жоғары тозығы (70 % дейін), негізгі қордың баяу жаңаруы;
техникалық кадрлар даярлығының төмен сапасы;
кәсіпорынның жаңартуға және өндірістің техникалық құралдандыруға айналмалы қаражаттын жетіспеуі.
|
Мүмкіндіктер (O):
ИИДМҚ 2015 - 2019 аясында мемлекеттік қолдау шаралары;
шикізат пен қосалқы бөлшектердің экспорты мен импортын жеңілдететін ЕАЭО интеграцияға байланысты нарықтың кеңейуі;
елдің ішінде және халықаралық кооперациясын дамыту, соның ішінде рессей мен қытайдын жақындығын пайдаланып, төменгі бөлшектеудің компоненттік базасын және әлемдегі ірі шикізатты жеткізу орыны ретінде пайдалану;
ішкі өңірлік сұраныстың өсуі бірінші ретте көршілес салалар жағынан;
өндірілетін түсті және сирек металлдар негізінде жоғарғы қосымша бағасымен жаңа өндірісті құру.
|
Қатерлер (T):
тау - кен металлургиялық кешеннің экспортталатын өнімнің шикізаттық бағытын сақтау;
машина, қондырғылар, механизмдер импортының жоғарғы көлемі, сондықтан металлдар және металлдық өнімдердің негізгі тұтынушылары болатын машина жасау саласының дамуын тоқтатады;
қытай және рессейдің машина жасау саласы жағынан бәсекелестік;
минералды-шикізат базасының таусылуы;
шикізат ресурстары бағасының төмендеуі;
ішкі нарықтың салыстырмалы көлемінің аздығы.
|
Өнеркәсіптің негізгі проблемалары:
негізгі өндірістік қорлардың жоғары тозу деңгейі;
технологиялық артта қалуы;
өнімнің жоғары энергия -, еңбек - және материал сыйымдылығы;
шығарылатын өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігі;
машина жасау және жеңіл өнеркәсібі өнімінің ішкі тұтынуының төменгі үлесі және төмен номенклатурасы;
қоршаған ортаның жоғары ластану деңгейі;
машина жасау кешені инфрақұрылымының (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік базалар, техникалық бақылау және сынау орталықтары) жеткіліксіз дамуы;
ағаш өндеу өнеркәсібінде – отынды және төменгі тауарлы ағашты пайдалану бойынша өндірістің болмауы; кедендік аумақтарда сыртқы экономикалық әрекетке тыйым салу, барлық ағаш түрлерінің ағаш өнімдерін экспорттау және кері экспорттау.
Электрмен қамтамасыз ету
2013 - 2015 жылдар ішінде электр энергиясын өндіру 1,962 млрд. кВт сағатқа ұлғайып, тұтыну 0,159 млрд. кВт сағатқа қысқарған (6-кесте).
6-кесте – электр энергиясын өндіру және тұтыну, млрд. кВтс
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Өндіру
|
6,741
|
7,855
|
8,703
|
Желіге жіберу
|
6,305
|
7,395
|
8,242
|
Тұтыну
|
8,204
|
8,201
|
8,045
|
Тапшылық
|
1,899
|
0,806
|
+0,19
|
Өндірістік сала (жалпы тұтынылған электр энергиясының 71 % шамасында), тұрғындар (16,5 %), сондай-ақ бюджеттік және мемлекеттің қатысуы бар секторы (8,3 %) электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы энергияға зәру өңір болып табылады. 2014 жылы электр энергиясына тапшылық 0,806 млрд. кВтс құрады. Энергияға тапшылық Павлодар облысынан алу есебінен орны толтырылады.
Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (18,1 %), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (24,9 %), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (29,7 %), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (17,7 %), «Согра ЖЭО» ЖШС (5,2 %), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,7 %) және Риддер ЖЭО (3,3 %) электр энергия өндіретін кәсіпорындар болып табылады.
Облыста электр энергиясының біршама үлесі (70 % - дан астам) су ресурстары есебінен өндіріледі, басқа энергия көзі көмір энергетикасы болып табылады.
Республика өңірлері (Павлодар мен Алматы облыстары) және Ресей Федерациясының энергия жүйесі арасында электр байланысын қамтамасыз ететін ұлттық электр желісі жүйе құрушы болып табылады. Облыста электр энергияны өңіраралық деңгейдегі электр желілері бойынша тасымалдауды «Восточные МЭС» «КEGOC» АҚ филиалы жүзеге асырады, олардың балансында ПС - 220/500кВ – 5 дана, ЛЭП 110/220/500 кВ – 1039,1 км.
2015 жылы «Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен - Ақтоғай - Алматы 500 кВ құрылысы» жобасын іске асыру басталды. Жобаның мақсаты Солтүстік - Шығыс қиылысында желілердің өткізу қабілетін ұлғайту болып табылады, ол Ресей бірыңғай энергетикалық жүйесінің желілері арқылы электр энергиясын тасымалдаудан тыс Шығыс Қазақстан облысында энергия тапшылығының орнын толтыруға мүмкіндік береді. «Екібастұз - Шүлбі ГЭС - Өскемен» ВЛ 500 кВ құрылысы Солтүстік - Шығыс 500 кВ 3 - ші транзиті құрылысының бірінші кезеңі болып табылады.
«Шүлбі ГЭС
Достарыңызбен бөлісу: |