- Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» ВЛ 500 кВ жоғары вольтті электр беру желісі Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік 500 кВ 3 - ші транзиті құрылысының екінші кезеңі болып табылады.
Кернеулігі 220 кВт және төмен өңірлік желілер бойынша диспетчерлік басқаруды «ШҚ АЕК» АҚ жүзеге асырады, олардың балансында 34 548,10 км электр беру желілері, 312 дана қосалқы станция, 6 489 дана ТП и КТП бар.
Нормативтік ысыраптардың деңгейі 2013 жылы 10 % - ды, 2014 жылы - 11,13 % - ды, 2015 жылы 11,2 % - ды құрады. Электр беру және электр жабдығы желілерінің жоғары деңгейде тозуы электр энергиясы ысырабының негізгі себебі болып табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаларында күрделі жөндеуге жыл сайын қаражат қарастырылған.
Шығыс Қазақстан жылына 61,3 млрд. кВтс құрайтын жаңартылатын энергия көзінің (бұдан әрі – ЖЭК) біршама әлеуетіне ие, 20 млрд. кВтс әлеуетті пайдалануға техникалық жағынан тиімді.
Зайсан ГЭС, Тишин ГЭС, Хариузов ГЭС жаңартылатын энергия көзінің қолданыстағы нысандары болып табылады. Сондай - ақ, Тұрғысын өзенінде қуаттылығы 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС-1 құрылысы жүргізіледі. Нысанның пайдалануға енгізу 2018 жылы жоспарланады.
2012 - 2015 жылдар кезеңі ішінде жаңартылатын энергия көздерімен электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі 183,2 мың кВт/сағ құрады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 34/427-V шешімімен бекітілді.
Өндіріс саласы (электр энергетикасын қоса алғанда) өңірде тұтынылатын энергетикалық ресурстың жалпы көлемінің орта есеппен 70 - 80 % - ын тұтынады, қалған көлемін коммуналдық-тұрмыстық сала, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқалар тұтынады.
Өндірістік кәсіпорындарының ішінде «Казцинк» ЖШС энергияны аса көп жұмсайды. «Казцинк» ЖШС энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне аса назар бөледі. 2015 жылы «Казцинк» ЖШС энергоаудит өткізіп, өндірістік кешендердің энергия ресурстарының тұтынуын төмендету бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастырды.
Тұрғын үй секторы 12 % - дай электр энергиясын және 99 % жіберілетін жылу энергиясын тұтынады.
Ұқсас жұмыстар басқа да кәсіпорындарда жүргізіледі (7-кесте).
7-кесте – Өндіріс кәсіпорындарының энергия үнемдеуі және энергия тиімділігі
№ р/с
|
Кәсіпорын атауы
|
Жұмсалған қаражат, млн. тг
|
Экономикалық нәтиже, млн. тг
|
Энергия ресурстарын үнемдеу, т.у.т
|
1
|
«Өскемен титан - магний комбинаты» АҚ
|
13,2
|
55,75
|
826,27
|
2
|
«Өскемен ЖЭО» ЖШС
|
0,7
|
0,04
|
0,655
|
3
|
«Согра ЖЭО» ЖШС
|
41,8
|
0,03
|
10
|
4
|
«Үлбі металлургия зауыты» АҚ
|
20,8
|
10,2
|
115,42
|
5
|
«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС
|
202,5
|
0,62
|
17,02
|
6
|
«Конденсатор зауыты» ЖШС
|
4,52
|
1,43
|
12,90
|
7
|
«Жылу желілері» АҚ
|
183,9
|
12,7
|
339,05
|
SWOT- саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
облыста электр энергияның біршама (70 %- дан астам) үлесі гидроресурстар есебінен өндіріледі;
желілердің өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жобаларды іске асыру басталды;
нормативтік шығындар деңгейін азайту.
|
Әлсіз жақтары (W):
облыс энергия тапшы өңір болып табылады;
электр беру желілері мен электр жабдығының тозуы.
|
Мүмкіндіктер (O):
1) жаңартылатын энергия көзінің елеулі әлеуеті.
|
Қатерлер (T):
1) өңірлік электр желілерінің өте тозуына байланысты апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігі.
|
Негізгі проблемалар:
энергиялық жабдықтың жоғары деңгейде (ГЭС бойынша – 30 - 50 %, ТЭЦ бойынша – 50 - 65 %) тозуы;
электр станцияның негізгі жабдығының, электр беру желілерінің, коммутациялаушы қондырғылардың жартысының нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен;
облыс энергетикасына инвестицияның жеткіліксіздігі (энергетика объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізуге қажетті инвестицияның тиісті көлемінің 10 %);
тозу пайызы 68 % - ды құрайтын өңірлік электр желілерінің жоғары тозу деңгейі (Семей, Риддер қалалары, Бородулиха және Ұлан аудандары);
электр энергия шығындары (өңірлік электр желілерінің жоғары тозу деңгейінің салдары).
Су өндіру
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның біршама сумен қамтылған өңірлерінің біріне жатады.
Судың негізгі тұтынушылары: тұрғындар (41,2 млн. м3), коммуналдық кәсіпорындар (22,9 млн. м3), өндірістік кәсіпорындар (72,5 млн. м3) және басқа тұтынушылар (0,9 млн. м3) болып табылады.
Сорғы станцияларымен 1 көтергенде судың жалпы жылдық көлемі 196,45 млн. м3 құрайды, соның ішінде жер асты суы – 112,43 млн. м3.
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушыларына берілген сапалы ауыз судың көлемі 2015 жылы 136,24 млн. м3 құрады, соның ішінде қалалық
жерге – 124,57 млн. м3, ауылдық жерге – 11,67 млн. м3 (8 кесте).
8 кесте – Экономикалық қызмет түрлері бойынша су беру, млн. м3
|
Сала
|
млн. м3
|
1
|
Ауылдық, орман және балық шаруашылығы
|
0,994
|
2
|
Тау-кен өндірісі
|
7,577
|
3
|
Өндеу өндірісі
|
23,678
|
4
|
Электрмен қамту, газ және бу беру
|
28,935
|
5
|
Сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау
|
13,68
|
6
|
Құрылыс
|
1,13
|
7
|
Сауда, автомобиль жөндеу
|
0,552
|
8
|
Көлік
|
0,142
|
9
|
Тұру және тамақтану қызметтері
|
0,544
|
10
|
Ақпарат және байланыс
|
0,0295
|
11
|
Қаржылық және сақтандыру қызметі
|
0,018
|
12
|
Жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар
|
0,001
|
13
|
Кәсіптік және ғылыми қызмет
|
0,0486
|
14
|
Әкімшілік қызмет көрсету саласындағы қызмет
|
0,0793
|
15
|
Мемлекеттік басқару және қорғаныс
|
1,491
|
16
|
Білім
|
1,081
|
17
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет
|
0,716
|
18
|
Өнер, көңіл көтеру, демалыс
|
0,0409
|
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары (S):
Ертіс өзені мен көптеген көлдердің болуы;
жерасты тұщы суы қорының жеткілікті деңгейі.
|
Әлсіз жақтары (W):
қолда бар жерасты тұщы суы қорын жеткіліксіз пайдалану.
|
Мүмкіндіктер (O):
жерасты тұщы суының жаңа орындарын игеру.
|
Қатерлер (T):
ұңғыманы пайдалану нәтижесінде жерасты суы көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғыманың өте көп болуы, жерасты суының техногендік ластануының болуы.
|
Негізгі проблемалар:
жер асты ішуге жарамды бар қордың жеткіліксіз қолдануы;
техногенді қалдықтармен беткейдегі судың ластануы.
Инновация мен инвестиция
Өңірдің негізгі технологиялық инновациялары полиметаллды кенді және сирек жер металлдарын өндіру, байыту және қайта өндеуге, энергияны сақтау, машина жасау, радияциялық металлтану технологиясы, атомдық өнеркәсіп, радияциялық қалдықтарын көму, ет өнімдерін қайта өндеуге байланысты.
Инновациялық инфрақұрылым құрамына:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы;
«Алтай» Шығыс Қазақстан аймақтық технологиялық паркі ЖШС;
«Ядролық технологиялар паркі» АҚ салалық технологиялық паркі;
Кен-металлургиялық жабдықтауды құрастыру бюросы;
«Казгипроцветмет» ЖШС инженерлік компаниясы;
«ҚР минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы - «Металлургия орталығы»;
ВНИИцветмет14 ғылыми-зерттеу институттары және «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің геология - экологиялық институты;
Д.Серікбаев15 атындағы ШҚМТУ (технологияларды нарықтандыру өңірлік офисі) кіреді.
Пайдаланылған жаңа технологиялар мен техника нысандарының саны 2013 жылы - 107, 2014 жылы - 154, 2015 жылы - 208.
2015 жылдың қорытындысы бойынша өңір инновациялық өнім шығару көлемі бойынша республика бойынша 8 орында (2013 жылы 2 орында), 2013 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 87,7 %16 төмендеген себебі 2014 жылы «Казцинк» ЖШС - «Қуаттылығы 70 000 т/жылына мыс катодын шығаратын, мыс қорытатын және мыс медерадинирлеу зауыттарының құрылысы», «ӨТМК» АҚ – «Кесек және қорытпалар өндiрiсi бойынша титан зауыты», «Өскемен құс фабрикасы» АҚ «Жылына 20 мың тонна етке дейн құс фабрикасының қуаттылығын артыру» ірі инновациалық жобалардың аяқталуына байланысты.
Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің дамуына және кәсіпорындар арасындағы байланыстың, облыстың академиялық және сервистік ұйымдарының арасындағы байланыстың нығайғанына қармасатан, инновациялық белсенділік көрсеткіштерінің беталысы жан-жақты болуда (9 кесте).
9 кесте – Өңірдің инновациялық қызметінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірл.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
ҚР/ШҚО үлесі
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны
|
бірлік
|
99
|
157
|
240
|
2 585/9,3 %
|
Кәсіпорындарындағы инновация саласында белсенділік деңгейі
|
%
|
5,6
|
7,6
|
11,5
|
8,1 %
|
Инновациялық өнім көлемі
|
млрд. теңге
|
109,4
|
97,8
|
13,4
|
377,2/3,5 %
|
Ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді орындайтын жұмысшылар саны
|
адам
|
2 269
|
2 377
|
2303
|
24 735/9,3 %
|
Инновациалық белсенді кәсіпорындардың 50,4 % - ы Өскемен қаласында орналасқан, 14,6 % - Семей қ., 13,7 % - Зырян ауданында, 4,6 % Шемонаиха ауданында, 1,7 % - Курчатов қ., 15 % басқа өңірлерге келеді.
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына инвестицианың тұрақты өсуі байқалады (10 кесте).
2015 жылы өңірдің негізгі капиталға инвестициа көлемі 411,9 млрд. теңге құрады. Облыстағы инвестиция үлесі республика бойынша жалпы
көлемде - 5,8 % құрады.
10 кесте – қолдану бағыты бойынша негізгі капиталдағы инвестиция көлемінің динамикасы, млн. теңге
Атауы
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
ҚР/ШҚО үлесі
|
Облыс бойынша барлығы, млн. теңге
|
301 168,1
|
345 942,6
|
411 929,7
|
7 024 709/5,9 %
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы
|
13 909,2
|
14 183,2
|
11 367,7
|
163 907,1/6,9 %
|
Өнеркәсіп оның ішінде:
|
161 782,5
|
216 881,1
|
295783,6
|
3 863 089,7/7,6 %
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу
|
66 736,3
|
123 659,5
|
205 876,5
|
2 296 567,3/8,9 %
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
50 215,4
|
46 890,0
|
43505,9
|
825 289,6/ 5,2 %
|
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа кондиционерлеу
|
30 890,8
|
35 179,6
|
39 158,6
|
545 063,8/7,1 %
|
Сумен жабдықтау, құбыр жүйесі, жинау жөніндегі бақылау және қалдықтарды тарату
|
13 940,0
|
11 151,9
|
7 242,7
|
196 169/3,7 %
|
Жеке және толайым сауда, авто көлік және мотоциклдерді жөндеу
|
11 502,4
|
13 504,2
|
10 304,9
|
137 826,2/7,4 %
|
Көлік және қаттама
|
39 993,4
|
27 635,5
|
19 970,3
|
1 138 571,7/1,7 %
|
Жылжымайтын мүлікпен операция
|
24 378,4
|
24 059,9
|
32 631,2
|
787 365,8/4,1 %
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
|
12 707,0
|
5 753,4
|
3 621,9
|
74 649,4/4,8 %
|
Ең көп инвестиция көлемі тау-кен өндірісіне келеді - 50,0 %, өндеу өндірісіне - 10,6 %, электрмен қамту - 9,5 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар - 7,9 %, көлік және қоймалау - 4,8 %, білім беру - 3,2 %, ауылдық, ормандық және балық шаруашылығы - 2,8 %, құрылыс - 1,0 %, денсаулық сақтау - 0,9 %.
2015 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция: өнеркәсіп және ұйымдардың меншікті қаражаты - 42,8 %, бюджет қаражаты - 10,6 %, банктік несиелер - 1,9 %, басқа қарыз қаражаты - 44,7 %.
Тау - кен өндіру өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, электрмен жабдықтауда инвестиция тұрақты дамуда, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция төмендеуде (4 сурет).
4 сурет – Жеке инвестиция құрылымы
2015 жылғы қала және аудан бөлінісінде негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі (5 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |