БАҒдарламасы өскемен қ., 2017 жыл Мазмұны Паспорт 4 2



бет4/6
Дата27.05.2018
өлшемі4,85 Mb.
#41000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Инфрақұрылымдық кешен



«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында қазіргі заманға сай көліктік инфрақұрылымды дамыту, халықаралық көліктік жүйеге ықпалдауын қамтамасыз ету, индустриалды, туристтік, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың, жылу беру, сумен қамту және су бұру инфрақұрылымдарын жаңарту, облыс тұрғындарын ауыз сумен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету.

Жолдар және көлік


Шығыс Қазақстан облысы дамыған көліктік инфрақұрылымға ие. Көлік желісі автомобиль, теміржол, су (өзен) жолы, әуе көлігінің инфрақұрылымынан тұрады. Өңірдегі көлік желісі Ресей Федерациясында және Қытай Халық Республикасында рұқсаты бар транзиттік жүйенің маңызды бөлігі болып табылады.

Облыс жолаушыларын тасымалдау үшін қолданылатын көліктің негізгі түрі – автомобиль көлігі болып табылады.

Өңір Республикадағы жалпы қолданыстағы ең ұзын автомобиль жолдары жүйесі бар – 11 886 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 414 км (28,7 %), облыстық маңызы бар – 3 186 км (26,8 %), аудандық маңызы бар – 5 285,9 км (44,5 %).

Олардың 7 086 км – қатты қабат төселген, 3 988,4 км – қиыршық тас және 811 км – топырақты жол, сондай-ақ осы жолдарда 514 көпір мен 6 610 су жіберу бөгеттері орналасқан.

2016 жылда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың үлесі 6 478,1 км немесе 76,5 % құрады.

Облыс бойынша жалпы қолданыстағы қатты қабатты автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 км2-ге 39,4 км құрайды, бұл орташа республикалық көрсеткіштен жоғары (ҚР бойынша 1000 шаршы км-ге 31,9 км).

Жолдардың ең үлкен тығыздығы Шемонаиха ауданында белгіленген – 1000 км2-ге 45,5 км, ең азы – Абай ауданында – 1000 км2-ге 3,8 км. Облыстың автожол жүйесі, тұтас алғанда, жолаушылар тасымалдауға және жүк тасымалын қамтамасыз етуге жеткілікті.

2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына сәйкес облыс бойынша автомобиль жолдарының техникалық жағдайының қатысы (10 сурет):



10 сурет – Облыс бойынша автомобиль жолдарының техникалық жағдайының қатысы, км
Шығыс Қазақстан облысы Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарымен «Алматы – Өскемен», «Карағанды – Аягөз – Боғас», «Омск – Майқапшағай» автомобиль жолдары арқылы байланыста. Сондай-ақ, облыс «Таскескен – Бақты» автожолы арқылы ҚХР-мен, «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» жолы арқылы РФ-мен байланысып жатыр.

Айрықша жиі қолданылатын «Таскескен – Бақты», «Омск – Майқапшағай» «Семей – РФ шекарасы – Воскресеновка – Петроповловка – Зубаир – Байтанат – РФ шекарасы» автожолдары болып табылады.



Шығыс Қазақстан облысы аумағын басып өтетін негізгі транзиттік дәліз Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясымен және ҚХР-мен байланыстыратын «Омск – Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолы (11 сурет).

11 сурет – ШҚО карта-схемасы, басқа аймактармен, елдермен байланысы
Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан аудандарында автомобиль жолдары қатынасудың жалғыз тәсілі болып табылады.

2015-2016 жылдары кезеңінде облыстық маңызы бар 341 км автожолға күрделі және орташа жөндеу өткізілген.

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 334 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 145 – қала ішіндегі, 51 – аудан ішінде, 14 – кент ішінде, 83 – облыс ішінде, қала аралық және қала маңы бағыттары, 21 – облыс аралық Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау қалаларымен байланысатын және облыстың елді мекендерін Ресейдің Федерациясының - Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР – Үрімші, Алтай қалаларымен байланыстыратын 20 - халықаралық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

2016 жыл бойынша 1 705,4 млн. адам тасымалданды, жолаушылар айналымы 22 215,2 млн. пкм құрады (12 сурет).



12 сурет – Автомобиль көлігімен жолаушы айналымының динамикасы
Шемонаиха және Бородулиха аудандарында белгіленген бағыттар қатынасында ең қолайлы жағдай қамтылған. Абай, Аягөз, Жарма және Катонқарағай ауданының елді мекендерінің біразы тұрақты бағдар қатынасымен қамтамасыз етілмеген.

Жолаушы көлігімен және көлік қызметінің қол жетімділігімен елді мекендерді қамту мақсатында 2016 жылы облыстың 9 ауданында 66 млн. теңге аудандар ішіндегі және қалалар ішіндегі автобус қатынастарын ұйымдастыруға бөлінген.

Кейбір аудандарда елді мекендердің автокөлік қатынасының негізгі қамтылуы жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары басқармасымен ұйымдастырылатын бағдарлар (облыс ішіндегі, аудандар аралық, облыстар аралық) есебінен құралады.

Елді мекендерде жолаушылар тасымалдау бағдарлары жоқтығының негізгі себептері: жол жабындысының жоқтығы, тұрғындар санының аздығынан (100 адамнан кем) тасымалдаудың тиімсіздігі, сондай-ақ жеке меншік жеңіл автокөлікпен тасымалдаулар болып табылады.

Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылдың 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автокөлікпен жолаушылар және жүк тасымалдау ережелерінің 11 тармағына сәйкес, автомобиль жолдарының жағдайымен оның орналасуы жол қатынасының қауіпсіздігі талабына сай болған жағдайда тұрақты жолаушылар және жүк тасымалдауы бағдарлары ұйымдастырылады.

«Нұрлы жол» 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарымен елді мекендердің тұрақты автобус қатынасымен қамтылуы тек қана 100 адамнан артық елді мекендер үшін есептеледі (31 кесте).


31 кесте – Шығыс Қазақстан облысы бойынша елді мекендердің тұрақты

тасымалдануының ауқымдылығы






Аудандар атауы

Барлығы елді мекендер саны

Тұрақты тасымалдаумен қамтамасыз етілген

Тұрақты тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген

Тұрақты тасымалдаумен қамтамасыз етілмеген

елді мекендер пайызы



1

Өскемен қ.

7

6

1

14,3

2

Семей қ.

28

24

4

14,3

3

Риддер қ.

10

10

0

0,0

4

Курчатов қ.

1

1

0

0,0

5

Абай ауданы

9

4

5

55,6

6

Аягөз ауданы

33

13

20

60,6

7

Бесқарағай ауданы

28

22

6

21,4

8

Бородулиха ауданы

65

59

6

9,2

9

Глубокое ауданы

32

30

2

6,3

10

Жарма ауданы

38

21

17

44,7

11

Зайсан ауданы

23

21

2

8,7

12

Зырян ауданы

39

25

14

35,9

13

Катонқарағай ауданы

40

19

21

52,5

14

Көкпекті ауданы

46

27

19

41,3

15

Күршім ауданы

38

22

16

42,1

16

Тарбағатай ауданы

52

30

22

42,3

17

Ұлан ауданы

43

33

10

23,3

18

Үрджар ауданы

52

33

19

36,5

19

Шемонаиха ауданы

32

32

0

0,0




Барлығы:

616

432

184

29,9

Жолдың орташа уақытының есебі (32 кесте).


32 кесте – Аудан аралық бағыттар бойынша жолдағы орташа уақытты есептеу


Бағыттар атауы

Арақашықтық, км.

Орташа жылдамдық, км/сағ

Жолдағы уақыт, сағ

Өскемен-Семей

220

60

3-40

Өскемен-Риддер

134

50

2-40

Өскемен-Аягөз

325

50

6-50

Өскемен-Ақсуат

374

50

5-48

Өскемен-Глубокое

40

60

1-00

Өскемен-Зайсан

477

48

9-56

Өскемен-Зырян

182

50

3-38

Өскемен-Катонқарағай

370

48

6-02

Өскемен-Қалбатау

113

48

2-21

Өскемен-Күршім

219

50

4-22

Өскемен-Молодежный

18

60

0-18

Өскемен-Үржар

494

45

8-18

Өскемен-Шемонаиха

120

60

1-20

Семей-Бородулиха

76

60

1-16

Семей-Бескарагай

83

50

1-39

Семей-Қарауыл

198

50

3-57

Семей-Курчатов

150

50

3-00

Семей-Көкпекті

96

50

1-55

Жолдағы орташа уақыт







68:18=3,7 сағат

Терминалдар арқылы халықаралық және қалааралық бағыттарға билетті электронды сату жүйесі іске қосылды, сондай-ақ карточкалық төлем арқылы, интернет арқылы сатылатын, қалыпты ғаламдық жүйеде автобус құралдары бойынша жұмыс істелінеді.


Темір жол көлігі

Шығыс Қазақстанғы темір жол бөлімі экономикаға айтарлықтай әсер етеді, ол келесі салалардың буындарына – металлургия, тау-кен, құрылыс материалдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өңдеу, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібіне қызмет етеді.

Облыс аумағы арқылы өтетін негізгі магистральдар: «Семей - Локоть», «Семей - Алматы», «Семей - Павлодар», «Защита - Локоть», «Защита - Зырян», «Защита - Лениногорск» және «Защита - Шар».

Облыс бойынша басты теміжол тораптарының созылған ұзындығы 1 209 км, ол ҚР теміржолдарының жалпы ұзындығының 8 % құрайды.

Облыстағы темір жол тығыздығы 1000 ш. км-ге 1,4 км көрсетеді, ол орташа республикалық көрсеткіштен 4,1 км төмен (ҚР бойынша – 1000 ш. км-ге 5,5 км). Облыс аймағындағы темір жолдар төсемі – бір жолдық (жалпы жолдардың 10,5 км ғана қос жолды), олар электрленген емес болып табылады.

Темір жолдың техникалық жағдайы қанағаттанарлық, жарамсыз болып қалған ағаш шпалдарының пайызы басты жолдағы ағаш шпалдарының жалпы санының 15 % құрайды, мерзімі өтіп кеткен өлшем санының жыл бойы күрделі жөндеу кезінде жалпы ұзындықтың 21 % құрайды.

Жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита - Алматы, Лениногорск - Астана (Мәскеуге дейінгі бір тіркелген вагонмен),
Томск - Лениногорск, Семей - Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк - Семей - Бішкек, Новосибирск - Семей - Алматы, Новосибирск - Семей - Ташкент, Павлодар - Семей - Алматы, Павлодар - Семей - Қарағанды.

Темір жол көлігі облыс орталығын облыс қалалары Семей, Курчатов, Аягөз, Шар, Риддер, Зырян және Шемонаихамен байланыстырады.

Облыстағы (298) елді мекеннің 42 %-ы 50 км дейінгі радиуста темір жолға рұқсаты бар, соның ішінде Семей, Өскемен, Курчатов, Риддер қалаларының – (10) 100 %, Аягөз ауданының – (32) 58 %, Бородулиха ауданының – (59) 91 %, Глубокое ауданының – (40) 95 %, Жарма ауданының – (46) 85 %, Зырян ауданының – (49) 100 %, Ұлан ауданының – (25) 54 %, Шемонаиха ауданының – (34) 100 %.

Абай, Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарындағы елді мекендерінде темір жол қатынасы жоқ.

2016 жыл бойынша 25 239,8 мың тонна жүк тасымалданған, теміржол көлігінің жүк тасымалдауы 17 800 млн. ткм құрады, 1 246 мың адам тасымалданды, жолаушы тасымалы – 1 147,9 млн. пкм.

2014 жылдан Алматы – Өскемен және Астана – Өскемен бағыттары бойынша жылдам жолаушы поездар жүргізіліп, жол уақытын едәуір қысқартылған.

Облыста «Защита - Зырян», «Защита - Лениногорск» облыс ішіндегі темір жол бағыттары бойынша жолаушылар қатынасын субсидиялау іске асырылады.

2016 жылы облыс ішіндегі темір жол бағыттары бойынша жолаушылар қатынасының төмендеуі байқалады (13 сурет).



13 сурет – Облыс ішіндегі темір жол бойынша жолаушылар қатынасының динамикасы, жолаушылар
Әуе көлігі

Қазіргі уақытта 4 әуежай бар, олар: 2 әуежай халықаралық авиарейстерге қызмет атқарады (Өскемен қ., Семей қ.), 2 әуежай жергілікті әуе авиалиниясына қызмет атқарады (Зайсан қ., Үржар қ.). I санат бойынша ИКАО Өскемен қаласының әуежайы стандарты бойынша санатталған.

Облыстық әуе қатынасы Өскемен, Семей, Зайсан және Үржар қалаларын қамтиды. Облыс орталығы мен Семей қаласы Қазақстанның аймақтарымен әуе қатынасын байланыстырады, олар Алматы, Астана, Қарағанды қалалары. Халықаралық қатынас - Ресей Федерациясымен (Мәскеу, Новосібір қаласы).

Қаржыландырылған әуе рейстері: «Алматы - Үржар» – республикалық бюджеттен, «Зайсан - Өскемен», «Өскемен - Семей - Үржар» – облыстық бюджеттен.



2016 жыл бойынша облыс ішіндегі субсидияланатын әуе рейстерімен 7150 жолаушы тасымалданды (14 сурет).

14 сурет – Облыс ішіндегі әуе рейстері бойынша жолаушылар қатынасының

динамикасы, жолаушылар


Су көлігі

Ертіс өзені облыстың iшкi су жолдарындағы негізгі кеме магистралі, ол Қытай Халық Республикасы шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін ағуда. ҚР аумағы бойынша өзен ұзындығы – 1 698 км, оның ішінде облыс аймағы бойынша – 1 116 км.

Облыста бүгінгі күні үш кеме жүзетін шлюз, екі өзен жүк порты бар, олар: «Ертіс-Транс» ЖШС жүк порты және Семей қаласының жүк порты.

2016 жылы 413,3 мың жүк тасымалданған, су көлігінің жолаушы тасымалы 7,6 мың адам құрады.

Бұқтырма бөгенінде паром тасымалының екі тізбегі бар:

1) Көкпекті ауданының Казнаковка к. Күршім а. бағытына;

2) Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын а. аумағына.

Паром өткелі Күршім және Катонқарағайдағы аудан тұрғындарын көлік қатынасымен қамтамасыз етеді.


SWOT- саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жергіліктің маңызы бар жолдардың үлесін арттыру;

  2. автомобиль жолдарының жетік жүйесі;

  3. соңғы үш жылда жолаушы айналымының артуы;

  4. өткізу-жеткізу қабілетінің қоры.

Әлсіз жақтары (W):

  1. автожол көпірлері мен жол өтпелерінің айтарлықтай тозуы (тозу деңгейі 85 %-ды құрайды);

  2. процесстерге инновация мен автоматтандыруды енгізу деңгейінің төмендігі;

  3. шалғай елді мекендердің жүйелі түрде қатынаспен қамтамасыз етілмеуі;

  4. біржолды және электрленбеген темір жолдар;

  5. авиация, темір жол, су жолы инфрақұрылымының тозуы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. ішкі автобағыттарды жаңартып ашу арқылы облыс жұртшылығы үшін барлық көлік түрлерінен маршруттық жүйені кеңейту, ішкі теміржол және әуе жолы арқылы хабар жеткізуді субсидиялауды ұйымдастыру;

  2. «Нұрлы жол» және «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының көліктік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және біріктіру» бағдарламаларын жүзеге асыру;

  3. автожол саласына халықаралық сапа бақылауының стандарттарын енгізу;

  4. ақылы автожодар енгізу;

  5. облыстың транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру.

Қауіптер (T):

  1. бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы және соның салдарынан автожол жағдайының одан әрі нашарлауы.

Негізгі проблемалар:

Автожолдар саласында:


  1. автожол көпірлері мен жол өтпелерінің нашар техникалық жағдайы – 85 % астамы тозған;

  2. ағымдық жөндеулер мен жолдардың күтіміне қаражат бөлінуінің жетіспеушілігі;

  3. жолдардың 30 %-дай бөлігінің қанағатсыз жағдайы.

Жолаушылар көлігі саласында:

  1. елді мекендерде тұрақты жолаушы қатынасының жеткіліксіз қамтамасыз ету;

  2. жолаушыларды және жүкті заңсыз тасымалдау жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер тигізеді.

Темір жол қатынасы саласында:

  1. темір жол магистральінің өтілім қабілеттілігі төмен болуы оның «бір жолдықтығы»;

  2. электрленген темір жол желілерінің болмауы, айтарлықтай тасымалдау құнына әсер етеді;

  3. облыс аймақтарының темір жол қатынастарымен қамтылмағандығы;

  4. темір жол инфрақұрылымының техникалық жағдайы.

Әуе қатынасы саласында:

  1. аймақтарда аэродромның инфрақұрылымын (Семей, Өскемен, Зайсан қалалары, Үржар ауылы) қайта жаңарту қажет;

  2. облыс аймағындағы әуе қатынасының дамымаған (облыстың шалғай елді мекендерінде әуе қатынасының болмауы).

Су көлігінің саласында:

  1. өзен көлігі инфрақұрылымының жоғары тозу дәрежесі.

Байланыс

Өңірде телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын, 599 адам пошташы бар 236 пошталық байланыс қызметінің бөлімдері жұмыс істейді.

2016 жылы пошталық және курьерлік қызметі 1 139,7 млн. теңге көрсетілді. Интернет желілері және телекоммуникация қызметтері56 көлемінің ұлғаюуына байланысты жыл сайын байланыс қызметінің ұлғайуы байқалады.

Ескірген байланыс желілерінің орнына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ меншік қаражаты есебінен облыстың ауылдарында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, әуе байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында ауылдық елді мекендерде ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды.

Облыс аумағында 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 100 %-ды құрайды.

Тіркелген телефон желілерінің саны – 347,7 мың бірлік құрайды, соның ішінде тұрғындарда – 295,3 мың бірлік (ауылдық елді мекендерде – 100,9 мың бірлік).

Тіркелген интернет желісіне қолданушыларының саны – 145,9 мың бірлік құрайды, олардың ішінде кең көлемді мүмкіндігі бар – 133,1 мың бірлік (соның ішінде талшықты-оптикалық қосылуды қолданысы – 133,1 мың бірлік). Кабельдық теледидар қолданушыларының саны – 13,7 мың бірлік, серіктік теледидар – 84,4 мың бірлік құрады.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары(S):

  1. телекоммуникация қызметтерінің дамыған жүйесі;

  2. АТС-ті жаңа сандық nextgenerationnetworks технологиялармен ауыстыру;

  3. Интернет желісін барлық жерде тарату.

Әлсіз жақтары (W):

  1. тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі;

  2. тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

  3. Интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы;

  4. ұялы байланысқа жоғары тарифтер;

  5. телекоммуникация нарығында нақты бәсекелестіктің дамымауы;

  6. азаматтық міндеттегі радиожиілік ресурсының шектелуі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметтерімен қамту;

  2. азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысуы;

  3. халықты әмбебап байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

Қауіптер (T):

  1. ұялы байланысқа ауысуға байланысты тіркелген байланыс желілері абоненттері санының азаюы.

Негізгі проблемалар:



  1. Интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы;

  2. тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі.

Тұрғын үй құрылысы

Өмір сүру сапасының басты көрсеткішінің бірі болып, тұрғын үймен қамтамасыз етілу болып табылады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғындар үшін тұрғын үйге қол жеткізуін жоғарылату.

Қалаларда тұрғындар санының өсуі инфрақұрылымды дамытуды талап етеді.

Жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемі өсуде. Республикалық көлемде облыстың енгізу көлемінің үлесі – 3,2 % құрайды. Халықтың жан басына шаққанда тұрғын үймен қамтылуы – 20 ш.м. құрайды.

Облыстың тұрғын-үй қоры – 25 836,4 мың ш.м. құрап, 205 900 тұрғын үйлерден тұрады, олардың – 32 758 көп пәтерлі үйлер (303782 пәтер).

Жалпы облыс бойынша тұрғын-үй қорын абаттандыру: сумен қамту – 100 %, кәрізбен – 59,8 %, орталық жылу беру – 46,3 %, орталық жылы сумен – 41,3 %, газбен (баллондар) – 66,7 % қамтамасыз етілген.

Облыс орталығында 1 645 кондоминимум нысаны бар, Семей қаласында – 1305 үйлер. Өңір аумағындағы бар үйлердің 90 %-ының артығында 20 жылдан артық қолданыс мерзімі бар.

Күрделі жөндеу талап ететін кондоминимум нысандарының үлесі 2014 жылы – 20 %, 2015 жылы – 19,5 %, 2016 жылы – 18,7 % құрады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында көпқабатты тұрғын үйлерді термо жаңарту және жөндеу бойынша жобаларды іске асырылу арқылы көрсеткіштің төмендеуі қамтамасыз етілген. 2015-2016 жылдары 129 кондоминимум нысандарына жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес қызметті іске асыратын мамандандырылған басқарушы компаниялардың тұрғын үйге қатысты қызметтерін нарыққа енгізу бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Алайда, облыс бойынша апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер саны 2017 жылдың 1 қаңтарында 228 бірлік құрайды.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту және Өңірлік бағдарламасы мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында облыста тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылады.

2014 жылдан 2016 жыл аралығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 971,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл


2011-2013 үш жылғы кезеңнің көлемдерінен 25 %-ға жоғары (775,9 мың шаршы метр) (33 кесте).
33 кесте – 2014-2016 жылдар кезеңіне қалалар мен аудандарда тұрғын үйді пайдалануға енгізу, шаршы метр


№ р/с

Қала/аудан

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

Шығыс Қазақстан облысы

313 481

318 064

340 081

2

Өскемен қаласы

102 340

140 909

181 855

3

Семей қаласы

107 503

80 394

82 960

4

Риддер қаласы

19 232

13 510

1 718

5

Курчатов қаласы

3 936

75

3 601

6

Абай ауданы

2 605

2 619

2 620

7

Аягөз ауданы

5 262

5 488

14 403

8

Бесқарағай ауданы

2 567

2 178

2 232

9

Бородулиха ауданы

1 786

1 977

2 024

10

Глубокое ауданы

10 426

20 243

6 988

11

Жарма ауданы

5 045

4 944

5 086

12

Зайсан ауданы

9 925

2 153

2 253

13

Зырян ауданы

3 586

3 183

3 726

14

Катонқарағай ауданы

1 355

2 005

734

15

Көкпекті ауданы

2 075

1 926

1 609

16

Күршім ауданы

2 351

1 880

782

17

Тарбағатай ауданы

6 398

6 472

7 601

18

Ұлан ауданы

10 382

12 837

9 676

19

Үржар ауданы

6 104

8 283

6 211

20

Шемонаиха ауданы

10 603

6 988

4 002

Үйдің 1 шаршы метрінің орташа нақты құрылыс құны 87 мың теңгені құрайды (34 кесте).



34 кесте – Үйдің 1 шаршы метрінің құрылыс құны, мың теңге


№ р/с

Облыс бөлінісінде

01.01.2017 жылға

Республика бөлінісінде

01.01.2017 жылға

1

Шығыс Қазақстан облысы

87,0

Қазақстан Республикасы

98,9

2

Өскемен қаласы

95,9

3

Семей қаласы

87,8

Ақмола

87,4

4

Риддер қаласы

20

Ақтөбе

80

5

Курчатов қаласы

24

Алматы

116,7

6

Абай ауданы

49

Атырау

54,2

7

Аягөз ауданы

60,1

Батыс Қазақстан

77,6

8

Бесқарағай ауданы

80,2

Жамбыл

59,2

9

Бородулиха ауданы

32,5

Қарағанды

106,8

10

Глубокое ауданы

37,2

Қостанай

85

11

Жарма ауданы

36,3

Қызылорда

64

12

Зайсан ауданы

63

Манғыстау

62,4

13

Зырян ауданы

18

Оңтүстік Қазақстан

76,2

14

Катонқарағай ауданы

53,1

Павлодар

65,8

15

Көкпекті ауданы

45,1

Солтүстік Қазақстан

74,7

16

Күршім ауданы

66,2

Шығыс Қазақстан

87

17

Тарбағатай ауданы

54,9

Астана қаласы

130,7

18

Ұлан ауданы

96,8

Алматы қаласы

117,9

19

Үржар ауданы

101,8




98,9

20

Шемонаиха ауданы

90,7




 

2016 жыл бойынша қаржыландыру көздерінен барлығы 340,081 мың ш. метр үй енгізілді, соның ішінде бағыттар бойынша:

Бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 160,6 мың ш. метр
(2 103 пәтер) 27 көп пәтерлі тұрғын үйлер салынды, соның ішінде:

1) ТЖҚБ желісі бойынша 15 несиелік үйлер (Өскемен қ. – 5, Семей қ. – 8, Ұлан ауданында – 2);

2) Өскемен қ. ЖАО кезектегілер үшін 3 несиелік үйлер;

3) Өскемен қ. жас отбасылар үшін 3 несиелік тұрғын үйлер;

4) Өскемен қ. ЖҚЖК-2020 бойынша 2 шағын отбасы жатақханалар;

5) «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ желісі бойынша 2 үй (Өскемен және Семей қалаларында 1 үйден);

6) Өскемен қ. «ҰК «Самрұқ Қазына» АҚ арқылы 2 жалдамалы үйлер.

Бұдан басқа, 40,9 мың ш. метр коммерциялық үйлер, 21,5 мың ш. метр басқа үйлер және тұрғындар есебінен 117,1 мың ш. метр ЖТҚ.

Тұрғын үй алуға кезектіліктің болуы негізгі проблема болып табылады. Мемлекеттік тұрғын үй алуға 2017 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша 31 мың адамнан астам кезекте тұрған, 2016 жылға қарағанда пәтер алуға кезектілік 15 %-ға өсті.

Әлеуметтік-қорғалатын халық санатының тұрғын үй алуға қажетті ақшалай қаражаттың жоқ болуы, халықтың ауылдық елді мекендерден қалаларға көші-қонынан кезектіліктің өсу себебі болып табылады.


SWOT - саланың дамуы жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жүргізілуде;

  2. тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті қала құрылыстық құжаттамамен облыстың өңірлерін қамтамасыз ету;

  3. құрылыс бағасының арзандауына мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған үй комбинаттарының болуы.

Әлсіз жақтары (w):

    1. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың санының өсімі;

    2. құрылыс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге облыстың құрылыс материалдарының өндірісінің қабілетсіздігі;

    3. ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты құрылыс құны басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары;

    4. құрылыс салуға арналған жер учаскелері үшін коммуникация құрылысын қаржыландырудың жетіспеушілігі;

    5. ҚР бойынша салыстырғанда тұрғын үймен қамтамасыз ету төмен;

    6. кондоминиум объектілерін жалпы мүлікпен қамтамасыз етуде халықтың әлсіз белсенділігі;

    7. салада білікті еңбек ресурстарының жетіспеушілігі;

    8. «Басқару» және «Сервистік қызмет көрсету» міндеттерін бөлумен мамандандырылған басқару компанияларының тұрғын үй қызметтерінің нарықта жоқ болуы;

    9. көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жобаларын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер (О):

  1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру;

  2. құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту үшін маңызды әлеует;

  3. қолжетімді тұрғын үйге тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру;

  4. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «Самұрық - Қазына» ҰҚ сияқты ұйымдарды тарту жолымен инвестициялық мүмкіндіктер;

  5. көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту жобаларын іске асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына мүмкіндік береді.

Қауіптер (Т):

  1. құрылыс материалдарының қымбаттауы, нәтижесі ретінде тұрғын үй құнының артуы.

Негізгі проблемалар:



  1. үй құрылысының жоғары құны, бұл жаппай тұрғын үй құрылысы өсімінің тежеуші факторы болып табылады;

  2. коммуникация құрылысына қазіргі қаржыландыру көлемі бар сұранымды қамтамасыз етпейді;

  3. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектегі тұрғындар санының өсуі;

  4. тұрғын үй құрылысы ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды енгізуге қаржыландыру көлемін ұлғайту қажеттілігі.

Жылумен қамтамасыз ету

Облыс аумағында Өскемен, Семей және Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін 4 жылу электр станциясы орналасқан - Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қ. ЖЭС-1 және ЖЭС-2.

Облыс бойынша қуаттылығы 100 Гкал-ға дейін болатын 672 қазандық бар, оның ішінде кесек отында 462, сұйық отында 26 және электр қазандарын пайдаланатын 184 қазандық бар.

Жылу энергиясын өндіру 120 жылумен қамту көздерімен және 422 орнатылған қазандықтармен (энергоқондырғылармен) іске асырылады.

7 849,2 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, олардың жылу станцияларымен 4 052,5 мың Гкал, қазандықтармен – 2 912 мың Гкал, кәсіпорындардың коммуналдық қажеттілігіне – 1 186,1 мың Гкал.

2016 жылы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 029,5 км, соның ішінде тозған – 273,4 км немесе 26,6 %, ауыстыруды қажет етеді 393,4 км немесе 38,2 %, ауыстырылды 44,1 км. Жылу желілерінің орташа тозуы 57,5 %-ды, нормативті жоғалтулары 12,6 %-ды құрайды. Күрделі жөндеуді талап ететін жылу желілерінің үлесі 14,1 %-ды құрайды.

Семей қаласында жылумен қамту объектілерін жаңғырту бағдарламасының шеңберінде коммуналдық және жеке тиімсіз қазандықтар жабылды. Бүгінгі күні қалада 25, соның ішінде 17 коммуналдық және 8 жеке жылу көзі жұмыс істеуде. Бұған қоса, жалпы құны 24,2 млрд. теңге ЖЭО-1 және РК-1 жылу көздерін жаңғырту жобасын іске асыру жалғастырылуда.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы 9 жылумен қамту нысандары енгізілді, 20,6 км жылу желілері қайта жаңғыртылды.
SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:


Жағымды жақтары (S):

  1. облыстың жылу көздерінен жылу энергиясын өндірудің өсімі;

  2. облыстың ЖЭО-на және қазандықтарына арзан отын көзі болатын облыста көмір ошақтарының бар болуы.

Жағымсыз жақтары (W):

  1. Семей, Курчатов, Зырян, Серебрянск қалаларының, Глубокое ауданындағы Глубокое ауылының мемлекеттік жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындарының қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы;

  2. жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозуының жоғары деңгейі (57,5 %);

  3. жылу энергиясы жоғалтуының жоғары деңгейі (18,5 %);

  4. жылу көздерінің, магистралдық және ішкі орамдық жылу желілерінің энергетикалық және қазан жабдықтарының шекті тозуы;

  5. экономикалық жағдайдың нашарлауы салдарынан қаржы саласының қысқартылуы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. дәстүрлі емес жылумен қамтамасыз ету көздерінің даму болашағы;

  2. орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету саласына жаңа технологияларды ендіру (қазандардың, дизолирленген құбырлардың ПӘК-ін арттыру);

  3. мемлекеттік қолдау шаралары
    («2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы);

  4. жылумен қамтамасыз ету объектілерін жаңарту.

Қатерлері (T):

  1. ЖЭО-ның орнатылған және қолдағы бар қуаттылықтарының мүмкін жаппай төмендеуі, қазандықтардың қуаттылықтарының істен шығуы, негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейімен байланысты апаттық жөндеу жұмысында жылу көздерінің тұрып қалулары.

Негізгі проблемалар:



  1. жылу желілерінің жоғары деңгейде тозуы;

  2. жылу энергиясының нормативтік шығыны;

  3. күрделі жөндеуді қажет ететін желілердің үлесі – 14,1 %;

  4. жылумен қамту қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар үшін қолданыстағы тарифтер залалдар мен шығындардың орнын толтыруға жеткіліксіз.

Газбен қамтамасыз ету

Сұйытылған мұнай газын (пропан-бутан) тұтыну 670 топтық резервуарлық қондырғылар арқылы (олардың жұмыс істеп тұрған – 204), негізінен, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов ауылында, Бородулиха және Шемонаиха аудандарында, табиғи газ Зайсан қ. жүзеге асырылады.

Тозу деңгейі 83 %-ға дейін жететін 276 газ бөліп тарату қондырғылары және 82,8 шақырым газ құбырлары бар.

Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етумен қамсыздандыруға арналған газ бөліп тарату қондырғылары мен түтіктешелерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайда екендігін ескере отырып, газ шаруашылығын бірте-бірте тоқтатып қою жүзеге асырылады.

Осы жұмыс Сарыбұлақ ошағынан алынатын табиғи газбен Зайсан ауданының тұтынушыларын қамтамасыз ету бойынша анықталған жұмыстар жүргізіледі.

2013 жылы «Тарбағатай мұнай» ЖШС үкіметаралық келісімге сәйкес меншік қаражатының есебінен «Зайсан» АГРС құрылысын және Зайсан ГРП-ға дейін «Сарыбулак-Зимунай» газ құбырын жеткізуді жүзеге асырды. Өндірілетін табиғи газдың орташа көлемі 500 млн. м³ құрайды.

Зайсан ауданының елді мекендерін толығымен газбен қамту кезінде табиғи газды тұтынудың болжамдық жылдық көлемі – 32 млн. м³, соның ішінде: Зайсан қаласы бойынша – 17 млн. м³, ауылдық елді мекендер бойынша – 15 млн. м³ болады.

«Газ және газбен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «КазТрансГаз Аймақ» АҚ бірынғай оператор болып анықталды.

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ ШҚ филиалының тұтынушыларына босату тарифі ҚҚС есептеумен 1 м³ үшін 11,2 теңгені құрады.

Барлығы Зайсан қаласында 105 шақырым квартал ішіндегі желілер салынған, соның ішінде 2016 жылы – 37 шақырым. Газбен қамтуға 1106 нысан, соның ішінде 1000 жеке тұрғын үй, 100 коммерциялық нысан және 6 бюджеттік ұйымдар қосылған.

Бұдан басқа, Зайсан ауданының 9 елді мекеніне (Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарына) кентішілік газ тарату желілерін салу жүзеге асырылуда. 6 ауылда (Қаратал, Қарабұлақ, Кеңсай, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл) жұмыстар толығымен аяқталып, газ құбыры желілеріне қосуға дайын.

Жылу алудың негізгі көзі ретінде қазандықтардың табиғи газға ауысуы атмосфераға залалды заттардың (көмір күлінің, күкірт диоксидінің, азоттың және көміртегі оксидінің) шығарылуын 9 есеге, яғни 31 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде аймақтағы экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартады.
SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:


Жағымды жақтары (S):

  1. облыстың газбен қамтамасыз ету ұйымдарын аккредитациялау сұйытылған газды Қазақстанның мұнай химия зауыттарынан тұрақты бағаларда импорттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;

  2. Сарыбұлақ ошағының ауданында газ инфрақұрылымының дамуы.

Жағымсыз жақтары (W):

  1. газ бөліп тарату қондырғыларының, кварталішілік желілердің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді;

  2. табиғи газды тұтыну үшін газ инфрақұрылымының жетілмегендігі.




Мүмкіндіктері (O):

  1. Сарыбұлақ газ ошағын игеру Зайсан ауданының елді мекендерін табиғи газбен жабдықтауға мүмкіндік береді;

  2. ірі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету және жылу көздерін отынның берілген түріне пайдалануға ауыстыру өңірдің экологиялық жағдайын әлдеқайда жақсартуға мүмкіндік береді.

Қатерлері (T):

  1. жаңа орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы бойынша немесе бар жүйелерді қайта жаңарту бойынша шараларды жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамтамасыз етудің одан да сапалы деңгейіне толығымен шығаруға мүмкіндік бермейді.

Негізгі проблемалар:

газ бөліп тарату қондырғыларының, квартал ішіндегі желілердің қанағаттанғысыз техникалық жағдайы.
Сумен қамтамасыз ету

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның барынша сумен қамтамасыз етілген өңірлердің біріне жатады.

Судың негізгі тұтынушылары болып: тұрғындар (41,2 млн. м3), коммуналдық кәсіпорындар (22,9 млн. м3), өндірістік кәсіпорындар (72,5 млн. м3) және басқа тұтынушылар (0,9 млн. м3).

Шығыс Қазақстан облысы тұтынушыларына жіберілген ішуге жарамды су көлемі 2016 жылы 131,7 млн. м3 құрады.

Сумен қамтуды 66 кәсіпорын қамтамасыз етеді. Халықты коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйелерінде – 4 338,0 км (қалаларда – 70 % орташа тозумен 2 591,7 км, ауылдарда 65 % орташа тозумен 1 746,3 км), соның ішінде топтық және тораптық су тарту – 557,5 км (тозу – 60 %) су құбыры жұмыс істейді.

Облыста 738 елді мекен бар, олардың орталықтандырылған сумен 13 қалалар мен кенттер қамтылған және 326 ауылдық елді мекендері қамтамасыз етілген. 412 ауылдарда тұрғындар жергілікті көздерден сумен пайдаланылады (құдықтар, су көздері, шегендер және т.б.), соның ішінде 3 ауылда 398 адам (41 разъезд, Бородулиха ауданында Дюсакен және Семей қ. Жазық а. разъезд бекеттері) басқа жақтан суды әкеліп пайдаланады.

2014-2016 жылдарда облыс халқының орталықтандырылған су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етілуі 2,3 %-ға жоғарылады және 2017 жылдың
1 қаңтарына 86 %-ды құрады (35-кесте).
35 кесте – 2014-2016 жылдарға облыс халқының сумен қамтамасыз ету қызметтерімен

қамтамасыз етілу деңгейі




Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Орташа облыстық орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %

85,1

86

86

Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %

97,1

97,1

97,6

АЕМ-дегі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік, %

42

42,5

44,2

Елді мекендер саны, бірл.

319

321

326

Халықтың су есебінің жеке құрылғыларымен қамтылуы, қалалар, %

88,7

91

92

Халықтың су есебінің жеке құрылғыларымен қамтылуы, АЕМ %

60,4

68

69

Сонымен қатар, бірқатар аудандарда: Көкпекті (21,4 %), Жарма (22,6 %), Ұлан (31,9 %), Тарбағатай (31,7 %), Бесқарағай (35,7 %), Үржар (36,4 %), Аягөз (39,2%) және Күршім (39,6 %) аудандарында орталықтандырылған су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етілу деңгейі орташа облыстық көрсеткіштерден біршама төмен.

Жалпы сумен қамту жүйелерінде тозу 68 %-ды құрайды.

7 су тартатын тазартқыш ғимараттары бар, олардан 1 – Курчатов қаласында, 1 – Риддер қаласында, 3 – Жарма және 2 – Зырян аудандарында орналасқан.

Сумен қамтамасыз ету желілерінің қанағаттанғысыз жағдайы су жүргізетін желілердегі апаттар санының артуына, үлкен су көлемінің қайтарымсыз жоғалтуларына және халықтың су тұтынуының үлестік нормаларының жоғарылауына себеп болады. 2016 жылы облыс бойынша желілерде су жоғалту деңгейі берілген жалпы су көлемінен 24,1 %-ды құрады, барлығы 2016 жылы сумен қамтамасыз ету желілерінде 461 апат айқындалып, жойылды57.

Берілетін жалпы су көлемінен су тазартқыш ғимараттарда жылына 15,857 млн. м3 су тазартудан өтеді.

Облыста 31 пайдалану ұйымдары мен кәсіпорындар қызмет атқарады, облыс халқына тариф 26,65-тен 689,36 тг/м3 дейін құрайды.

8 ауданның 67 ауылдық елді мекендерде тұратын 53,8 мың адамға субсидия беру жүзеге асырылуда (Глубокое, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха).


SWOT - саланың дамуы жағдайының талдауы:


Күшті жақтары (S):

  1. Ертіс өзені мен көптеген көлдердің болуы;

  2. жер асты ішуге жарамды су қоры деңгейінің жеткіліктігі;

  3. бағдарламаның 5 жылында облыс елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша 80 жобаның іске асырылуы;

  4. сапалы ауыз суға халықтың қол жетімділігі көрсеткішін 86 %-ға дейін жеткізілуі.

Әлсіз жақтары (W):

  1. жерасты тұщы суларының бар қорларын жеткіліксіз пайдалану;

  2. су көздерін пайдалану мерзімін бұзу нәтижесінде, гидрогеологиялық иесіз құдықтар санының көптігі, жер асты суының техногендік ластануы нәтижесінде жер асты суының сапасының төмендеуі;

  3. сумен қамтамасыз ету желілері мен объектілерінің көп тозуы, соның салдарынан - апаттар, жоғалтулар, ауыз су сапасының төмен деңгейі;

  4. жаңа сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысына және бар сумен қамтамасыз ету желілерін қайта құруға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

  5. сумен қамтамасыз ету қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметтерге деген тарифтері жөндеу-жаңарту жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындарды жаппайды;

  6. көптеген аудандарда берілетін судың сапасына бақылау жүргізетін зертханалардың жоқтығы;

  7. ауылды елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың жеткіліксіз түрде материалдық-техникалық жабдықталуы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етілуін көтеруге себеп болатын «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасының іске асырылуы;

  2. жер асты тұщы суларының жаңа ошақтарын игеру;

  3. сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, су тазарту мен су дайындау шығындарының көбеюі;

  4. заманауи тиімді технологияларды енгізу;

  5. пайдалану қызметін материалды-техникалық базамен жабдықтау жолымен жетілдіру.

Қатерлері (T):

  1. қондырғының физикалық тозу себебімен мүмкін болатын істен шығуы;

  2. сумен қамтамасыз ету объектілерінің ұзақ мерзімде пайдалану нәтижесінде болған қанағаттанғысыз техникалық жағдайы; қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  3. ескірген су дайындау технологияларын қолданудан халық денсаулығының нашарлауы.

Негізгі проблемалар:



  1. жер асты ішуге жарамды су қорының жеткіліксіз пайдалануы;

  2. су қоймаларының техногендік қалдықтармен ластануы;

  3. сумен қамтамасыз ету желілерінің қанағаттанғысыз жағдайы;

  4. облыс бойынша желілердегі су шығынының жоғары деңгейі – 24,1 %.

Су бұру


Облыста 738 елді мекеннің 43 елді мекенінде, соның ішінде 9 қалада, 2 қала типіндегі кенттер мен 32 ауылда орталықтандырылған су бұру жүйесі жұмыс істейді. Облыста барлығы 134 кәрізді сору станциясы, 22 тазарту ғимараты бар. Кәрізді сору станциясының орнатылған қуаты тәулігіне 1 254,4 мың текше метрді құрайды.

Абай, Аягөз, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарында кәрізді тазарту ғимараттары жоқ.

22 кәрізді ғимарат жылына 73 140,1 мың/м3 суды толығымен биологиялық тазартудан өткізеді. Қалған елді мекендер ағындыны механикалық тазарту ғимараттары арқылы немесе сүзу алаңдарына шығарады.

44 кәсіпорын жұмыс істейді, су бұру жүйесінің жалпы ұзындығы 1 498,5 километр құрайды.

70-інші жылдары салынған тазарту ғимараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, ғимараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.

Әсіресе шағын қалалар мен аудан орталықтарында жағдай өте қиындаған. Ауылдық елді мекендердің тазарту ғимараттарына жүктеме аз болғандықтан істен шығып қалуда. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 25-30 %-ды құрайды.

Су бұру жүйесінің жалпы ұзындығы (қалаларда – 67,5 % орташа тозумен 1 156,4 км, ауылдарда – 70 % орташа тозумен 311,9 км) 1 468,3 км-ді құрайды, олардың ішінде 540,8 км немесе 36,8 % ауыстыруды қажет етеді.

Тозудың салдарынан 2016 жылы кәріз желілерінде 60 апат тіркелді.

2014-2016 жылдар ішінде халықты су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету 1,8 %-ға ұлғайды (36-кесте).
36 -кесте – Облыс халқының су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі


Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Халықтың су бұру қызметтерімен қамтылу деңгейі, %

36,5

36,6

37,7

Қалаларда халықтың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қол жеткізуі, %

53,5

53,5

54,4

АЕМ-де халықтың орталықтандырылған су бұру жүйесіне қол жеткізуі, %

4,2

4,6

9,8

Су бұру қызметтерімен қамтылған елді мекендер саны, бірлік

32

38

43

Ағын сулардың жалпы көлеміндегі тазартылған судың үлесі, %

97,4

97,9

97,9

Бұған қоса Абай, Бесқарағай және Катонқарағай аудандарында халық орталықтандырылған су бұру қызметтерін пайдаланбайды.

Үржар (2,0 %), Көкпекті (3,8 %), Күршім (4,3 %) және Жарма (9,9 %) аудандарында орталықтанған су бұру қызметтерімен аз қамтылған.

Кәсіпорын үшін су бұру қызметтерінің қолданыстағы тарифтерінде технологияны жаңарту мен қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталған кешенді жаңғырту жүргізуге жұмсалатын шығындар ескерілмейді.

Осылайша, облыс бойынша кәріз қызметтеріне тарифтер бір текше метр үшін 6,3 теңгеден 183,5 теңгеге дейін түрленді. Қазіргі уақытта облыста 2 су арнасы («Өскемен Водоканал» МКК, «Семей Водоканал» МКК) үшін 2020 жылға дейін ұзақ мерзімді кезеңге жаңа тарифтер бекітілді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. халықтың су бұру қызметтеріне жету көрсеткіштеріне қол жеткізу – 37 %, соның ішінде ауылдық елді мекендер – 12,3 %.

Әлсіз жақтары (W):

  1. 70 % кәріздік желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр;

  2. жаңа су бұру жүйелерін, тазарту ғимараттарын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияларды жеткіліксіз салу;

  3. су бұру қызметтерін көрсететін көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қолданыстағы тарифтері жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындардың орнын толтыра алмайды;

  4. жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді, су бұру объектілерін, кәріз жүйелерін, тазарту ғимараттары мен кәріз жүйелерін салу және қайта жаңартуды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру.

Мүмкіндіктер (O):

  1. су бұру объектілерін, кәріз жүйелерін, тазарту ғимараттары мен кәріз жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша инвестициялық жобларды іске асыру халықты су бұру қызметтерімен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді;

  2. ағын суларды тазартудың замануи тиімді технологияларын енгізу.

Қатерлер (T):

  1. жабдықтың табиғи тозу себебінен бұзылуы.

Негізгі проблемалар:



  1. облыстың кәріз желілерінің жоғары деңгейде тозуы – 80 % қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.

Қатты тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу және көму



Жыл сайын облыста 200 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) жиналып қалады және тек ҚТҚ-ның біраз ғана бөлігі (0,1 %) қайта өнделеді.

Көптеген тұтыну қалдықтары ҚР табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін полигондарда жинақталады.

ҚТҚ көмудің тәсілдері тиімсіз болғандықтан оларды көмуге бөлінген біршама алаңдар мен біраз ғана түсірілетін ҚТҚ көлеміне қарамастан көптеген қоқыс орындарында олар тез толып қалады.

Шығыны көп және төмен инвестициялық қызығушылық болғандықтан қайта өңдеу, екінші рет пайдалану және кәдеге жарату технологиялары нашар қолданылуда.

Өңірде құрамында сынап бар пайдаланылған (қауіпті қалдықтарға жататын) құралдар мен бұйымдарды жинау жүйесі реттелген және оларды кейіннен қайта өңдеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілуіне байланысты:

қауіпті қалдықтардың (электрондық және электр жабдықтары, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар) кейбір түрлерін бөлек жинау және қайта өңдеуге талаптар белгіленді;

қатты тұрмыстық қалдақтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көмуге тарифтер, сондай-ақ оны осы операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында бөлу тәртібіне бекітілді;

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚТҚ-ны, әсіресе пластмасса және пластик қалдықтарын, макулатураны, құрамында сынап бар шамдар мен құралдарды, сынған шыныларды, түсті және қара металл сынықтарын, пайдаланылған автомобиль майларын, кеңсе техникасын, құрылыс және тамақ қалдықтарын алдын ала қайта өңдемейінше оларды көмуге тыйым салынады.

Қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында қалдықтармен айналысу саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жол картасы әзірленген, соған сәйкес жоспарланды:

- Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Шемонаиха қалаларында қалдықтарды бөлек жинауды қолдану;

- Өскемен, Семей қалаларында қоқыс өңдеу зауыттарын салу.

Өскемен қаласында ҚТҚ бөліп жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Эко Восток-Лидер» ЖК компаниясымен бөліп жинау үшін (пластик, әйнек, қағаз) 25 тәжірибелік контейнерлер орнатылған, соның ішінде 15 – абаттанған тұрғын үй қорының алаңында. 3 тонна қалдықтар жиналды. Әрі қарай қайта өндеу үшін қалдықтарды тасымалдау 20 тонна мөлшерінде қалдықтарды жинағаннан кейін іске асырылады.

Жалпы облыстың қалалары мен аудандарында қалдықтарды бөліп жинауға тұрғындарды насихаттау бойынша жұмыстар (МТК жиналыстары, кітапшалар, үндеулер, видео-роликтер, әр түрлі шаралар және т.б.), сондай-ақ ҚТҚ бөліп жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін кәсіпорындарды тарту жаңданған.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары бар.

Әлсіз жақтары (W):

  1. тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу және зарарсыздандыру бойынша заманауи технологиялардың болмауы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. қатты тұрмыстық қалдықтарды және өндірістік қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту саласында мемлекеттік-жеке серіктестіктің келешегі.

Қатерлер (T):

  1. облыс елді мекендерінің санитарлық-эпидемиологиялық қанағаттанарлықсыз жағдайы, елді мекендердің эстетикасыз көркі.

Негізгі проблемалар:



  1. облыста ҚТҚ-ны қайта өңдеудің төмен деңгейі (облыста 1 %-дан кем);

  2. көптеген полигондардың Қазақстан Республикасы табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сай келмеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет