Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


-3 тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары



бет2/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,66 Mb.
#9930
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2-3 тақырып. Қазіргі замандағы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары

1. Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы

2. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары

Физиология тұрғысынан оқу нейрогуморальды механизмдердің шартты рефлекстерді өндіру жоспары, жоғары жүйке қызметінің заңдылықтары (қозу мен тежеудің топтау және иррадиацияцы, оң және теріс индукция, доминанттар), мидың аналитико – синтетикалық қызметі ретінде қарастырылады.

Психология тұрғысынан оқу субьект белсенділігі, қызмет, психологиялық дамудың шарты ретінде қарастырылады. Оқу адамның жүріс – тұрысынан көрінеді, және оның алда жүйелі түрде өзгеруіне әкеледі. Бұл тұрғыдан ерекше таңба – белгілік құрылымның ақпараттық функциясына, танымдық және дәлелді құрылымдардың өзгерістеріне маңыз беріледі.

Әлеуметтану тұрғысынан оқу әлеуметтанудың, жекелей және қоғамдық сананың байланысының шарты ретінде қарастырылады. Бұл ұстанымда оқу іске асырылатын, әлеуметтік басқарудың білімді жүйелерінің түрлі қалыптары қарастырылады.

Аксиология тұрғысынан, оқу этикасы құнды қалыптастыру және өзін - өзі анықтау, қоғамдық қалып, ереже, құндылықтардың интернализациясының үрдісі ретінде қарастырылады.

Кибернетика тұрғысынан оқу білім алу жүйесінде тура және кері байланыстардың басқару аңғарын сипатталуы, стратегияның, бағдарлама мен алгоритмдердің өндіру және өзгертілуі ақпараттық үрдіс ретінде қарастырылады.

Философия тұрғысынан (гносеологиялық жоспарда) оқу танымның спецификалық түрін ұсынады. Оқуда обьективті және субьекитвті форма мен мазмұн т.б арасында қайшылықтар пайда болады және шешіледі. Логикалық көру тұрғысынан логикалық ойлаудың негізі, алгоритмдердің жалпылауды өндіру қалыптасу негізі ретінде қарастырылады. Оқу материалын логикалық реттеу, ұйымдастыру үрдісін оңтайлы ету - оқудың логикалық қарастырылуының негізі.

Педагогикалық тұрғыдан оқу мынадай үзіндіде қарастырылады, « тәрбие мен оқу мақсатқа бағытталған жүйені, қоғамның пайдалануы тұрғысынан қажетті шарттарды, қоғамдық тәжірибені неғұрлым тиімді беруді қамтамасыз етушілерді көрсетеді» [115, с. 28]. Психотерапияның қолдану және іс-әрекеттің дезадаптивті есебінің маңыздылығын белгілейді. Педагогикалық психология оқуды ең алдымен психология және педагогика тұрғысынан қарастырады, бірақ әлеуметтік, кибернетикалық, философиялық, логикалық тұрғыдан да есепке алады.


Оқыту анықтамасының жан - жақтылығы

И.И.Ильясовтың жүргізген [ 79, с. 5-27] оқудың негізгі тұжырымдамаларының жүйелі жалғаспалы талдауы оның құрылымдық ұйымдарының ерекшеліктерін анықтау және оның түрлі тұжырымдардағы ерекшеліктерін , сондай-ақ бұл үрдістің өз интерпретациясының алуан түрлілігін айқындау , ең әуелі жалпыпсихологилық әрекет пен автордың ерекшеліктері ескеріледі. И.И.Ильясовтың айтуы бойынша, оқу : 1) білім алу және түрлі тапсырмаларды шеше білу (Я.А.Коменский); 2) білім, білік және дамуды меңгеру - жалпы танымдық үрдістерді жетілдіру (И. Гербарт); 3) білім, білік, дағдыны белгілі тәртіппен қабылдау (А.Дистервег), сонымен қатар А.Дистервег оқу мен дамуды ажыратқан; 4) белсенді ойлау үрдісі, қиындықтарды жеңумен байланысты - мәселелік жағдайдың пайда болуы (Дж. Дьюи); 5) сыртқы қозғалыстардың қатысуымен қажетті сезім мен ойлау мазмұны элементтерінің жаңа білімнің белсенді үрдісі (В.Лай) [79, с.9] ; 6) білім алу және мәселені шешу (К.Д.Ушинский); 7) оқушының өзін - өзі ішкі баксқаруының белсенді үрдісі, педагогикалық үрдістің ішкі жағы (П.Ф.Кафтерев); 8)әрекеттің өзгеруі, ішкі реакциялардың өзгермелі ынтаға «ынта – реакция» сызбасымен өзгеруі (Дж.Уотсон) және «жағдай – жауапты реакция»сызбасы арқылы міндетті бекітумен (Э.Торндайк, Б.Скиннер,К.Халл); жаңа жоспарлардың пайда болуы, мәселелік жағдайда «ынта – аралық өзгеріс (образ, карта, жоспар) – реакция»(Э.Толмен); 9) мағынасын меңгеру, кейбір қоздырғыштарды сол реакциялармен шақыру, аспапты реакциялады меңгеру (Ч.Осгуд) [79, с.14]; 10) алдыңғы құрылымдарды қайта құру тәжірибесі, екі фазалы - қызметтің жаңа түрінің ұйымдастыруы және сақталуы, және оның қайта өңделуі (ес) (К.Коффка) [ 79,С.14]; 11) үш негізде тәжірибе жинаудың түрлері:біртіндеп – шабыс; сезіну – сезінбеу; айқын және айқын емес байланыстарды сезіну(Ж.Пиаже) [79, с.16]; 12)үш түрде обьектілердің қызметінің мазмұны өзгеруінің бейнеленуі, адамда бар: сыртқы-қозғаушы,сезім – бейнелік және бейнелеме(Д.Брунер); 13)кодтауды алу үрдісін реттеу,ақпаратты сақтау және қолдану (Р.Гегни);14)қызмет түрі,субьект сыртқы шарттардың әсерінен өзгереді және меншікті қызмет нәтижесіне де байланысты, өз әрекеті мен психикалық үрдісін құрады,өзінің ақпараттық сенімсіздік деңгейін төмендетіп жәнедұрыс жауап немесе әрекеттің дәл ережесін табу (Й.Лингарт) [79, с.22.]

Л.С.Выгоскийдің, А.Н.Леонтьевтың, С.Л.Рубинштейннің жұмыстарында оқу білім, білік, дағдыны қалыптастыру ретінде қарастырылады. П.Я.Гальперин оқуды субьект жасайтын әрекеттер негінде меңгеретін білім деп анықтайды. Д.Б.Эльконин және В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу оқу қызметінің спецификалық түрін көрсетеді,ал теория бойынша А.Н.Леонтьев оқу – басқарушы қызмет түрі,ол тек көп уақытты алып қоймай, сонымен қатар оқушының жеке тұлғасы,жеке қызмет түрі мен интеллектісі қалыптасатын арна. Оқу көп себепті және көп ойлы қызмет ретінде қарастырылады. [205, с.140-152].
Оқудан оқу қызметіне ауысу

«Оқу» ұғымымен қатар отандық психологияда (Л.С.Выготский,А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова), сосын шет елде (Й.Ломпшер,Й.Лангарт) «оқу қызметі»ұғымы жиі қолданылады,оның мазмұнына тек үрдіс және нәтижелілік қана емес,сонымен қатар құрылымдық ұйым, ең бастысы – оқудың субьектілігі.Бұл оқу анықтамасы оқу қызметіне көшу анықтамасы үш кезеңнен тұрады (А.К.Маркова, Г.С.Абрамова).Бірінші кезеңде – 50-ші жылдардың соңында – Д.Б.Эльконин оқу қызметін құрудың жалпы гипотезасын ұсынды,оның бала психологиясының дамуындағы маңызы және оның эксперименттік зерттелуі басталды. Екінші кезеңде бұл қызметтің ерекшеліктері, оның құрылымдық бөліктері зерттелді.Үшінші кезең – бұл қызметте қалыптасатын жаңа психологиялық білімдерді зерттеу.

Қазіргі уақытта оқу қызметі ұйымдастырудың арнайы обьектісінің, басқарудың,бақылаудың ерекше түрі ретінде көрсетіледі. Ол «қайта өндіру» қызметін білдіреді, бұл үрдісте адамның алған білімі мен қабілеті ғана емес тарихи қалыптасқан қабілеттер де, сана және ойдың теориялық негізінде жатыр – рефлексия, талдау, ой зерттеуі [63, с.133]. (Анығырақ оқу қызметінің IV бөлімінде қарастырылады)

Барлық қаралғандар оқу ұғымының ғаламдық,иазмұны жан-жақты және ғылыми тұрғыдан көп аспектілі ретінде қарастырылады.Бұл жағдай шынайы,оқу субьектісі адам болғандықтан,оның ішінде бала болатын болса – қалыптасатын,дамитын адам болса онда бұл үрдіс қиындайды(физиологиялық, психологиялық,әлеуметтік,педагогикалық және т.б жағынан)Барлық авторлар оқуүрдісінде субьект өзгеріске ұшырайды- тереңірек үңілсек ол дамиды,бұл белгілі шекте оқумен ескерілген:оның түрімен,мазмұнымен,білімді ұйымдастырушы және мұғаліммен. Адамды оқыту үрдісінде оқу мен даму өзара қалай байланысқан?


Оқу және даму.

Даму

Адамның оқу және даму байланысы – педагогикалық психологияның орталық мәселелерінің бірі. Оны қарастырғанда : а) өзіндік даму күрделі инволюциялы – эволюциялық әрекет,оның барысында прогрессивті,регрессивті интеллектуалдық, жеке , әрекеттік , қызметтік өзгерістер адамда болады.(Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев); б) даму, әсіресе жекелей, өмірдің тоқтағанына дейін тоқтамайды, тек бағыт, мінез және сапа бойынша өзгереді.Дамудың жалпы мінездемесі: назар аудармаушылық,прогресс/регресс, тұрақсыздықбұрынғыны жаңа қалпында сақтау,сақтау мен өзгерудің бірлігі [14].Шарт негізінде, психикалық дамуды анықтауда,В.С.Мухина оның баланың ішкі шарт пен дамудың байланыс ұстамын қарастырады.[146, с.11-56]

Білімнің кез-келген жүйесінің мақсаттары – білім алушының жеке дамуының, жаңа педагогикалық психологиядағынегізгі жағдайлардың бірін ескеру керек, осыған сәйкес оқу тек қана шарт емес, адамның жеке және психикалық дамуының негізгі құралы.Оқу мен дамудың өзара қатынасының сипаты туралы сұрақ бар.Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология тұрғысынан өте маңызды.


Оқу мен дамудың ара- қатынасы

Бұл сұрақтың шешіміне түрлі көзқарастар бар.Оның бірінде, оқудың өзі даму (У.Джемс,Э.Торндайк, Дж.Уотсон, К.Коффка), бірақ ,оқу табиғаты (оқу, үйрету) әркім әрқалай түсінеді. Басқа бірінде,оқу – тек жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. « Даму мүмкіндік туғызады – оқу іске асырады», немесе, басқа сөзбен, «оқу дамудың соңынан жүреді»[47, с.225-226]. Ж.Пиаже, «баланың ойы белгілі саты мен кезеңдерден өту қажеттілігі, бала оқысын, оқымасын тәуелді емес»[ 47-ден, с. 227]

Отандық психологияда Л.С.Выготский мен басқа көптеген зерттеушілердің қалыптасқан көзқарастары бекітілген.Бұл көзқарастарға сәйкес, баланың психикалық дамуында оқу мен тәрбие жетекші рөл атқарады. «Оқу дамуда қашықтық, тек жақын салдар емес,оқу тек дамудың соңынан жүрмей,дамудың алдында да жүруі мүмкін,онда жаңа білімді қалыптастыра алға жылжиды» [47, с.231].Бұл жағдай тек қана отандық педагогикалық психологияға ғана көкейкесті емес, оны когнитивті психология ретінде қабылдаған АҚШ тағы Дж.Брунер үшін де маңызды. Брунер айтуынша, «... ғылым негіздерін оқыту, қарапайым деңгейде де бала дамуының танымына көз жұма қарамау керек.Оқыту бұл дамудың жетекші шарты болуы да мүмкін,оқушыға өз дамуын өзі қалыптастыратын қызығарлықтай,іске асырмалы мүмкіндіктер туғызу арқылы» [47, с.251]. Бұл жағдай жалпы педагогика үшін де, оқу ұйымдары үшін де мақсатты болады.

Даму мәселесін қарастыру бірнеше сұраққа жауап беру болып табылады: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыты қандай,оның қозғаушы күштері не,ол қандай негізгі бағыттармен жүреді.Оқу,кез келген түрмен ұйымдастырылады,ол барлық сәттерді ескере алмайды,егер ол негізгі мақсатқа жеткісі келсе оның мақсаты - оқушының жекелей және психикалық дамуы.


Қазіргі оқытудың негізгі бағыттары.

1. Оқытушы мен оқшының біріккен іс- әрекеті бірізділікпен қаланбай қарым-қатынастың және оқытудың дистанциондық формаларын белгілеу мүмкін. І- түрге барлық дәстүрлі оқытудың бағыттары жатады, ал ІІ- түрге – қазіргі замандағы аралық оқытудың арнайы техникалық құралдарымен бірлесіп әрекет жасайды.

2. Сана принцип негізінен оқыту пайда болуда тәжірибе игеріп, Л.С. Виготскийдің «астыдан – үстіге» жолы сияқты және сана принципінде қалыптасқан оқыту. Объектісіне не жатады деген сұраққа өте маңызды жауап керек Н.Ф. Талызинаның оқытуы бойынша. Егер оқушымен тек қана ереже, құрал ұғынылса, онда бұл форма дәстүрлі, «хабарлы», «догтатикалық» аталып, егер өз іс-әрекетьеріне саналылықпен қарау, анықталған ережелерге бағыныңқы болуы, бұл яғни ойдың іс-әрекеттерін құрылған теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина). Егре программаны алгоритмдық іс-әрекетті саналықпен қарауды оқытуды жоспарлаунемесе алгоритмизациялық теория деп аталады.

3. Білім беру процесінде оқытудың басқару негізгі мынадай бапқа бөлінеді:

А. Негізделмеген (дәстүрлі емес)

Б. басқаруды қарастыратын негізгі механикасын қабылдануы (ой, іс-әрекеті, прграммалау, алгаритмицириалық оқыту.

4. Білім және тәрбие бірлестік ара қатынасының негізінің бөлінуі:

А. Білімде мәдениетті болуы және оқушылардың жоспарлы іс-әрекеттердің құрылуы, оқытудың негізгі болып табылады.

Б. Пәнаралық – тәрбиелік ұстанымының негізі – оқыту ( дәстүрлі оқыту).

5. Мазмұндалған оқыту және дәстүрлі оқытудыңнегізі болашақ мамандығына байланысты оқыту.

6. Ұйымдасқан оқыту тәсілдің негізі – оқытуөзінің құрамында активтік түрлер мен әдістерді және дәстүрлі оқыту ерекшелейді. Аталып кеткен негіздердегі дәстүрлі оқыту қарым-қатынас сияқты бейнеленіп, сана ұстанымдарында негізделіп, мақсатталған тәрбиелік – пәндік ұстанымына байланысты.Дәстүрлі оқытудың құрамына кіретіннегізгі білімділік қағиданы қабылдау, көп фантазияларды анықтауарқылы нәтижені болуы шарт. Я.К. Набардовтың зерттеулерінде көрсетілгендей аналитикалық түрінің сипаттаған интелектуалдың қызметілігі бар, мысалы, ағылшын тіліндегі дәстүрлі оқыту.

Педагогикалық жүйедегі жаңашылдық
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдаы қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдірді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты , денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу-ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны- мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшенуі керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.



Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.

Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.

Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыруы керек.

Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады.

Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалынып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба түрлері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, т.б ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады.

Инновациялық үрдісті жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерінің маңыздылығы Н.Горбунова, М.Кларин, А.Лоренсов, М.Поташник, П.Пидкасистый, Л.Романова, В.Загвязинский, А.Найн, Т.Шамова, О.Хомерики, Н.Юсуфбекова және т.б зерттеулерінде қарастырылған. Осыларға сүйене келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері мен түрлерін көбіне жаңашылдық не инновациялық деп атайды.

«Инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасалмаған. Ш.Таубаева мен К.Құдайбергенова берген анықтама бойынша «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже- жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. ХVII ғасырда Я.Коменскийдің жасаған сабақ жүйесі, А.Макаренко және В.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері, С.Лысенкованыңоза отырып оқыту әдістері, М.Жанпейісованың модулдік оқыту технологиясы, т.б жаңалықтары, ой-идеялары қазірде қолдануға тиімді болып отыр.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдау жасасақ бұл ұғымның түп-төркінін белгілі бір уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтуға болады. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып инновцияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселелерін қарастырады. Н.Апатова, М.Поташник, В.Ляудис, т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабылеттілігіне ерекше көңіл бөледі. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті- енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы- мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептеуге болады. Білімнің ағартушылық жүйесінде нысанның динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл мұғалім арасында қарама-қайшылық туындатады.

Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Қысқасы, еліміздегі атаулы мектептерде / лицей, гимназия, т.б/ жекелеген инновациялық ізденістер бар болғанымен ғылыми негізде жүйеге түспеген. Олай дегеніміз, көптеген жерлерде жаңашылдықтың атын өзгерту, яғни педагогикалық қызметтің берілу мазмұны мен формасына аздап өзгеріс енгізу деп түсіну салдарынан оның негізгі ішкі мәнінің ашылмауы көрініс тауып отыр, Ал инновация дегеніміз: белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс емес пе.

Жаңа педагогикалық технологиялар
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:


  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып, орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рөліне мән берілуде;

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу;

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері « педагогикалық технология» терминін енгізді. « Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (В.Беспалько).

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагокикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын-ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту / тірек сигналдарын пайдалану арқылы/, Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модулдік технологиясы мен В.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.Занков, Д.Эльконин, В.Даыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады.



  1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі.

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.

Л.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін-өзі емін-еркін сезінеді, оның

әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.

Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасында жаңаша қарым- қатынастың

іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес

оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.

Д.Эльконин мен В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның

субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-

танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты

дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша

әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан

танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік

жүйенің басқа бөліктерінің де / мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының/

өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін

төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.


  1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап

етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту

әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі»

деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз

байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен

білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.


  1. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері- оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат- оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталдылығы, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  2. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдаоы оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:



  • қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

  • әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

  • оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

  • параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

  • мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б .

Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді / мұғалімнің қалауы бойынша/ төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет