Бағдарламасы «Практикалық психологияның қазіргі кездегі мәселелері»


Интеллектің даму деңгейін диагностикалау



бет4/4
Дата27.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#6109
түріБағдарламасы
1   2   3   4

5.2. Интеллектің даму деңгейін диагностикалау

(ШТУР толык айтканда: Школьный Тест Умственного Развития)



Мақсаты: 8-11 сынып окушыларының интеллектуалдык дамуын багалау.

Бұл тест бірнеше субтестерден түрады және балалардың интеллектуалдык дамуын бірнеше рет аныктауга арналган варианттары бар.



5.3. Интеллектуалдык кабілетін зерттеуге арналган Айзенк тестілері

Интеллектуалдык кабілетілігін зерттеуге арналган Айзенк тесті ceгiз субтестерден тұрады. Олардың бeceyi адамның жалпы интеллектуалдык даму деңгейін багалауга арналган: лингвистикалык, математикалык, техникалык, дизайн, көркем-бейнелі жэне көрнекі-логикалык ойлау көрсеткіштерін багалау үшін, ал үшeyi - арнайы кабілеттерінін даму сатысын зерттеуге арналган. Субтестердің әркайсысы жске-дара орындалады, немесе барлык тапсырмаларды орындау фрагментарлык түрде жургізіледі.

5.3.1. Лингвистикалык кабілетті аныктауга арналган Айзенктің сөздік (вербалдык) субтесті

Мақсаты: жас өспірімдерден бастап үлкендерге деінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектті және шыгармашылык қабілетін зерттеу.

Вербалдык субтест сөздік интеллектіні немесе логикалык ойлау процесін зерттеуге арналган.



5.3.2. Математикалық кабілетін аныктауга арналган Айзенктің әдістемелік субтесті

Мақсаты: жас өспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің логикалык ойлауын, математикалык және шыгармашылык кабілеттерінбагалау.

5.4. Интеллектуалдық икемделікті (лабильділікті) аныктау әдістемесі

Мақсаты: Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бip әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуга кабілеттілікті зерттеу.

5.5. "Сан катарлары" әдістемесі (математикалық ойлауды бағалау)

Мақсаты: математикалық ойлаудың логикалык аспектілерін зерттеу, математикалық кабілеттін көрініс беруін аныктау. Тестің балаларга және үлкендерге арналган варианттары бар.
Тақырып 6. Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін зерттеу әдістемелері

6.1. Темпераменті зерттеуге арналган Айзенк тесті

Бұл тесті орта сынып окушыларынан бастап ересек адамдарга дейін колдануга болады.



Мақсаты — баланың темпераментін және эмоционалдык тұрактылыгын (нейротизмнің көрінісін) аныктау.

6.2. Темперамент аныктауға арналган Я.Стреляу тесті

Мақсаты — темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-тендігін аныктау. Тестке «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріледі.

6.3. Балалар агрессиясы мен акцентуациясын зерттеу

Балалар агрессиясы мен акцентуациясы бірнеше түрде көрініс береді. Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жагдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар. Олар ересек адамның жеткіншектергс әлі бала деп карайтын көзкарас сакталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен карым-катынас жасауга себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп койган талабы олардың арасындагы карым-катынасындагы талас-тартыстар мен кайшылыктардың кезі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың кырсык мінез көрсетуі, үлкендердің талабына карсы шығуы, дөреклік көрсетуі аркылы белгі береді.

Психологиялык кызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлыгында осы ауыткулардың орын алуына карсы алдын-алудың (профилактикалык жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін накты аныктап алу кажет. Оны аныктау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалган және бұл мәселені зерттеуге кеңінен колданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

Гипертимдік тип

Лабильдік тип.

Сенситивтік тип.

Шизойдтық тип.

Эпилептоидтық тип.

Тұрақсыз тип.

Астено-невротикалық тип.

Демонстративтік тип.

Циклоидтық тип.

Аффекті – экзальтациялық тип.



6.4. Жеткіншектер акцентуациясын аныктау (Шмишек тесті)

Мақсаты — акцентуация көрініс беруін аныктап, оның түрін және күшін бағалау.

6.5. Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі)

Мақсаты — бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін аныктау.

6.6. Кеттелдің 16-факторлык тесті (балаларға арналан қыскартылған варианты)

Мақсаты жеке тұла ерекшеліктерін 16 биополярлык көрссткіштерді (факторларды) талдау аркылы аныктау.

Кеттел жасаган 16 факторлык тест адамның кісілік касиеттерін көптеген біp-бipiмeн байланысты көрсеткіштер кемегімен багалауга мүмкіндік беретін әдістемеге жатады. Оның үлкендерге және жеткіншектер мен жас өспірімдерге арналган варианттары бар



6.7. Пиктограмма әдістемелері

6.7.1. "Отбасы суреті' әдістемесі (бастауыш сыныптарга арналган)

Әдістеме типі: психодиагностикалык, проективтік. Авторлары - Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захаров, Р.Берне, С.Кауфман т.б.

Мақсаты: отбасында калыптаскан карым-катынас ерекшелктерін аныктау.

Жүргізу тәртібі:

1. өз отбасының суретін сал.


  1. Отбасындагы адамдардың өз жұмыстарын орындап жатканын сал.

  2. Отбасындагы адамдардың жағдайларын өзінің ойындағы, қиялындағы көріністеріне байланысты сал.

  3. өз отбасындағы адамдарды таңғажайып жануарлар, табиғатта жоқ жануарлар бейнесімен суреттеп сал.

5. өз отбасындағыларды метафора, символикалык бейне
аркылы көрсет.

6.7.2. «Отбасы суреті» проективтік тесті (орта сынып окушыларына арналган)

Мақсаты: баланың отбасындагы ата-аналарымен және туған-туыскандарымен карым-катынас ерекшеліктерін аныктау.

1-тапсырма: "Өз отбасыңның суретін сал". 30 минут



2-тапсырма: "Отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті орындайтын тірліктерін жасап жатканын сал".

3-тапсырма: "Өз отбасынды өз ойында калай бейнелейтініңді көрсет".

4-тапсырма: "Отбасы мүшелерінің барлығын табиғатта жок деп бейнеле".

5-тапсырма: "Отбасыңның ерекшеліктерін бейнелейтін бip метафоралык, символикалык суретпен көрсет"

6.7.3. "Табиғатта кездеспейтін жануар" әдістемесі

Әдістеме типі: психодиагностикалык, проективтік. Авторлары — Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захаров, Р.Берне, С.Кауфман т.б.

Мақсаты: отбасында калыптаскан карым-катынас ерекшеліктерін аныктау.

6.7.4. "Менің отбасым кешқұрым" әдістемесі (орта буын және жоғары сыныптарга арналған)

Мақсаты: баланың отбасындағы карым-катынасын және статусын диагностикалау.
Тақырып 7. Мектеп психологы іс-қағаздары

Мектеп психологының іс-қагаздарын жургізу қажеттілігі. Мектеп психологы жұмысын жоспарлау. Жоспар түрлері. Психологиялык қызметтщ жылдык, жоспарының үлгісі. Апталык, жэне күнтізбелік жоспарлар үлгісі. Психологиялык зерттеулер нәтижелерін тipкey құжаттары.

7.1. Мектеп психологының ic-кагаздарын жургізу кажеттілігі

Халык ағарту жүйсіндегі психологиялык кызметтің кажеттілігі дәлелдеуін талап етпейді. Психологиялык кызмет аркылы мектепке кабылданган баланың окытуга даярлыгы аныкталады. Барлык сынып окушыларының психологиялык карточкаларында оның жеке тұлғалык даралык даму ерекшелктері аныкталып, кыска мінездемелер жасалады. Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауыткуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шараларын ұйымдастырады.

Мектеп ұжымында кездесетін психологиялык проблемаларды өтініш түсінуіне байланысты психологиялык кеңес бepiп, шешу жолдарын аныктауга өз үлесін косады.

Психолог өз кызметін ұйымдастырганда баланың жан-жакты және үйлесімді дамуына жагдай жасауды кездейді. Окушылар мен окытушыларды психологиялык жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық дефектологиялык кызмет түрлерімен тығыз байланысты ұйымдастырады.

Психологиялык кызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификациясы бар болуы кажет. Оныц дәлелі ретінде арнайы жогары оку орнының дипломы немесе даярлык курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы кажет.

Психологиялык кызметті жургізу барысы, әр ic-шараларды өткізу уакыты алдын ала жоспарланганда гана, психолог з жұмысын талаптарга сай ұйымдастыруга мумкіндік туады. Сондыктан мектеп психологы көптеген ic кагаздарды уакытында, талапка сай жургізуі керек. Олардың үлгілерін М.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шыгарган. Сол үлгіге суйенс отырып әр мектеп және баска мекемелер психологі өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында колданылатын құжаттарды жасап алуы керек.



7.2.Мектеп психологы іс-кагаздарының тізімі

  1. Мектеп жұмысына негіз болып отырган такырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары;

  2. Психологиялык кызмет багыттарын көрсететін жалпы жоспар;

  3. Мекеме басшысымен бектілген бip жылга арналган күнтібелік жоспар;

  4. Психологиялык кызмет көрсету кабинеті жоспары;

  5. Айлык немесе апталык жұмыс жоспары;

  6. Диагностикалык материалдар картотекасы;

  7. Бастауыш сынып окушыларын зерттеуге арналган психодиагностикалык альбомдар.

  8. Психодиагностикалык әдістемелер жинактары;

  9. Психологиялык кызмет көрсетуге сұраныстар журналы;

  1. Кенес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту ic-шараларын тіркеу журналы;

  2. Өткізілетін сабактардың кыскаша жоспары және багдарламасы;

  3. Психологиялык түзету жұмысында колданылатын аудиоматериалдар;

  1. Кабинет паспорты, мүлкітер мен кқұралда тізімі;

  2. Жылдык есеп.

7.3Мектеп психологы жұмыстарын жоспарлау

Психологиялык кызмет жоспары календарлык және күнделікті түрлерде түзіледі. Календарлык жоспар жарты жылдык немесе оку жылын толык камтитын болуы мумкін.

Жоспар негізгі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімшде психологиялык кызметтің багыттары, өткен оку жылындагы жургізілген жұмыстар нәтижесі, психодиагностикалык зерттеу барысында аныкталган проблемасы бар балалармен жургізілген жеке түзету-дамыту және топтык коррекциялык жүмыстардың нәтижелерінс кыскаша сипаттама беріледі.

Жоспардың екінші бөлімінде мектептің профиліне байланысты жасалган жылдык жоспарына сүйене отырып келе жаткан оку жылында психологиялык кызметің алдына койылган максат пен міндеттер накты көрсетіледі.

Календарлык жоспар күрделі жұмыстар такырыбын камтиды. Мысалы, психодиагностикалык минимумдарды жургізу мерзімдері аныкталган, түзету-дамыту шаралары, семинарлар жэне конференциялар такырыптары накты көрсетілген және басқа барлық күрделі іс-шаралары, семинарлар және конференциялар тақырыптары нақты көрсетілген және басқа барлық күрделі іс-шаралар тізімін толық қамтитын болуы мүмкін. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жылдық календарлық жоспарды келесі үлгі бойынша жасап шығуға болады.


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет