Бағдарламасы практикалық тапсырмалар жинағы Касенова А. А. Өскемен қаласы, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата26.10.2023
өлшемі2,54 Mb.
#188364
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Scratch нұсқаулық құрал


Кіріспе 
«Scratch» программалау ортасы бастауыш сынып пен орта буын 
оқушыларына арналған визуалды нысанаға өз беттеріңізше шығармашылық 
жобалар 
жасай 
отырып, 
программалаудың 
алғашқы 
сатыларын 
меңгересіздер.
«Scratch» бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның 
эмблемасы – кішкентай Scratch (орысша – царапка, қазақша – тырнауыш) деп 
аталатын мысықтың баласы. Scratch – мультимедиялық жүйе. Тілдің 
операторларының көп бөлігі анимациялық және бейне эффектілер құруға, 
дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8 – 16 
жас аралығындағы оқушылар құрастырылған болатын. Бірақ қазіргі таңда 
программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін 
қолжетімді әрі қызықты.
Жобадағы кейіпкерлердің суретін салу, оны қозғалысқа келтіру, дыбыс 
қосу тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен ата – аналардың өзін еліктірері сөзсіз. 
Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері Scratch программалау 
ортасын компьютерлік сыныптарда қандай да бір объектінің моделін жасау 
барысында дәрісте қолдану үстінде.
Программалау ортасы барлық деңгейде ұтымды пайдаланылуда.
«Scratch бағдарамасы» мұғалімге көмекші құрал болып табылады. 
Сонымен қатар нұсқаулықта жобалық жұмыстар ұсынылады. Жобалық 
жұмыстарды сіздер программалардың көмегімен шағын және күрделі 
жобалар жасауды және оларды қорғауды үйренесіздер. 
Әр бөлімде қызықты мәліметтер мен ойындар құруды терең меңгеруге 
бағытталған қосымша ақпараттар жинақталған.



Scratch программасының интерфейсі 
Scratch – бұл жуырда пайда болған бағдарламалау ортасы, кіші және 
орта мектеп жасындағы оқушыларға ойындар, фильмдер, анимациялық 
оқиғаларды және тағы да басқа құруға мүмкіндік береді. Scratch 
бағдарламасы Лего конструкторында сияқты түрлі-түсті кірпіштерден түрлі 
объектер құрылатындай, объекті-бағдарланған ортада түрлі-түсті командалар 
блогынан «құрылады». Scratch-те бағдарламаның құрылуы стектердегі 
графикалық блоктардың қиылысу жолдарынан пайда болады. Оған қоса, 
блоктар тек синтаксистік дұрыс конструкцияларға ғана қиылысады, бұл қате 
жіберуді болдыртпайды. Түрлі типті қорлар блоктардың түрлі формаларын 
қамтиды, олар өз кезегінде объектердің өзара үйлесетіндігін / 
үйлеспейтіндігін көрсетеді. Бағдарлама іске қосылғанның өзінде оған 
өзгертулер енгізуге болады, мұндай қасиет есепті шешу барысында жаңа 
ойлармен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Қарапайым командаларды 
орындау нәтижесінде күрделі модель құрылады, оның ішінде түрлі 
қасиеттерге ие көптеген объектер өзара қарым-қатынас жасайды. Жоба 
Scratch-те құрылғаннан кейін оны http://scratch.mit.edu/ сайтында жариялауға 
мүмкіндік бар.
Бұл ортаның басты ерекшелігінің бірі ол тегін таратылатын 
бағдарламалық өнім болып табылады, осылайша, кез-келген оқу мекемесі 
интернет желісінен бағдарламаны жүктеп, жаңа бағдарламалау ортасында 
жұмыс істеуге кірісе алады.
Бағдарлама интерфейсі балаларға әзірленген және жасалған, сондықтан 
ол максималды интуитивті түсінікті болып келеді. Бағдарламаның ортасы 
қалай ұйымдастырылғанын көрейік. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін 
келесі түрге ие болады (Сурет 1). 
Сурет 1. Бағдарлама интерфейсі 



Басты облыс (Сурет 2), бұл, әрине, сахна (ол экранның оң жақ бөлігінде 
орналасқан). Оның үстінде жобаның нәтижелері көрсетіледі. 
Сурет2. Сахна 
Сахнаның үстінде бір нәрсе болу үшін, спрайттарды құру керек
(Сурет 3), яғни визуалды динамикалық объекті; ол үшін арнайы батырмалар 
қолданылады (Сурет 4).
 
Сурет 3. Спрайттар 
Сурет 4. Жаңа спарайттарды құруға арналған батырмалар 
Ең бірінше батырма суреттерді салып, жобаға кірістіру үшін арналған 
графикалық редактор. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет