Бағдарламасы практикалық тапсырмалар жинағы Касенова А. А. Өскемен қаласы, 2019 ж


  Графикалық редактордың сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата26.10.2023
өлшемі2,54 Mb.
#188364
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Scratch нұсқаулық құрал
Газиз, 10 класс КСП ЕМН

Графикалық редактордың сипаттамасы 
Егер сіз кез-келген шрафикалық редактормен таныс болсаңыз, онда 
Scratch-тегі редактормен қалай жұмыс ісиеу керектігін түсінесіз. Онда келесі 
әрекеттерді орындауға болады:

объекттің өлшемін өзгертуге, оны сағат тілінің бағытымен және оған 
қарсы бұруға болады, объектті тігінен және көлденең айналдыруға болады; 

дайын объектті өзгерту үшін оны импорттауға болады; 

жұмыс алаңын түгелдей тазартуға болады; 

іс-әрекеттерді жоюға және қайтадан қайтаруға болады; 

сурет салу үшін қылқалам немесе геометриялық фигураларды (эллипс, 
сызық, тіктөртбұрыш) қолдануға болады; қылқалам және сызықты 
пайдаланған кезде олардың қалыңдығын таңдауға болады, эллипс және 
тіктөртбұрыш контур немесе іші боялған облыс ретінде пайдалана алады

элементтерді өшіргішпен өшіруге болады; 

түсті таңдап, онымен облыстарды құюға болады; құю тегіс немесе 
градиентті бола алады; 

текстпен жұмыс істеуге; 

суреттің облыстарын орын ауыстыру үшін немесе көшірмесін жасау 
үшін белгілеуге болады; 

фон түсін орнатуға болады; мысалы, градиентті құю кезінде бұл өте 
маңызды; 

сонымен қатар суреттің өлшемін өзгертуге болады. 
Барлық құрылған нәрселер спрайттар бетінде көрсетіледі, ол бетте 
спрайттардың біреуін түзету үшін таңдауға болады. Әрі ағымдағы спрайт 
туралы ақпарат скриптерден кейінгі экранның ортаңғы бөлігінде көрсетіледі 
(Сурет 5). Бұл өріс белгілі бір спрайттың әрекетін сипаттау үшін арналған. 
Сурет 5. Скриптер өрісі 
Үстіңгі өрісте бетбелгілер бар (Сурет 6). Олардың көмегімен 
скриптерді көру мүмкіндігінен спрайттардың мүмкін түрлерін (суреттерін) 



көруге және осы спрайтпен байланысты дыбыстарға өтуге болады. Таңдалған 
спрайт туралы қысқаша анықтама: аты, ағымдағы сурет, координаттары, 
бағыты және тағы да басқа жоғарыда орналасқан (Сурет 7). 
Сурет 6. Бетбелгілер 
Сурет 7. Спрайт туралы қысқаша анықтама 
Бұл аймақта 
деген батырма орналасқан, ол спрайтқа немесе 
дыбысқа тышқанның оң батырмасын басу арқылы шақырылады, ол өз 
кезегінде спрайтты немесе дыбысты бөлек файл ретінде сақтауға мүмкіндік 
береді. 
Атап кететін жайт, скриптер визуалды суреттер мен дыбыстар сияқты 
әр спрайттың құрамдас бөлігі болып табылады. Тұтастай алғанда бүкіл 
жобаға қатысты ортақ атрибуттарды сахнаға біріктіруге болады: оған қоса 
онда өзінің скриптері, суреттері және дыбыстары бола алады. 
Скриптерді құрған кезде блоктар палитрасы қолданылады, ол экранның 
сол жақ бөлігін қамтиды (Сурет 8). Оның үстінгі бөлігінде қажетті 
командалар тобын таңдайтын 8 түрлі-түсті батырмалар орналасқан: қозғалыс 
(движение, Сурет 9), келбет (внешность, Сурет 10), дыбыс (звук, Сурет 11), 
қылқалам (перо, Сурет 12), бақылау (контроль, Сурет 13), сенсорлар 
(сенсоры, Сурет 14), сандар (числа, Сурет 15), айнымалылар (переменные, 
Сурет 16). Таңдалған топтың командалары таңдалған терезенің астыңғы 
бөлігінде көрсетіледі. 
Сурет 8. Блоктар палитрасы 


10 
Сурет 9. Қозғалыс Сурет 10. Сыртқы бейне
Сурет 11. Дыбыс Сурет 12. Қылқалам


11 
Сурет 13. Бақылау Сурет 14. Сенсорлар
Сурет 15. Сандар Сурет 16. Айнымалылар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет