Бағдарламасы «Салыстырмалы психология»



бет1/5
Дата27.11.2016
өлшемі0,97 Mb.
#2624
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-05.01.20.55/03-2012

№ 2 басылым орнына № 3 ----------

беттің -сі






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05.01.20.55

/03-2012


ПОӘК Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы «Салыстырмалы психология»

№ 2 басылым орнына №3

----------------------------



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Салыстырмалы психология» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(050503 «Психология» мамандықтарына )


ОҚУӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2012




Алғысөз

1.ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.

Хаттама № 1 “___28___” ____08______ 2012ж
2.ҚАРАЛДЫ


    1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №__1____”_28_»____08____ 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С
2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №__1____”_05_»____09____ 2012 жыл


Төрағасы _______Г.Григорьева
3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды



Хаттама №__1____”_13_»____09____ 2012жыл
Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев


Мазмұны:

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

  5. Студенттің өздік жұмысы


1.Глоссарий

Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.

Белсенділіктің органикалық жүйесі- жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.

Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Генотип ағзаның генетикалық конституциясы немесе барлық гендер жиынтығы.

Даму - анатомиялық, физиологиялық, әлеуметтік, рухани аспектілердің бір қарқынмен сандық және сапалық жағынан өзгеруі.


Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Морфология- форма, құрылыс дегенді білдіреді.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Сенсорлы-сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Тропизмдер –жүйке жүйелері бар жануарлардың кеңістіктегі бағдарлауға қажетті қозғалыстар

Таксистер - қарапайымдылардың кеңістікті бағдарлаудағы қажетті қозғалыстар

Физиология- ағзаның, оның жасушалары, мүшелері мен функционалды жүйелердің қызметі жайлы ғылым.

Филогенез- жануарлар тәртібі мен психиканың тарихи дамуының қалыптасу үрдісі.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фенотип – сыртқы ортаның әсері барысында онтогенезде дамитын барлық белгілер жиынтығы.

Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.

Эмбрионалдық- құрсақтағы, туғанға дейінгі кезең.

Ювенильді –ойын кезеңі.

Қоян біздің байқауымызша «қоян» атауы да оның басты кемшілігі – қорқақтық, үрейілдің қасиетіне байланысты айтылса керек. Жалпы Туба тілінде: Хоюган – қорқақ, үркек деген мағынаны береді.

Жолбарыс – жыртқыш аң. Оның атауы түсіне, тұлғасына сәйкес сәйкес алған. Аң терісі жолақ сызықтармен, шапшаң, өзіне сенімді жабайы жануар болып келеді. Ол қауіпті және жыртқыш аң қатарына жатыды. Сонымен бірге ол ашулы, қатал, азулы, сан аңның бірі болып табылады.
Мысық үй жануары. Ойнағанды ұнататын, жыртқыш аң тәріздес болып табылады. батыл, шапшаң, жылуды сүйетін жануар. Оның дене пішіні жолбарыс тәріздес болғанымен бойы 4-5 есе кішкентай.

Құлын – жан-жануарлар әдетте өз атауын түсіне, іс-әрекет қозғалысына, бітім-болмысына байланысты. Мысалы, «көгершін» өз атауын түсіне, ал «көкек» өзіне тән өнеріне қарай меншіктелгендігін білдік. Дәл сол сияқты жылқы түлігінің жас төлінің «құлын» болып аталуы да оның бойындағы шапшаңдық, ойнақылық тәрізді қасиетіне байланысты. Басқа ірі төліне қарағанда жылқы төлі өте тез, ширақ, шапшаң қозғалады. Ал Якут тілінде «холдон», «пысық», «ойнақы» деген сөздер орнына қолданады. Тіліміздегі құлынды дүниеге тудырғанда осы сөз дейміз.

Акула мұхит пен теңізде кездесетін үлкен жыртқыш балықты тек қазақ тілі ғана емес, басқа түркі тілдері мен орыс тілдерінде де осылайша айтады. Осыған қарағанда түркі тілдеріне басқа бір тілдер ауысып келген деген жорамал айтуға тура келеді. Ондай тіл – парсы тілі болса керек. Бұл тілде: «акул - абыр», «тоймайтын», «қанағатсыз» деген мағыналарда қолданылады. Шын мәнісінде, акуланың жыртқыштық қасиеті басқа балық атаулыға қарағанда анағұрлым басым. Осы қасиетіне байланысты «акула» атына ие болған сияқты.

Бура түйе малының екі түрі бар: бірі – айыр (екі өркешті), екіншісі жалғыз өркешті (нар). Айыр өркешті түйенің еркегін – бура, ал нар түйенің еркегін илек деп атайды. Бура атауы да оның өзіне тән мінез-құлқына байланысты пайда болған. Монгол тілінің бірі – бурятарда «бураа» сөзі «құтырған» мағынасын береді. Шынында да, айыр түйе еркегі көктем кезінде еліреді. Ашуланып ызаланады. Қазақ тілінің өзінде де «бур» түбірлес сөзбен берілетіндігін батыр жырынан да кездестіреміз: «бауыры қанды, бурсалды, мұздай темір құрсанды». Сөйтіп, «бура» - егілу, құтырудың ертедегі дыбыстық тұлғасы.

Үкі – жапалақ тектес құс. Екі шекесінде құлаққа ұқсас қауырсыны тікірейіп тұрады. Ертеде үкі қауырсынын қыз-жігіттер тақияның, бөріктің төбесіне сән үшін тағып жүрген. Монгол тілінде «yhэn» сөзі «түк», «қыл» мағынасында қолданады. Екі шекесінде тікірейіп тұрған қауырсынына орай «yhэn» кейінірек қазақ тілінде өзгеріске ұшырап «үкі» болып қалыптасқан.

Түйекейбір тіл деректеріне қарағанда, малдың бұл түріне тағылған «түйе» сөзі алғашқы атауы емес екендігі аңғарылған. Парсы тілінде осы тұлғалас «даббэ» сөзінің 3 түрлі мағынасынан көреміз: 1. салт мінуге арналған үй жануары. 2. жүк артатын жануар. 3. жануар мұнда «даббэ» сөзі тікелей «түйе» мағынасында қолданылмайды. Осыларды еске алсақ, өте ерте кезде жалпы үй жануарларын «даббэ» деп аталғандығы байқалады. Бертін келсек, көбінесе жүк артатын жануар түрі біреу ғана болған «деббэ» сөзі соған ғана меншіктелген сияқты. Сөйтіп, қазіргі тіліміздегі «түйе» сөзі алғаш жүк артатын малдардың жалпы атауы «даббэ» тұлғасының өзгерген түрі болмақ.

2 Дәрістер
1. Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері

Жоспар


1.Салыстырмалы психология пәні мен ғылыми зерттеу объектісі.

2.Салыстырмалы психологияның пайда болуын онто және филогенезде даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, көріністерін эволюциялық даму тұрғысын зерттеу.


Салыстырмалы психология тарихында қарастырғанда жануарлар психикасы мен эволюция психикасын зерттеу. Бұл бөлімде адамдар мен жануарлардың психикасын салыстырмалық аспектілерін зерттейді.Теориялық жоспарда барлық адамдар мен жануарлардың салыстыру психикасын және адам пайда болған мәселелерін зерттейді. Ал эксперименталды зерттеулерде адам мен жануарлардың психикасырың жақындығы мен айырмашылығын қарастырады. Сонымен қатар адам мен жануардың психикалық ерекшеліктері байқалынды. 1.Адам деңгей дамуы мен адамға дейінгі салыстырмалы зерттеу тарихы мен негізгі бағыттары. 2.Жалпы эволюциялық психика теориясы мен адам санасының пайда болуы.

2.1.Философия

2.2.Биология

2.3.Психология

3.Психикалық бағыттарды жүргізілген салыстырмалы психологияны зерттеу.

Ч.Дарвин жұмыстарында филогенез психикада жалпы заңды эволюция әрекеті негізделді.(салыстырмалы жоспарда инстинктивті регуляция анализ даму іс-әрекет, эмоция және т.б.).Бұл периодтан кейін адам мен жануарлардың психикасы жалғастырушылық идеясы жалпылай мойындалды,бірақ әліде айтыс- тартыс болып жатыр, 2 шеткі жақындық бар және оларды осылай сипаттауға болады.

1.адам мен басқа жануарлар психикаларының арасындағы шектеулердің жоғалуы.

2.адам мен басқа жануарлар психикасының арасындағы алшақтығының тереңдеуі.

Бұл жақындықтардың ішінен біріншіден міндеттерін айырады, яғни зерттеу алдында қойылатын адам мен жануарлардың психикасырда жалпы ерекшеліктерін анықтайды және олардың сапалық айырмашылықтарын корсету.

19ғасыр аяғы мен 20ғасыр салыстырмалы психология теория дамуы 3 бағыт көрсетеді. Жалпы психикалық эволюцмя психика теориясы мен адам санасының пайда болуы, психологиялық зерттеу жүргізеді, психологиялық құрылым бөлімінің дамуына қатысты теорияны ұсынады.

2.Эволюциялық психика мен адам санасының пайда болу туралы теория ұсынғанда таңдаған сипаттамалар болады.Зерттеуде бұл мәселеге байланысты.Толық білімі сияқты психика қарастырды. Жалпы мына зерттеу үшін психика анализне бүтін жақындық және эволюцияда оның дамуы,психика функциясын ерекшелену, эволюциялық процес фактор сияқты бүтінде психика функциясы регуляциясында субъективті объективті өзара әрекет. Бұл жақындықтарға үнемі психика анықтамасы табылады,яғни ол жалпы қасиетін, сапалық ерекшеліктерімен анықтайды.

Адам психикасының пайда болуын психика даму заңды процесс ретінде қарастырады. Адам психика өзі сапалы жаңа филогенетикалық деңгей дамуын көрсетеді.Келесі бағыттарды көрсетуге болады. Адам санасының пайда болуына байланысты.

Философия. Ежелгі дәуірде адам мен жануарлардың айырмашылығы жанында болады. Ең анық көрсеткен Аристотель, жануарлар жаны материалды және де жануарлар тек сезе алатын ағзаларда болды. Кейін стоиктердің зерттеуі бойынша туа(инстинктивті) қабілеттер жануарлар мен адам әрекетінде және өмір барысында әрекеттік формалары реттелінеді.

Биология. Биологияда психиканы эволюциялық процесс фактор ретінде қарастырылады. Бұл идеяларға пікірлерін ұсынғандардың ішінде Ч.Дарвин өз пікірін жеткізе алды. Бұл зерттеу адам пайда болуы ұсынады. 19ғ.ғ басында психика эволюция фактор ретінде қарастырған. А.Н.Северцов, В.А.Вагнер, кейінірек жалпы биологиялық аспектілерде бұл идеяларды Б.П.Мантаейфель, С.И.Левушкин және т.б.дамытты.

Психология. Психологияда теориялық жақындықтар психика дамуы адам санасының пайда болу анализдері көптеген болды. Зерттеулердің көбісі психика анықтамасына, оның функциясына, құрылымына және даңгейін қарап зерттейді.

Эволюция психика мен адам санасының пайда болуы және де жалпы заңдық және механизмдік процестерді өзінді теориялық міндеттер ретірде А.С.Выготский, Н.Н.Ладыгина-Котс т.б.жұмыстарында көрсетілді.

3.Әрбір теориялық бағыттарда және психологияда анықталған ой пікірлер болды, яғни адам мен жануар психикасының айырмашылығы туралы негізгі бағыттар жалпы методикалар, міндеттер, мақсаттарына тәуелді болды. Биховиоризмге адам мен жануар психикасының айырмашылығы сапасынан қарағанда санның сапасы туралы көп. Бұл санның сапасының айырмашылығы (шындық, күш, жылдамдық т.б.) кеңейеді және қиындатады. Субъект ортамен байланысын,адам психика айырмашылығын сипаттайды. Салыстырмалы зерттеуде бөлек психикалық процесстер мен механизмдер оның реттеулерге және т.б үлкен орын алады. Психоанализда биологиялық тамырына қатыстылығы әдеп- мен қабілеті. Классикалық жұмыстарда Фрейд инстикт түсінігін антикалық философияға өте жақын. Жалпы адам мен жануарлар үшін тума қызығушылық қанағаттанушылыққа қанағаттану болып табылады. Гештальт психологияда 20ғ. басында адам мен жануарлар қабылдау мен саналы тапсырманы орындауын салыстырып зерттеген. Бұл зерттеулер салыстырмалы психологиялық бағытқа антогенез адам интелект дамуы мен жануарлар интелект зерттеу қарастырды. В.Келердің экспериментті шимпанземен, тауықтармен, иттермен және балалармен вербалды даму деңгейіне дейін оған негігі теориялық қалыптастыруын көмектесті.

Зоопсихилогияда салыстырмалы зерттеу басты орын алады. Классикалық американдық зоопсихологиялық мектепті адам мен жоғарғы және төменгі деңгейдегі жануарлардың айырмашылық зерттейді. Қазіргі уақытта басқа елдерде психология бағыты жоғарғы психикалық қабілетті жануарлардың және адам психикасын салыстырып зерттеу жүргізілді. Психологиялық құрылым дамуы теориялық ұсыныстарға байланысты. Салыстырмалы психологияда көбінесе психика механизмдері мен функциялары зерттелінді. Эксперименталды зерттеуді теориялық концепция анықтамасымен бірге келесі бағыттарды қарастыруға болады.

*эволюция дамуында психикалық процесстерді әртүрлі деңгейде салыстырмалы зерттеу.

*антогенезді адам мен жоғарғы жануарлар салыстырмаларын зерттеу.

*әртүрлі эволюциялық деңгейде антропогенетикалық белгілер әсіресе психиканы салыстырмаларын зерттеу(жануарлар психикасы мен адам психикасы)

*полеопсихология (антропогенезде психика дамуын зерттеу)



Салыстырмалы жан-жануарлардың әрекетін, адамның адам болғанға дейінгі эволюциялық психологиялық дамуын зерттейді.

Салыстырмалы жалпы психологияның бір бөлімі. Зоопсихология-ға дейінгі қызығушылықтың өсуі әсіресе соңғы кезінде жан-жануарлар-ға экспериментік тәжірибенде мен зерттеу жұмыстары мен творчестволық ойлаудың дамуына байланысты. Зерттеушілер жан-жануарлардың тәртібін зерттеумен қоса зоологиялық таксондарды амеба мен шемпонзені жатқызды.

Салыстырмалы психологияның міндеті адамның санасын қалыптасуын түсіну үші сол сананың қайдан бастаудан белгілеу. Оны білу үшін жануар-лардың әр кезіндегі психикасының қалыптасуын оқу керек, оның эволюциясын тегін т.б. білу керек.

Салыстырмалы адам психикасына қалыптасуын дамуына негіз болды. Психикалық процестің эволюциялық дамуын ғылыми түрде айтылып көрсетіледі. Жетілу кезеңдері бір клеткалы жабайын организм көп жасушыға дейін олардың ерекшелітері қарастырылады.Нерв жануар адам жүйесінде орналасу ерекшеліктері қызметі. Жануарлар психикасының дамуы онтегенздеген.



Салыстырмалы пәні әр түрлі топқа жағатын жан-жануарлардың нейробиологиялық механизімі, специофизикалық ерекшеліктері олардың белсенділігі қарастырылады. Соның ішінде психикалық эво-люцияның даму заңдылықтары, әртұрлі биологиялық түрлердің психикалық ықтималдың спектірлерді салыстыру.

Этология пәні жан-жануарлар ерекетің координацияланған сыртқы белсенділігі зерттелінді. Іс-әрекеттер аяқталған болды. Этологияның зерттеулері тәртіптің қалыптас қан формаларын олар психикаға сүйінбейді.

Салыстырмалы зерттеу әдістері.

1. Малдың тіршілігін мінез-құлқын бақылау табиғат пен қарым-қатынас.

2. Бақылау әдісі арқылы малдың әрекетін білу ортаға бейімдең түрі.

3.Тәжірибелік эксперимент жасау, жай құрылдан кибернетикалық.

4. Қосалқы әдістер (әңгіме т.б.)

5. Практикалық проблемаларды зерттеу.

1. Адам кез-келген қоғамда жан-жануарлар кезденді.

2. Homo sapiens деген мен қарым-қатынас жасаймыз, яғни поза ( ишира, инт) ым-шара. Hоmо taber (іс әрекет үстімдегі адам) Ноmo ludens ( ойнайтын адам) Ноmo loguens ( сөйлейтін адам)

Салыстырмалы психологияның даму тарихы:

Эпикур, Лукреций жан-жандар «жанның бастауы» бар деді. Жанның бастауы материалитсік деді.

Сократ жан-жануарлар мен адамның универсалды «ақыл парасат» бар. Жан тән мен қосылып сезімдікке әсер етеді де өздерінің қимыл әрекеттерінде еліктеумен құмырлыққа бағыттанған.

Платон жан-жануарлар тәртібімен қымил қозғалысы еліктеумен анықталады. Бұл инстингке анықтамаған алғаш қадам.

Аристотель өлмейтің «ақыл парасат» жаны дегенді енгізді. Ерекше құдай тәріздсе жанға енеді. Аристотель жан-жануарларды бақылау арқылы қорытынды жасайды. Мысалы: құмырсқалардың белсенділігі сыртқы факторларға байланыстылығын анықтайды. Жан-жануарлар дыбыстың байланысын әсіресе көбею кезеңі. Аристотель тұңғыш рет жан-жануарлар тәртібін де мінез-құлқы туралы нұсқаулар кезделді. Мысалы: жаңа туған баланы анадан айыруы олардың өнең айтуы бөлек. Содан шыққан қорытынды өнең айтуға деген қабілеттілік табиғат сиы емес пе. Бұл жаңағы түрін индивидуадық үйретумен еске сақтаумен байланысты.

Стоиктар мектебі ең алғаш рет инстингтуралы түсінікті қарас-тырды .

«Хризипп» инстингті мақсат түрде туа біткен жан-жануарлар қимыл қозғалысына зиянды және қалыпты әс-әрекеттерден аулақтыратын тәртіпті айтады. Осыған байланысты хризипп былай дейді: «Егерде үйректің балапандарың тауқ басып шықса, оларды су тартып кетеді. себебі: одан тамақ алады. Аралардың сотылардың салуы инстингті тәртіпке жатады». Хризипп бойынша жан-жануарлар осындай іс-әрекеттерді жасайды ондаақыл парасат болады. Ол өзінің іс-әрекеттерін түсінбей жасайды таза біткен білімнің арқасында.

Сенека кіші жан-жануарлар туа біткен білім зиянды. Мысалы: жыртқыш аңдар. Сенека жан-жануарларды ақыл парасат ойлау қабілеті бар дегенге қарсы шығады.

ХVІІІ ғ. жан-жақты дамуына көзқарас.

Ж.О.Ламеттри жан-жануарлар инстингісі қимыл-қозғалыстарды өзінің тәжірибесінде ойлауына байлыныссыз қолданды.
2. Салыстырмалы психологияның даму тарихы.

Жоспар:


  1. Жануарлар психикасы мен адам психикасының пайда болуы жөніндегі біілімдердің даму тарихы

  2. Психика эволюциясының теориялық негіздерін қалау.

Жануарлар психикасы мен адам психикасының пайда болуы жөніндегі біілімдердің даму тарихы барлық психологиялық ғылыммен тығыз байланысты, өйткені салыстырмалы психология іргелі психологиялық мәселелерді шешеді: психиканың анықтамасын, оның туындауы және эволюциядағы дамуын, адамның сана-сезімінің пайда болуын. Әлем туралы басқа да білімдер сияқты жануарлар психикасы жөніндегі білімдер екі негізгі көзден тарайды: ол тұрмыс тәжірибесі (ғылыми емес білімдер) және арнайы ұйымдастырылған ғылыми зерттеулер. Білімдердің екі түрінің де өз ерекшеліктері бар, олар бір-бірін толықтырып, әртүрлі кезеңде әртүрлі қатынас пен байланыста болуы мүмкін. Бір жағынан, адамның шаруашылық өмірінде әлемнің қасиеттері туралы әртүрлі сұрақтар туындап, ғылыми білімдердің дамуын ынталандырады. Екінші жағынан, адамның тұрмыстық сана-сезімі ескішіл және шектеулі болады, кейбір жағдайларда ғылыми жаңалықтарды бірден қабылдауға дайын болмауы мүмкін. Қазіргі заманда білімтанудың екі жолының да дамуы байқалады: ғылым тарапынан адамзаттың практикалық тәжірибесіне сыйластық көрсетіліп дұрыс көңіл аударылуда, ал жалпы білім деңгейінің жоғарлауы және адам тәжірибесінің кез келген саласында арнайы білім болуының қажеттілігі ғылыми білімдерге ынталандырады.



Тұрмыстық (ғылыми емес) білімдер адамның шаруашылық тәжірибесі және табиғатта жануарлар тәртібін қадағалау негізінде пайда болды. Бұл білімдердің өте көне тарихы бар. Көне заманда, Homo Sapiens sapiens (150 000 жыл бұрын туындаған саналы адамның тұрпаты) адам жануарлар психикасын зерттей бастады және де сол жануарлармен бірге әрекетті жасау үшін екі негізгі мақсатты (аңшылық, мал шаруашылық) қадағалады. Бірінші мақсат суреттер мен салттық аң аулау рәсімдерінен алынған тәжірибе арқылы жүзеге асырылды. Мұндай аң аулау рәсімдерінің элементтері неандерталдықтарда (қазіргі заман алдындағы Homo Sapiens тұрпаты) кездеседі. Кейін аңшылыққа дайындалған кезде аңшылар өздерін жануарларға ұқсас суреттеп, олардың қимылдарын келтірген. Мұндай іс-әрекеттер адамға жануарлар өмірі мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Екінші мақсат (өз психикасын тану) алғашқыда тотемдік ұғымдарда ұсынылған. Адам өзін тотеммен салыстырып, сыртқы келбетін, қимылдарын, дауысын сол жануарға келтіріп, сондай ой-ақыл, ерлік т.б. қасиеттеріне үйренген. Мұндай тәсілдер осы күнге дейін шығыс практикасында адам жаны мен тәнімен жұмыс жасауында кездеседі.

Ғылыми білімдер бас кезінде жалпы философиялық ғылымдармен бірге қаралып, кейін бөлек ғылым болып ресімделді. Салыстырмалы психология ХІХ ғасырдың ортасында ғана бөлек ғылымға айналды. Жануарлар психологиясы мен адам психологиясы екі бағытта жүргізілді: философия (адам психикасының пайда болуы, психика анықтамасын белгілеу) және жаратылыстану (эволюциялық дамудың қозғаушы күштері, адам мен жануарлар тәртібін реттеу, антропогенез). Бүгінгі таңда салыстырмалы психология екі бағыттың синтезі ретінде қаралып, жалпы және жеке мәселелер қойылып, әртүрлі теориялық тәсілдер мен эксперименттік зерттеу әдістері қолдануда.

ІІ. ХVII – ХІХ ғасырларда философияда

адам және жануарлар психикасы жөнінде түсініктің дамуы.

Бұл кезеңде психология әлі де философия құрамында дамып, жаратылыстану Орта ғасырлар қараңғы заманынан кейін жаңа ғана ояна бастады. Философтар алдына ең басты адамның сана-сезімі мен адам тұрмысы проблемалары тұрды; психиканың пайда болуы мен дамуын олар осы позициядан қарады. Философтар адам психикасын әлем құрылысының жалпы жүйесінде зерттеді, психикалық құбылыстардың туындауын материяның жалпы заңдылықтары негізінде зерттеді. Психика эволюциясын талдау мақсатында ең маңызды ұғымдар Р.Декарт (Франция, 17 ғ.), Б.Спиноза (Голландия, 17ғ.) және Г.В.Ф. Гегельдің (Германия, 18-19ғ.ғ.) еңбектерінде берілген.



Р.Декарт адамның жаны мен тәнін екі бөлек санаған. Адам тәні тек рефлекс арқылы қимылдап, организм сыртқы әсерге осылай жауап береді деп санаған. Жануарлар тәртібі осымен түсіндіріледі. Ал адамның тәнінен басқа жан дүниесі бар. Р.Декарт жануарларды тірі машина ретінде түсінген. Декарт идеялары психология ғылымының адамның сана-сезімі мен тәртібін зерттейтін бөлімдерге бөлінуіне бастама берді.

Адамның жаны мен тәнінің бірлігі жөніндегі тезисті Б.Спиноза ұсынды. Спиноза ұсынған ойлаудың ұғымы психиканың қазіргі ұғымымен түйіседі: жанды тән ойланатын тән болып табылады, адамның сана-сезімі тәннің іс-қимылдарын бағыттап отырады. Адамның ойлауға қабілеті түрлі үш тұрпатта дамиды: сезімталдық, интеллект және интуиция. Спинозаның философиясы мен психологиясы адам психикасы білімдері дамуына және сонымен қатар бірдей заңдылықтарға бағынатын психика механизмдері жөніндегі білімдердің дамуына зор әсерін тигізді.

Психиканың туындауы мен эволюциясы жөніндегі аса маңызды философиялық ұғымдар Г.В.Ф.Гегельдің еңбектерінде көрсетілген. ХХ ғасырдың ортасында марксистік-лениндік философия Гегель ілімінің дамуына кедергі келтіріп, Гегель философиясы Ресейде қабылданбады. «Қызмет» ұғымын негізгі орталық ұғым ретінде пайдаланып, Гегель психика дамуының философиялық және онтогенетикалық заңдылықтарының бірлігін көрсетті.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет