Бағдарламасы «Салыстырмалы психология»


ІІІ. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстану



бет2/5
Дата27.11.2016
өлшемі0,97 Mb.
#2624
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

ІІІ. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстану

ғылымындағы жануарлар және адам психикасы туралы түсінік.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстануда эволюциялық идеялардың дамуы жануарлардың психикалық ерекшеліктері талдауында негізделді. Француз және ағылшын ғалымдары орталық ұғым ретінде жануарлардың бейімделу тәртібінің пайда болуын қарастырды. ХVІІІ ғ. Ж.Ламетри әртүрлі жануарларды зерттеп, олардың инстинктті іс-әрекеттерінің биологиялық бейімделуі жөнінде және жабайы жануардан адамға дейін күрделі дамуы жөнінде пікірін білдірген. Э.Кондильяк инстинкт пен машықтарды салыстырап, инстинкттер уақыт өткен сайын дағдыға айналуын көрсетті. Ш.Леруа қарама-қарсы көзқарасын білдірді: қайталанатын қимылдар нәтижесінде туындаған инстинкттен адамның ойлау қабілеті аса түседі. Леруа адамның машықтары тұқым қуалау нәтижесінде дағдыланады деген пікірді білдірді.

Ең көп таласпікірлер жануарлардың ойшыл қабілеттері мәселесі бойынша қаралды. Ж.Бюффон жануарларда ойлау қабілеті жоқ, ойлау қабілеті тек қана адамда болуы мүмкін деп санаған. Бюффон еңбектерінде жануарлар психикасын объективті зерттеу негіздері салынған.

18 ғ. аяғы - 19 ғ. басында жануарлардың ойшыл тәртібі мәселесі бойынша эксперимент зерттеулері өткізілді. Бұл мәселе бойынша ғалымдар Ф.Кювье, Ж.Б.Ламарк, Мәскеу университетінің профессоры К.Рулье еңбектенді. К.Рулье инстинкттерді сыртқы орта әсерінен пайда болатын бейімделген реакциясы деп санаған. Инстинкттер жануарлардың алған тәжірибесі нәтижесінде өзгеруі мүмкін және бұл құбылыстар кейінгі тұқымға тапсырылады.

Салыстырмалы психологияның дамуына Ч.Дарвиннің еңбектері көп үлес қосты. Ғалым салыстырмалы-психологиялық зерттеулердің ғылыми нұсқасын «Адамдар мен жануарлардың сезімдері жөнінде», «Инстинкт» және тағы басқа еңбектерінде ұсынды. Бұл еңбектер осы күнге дейін пайдалануда. Дарвин ілімінде инстинкттер мен ойлау қабілеттері адамдарда да , жануарларда да бар, бірақ адамда олар жоғары деңгейде болады – бұл адамның жануарлармен салыстырғанда айрықша қасиеті.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психология бөлек ғылым ретінде ресімделіп, ең басынан жануарлар психикасы жөніндегі және салыстырмалы-психологиялық зерттеулерге айрықша орын бөлініп, психологиялық ғылымның іргелі бағыттары негізінде қаралатын болды.


IV. ХІХ-ХХ ғ. басында салыстырмалы психологияның қалыптасуы.

ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында жануарлар психикасымен және салыстырмалы психологиямен айналысатын психология ғылымының негізгі бағыттары қалыптасты – эксперименттік психология, бихевиоризм, зоопсихология, салыстырмалы психология. Сонымен қатар салыстырмалы-психологиялық зерттеулер үлгілі психологиялық бағыттардың шеңберінде (гештальпсихология, психоанализ, психофизиология) және басқа ұйқас ғылымдардың жүйесінде (жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, зоология, антропология) өткізілді.

ХХ ғ. аяғында психологияда аса назар теориялық түсініктерге аударылды, адам мен жануарлар психикасы жөніндегі өз әдістемелерінде негізделген басты ғылыми бағыттар қалыптасты.

Психиканың негізі мен эволюциясы жөнінде жалпы теориялық түсініктер Г.Спенсер (Англия ХІХ-ХХ ғ. басы) еңбектерінде берілген. Спенсер психиканы эволюцияның жалпы құбылыстары мен заңдылықтары қатарында зерттеген, органикалық емес, органикалық табиғат пен психика дамуының заңдары бірлігін негіздеді. Оның зерттеулерінде бұрыңғы және сол заманның философтары мен жаратылыстанушылардың диалектикалық идеялары талдап қорытылды. Психика эволюциясын ол дара нысаннан күрделі нысанға жақындау қырынан зерттеді. Дара сезімдерді Спенсер психика бірлігі деп санаған.

Адам психикасы жануарлар психикасынан сапалы түрде ерекшеленеді, адам психикасы ойлау қабілеті және жігермен сипатталады. Психиканың негізгі мақсаты – ішкі қатынастардың сыртқы ортаға бейімделуі. Гегель концепциясында негізделген сезімталдықтың пайда болу идеясы орыс физиологы мен психологы И.М.Сеченовтың зерттеулерінде сүйеніш тауып, ал кейін А.Н.Леонтьевтің ілімінде психика эволюциясының негізгі концепциясы болып табылды.

ХІХ ғ. аяғында жануарлар психикасы мәселелерімен У.Джеймс және У.Мак-Дугалл сияқты белгілі психологтар айналысты. Олардың еңбектерінде жануарлардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жөнінде салыстырмалы деректер бар, инстинкт, импринтинг мәселелері қаралды. Бұл зерттеулер жануарлар психикасының эксперименттік зерттеулерінің дербес бағытқа бөлінуінің басын бастады.

Бас кезінде жануарлар психикасының эксперименттік зерттеуі Англияда

(Э.Л.Торидайк) және Америкада өткізілді (Р.М.Йеркс, Дж.Б.Уотсон, К.С.Лешли). Бұл елдерде мысықтар, иттер, приматтар, сабауқұйрықтар, құстар, балықтар, құрт-құмырсқалар, тіпті дара клеткалы организмдерге салыстырмалы-психологиялық зерттеулер өткізілді. Зерттеулерде нақтылы эксперименттік әдістер ұсынылды: проблемалы клетка, лабиринт, адам тәрізді маймылдардың еңбек құралдарымен пайдалану әдістері қолданды.

ХХ ғ. басында бұл жалпы бағыт екіге бөлінді: біреуі үйрету (дағдыландыру)

процесін объективті зерттеуімен айналысып, кейін бихевиоризмге айналды

(Дж.Б.Уотсон, 1913), ал екіншісі салыстырмалы-психологиялық бағыт ретінде дамыды (Р.М.Йеркс, В.Келер, У.Гамильтон, Г.Харлау).

Э.Торндайктың үйрету теориясын және жануарлар мінез-құлқын объективті зерттеу жөніндегі Дж.Б.Уотсонның прнциптерін негізге алып, бихевиористтер «ынта-реакция» формуласын пайдаланып, жануарлардың ішкі субъективті әлемін зерттеудің пайдалы еместігін көрсетті. Бұл бағыттың одан арғы дамуы бастапқы парадигманы қайта қарау қажеттілігін тудырды.

Нақтылы салыстырмалы психология зерттеулері Америкада белсенді өткізіліп психика дамуына зор үлесін қосты. Р.М.Йеркстің жоғары саналы маймылдармен өткізген эксперименттері және ол ұйымдастырған бірінші приматологиялық орталық бұл жануарлар интеллектін, олардың онтогенездегі дамуын, әлеуметтік мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын зерттеуге көп мүмкіндіктер берді.

Йеркс ғылымда алғашқы рет горилла, шимпанзе және орангутанның «ақыл қабілеттерін» 20-дан астам көрсеткіштері негізінде салыстырмалы зерттеулерін өткізді. Нью-Йорк қаласының психологтары тобы өткізген жануарлар психикасының жеке даму заңдылықтарының зерттеулері қазіргі психологияда «даму психологиясы» деп аталатын жүйелі бағыттың қалыптасуына бастама берді.



V. ХХ ғ. шет елдерде салыстырмалы психологияның дамуы.

Психологиялық бағыт.

Жануарлардың мінез-құлқын зерттеу жұмыстарын жалғастырып, бихевиоризм және оның жаңа бағыттары жануарлардың үйрену дағдыларымен бірге ой қабілеттерін де зерттеді. Жануарлардың көптеген түрлері зерттелді: омыртқасыз жануарлар, сүтқоректілер, құстар, приматтар. Бұл зерттеулердің толық суреттемелері Р.Хайнд, Р.Шовен, Д.Дьюсбери, О.Меннинг, Д.Мак – Фарленд еңбектерінде берілген.

Салыстырмалы-психологиялық зерттеулер Р.М.Йеркс бастаған дәстүрлерді жалғастырып, антропоидтердің жоғары психикалық қабілеттерін зерттеуіне бағытталады. ХХ ғ. бойы бұл зерттеулер маймылды адамға «тарту» жолымен жүргізілді. В.Келер «шимпанзе адам дерлік» деп айтса, ал Н.Н.Ладыгина-Котс «Шимпанзе адам дерлік емес, ол мүлдем адам емес» деп сендірген.

Шетелдік психологтар жоғары маймылдардың күрделі психикалық қабілеттерін анықтауын мақсат етті.

Сондықтан олар бірінші кезекте маймылдардың антропогенетикалық маңызды қабілеттерін зерттеді: ақыл-ой қабілетін (В.Келер, Д.Румбо, Д.Гиллан), еңбек құралдарын жасап қолдану қабілетін (В.Келер, К.Паркер, Ю.Летмат), жасанды белгі құралдарын меңгеру (К.Хейс, Л.Келлог, В.Келлог, Д.Премак, Д.Румбо, Е,Сэведж-Румбо, Ф.Патерсон, Р.Гарднер), сана-сезім белгілерін (Д.Гриффин, Г.Галлуп) зерттеді.

Биологиялық бағыт.

Жануарлар мінез-құлқын түсіндіретін көптеген деректер мен идеялар жоғары жүйке қызметі физиологиясын зерттеуінде, этология және антропологияда берілді. Жоғары жүйке қызметі физиологиясында дәстүрлі салыстырмалы әдістері және адам физиологиясын жануарларға келістіру әдістері қолданды. Бұл саладағы зертеулер И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, Е.И.Соколовтың зерттеулеріне сәйкес келеді.

ХХ ғ. басында туындаған этология ғылымы (К.Лоренц, Н.Тинберген) жануарлар мінез-құлқын зерттеуіндегі ең басты ғылымға айналды.

ХХ ғ. салыстырмалы психологияның дамуында ерекше орынды антропология алды. ХХ ғ. антропологияда көптеген революциялық жаңалықтар ашылды, еңбек ету және еңбек құралдарымен пайдалану, сөйлеу, өнер, есеп жүргізу, әлеуметтік және отбасылық қатынастардың пайда болу концепциялары ұсынылды. Палеонтологиялық зерттеулер (Л.Лики, Д.Джохансон, И.Иди, К.Лавджой, Р.Фоули), табиғатта жүргізілген бақылаулар (Дж.Шаллер, Дж.Ван Лавикк-Гудолл, Д.Фосси, Дж.Маккинон),

жасанды жағдайдағы жануарлардың өмірі (Х.Хедигер, Дж.Эрвин, Б.Харрисон, Т.Майпл, В.Липперт), Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда өткізілген зерттеулер (Б.Галдикас) көптеген қызықты деректер беріп, психологтар арасында біздің ең жақын эволюциялық туыстарымыздың психикалық қабілеттері жөніндегі түсініктерге басқаша қарауға мүмкіндік берді.

VI. ХХ ғасырда Ресейде салыстырмалы психологияның дамуы.

Психологиялық бағыт.

Жануарлар психикасын және адамның сана-сезімінің пайда болу мәселесі бойынша зерттеулер ресейлік ғылымда жалпы психологияның әдістемесі шеңберінде өткізілді. Бұл бағытта еңбек еткен зоопсихологтар (В.А.Вагнер, А.Н.Северцов, Н.Н.Ладыгина-Котс) және «адамшыл» психологтардың (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев) зерттеулері нәтижесінде салыстырмалы психология дербес ілімге айналып, психологтарды оқыту мемлекеттік стандартына енгізілді. Жалпы ХХ ғ. Ресейде салыстырмалы психологияның дамуында төмендегі бағыттарды айрықша атап кетуге болады: психика эволюциясының теориялық негіздерін қалау; Мәскеу, Ленинград және Грузия психологиялық мектептерінің салыстырмалы-психологиялық зерттеулері, зоопсихологиялық бағыт.


Психика эволюциясының теориялық негіздерін қалау.
ХХ ғ. басында белгілі орыс зоологы В.А.Вагнер жазған бірқатар әдістемелік еңбектерінде жануарлар психологиясы бойынша ілімдердің талдауы жасалып, салыстырмалы-психологиялық зерттеу әдісінің негіздері берілді.

Ленинград университетінің салыстырмалы психология және зоопсихология профессоры В.А.Вагнер ресейлік салыстырмалы психологияның әдістемелік негіздерін қалаушысы болып саналады. Ғалым жануарлардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, инстинкттерін зерттеп, олардың ақыл қабілеттеріне толық талдау жүргізген.

Осы кезеңде Мәскеу университетінде еңбек еткен белгілі эволюционист А.Н.Северцов психика эволюциясының өзекті мәселелерімен айналысады. «Эволюция және психика» атты еңбегінде А.Н.Северцов психика маңызын эволюция факторы ретінде негіздеді және жануарлардың қоршаған айнала құбылыстарына бейімделуінің екі түрін анықтады:

1) жануарлар құрылыстарының баяу өзгерістері

2) қоршаған айналаның құбылыстарына жедел бейімделуі

Жануарлардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарының мұндай өзгерістері психикамен ретке келтіріліп отырады.

Психика эволюциясы және адам санасының пайда болу теориялық мәселелерінің қалауына Л.С.Выготский зор үлесін қосты. «В.Келердің кітабына алғашқы сөз», «Адам тәрізді маймылдар интеллектін зерттеу» атты еңбектерінде Л.С.Выготский жоғары саналы маймылдардың, дара адам және жас баланың интеллекті жөніндегі деректерді талдады.

Бұл еңбектерінде Л.С.Выготский салыстырмалы-психологиялық әдісті «маймылдың мәдениетті адамға дейінгі» жолын түсіндіру үшін пайдаланады.

Ресейлік салыстырмалы психология ғылымының қалыптасуы ХХ ғ. көрнекті ғалымы Н.Н.Ладыгина-Котс есімімен байланысты. Н.Н.Ладыгина –Котс психика эволюциясының теориялық негіздерін қалап, инстинкттердің бір-біріне бейімделу жөнінде және үйрену мен ойлау қабілеттерінің эволюциясы жөнінде түсініктердің негіздерін қалады. Ғалым жануарлардың ойлау қабілеті деңгейлерін ұсынды: көрнекі-ұтымды, көрнекі-көркемді ойлау және сөйлеу арқылы ойлау. Н.Н.Ладыгина-Котс дүние жүзінде алғашқы болып шимпанзе баласы мен адам баласына жүйелі түрде салыстырмалы зерттеулерді өткізді.

Психика эволюциясы теориясының әрі қарай дамуын А.Н.Леонтьев жүзеге асырды. Л.С.Выготскийдің шәкірті, ол А.В.Запорожец, А.Р.Луриямен бірге психиканың пайда болуы және дамуы мәселесімен айналысты. А.Н.Леонтьев теория жүзінде және эксперимент нәтижесінде психика эволюциясының дамуы концепциясын негіздеді, психиканың даму кезеңдерін ұсынды (негізгі еңбектері: «Психика дамуының очеркі» 1947ж., «Психика дамуының өзекті мәселелері» 1972ж., «Психика эволюциясы» 1999ж). А.Н.Леонтьевтің шәкірттері К.Э.Фабри, С.Л.Новоселов, Н.Н.Мешкова, Г.Г.Филиппова психика эволюциясы жөніндегі теориялық түсініктерді ғылыми зерттеулер негізінде қалыптастыру жұмыстарын жалғастырды.


Салыстырмалы-психологиялық бағыт.
Мәскеу мектебі.
Мәскеу психологиялық мектептің өкілдері Н.Н.Ладыгина-Котс бастап кеткен дәстүрлерін жалғастырып, көбінесе адам мен маймыл психикасын салыстырмалы түрде зерттеді. Л.И.Анцыферова Павлов мектебі дәстүрінде жануарлар интеллектін адамның ойлау қызметімен салыстырды. А.Я.Маркова, В.С.Мухинаның еңбектерінде приматтардың мінез-құлқы байқалып, олардың сурет салу қабілеті балалар қабілеттерімен салыстырылды. С.Л.Новоселова приматтар мен балалардың ойлау қабілеті мен ойнау қабілетін салыстырды. Г.Г.Филиппова орангутандардың ақыл қабілеттерін зерттеді және философия мен онтогенездегі психика дамуының салыстырмалы зерттеулерін өткізді. Бүгінгі таңда көп себептерге байланысты жалпы зерттеулер көлемі жеткіліксіз болса бұл саладағы жұмыстар жалғастырылуда.
3 . Инстинктивті тәртіп пен үйренуді қазіргі заман тұрғысында түсіндіру жолдары

Жоспар


1.Эволюциялық даму теориясына дейінгі жануарлардың мінез-құлқы жайындағы көзқарастар: Ж.О.Ламетрий, Э.Б.Кондильяк, Т.Ж.Леруа /18ғасыр/

2.Инстинкті мінез-құлықтың ішкі және сыртқы детерминанттары.

3.Инстинкті мінез-құлықтыңқұрылысы.

4.Инстинкті мінез-құлықтың психикалық ерекшеліктері


Психика сыртқы ортаның біздің жүйкеге әсер етуінің идеалдық бейнесі. Тітіркену барлық тірі организмге тәж. Объективтік заттың организмге бейнелу үшін ол заттың қасиеті болу керек. Организмге бейнелену организм қажетіне байланысты . Психиканың дамуының негізгі сатысы сезгіштік «семеорлық». Оның кезеңдері төменгінің төменгісі ең жоғарғысы. Тітіркену бейтарап . тітіркендіргім барлық организмде бірдей олар пайдалы және пайдасыз болады. Жоғарғы сатылы айырықша орналасқан қимылға тән яғни биотикалық организм. Тітіркену сыртқы ортаға жауап береді.

Белокты молекулалық күрделі қосындысы коацеватор . Белоктың ерекшелік қасиеті сыртқы әсерге жауап қайтарады. Бұл жауап физикалық механикалық болуы мүмкін. Белоктардың күрделі организмдердің өзіне керектеріне жауап қайтару, керек еместеріне бейтарап болу яғни бұл тітіркену. Тітіркену неорганикалық материяның жабайы қасиеті. Неорганикалық тану органикаға ауысады. Яғни қасиеті күрделінеді. Бұнда ассимиляция мен дессимиляция жауап қайтарады. Яғни керек емеске жауап қайтару кезінде белоктың қасиеті өзгереді. Сезгіштік органикалық материяда болады. Сенгіштік тітіркену және сезімге белгіленгкн. Бұл жоғарғы сатылы қасиет. Бұл психикаға байланысты. Сенгіштікте белсенділік болады тітіркенудісыртқы орта өзіне бейімдейді. Мысалы: өсімдіктің күнге қарауы, ылғанды жерге тамырын жіберуі т.б. тек ғана тітіркену арқылы жүреді.

Биотикалық «тіршілік» ортаға бейімделу тітіркену организмді ерекеттік жағдайға итермелеу ол сыртқы ортаға байланысты. Тітіркену барлық органикалық организмде бірдей емес. Өйткені олардың құрылысы әртүрлі. Тітіркенудің түрлері көп.

Психикалық даму процесі екі түрге бөлінеді.

1.Тітіркену: температуралық, жарықтық, темпералық «термомотропизмдер», химиялық «химотропизм», сәуле он «гелиомотропизм» химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық.

Тітіркену арнаулы объектілерге жауап қайтарудан турады. Жауап қайтару сыртқы ортадағы заттың қасиетіне байланысты.

Тітіркену органикалық ең жабайы организмге (амеба, инфузория туфелькасы т.б.) тән.

Homo sapiens туралы ғылымдар.

Антропология адамды ерекше биологиялық түр ретінде қарастыратын арнайы ғылым. Адамды зерттеуге байланысты барлық ғалымдар кешенін тек қана антропологиямен байланыстырған өткен ғасырға қарағанда қазіргі антропология ғылымы антропогенез мәселелердін және адамның уақыт пен кеңістіктегі типін зерттеуде өз пәнінің шеңберін біршама шектеді. Я.Я. Рогинский мен М.Г. Левин кеңестік ғылымда биология облысы сияқты, тарих пен антропология саласы болып табылатын этнография мен археологияның қатаң бөлінуі қалыптасқанына назар аударады.

Антропология адам мен ол тұқымдастың тууын және эволюциясын, физикалық ұйымдасуын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының саласы. Антропология міндеті – адамның түпкі атасы бағынған әлеуметтік заңдылықтар мен биологиялық заңдылықтардан ауысу процесін бақылау.

Я.Я. Рогинский мен М.Г. Левин мұндай қатаң шектеу басқа шетелдерде (Англия, Френция, АҚШ т.б.) қалыптаспағанын айтады. Көптеген шетелдік ғалымдар антропология құрамына этнология, әлеуметтік және мәдени адамның дамуы салаларын енгізеді. Кейбір шетелдік ғалымдар адамның мінез-құлқына байланысты антропология облысы сияқты «антропология» терминін қолданады. К. Бэр ең алғашқы рет антропологияның еерекше бөлімінде «адамды жануарлармен салыстыру және жануарлар әлемі жүйесінде адамдар орнын айқандауда» бөлімін белгілеуге қолданады. К. Бэрдің концепциясымен антропология антропографиядан кейін (адам анотомиясы мен физиологиясы негіздері) одан соң антропотарих жалғасты.

Қазіргі антропология құрылымына негізгі үш бөлім: адам морфологиясы (физикалық типтің және өзгергіштігін зерттейтін, жас сатыларын жаңа туған өте ерте кезінен қартайған уақытқа дейін, жыныстық диморфизмін, адамның физикалық даму өзгерісін, өмірі мен қызметінің әр түрлі жерінен), антропогенез туралы ілім (адамның ең жақын атасының табиғатының өзгеруі, ширектік мерзімде адамның өзінің де өзгеруі), приматты таңдаудан тұратын, адамның эволюциясы анотомиясы, памоантропология (аданың қазбы түрлерін зерттеуші), нәсіл тану. Бұл бөлімдердің әрқайсысының көптеген мәселелері арасында антропология облысының кейбір басты мәселелері бөлініп шығады. Мысалы, адам морфологиясы – қазіргі адамның физикалық типінің өзгергіштігінің айқын көрінуі, нақты айқындауда түр құрылымының механизмі, морфология ғылымы зерттеуінде, жеке органдар мен тіндердің, олардың азара байланысын, соматологиямен, - адам денесінің құрылысын бір тұтас – конституция ретінде немесе дене құрылысының ерекшеліктерін зерттеуші (Бунак В.В., В.В. Гинзбург, В.Н. Шевкуненко, А.М. Тесемвич, А.П. Быстрова, М.Ф. Неструх, М.С. Плисецкий және т.б. еңбектері).

Адам морфологиясы бөлімдерінің әр қайсысының жағдайының анализі көрсеткендей, қазіргі кезде, адам денесінің немесе басқа органдарының құрылысы (анатомо – морфологияның) физиологиялық, биохимиялық, биофизикалық динамикасын зерттеусіз, әрқилы өмір сүру жағдайларын зерттеу мүмкін емес. Сондықтан динамикадан жасанды құрылымды дараландыру қазіргі адамдардың ұйымдасуының соматикасын зерттеуші көптеген антропологтар мойындайды.

Физикалық тип жалпы адамның соматикалық ұйымы ретінде анатомия, физиология, адамның биофизика және биохимия сияқты жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Олардың мәліметтеріне антропологияның морфологияның бөлігіне сүйенеді.

Биологиялық түр ретінде адам тарихын жердегі биологиялық эволюцияның барлық процессімен өлшенетін мерзіммен қамтылады. Сондықтан бір жүйелі эволюциялық антропогенездің биологиялық түбірін зерттеу салыстырмалы физиологиялық және салыстырмалық психологияның адамды басқа жануарлар организімдерімен, әсіресе омыртқалылармен салыстырмалы зерттеуді талап етеді. Бір жағынан эмбриология филогенетикалық жүйенің маңызды құрылымының құралы болып, жоғарғы омыртқалылар белгілі орын алады, оның арасында сүт қоректілер, олардың отрядтарының бірін приматтар құрайды. Сондықтан биолгиялық тұрғыдан эволюцияның антропогенез ұғымдары жаратылыстану ғылымдарының үлкен тобын құрайды (жалпы биология, зоология, термология, примотология). Антропологияны примотологиядан кейін орналастыруға болады, бірақ басқада шешім қабылдауға болады, антропологияны арнайы бөлім ретінде примотологияға енгізіліп, генетикалық анализ немесе, керісінше, приматтануды антропологиялық пәндер циклімен салыстырмалы зерттеулер жасау мақсатында енгізуге болады. Бұл күрделі әр түрлі байланыстар антропологиялық зерттеулер міндеті мен айқандалады – адамды Homo sapiens – биологиялық түр ретінде зерттей отырып. әр түрлі ғылымдар арасындағы байланыс, филогенез және антропогенез мәселелерімен салыстырмалы түрде филогенездің жалпы процессінің объективті байланыстарымен айқандалады.

Адам табиғатын жалпы жануарлар әлемінің даму бейнесінің жүйесінен тысқары түсіну мүмкін емес. Дәл осылай бұл бейнені биологиялық баспалдақтың соңғы сатысы эволюцияда, жоғарғы звеносы адамсыз құру мүмкін емес.

6. Психиканың эволюциялық дамуы

Жоспар

1.Психика туралы түсінік.



2.Сана – психика дамуының жағдайы, формасы.

3.Жан-жануарлардың психикасының дамуы

Психика – психологияда кµптеген т‰сініктерді біріктіретін субъективті ќ±былыс. Психика табиѓатын т‰сіндіретін философиялыќ екі кµзќарас бар: материалистік жєне идеалистік. Бірінші т‰сінік бойынша, психикалыќ ќ±былыс µзін-µзі басќару мен µзін-µзі танып білудегі (рефлексия) жоѓарѓы дамудаѓы тірі материяныњ ерекшелігі.

Идеалистік кµзќарас бойынша, психиканыњ т‰сіндірілуінде бір емес екі бастама: материалдыќ жєне идеалдыќ. Олар бір-біріне тєуелсіз, бір-біріне тењ келмейтін, бір-бірінен шыќпайтын жеке бастамалар. Дамудаѓы байланыс жасай отыра, олар µз зањдары бойынша дамиды. Дамудыњ єрбір сатысында идеалды психикамен біріктіріледі.

Материалистік т‰сінік бойынша психикалыќ ќ±былыстар ±заќ биологиялыќ даму негізінде пайда болды. Ќазіргі уаќыт тірі материаныњ жоѓары дамуын кµрсетеді.

Ќазіргі зерттеулер ќорытындылары бойынша бір клеткалы ќарапайымдардыњ психикалыќ ќ±былысына тєн ерекшелік, соныњ ішінде: биологиялыќ мањызды деген тітіркендіргіштерге сыртќы белсенділік, ішкі жаѓдайдыњ µзгеруін реттеуге деген ќабілеттілік. Сонымен бірге µзгермелік ќабілеттілігі мен ес.

Материалистердіњ айтуы бойынша, психикалыќ ќ±былыстар жерде тіршілік болѓаннан кейін, кµп уаќыт µткеннен кейін пайда болды. Алѓашќы кезењде тіршілік иесі биологиялыќ тітіркенушілік пен µзін-µзі саќтау ќасиетіне ие болды. Ол ќоршаѓан ортамен байланыс механизімін ж‰зеге асырды, кµбейді, ±лѓайды. Кейін дамудыњ келесі сатысында оларѓа сезімталдыќ пен ‰йренуге дайындыќ ќосылды.

Жер бетінде алѓашќы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл б±рын химиялыќ, органикалыќ ќосылулардан, одан кейін ќарапайым бір клеткалы тіршілік иелері пайда болды. Олар биологиялыќ эволюцияѓа жол салды да, кµбею, генетикалыќ. ж‰ре пайда болѓан ерекшеліктерді т±ќым ќуалау арќылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерініњ эволюциялыќ µзін-µзі жетілдіру арќылы организмдерде ерекше орган пайда болды. Ол орган дамуды, тєртіпті, ќайта жањѓыртуды басќарды. Б±л нерв ж‰йесі. Оныњ дамуы мен жетілуіне орай, психикалыќ µмір с‰руге ќажетті: т‰йсік, ќабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия пайда болды.

Нерв ж‰йесініњ функциясыныњ ќ±рылысыныњ жаќсаруы психика дамуыныњ ќайнар кµзі болды. Б±л процестіњ механизіміне: организмніњ жања ерекшеліктерге ие болуы, олардыњ µзгеруіне байланысты жања органдардыњ µзгерістері, генотиптегі µзгерістер: µмір с‰руге ќажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердіњ ортаќ бейімделуі.

Дамудыњ келесі мањызды стимулы µмір с‰ру шарттарыныњ к‰рделенуі. Ол организм ќ±рылысын µзгертуге єсерін тигізеді. Д‰ниені бейнелеу ќабілеттілігі пайда болады. Ќоршаѓан ортаны жаќсырақ баѓдарлай алу ж‰зеге асты. Сонда психиканыњ жетілуіне шыњдыќ µмір єсер етті: ол тіршілік иелерінде жоѓарѓы нерв ж‰йесі мен жоѓарѓы психиканыњ бейнелеу дењгейлері болуын талап етті. Б±л т‰сініктер материалистік болып табылады.

Идеалистік кµзќарас бойынша, психика тірі материяныњ ерекшелігі, немесе оныњ дамуы µнімі емес. Ол материя сияќты мєњгілік.

Психика дамуы мен жан-жануарларда тєртіп дамуы ќалай ж‰зеге асты?

Психикалыќ бейнелердіњ даму дењгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев µзініњ «Психиканыњ даму проблемасы» ењбегінде ±сынады. Кейін оны толыќтырып, наќтылаѓан К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психологиясыныњ соњѓы жетістіктерін пайдалана отырып дєледемелер келтіреді. Сондыќтан оны Леонтьев-Фабри концепциясы дейді.


Жануарлар тєртібі мен психикасыныњ даму дењгейініњ стадиялары.

(А.Н. Леонтьев, К.Э. Фабри бойынша)

кесте 3.1.

Психикалыќ бейнелеу дењгейі мен стадиясы мінездемесі.

Аталѓан стадия мен дењгей тєртібініњ ерекшеліктері

Б±л даму дењгейіне жеткен тіршілік иелері.

1. Элементарлы сенсорлы психика стадиясы.







а) Тµменгі дењгей

Сезгіштік элементініњ примитивті элементі – тітіркенушіліктіњ дамуы.



А) Ортаныњ биологиялыќ мєнді ерекшелігіне байланысты наќты, аныќ реакцияларды ќозѓалыс баѓыты мен жылдамдыќты µзгертуге баѓыттау. Ќозѓалыстыњ ќарапайым формалары. Пластикалыќ (мєнерлі) тєртіптіњ єлсіздігі биологиялыќ бейтарап, ортаныњ µмірлік мањызы бар єрекеттерге ќалыптаспаѓан ќабылеттілік єлсіз баѓытталмаѓан ќимыл-ќозѓалыс белсенділігі.

а) ќарапайым суда тіршілік ететін кµптеген тµмењгі кµпклеткалы организмдер.

б) Жоѓары дењгей.

Т‰йсіктіњ болуы, манипуляцияныњ негізгі органы – челюсть жаќ пайда болуы. Ќарапайым шартты рефлекстерді ќалыптастыруѓа ќабілеттілігі.



Б) Биологиялыќ бейтарап тітіргендіргіштерге аныќ реакция, дамыѓан ќимыл-ќозѓалыс, белседілігі (ењбектеу, жерді ќазу, судан ќ±рѓаќќа шыѓуѓа байланысты) ортаныњ шартынан ќашќаќтау ќабілеті, жаѓымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу. Индивидуалды тєжірибе ‰йрету ролі мµлшерініњ аздыѓы. Тєртіпте негізгі мєн – ќатал туа біткен баѓдарламалар.

б) Жоѓарѓы (саќиналы) ќ±рттар, бауырмен жорѓалаушы молюскалар (±лу, басќа да омыртќасыздар)

ІІ. Перцептивті психика стадиясы.







а) Тµмењгі дењгей.

Сыртќы єрекеттерді бейнелеу. Заттардыњ образы формасында. Интеграция зат образын ж‰йелеуде єсер етуші заттарды біріктіру.



А) Ќозѓалыс даѓдыларын ќалыптастыру. Ригидті, генетикалыќ баѓдарланѓан компоненттер басымдылыќ кµрсетеді. Ќимыл-ќозѓалыс ќабілеттілігі к‰рделі жєне єрт‰рлі (с‰њгу, ењбектеу, ж‰ру, ж‰гіру, секіру, µрмелеу, ±шу т.б.) жаѓымды тітіргендіргіштерді белсенді іздеу. Жаѓымсыз (пайдасыз) тітіргендіргіштерден бас тарту, дамыѓан ќорѓаныс тєртібі.

а) Балыќтар жєне т.б. омыртќасыз жєндіктер.

б) Жоѓарғы дењгей.

Ойлаудыњ ќарапайым формалары (есеп шыѓару) «Д‰ние суретін» ќ±растыру.



Б) Тєртіптіњ жоѓарѓы инстинктивті формалары. ‡йренуге деген ќабілеттілік.

б) Жоѓарѓы омыртќалылар (ќ±стар, с‰т ќоректілер)

в) Ењ жоѓарѓы дењгей.

Практикалыќ єрекеттерде ерекше баѓдарлама-зерттеушілік, дайындыќ формаларын аныќтау. Бір шешімді єрт‰рлі жолдармен шешу ќабілеттігі. Бір рет табылѓан есептіњ шешімін жања жаѓдайѓа тасымалдау. Примитивті ќ±рал-жабдыќтарды єзірлеу жєне оны іс-єрекетке ќолдану. Биологиялыќ ќажеттілікке байланыссыз ќоршаѓан ортаны танып білу ќабілеттілігі. Практикалыќ єрекеттер мен (инсайт) себеп-салдарлыќ байланыстарды есептеу.



В) Арнайы маманданѓан органдар манипуляциясын аныќтау: табан, ќол. Тєртіптіњ зерттеушілік формаларыныњ дамуы. Оларды б±рынѓы ќабылданѓан іскерлік, білім даѓдыларымен кењінен пайдалану.

в) Маймылдыњ жєне т.б. жоѓарѓы омыртќалылар (иттер, дельфиндер)

Осылайша, біз жан-жануарлар тєртібініњ негізгі даму стадиясын ќарастырдыќ. Б±л стадияны А.Н. Леонтьев, кейіннен зоопсихологиялыќ жањалыќтар негізінен К.Э. Фабри дамытты.


7. Психика дамуының деңгейлері

Жоспар


1.Қарапайым сенсорлық психика туралы түсінік.

2. Сезімдік- тітіркену (перцептивті) психика сипаттамасы.

3.Перцептивті психика дамудың жоғары сатысы туралы түсінік

Б±л концепцияда екі стадия. Бірінші – элементарлы сенсорлы психика стадиясы – ол екі дењгейлі: жоѓарѓы жєне тµменгі. Екінші – перцептивті психика стадиясы 3 дењгейден т±рады: тµменгі, жоѓарѓы, ењ жоѓарѓы.

Перцептивті психиканыњ ењ жоѓарѓы даму дењгейіне маймыл жатады. Жан-жануарлар єрекетінде баѓдарлаушы-зерттеушілік немесе дайындыќ фазалары аныќталѓан.

1. Тєжірибе

Ит-фокстерьер. Ќожайыны итке таяќты апарып тастауды

±сынады. Ит таяќты µзініњ тепетењдігін саќтап ж‰ре ала ма деген с±раќ мазалайды.

Алѓашында ит таяќты ортасынан тістейді. Алайда б±л

ж‰руге ыњѓайсыз. Таяќтыњ бір жаќќа аууы басым, ол жерге тиіп, итке ж‰руге кедергі жасайды. Ит алѓашында б±л тапсырманы орындауѓа ќиналады, алайда бір-екі саѓаттан кейін ол шешім табады. Ол енді таяќты ортасынан тура тістемейді. (Экспримент ж‰ргізген Л. Морган)



  1. Тєжірибе (Л. Морганнан ‰лгі алѓан Э. Торндайк болды).

Жануар (Мысыќ, ит, маймыл) «проблемалы жєшікке» орналасады. Жєшіктіњ жабылатын есігі бар, жануар жєшіктен шыѓу ‰шін оны пайдалана алады. Клетканыњ сыртында таѓам ќойылады. Жануар жєшіктен шыѓу ‰шін алуан т‰рлі ќозѓалыстар жасайды. Б±л ќозѓалыстыњ бірі сєтті болып жануар жєшік есігін ашатын тетікті басып ќалады да сыртќа шыѓады. Тєжірибе кµптеп ќайталанады. Аќырында жануар есікті бірден аша алатындай, µзіне ќажетті тетікті басып, сыртќа шыѓады. Мысыќ, ит, ќораз ќайталау єдісі арќылы ‰йренуге бейім екен.

Келлер адам тєріздес маймылдарды зерттеп оларѓа интеллектуалдыќ инсайт, ќарапайым ќ±ралдарды єзірлеу ќабілеттігі бар екенін аныќтады. Ол сонымен ќоса иттерге де тєжірибе жасады.

3. Тєжірибе

‡йдіњ ќабырѓасынан 2*2м квадратты биік емес ќаќпаменбµлінген кењістік бар. Оныњ бір жаѓы ќабырѓадан 1 м. бµлінген, ќабырѓаѓа параллель ±зындыѓы 2 м жол ќалѓан. Жолдыњ бір бµлігін тормен жабады. А баѓытынан Б баѓытына итті жібереді. Онда ол біраз уаќыт таѓам жейді. Тамаќ желініп бітті, ал ит оѓан тойѓан жоќ. В жеріне жања тамаќ ќойылады. Біраз уаќыт ит ол тамаќќа ќарап ойланады да, бір кезде 180° баѓытын µзгертіп, ќаќпаны айналып , тоќтаусыз В жеріне жетеді.

4. Тєжірибе.

Шимпанзе маймылын үлкен вольерге орналастырады. Белгілі бір ќашыќтыќта тамаќ ќойылѓан. Жануар оны ќолмен ала алмайды. Алайда µзі отырѓан торда екі, ±зын емес таяќ жатыр. Жекелей єрќайсысыныњ ±зындыѓы тамаќты алуѓа жетпейді. Маймыл осы таяќтар арќылы осы тамаќты алуѓа тырысады, алайда ќайта-ќайта сєтсіздікке ±рынады. Содан кейін ол отырады да «ойлауѓа» кіріседі. Шешім аяќ асты табылады. маймыл таяќты бір-біріне жалѓастыруѓа тырысып, ±зын ќ±рал дайындаѓан сияќты. Сол таяќ арќылы ол µзіне тамаќты алуѓа тырысады.

5. Тєжірибе.

Сол вольерге тµбеге банан ілінеді. Оныњ биіктігі маймыл секірсе де ала алмайтын дєрежеде болады. Басќа єдістер арќылы да бананды ала алмайды. Басќа затты бірініњ ‰стіне бірін ќойып шыѓатындай да ќ±ралдар жоќ. Вольерде маймылдан басќа адам ѓана бар. Сєтсіз ќозѓалыстардан соњ маймыл аяќ асты адам ќасына келіп, оны ќолынан тартып, банан т±рѓан жерге жетектейді. Адам оныњ ќимыл-ќозѓалысын орындаѓан соњ маймыл адам иыѓына секіріп шыѓып, µзініњ с‰йікті асы бананды алады.


8. Салыстырмалы психологиялық синтездің қажеттілігі мен мәні

Жоспар


1.Жануарлар мен адам психикасы, олардың генетикалық туыстығы мен сапалық өзгерістері.

2.Антропогенездің алғышартына жоғарғы сүтқоректілердің дамуы мен сенсорлық функция эволюциясының мәні.


Жан-жануарлардыњ тєртібініњ интелектісін баќылау нєтижесін ќорытындылаѓан Р. Йеркс мынандай ерекшелікті аныќтайды.

  1. Жануар іс-єрекет жасамас б±рын оны бµлшектеп алдын ала зерттейді.

  2. Іс-єрекет арасында ‰зілістер, тербелістер «ойланѓан» сияќты із ќалдырады.

  3. Аќылды маќсатты баѓытталѓан жаѓдайѓа жануарлар себепсіз ќимыл ќозѓалыстар, санасыз ќателіктер мен ќайталауларды пайдаланбай-аќ пайда болѓан проблеманы шешуге дайындыќ.

  4. Егер алдыњѓы тєсіл сєтсіз болса, жања тез, бірден орындалатын шешім ќабылданады.

  5. Іс-єрекеттіњ маќсатына жету кезінде зейінді ‰немі ±стану. Барлыќ жасалатын ќимыл-ќозѓалыстардың аќылдылыѓы мен баѓыттылыѓы, аныќтау жетістікке, аяғына дейін жетуге баѓыттаушылыѓы байқалады.

  6. Іс-єрекетке жан-жануарлар ерекше жаѓдайдыњ пайда болуы жєне жан-жануарлардыњ маќсатќа жету ‰шін тез ќажетті іс-єрекет жасауы.

  7. Ќайталанѓан жаѓдайға, шешімі табылѓан проблемаларды ќайталау жењілділігі.

  8. Жаѓдайда негізгі нєрсені аныќтай алу, басќаларѓа, назар аудармай, тек сол затќа назар аудару ќабілеттілігі.

Психика дамуы туралы кµптеген кµзќарастар бар.

Антропопсихизм – Декарт есімімен байланысты. Психиканыњ пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамѓа тєн. Осылайша адамѓа дейінгі психиканыњ дамуы жоќќа шыѓарылады. Б±л кµзќарасты жаќтаушылар єлі к‰нге дейін кездеседі.

Келесі қарама-қарсы кµзќарас – панпсихизм. Яѓни табиѓаттыњ бєрі жанды.

Б±лардыњ арасында аралыќ кµзќарас биопсихизм. Психика барлыќ материяѓа тєн емес, тек тірі материяѓа тєн.

Нейропсихизм – психика барлыќ тірі материяѓа тєн емес, ол кейбір организмдерге, соныњ ішінде нерв ж‰йесі барларѓа тєн.

Материалистік психология б±л концепцияныњ ешќайсысына тоќталмайды.



Жануарлар мен адам психикасыныњ ерекшелігі, мєні.

1.Жануарлар іс-єрекеті биологиялыќ. Кез-келген затќа жануарлардыњ іс-єрекеті биологиялыќ ќажеттіліктен т±рады. Сонымен жануарларда ќоршаѓан ортаны бейнелеуде т±раќтылыќ болмайды. Жануарларѓа єр зат оныњ инстинктивті ќажеттілігініњ бµлінбес єрекет.

2.Жануарлар психикасының адам санасынан айырмашылыѓы мынада: жануарларда µзі тектестерге сыртќы объектілерге ќатынасынан айырмашылыѓы жоќ. Б±л жануарларда ќоѓам деген т‰сінік фактісі жоќ дегенді білдіреді. Кейбір авторлар жануарларда ењбек бµлінісі бар, Мысалы: ара, ќ±мырсќа т.б. атайды. Алайда б±л жєндіктерде ењбек бµлінісі жоќ, олар тек биологиялыќ факторларѓа байланысты ѓана ењбек бµлінісін ж‰ргізеді.

3.Жануарлардыњ бір-бірімен ќарым-ќатынаста «тілді» пайдалану. Єрине, жануарлар бір-бірімен ќарым-ќатынаста дыбыстарды пайдаланады, біраќ б±л адам тіліне ешќандай байланысы жоќ.


9 . Жануарлардың интеллектік мінез-қылықтары

Жоспар


1.Жануарлар интеллектісінің негізгі ерекшеліктері мен қалпы.

2.Адам тәріздес маймылдардың ойлау әрекеттері мен өзіндік ерекшеліктері. 3.Жануарлар интеллектісінің биологиялық ерекшеліктері.


Кеңес психологиясында психиканың табиғаты мен психикалық процестердің механизмін зерттеуде маркстік әдістемені қолдану, маркстік диалектиканың принциптерін игеруді талап етті, мұның өзі психологтардың ойлау логикасын қайта құру қажеттілігімен байланыста болды. Әрине бұл оңай болған жоқ, психология аппаратына маркстік түсініктерді енгізу бұрынғы психологиялық тұжырымдамалардағы психиканы дәстүрлі механикалық негізде құруға тырысатын көзқарастарды елеулі түрде қарауды талап етті, бұл кейбір ғалымдар тарапынан көптеген түсініспеушіліктер мен қарсылықтар туғызды.

Кеңес психологтарының алғашқы күш-жігері ескі психологияның идеализіміне қарсы күреске және психиканы түсіндірудің материалистік принцптерін орнықтыруға бағытталады. Психиканы түсіндірудің материалистік негізі , ең алдымен сол кезде болып кеткен, психиканы бихевиаристік интерпретациялаумен қатысты болған рефлекторлық-организм енді процестерге байланысты болды.

К.Н. Корнилов пен П.П.Блонскийдің сананы зерттеудегі идеалистік интроспекционистік көзқарасты сынауы олардың реактологиясын оң қадам жасаған кезеңі болды және бұл психиканың шарттылығын әлеуметтік факторлармен бекітті, осы арқылы бұл авторлар маркстік психологияның негізгі мәнін қарастырады. Алайда сананы қоғамдық өмірмен детерминдейтін маркстік идея тек социогенетикалық формулаға ғана айналады, онда психиканың әлеуметтік детерминациясы факторлар жиынтығының адам рефлексіне тікелей ықпалы ретінде түсіндірілді.

Л.С. Выготский психиканы іс-әрекет ретінде қарастыра келіп, психика адам сыртқы іс-әрекеті сияқты әлеуметтік құралдар жүйесі мен орындау тәсілдеріне қатысты деген қорытындыға келді.

Психикалық процестерді эксперименталдық қалыптастыру, әрине, затық әрекетті қалыптастыруды анықтайтын, заттық жағдайды жасайтын, есептер мен бағдарларды саралайтын және олардың байланыс логикасын ұйымдастыратын психолог-эксперимент жүргізушінің өзінің қатысуын жоққа шығармайды. Алайды эксперимент жүргізуші өзі жасалынған жағдайға ішінара қосылған жеке бөлік ретінде бесенді қатынасқан сайын, оған соғұрлым әректтің туу процесі аз көрінеді. Егер ол, мүмкіндікке қарай, жағдайдың объективті шартын қамтамасыз ете отырып аз қатысуға тырысты, тәжірибе жасалғандардың детерминденген белсенділіктерді, бүтіндей детерминденген жағдайдың өздігінен қозғалысы мен өздігінен ұйымдасу логиксы барынша түсінікті бола бастайды.

Психикалық іс-әрекеттің дербес қалыптасуының үшінші сәті аса кызыкты сәті болып табылады, бұл оның қалыптастырудың соңғы сатысында байқалады.Ақыл жоспарында әрекет алдымен іштей өзімен өзі үндесу түрінде "іштей сөйлеу " нысанында орындалады. Мұндай ойлау әрекеті бұрынғы сатыдағылардай субъектінің өзі арқылы бақыланады, бағытталады, құрылады және сналы бағдарлау мен ақыл-ойды талап етеді.Осындай формада жасалынған әрекет көлемі жағынан күрделі міндеттерді шешуге қатысады, жаңа психикалық және практикалық әрекеттің бағдарлаушы болігі ретінде қолданылады.

Сөйтіп, өз схемасы бойынша бірнеше рет жасалынған әрекет, автоматтанады және соған сәйкес заттық жағдайларда өз еркімен орындала бастайды. Енді өзінің құрылымын ұйымастыру үшін процесс субъекті санасының қатысуын ешқандай талап етпейді. Алғашында әрекеттің операциялық құрылымнда көрінетін заттық жағдайдың құрылымы көрінетін заттық жағдайдың құрылымы енді қалыптасқан орнықты нервтік байланыстар жүйесінде бейнеленеді. Жағдай бойынша психикалық әрекеттің қажетті нәтижесіне қол жеткізу тек физиологиялық процестердің саналы қозғалысы жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Мұндай психикалық процесс оған әрекетті бағыттайтын субъектіге қарсы тұра алмйды, керісінше психиканың терең ішкі бөлігіне, дәлірек айтқанда, тіпті субъектінің өз бөлігіне айналады.

Осылайша психикада субъект қүрған сыртқы әрекетке ұқсас психикалық процестер және оның спонтанды өтетін өздігінен қозғалатын психикалық процестері субъектінің ішкі белсенділігі нің көрінісі ретінде айқын байқалады. Мұндай процестердің өздігінен қозғалуы мен өздігінен ұйымдасуын түсінү үшін жалпы диалектикалық принцптердің өздігінен қозғалуын талдау қажет.

Әрекет өзінің детерминдейтін жағдайынан бөлінген кезінде өздігінен қозғалудың пайда болуының әртүрлі деңгейінде біздің эксперименттерімізде бір ортақ ғана көрсетіледі. Ол қозғалыстың жекелеген элементтерінің осы қозғалыстың соңғы нәтижесімен байланыстыратын ішкі айналымдардың паайда болу болып табылады.Әрекеттің нәтижесі бейне орталық энергетикалық нүкте сияқты, осы нүктеге қарай немесе оған кері бағытта ішкі қатынас процестері жүреді, бұл процестер осы әркеттің бүтін жүесін ұйымдастырды.

Әрекет қисыны дамуында осы қисын формасының жетілуін корсететін арақатынас айналымдардың пайда болуының бірнеше сәті байқалады. Жоғарыда айтылып өткендей, бірінші сәт-әрекеттің соңғы нәтижесінің бөлінуінен және мақсатқа бағытталған біріңғай қозғалыс түрінде әрекетке операцияны қабыстырудан тұрды.Тәжірибе жасалғандар әрекеттің әрбір бөлігін орындаған сайын, әлі қол жеткізбеген нәтижелерге көңіл бөлді және бағдар бойынша оның қол жетпейтін деңгейін белгілеп, әрекетің келесі бөлігіне отті. Осы арақатынс нәтижесінде әрбір операцияның орындалуын котермелеу қажет болмай қалды.

Өте күрделі айналым қисынның өзіндік ерекше дағдырысынан кейін пайда болды. Бұл жағдай әрекет нәтижесін алу тәжірибе жасаған адамның жеке мақсатының мәнін жойып, осы әрекеттің эксперимен бойынша белгіленген сапаларына қол жеткізу мақсатқа айналған кезде көрініс табады. Мұнда жоғары деңгейдегі қисын айқын критерийлердің көрінуі арқылы қамтамасыз етіледі, бұл әрекет саласына қол жеткізетін субъектімен және осы критерийлері ең ұдайы арақатынаста әрекет болатын формалары күтетін критерийлер.

Ақырында, қисын өз дамуының барлық деңгейлерінде тәжірибе жасалған адамдар қалыптастырған әрекеттердің бүтіндей әлеуметік жағдаймен, өзін-өзі тұлғалық бағалауымен, өз жолдастарының табыстарымен, өзінің топтағы жағдайымен, беделімен үздіксіз арақатынаста болуымен анықтлады.

Ең соңында тәжірибе жасалғандар әрекеттердің көрінуінің анағұрлым табиғи фолрмасын тапты, бұл форма аталған адамдарда аса күрделі құрылымдардың зерделік процестерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бірақ эксперименттер соңында бұл процестерді қасқағым сәтте орындайтын болады. Әрекеттің заттық мазмұнын берудің ең тиімді әдісі- оның түпкі мақсатынан бастап соңғы нәтижесіне дейін дәйекті еріктеуі болып табылады. Тәжірибе жасағандар әрекет нәтижесімен танысып, оның жетістігін қисынды әлеуметтік мақсат ретінде қабылдады содан кейін заттық байланыстар құрылымы бойынша мақсат мазмұнына қатысты екені анық көрінетін тек екі-үш негізгі операция шешшудәің негізгі "блоктары" ретінде бөлініп алынды. Балалар осы операцияларды орындауды бастай отырып бірден өзінің қабілетсіздіктерін байқады, сол кезде ғана оларға күрделі операциялар анағұрлым қарапайым бөліктерге айналды, яғни сол заматта үлкен операциялардың нәтижесі мен әрекеттің соңғы нәтижесі арақатынаста болды. Одан әрі күрделі бөліктер толық түсінікті болатындай бұрынғыдан да қарапайым, шамалары жетерлік бөліктерге айналды. Мысалы, әрекет жекелеген бір майда элементтерден құрылмай керісінше әуелден тұтас нәрсе ретіндегі неғұрлым жалпы да ауқымды операциялардан бөлінетін ұсақ та қызметтік элементтерге таралуы керек. Әрекет жоғарыдан төменге қарай немесе өзінен көптеген ұсақ бұтақтар таратын ағаштын ортақ діні сияқты көп деңгейлі иерархиялық пирамида ретінде өрістеді.

Содан кейін әрекеттің қалыптасуы барысында оның кері бағытта таралуы жүрді,оның үстіне тарылудың екі процесі байқалды.Алдымен материалдық зат пен бағыттарға қатысты сыртқы әрекеттің таралуы өтеді. Әрекеттің интериоризациясы нақ пирамада бойынша жоғары жүрді. Алдымен ұсақ және жәй операциялар қажет болмайды қалды, содан кейін оларды күрделі блоктарға біріктіру қажеттілігі туады. Осыдан кейін тура осындай ретпен ақыл әрекетінің тарылуы өтеді.

Алғашында тәжірибе жасалғандар "өзі жайлы" айтуды, ұсақ операцияларды содан соң күрделі операциялар орындауды тоқтатты.Әрекет өзінің бастау алған алғашқы нүктеге қарай, яғни өзінің нәтижесіне қарай таралады.

Сөйтіп әрекет өз ұйымастыруы жағын, кәдімгі функциялық жүйелерді көрсетеді, онда барлық бөліктер, алғашқы-соңғы нәтижеден өздерінің өрістеулерін бастайды. Және өзінің құрылымымен, мазмұнымен және байланыстарымен жүйе функциясы ретіндегі аталған нәтижеге бағытталатынын көрсетті.

Психикалық процестердің өрістеуі мен таралуы бізге осы психикалық процестерді іс-әрекет жүесіндегі уақытша органдар ретінде ашады. Психикалық әрекеттің өрістеуі субъектіде болатын белсенділік пен заттық жағдай мазмұнының арасындағы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылық неғұрлым үлкен болса солғұрлым бағдарлаушы психикалық әрекет жағдайды тексеруші жүйе ретінде кең өрістейді. Субъектінің бірнеше рет жасалған әрекетінің барысында заттық байланыс схемасы ашыла салысымен субъектінің өзінің құрылымында, оның ұйымдасуында нервтік байланысы бейнеленіп, психикалық процесс реакцияны реттеу функциясын реттеу функциясын автоматты механизмдер деңгейіне бере отырып, тарыла бастайды.

2. Операция генезисі және оның белгілі бір нәтижеге жету әдісі ретінде көрінуі.

Антропоиттермен жасалған эксперименттерден алынған маңызды фактілердің бірі олардың белгілі бір нәтиже алуға деген ынтасына сәйкес операцияларды құру қабілеті болып табылады. Бұл қабілет антропоид балаларын сурет салуға үйретуге байланысты эксперименттер мәліметтерімен ашық көрсетіледі. Экспериментте төрт төл қатысты екеуі 9 айлық, біреуіне 1жыл 2ай, тағы біреуіне 3,5жыл, соңғысына 4,5жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет