Бағдарламасы «Салыстырмалы психология»


Орангутандардың төлін сурет салуға үйретуге байланысты тәжірибелер процедурасының мазмұны



бет3/5
Дата27.11.2016
өлшемі0,97 Mb.
#2624
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Орангутандардың төлін сурет салуға үйретуге байланысты тәжірибелер процедурасының мазмұны.

Кішкентай үстел басында экспериментатордың тізесінде отырады, үстел үстінде қазаз және қарандаш орналасқан.

1.Еркін монипуляция барысында экспериментатор еш әрекет жасамайды.

2.Экспереминтатор қағазға бірнеше үлкен емес түзулер салып, қарындашты кішкентайдың қасына қояды. Кейін бала өз бетінше әрекет етеді.

3.Экспериментатор сурет салудың қабылданғанын демонстрациялайды кейінірек кішкентайға ауызша түрде былай сурет сал дейді. Суретті орындағаннан кейін кішкентай тәттіні алады.

Кішкентайлардың сурет салуды меңгерулері келесі кезеңдерден өтеді.

9 айлығында төл қарандашпен тек қана ойнайды,еш із қалдыруға тырыспайды. Арасында, қарандашты аузында ұстап тұрып, обьектілерге қарандашпен тисе де, оған көңіл аудармайды. Қарындашпен қалдырылған ізге экспериментатор әрекетінің негізінде оны саусағымен ұстайды, оны шымшығысы келеді.

1жыл 2айында да қарындашпен манипуляция жасау барысында із қалырады және оны байқайды. Қарындашты аузымен ұстағанда бала қағаз бойына жүргізіп көзін қылитып ізіне көз салады. Ізді сұқ саусақпен ұстайды да онымен бойымен жүргізеді. Алты сағаттан кейін қарындашты аузына ұстайды.

3,5 4,5 жас шамаларында.

Қарындашпен өз бетінше әрекет қимыл жасау барысында монипуляциялық зерттеу қарындашпен сермейді, обьектілерді ұрғылайды, нәтижесінде із қалады. Ізді бірден байқайды оны саусағымен ұстайды. Кейіннен ізді қайталауға тырысады. Ізіне қарайды қарандашпен қағаз бойына тағы да жүргізеді. Кейіннен басу күші өзгереді өте әлсіз өте күшті орташа. Қарқынды сызулар пайда болады бір бағытты жәгн жұлдыз тәрізді ұзын түзулер,қысқа сызықтар шеңберлер. Егер қағазда нүкте байқалса, ол орын сызылады.

Экспериментатор балаға із қалдыру процесін көрсету барысында ізді ұстауға тырыспайды бірден сурет сала бастайды.

Біраздан кейін кейін қарындашқа деген қызығу жоғалып кетеді.

Кейін экспериментатор жануарға белгілі бір суретті қайталауды ұсынады, оның қалай салатынын көрсетеді, оған қарындаш береді.

1.Қарқынды ұрғылау,оның негізінде нүктелер қалдыру.Жануарлар бұл әдісті бірден дұрыс,қатесіз қайталайды.

2.Үстіге астыға және солдан оңға қарай қарқынды штриховка. Қимылды бірден қайталайды, арасында көңілі нүктелерге ауып кетеді. Сурет штрихтер немесе сынған түзулер, қол қимылының бағыты экспериментатордікіндей. Экспериментатор суретіне сурет салу тенденциясы байқалады.

3.Үстіден астыға қарай бүкіл бетке орналасқан ұзын түзу.

4.Шеңбер сағат тілі бойынша салынады. Жануарлар бірден солдан оңға қрай түзу салып, оны аяғында домалақтап жібереді.

5.Сурет салу процесінің демонстрациясынсыз эксперементатордың сурет көрсетуі.Түзу вертикальды сызық көрсетіледі. Бұл сызықты әр жерінен сызады, одан басқа жүзулер жүргізеді, оған паралельді түзу жүргізеді.

6.Өз бетінше сурет салу оқытуға дейін болмаған жаңа әдістер пайда болады.

Бұл мәліметтерден басқа еркін операцияның қалыптасуын антропоиттердің күнделікті өмірін бақылау көрсетеді. Түйік түю жайында.Т.Мэйл жазған, алайда операцияларды суреттемеген, баяндамаған. Я.Дембовский шимпанзе және орангутандардың түйік тарқату туралы суреттеп жазған болатын.

Мұндай әрекет қылықтың орангутандарда бақылануы туралы Г.Г.Филлипова мәліметтері көрсетеді.

Мәскеулік хайуанаттар бағындағы еркек орангутандардың біреуі ұзындығы 1 1,5м,қалыңдығы 1 см,электролампаның резиналы обладкасын түйген.

Жіп тәрізді объектілердің функционалды қасиеттерінің көрінуінің қалыптасуы жануардың шүберекпен ойын барысында қалыптасады.

Бұл нәтижелер организм белсенділігі схемаларының өзгерген жағдаймен сәйкес келмеуінен пайда болатын бағдарлаушы әрекет ретіндегі психика туралы жалпы түсінікпен сәйкестендіріріледі. Функциялық жүйе ретінде психика өз белсенділігінің өзіне қажеттігін жоюға ұмтылады, яғни бұл жағдайды ауқымды зерттеу қажеттілігі жойылып, тек автоматты реакциялар қалатын субъектінің сыртқы сәйкестенуіне жету болып табылады. Бірақ организм белсенділігінің эволюцалық мүмкіндігі психикасыз жағдайдың аз қозғалысты тар өрісті саласында ғана өмірдің даралықтан жалпыға бірдей жағдацға қарай дамуы барысында барқан сайын кеңи түсетін өмір сүрудің сан-салалы жағдайлары сөзсіз неғұрлым мол қайшылықтпрды туғызады. Бұл өз кезегінде психика өрісінің кеңеюін, күрделенуін және сапалы дамуын талап етеді.

Біз көрсеткен өрістеудің ерекшеліктері және психикалық процестердің өздігінен ұйымдасуы көбінесе тек психикаға ғана тән емес. Тіршілік әрекетінің детерминделген бүтін жүйесі ішінде өрістейтін функциялық жүйе ретіндегі психиканы түсіну-жүйелі ұйымдасудың жалпы принцптерін талдауды, психикалық процестерді басқа функционалды жүйелердің түрлерімен салыстыруды көздейді.Психологияда қалыптасқан түсініктер мен мәселелер дүниесі басқа ғалымдарға дамыған жағдайларға біршама сыртай ұқсас екенін көрсетіп ғана қоймайды, сондай-ақ, материалдық процестердің жүйелі ұйымдасуының шын мәніндегі ортақ маңызды принцптерін нақтылауға мүмкіндік береді.

10 Психиканың антропогенезде дамуын зерттеу

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Адамның жануарлардан айырмашылығы мен ұқсастықтары.

2.Еңбек әрекетінің пайда болуы.

Выготскийдің пікірі бойынша, әртүрлі белгілер психикалық іс-әрекеттің құралы болып табылады, солардың бірі - сөз. Іс-әрекетті реттеу тәсілі мен әлеуметтік құралдарды меңгеру және интериоризациялау нәтижесінде субъект өз мінез-құлқы мен психикалық процесінің еркіндігіне ие болады, қатыстық көмегімен өзінің ойлауын, қабылдауын, жадын бақылай бастайды, соның бәрін қозғамдық көзқарас пен логика тұрғысынан жүзеге асырады.

Осылаша, Л.Выготский интериоризация ұғымына мүлде жаңа мән береді. Егер интериоризация ұғымына "инерпсихикалық" формасын индивиуалдық ішкі "интрапсихикалық" формасына өту болып табылады.

Пиажеде әрекеттің интериоризацияланған құрылымы субъектінің тәніне қатысты ғана болды, яғни жүйе ол жинақы дене дейтін механикалық көзқарас тұрғысынан сыртқы болып саналды. Пиаже көзқарасы бойынша іс-әрекет құрылым әуел бастан-ақ S~O жүйесінің іштей туындауы ғана, ол осы жүйенің ішінде пайда бола отырып оның биологиялық тікелей өзара әрекетінде, меншікті S~O процестерінің үйлесуі арқылы туады, ал бұл процестердің үйлесуі S~O жүесінің тепе-теңдікке қарай ішкі ұмтылыстарымен реттелді және құрылыс осы жүйеге қатысты сыртқы дитерминация көздерін қоспайды. Интериоризацияны Пиаженің осылай түсінуі оның әрекетпен ойлау логикасын түсінуді организм физиологиясынан іздеуге ұмтылуымен байланысты еді. Пиаженің интериоризация жайлы түсініг салыстырмалы сипатта болды, яғни S~O жүйесінің бүтіндігіне қатысты емес, субъекті санасына ғана қатысты сырттан ішке өту болып табылады. Осы логика бойынша алға жылжы отырып, әрі қарай Демокрит жасағандай, оргнизм мен психиканы түсіндіруді не молекулалар мен атомдар қозғалысынан немесе Платон мен Канттың сана құрылымын түсіндіргені сияқты басқа дүниедегі және "тарнценденттік" ұйымдастырушы күштерден іздеуге тура келді.

Л.С.Выготский түсіндірген интериоризацияның бұлардан айырмашылығы сол психикалық процестердің қалыптасу механизмін организм немесе субъектінің ішінде, немесе тіпті S~O тұйық жүйесінде ашқан жоқ, қоғамдық практика барысында жасалған субъектінің ойлау мен әрекет логикасын меңгеру процесінде ашты. Л.С.Выготский ұсынған интериоризация туралы түсінік кеңес психологиясында психиканың құрлымын түсіндірудің функциялық принциптерінің психиканы құрайтын ішкі элементтерді немесе олардың байланыстарын талдау арқылы емес, осы құрылымда детерминдейтін сыртқы әлеуметтік жағдайларды талдау арқылы дамуына жол ашты.

30-40-жылдары белгілі психолог С.Л.Рубинштейн (1189-1960) санамен іс-әрекеттің байланысы туралы қағиданы дамытты. Рубинштейн: "адамның санасына оның іс-әрекеті арқылы айқындауға шын мәнінде мүмкіндік туады, ал сана сол іс-әрекетте қалыптасып көрінеді".

Рубинштейн сана мен психиканың сыртқы детерминдеуі туралы айта отырып детерминдеуші күш ретінде іс-әрекетті емес психикаға тікелей ықпал ететін белсенді фактор ретінде өмір сүру жағдайлары мен сыртқы объектілерді қарастырды

А.Н.Леонтьев(1903-1979) адамның заттыққызметінің формасы ретіндегі психика туралы түсінікті теориялық жағынан дамытуға қол жеткізді. Леонтьев механикалық көзқарастарға тән "тікейлейлік постулатына" жол бермеу болып табылады,бұл пайымдудың мәні мынада: психикалық құбылысты немесе мінез-құлықты,адамға сыртқы объектілердің(сыртқы объектілер-стимулдер, тітіркендіргіштер т.с.с)тікелей әсерінің нәтижесі ретінде түсіндіру.Леонтьев жұмыстарында психикалық бейнелуді сыртқы объектілер әсерінің енжар нәтижесі деп қарайтын көзқарас жеңіліс тауып, психика ұйымдасқан іс-әркет ретінде өз белсенділігімен психикалық бейнелердің құрылымы мен мазмұнын айқындайтын процес ретінде қарала бастады.

Балалардың әртүрлі заттарен құралданған операцияларды меңгеру процесін зерттеуде Галльперин баланың затты меңгеру логикасы оның қолының әрекет ету логикасының жалғасуы емес, сол зат бойындағы бала үшін мүлде жаңа қоғамдвқ әрекеттің логикасы екендігін көрсетеді.Адамда деп көрсетті: "табиғи құрал-жабдықтың материалы еңбектің қоғамдық тәсілдерінің жаңа қоғамдық логикасына ие болады, тек осыдан кейін ғана құрал деген сөздің өз мәні пайда болады". Гальперин зерттеуінде әрекетті құралдың қасиетіне қарай бейімдеуі осы құралдың формасы түрінде алдын ала өзінде "заттанндырған" адамның индивидуалдығын баланың "затсыздандыруынан" нақты көрінді.

Кеңес психологиясында Запорожецтен кейін зерттеулерді В.П. Зинченко, Л.Л Венгер т.б психологтар жүргізді.

А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет ториясында екі жағдайды бөліп көрсетуге болады, бұл жағдайларды талдау психикның табиғатын түсінуде аса маңызды.

Біріншіден, психиканың заттық және материалдық сипаты былай анықталады, адамның практикалық қызметі, психиканың табиғаты мен қалыптасуын детерминдейтін жүйе ретінде қаралады.

Екіншіден, психикалық процестердің өзі де заттық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде қарастырылады, ол табиғатты да, құрылымы да сыртқы практиклық қызметке ұқсас ішкі іс-әрекет болып табылады.

Бұл көрсетілген екі жағдай психиканы функциялық жүйенің ерекше түрі деп ұғынуға мүмкіндік береді. Психиканы функциялық жүйе ретінде түсіну үшін психиканы сыртқы тәжірибе іс-әрекет ретінде осының құрамына кіретін оның аса маңызы бар.Леонтьев сыртқы және ішкі іс-әрекетті тек бір-бірімен ғана өзара әрекеттесетін және ұқсас құрылымды тек мәнді екі процес ретінде қарастырады, олардың макроқұрылымдарының принціптігі, ұқсастығы туралы тезисті батыл дәлелдеуге жол ашты.Іс-әрекеттің макроқұрымдарының ұқсастығын мойындауды ішкі іс-әрекет сыртқы іс-әрекетпен туындайды дейтін түсінікпен байланыстыру оңай емес.Егер ішкі іс-әрекет немесе психика сытқы іс-әрекет тің дамуынан туындаса, және содан пацда болса демек, онда оны функцияға өз құрылысымен бағынатын функциялық органдар ретінде қарастыруға болар еді, ал бұл функцияны функциялық органдар сыртқы іс-әрекет құрамында орындайды. Бұл боліктің құрылымы оның практикалық қызметтің бүкіл жүесінің функциясынан өзгеше функциясымен анықталады. Бұл жағдайда сыртқы және ішкі іс-әрекет құрылымдарының ұқсастығын өзін теориялық тұрғыда негіздеуді талап ететін проблемаға айналады.

Психиканың операцияларын және функциялық физиологиялық жүйелерді талдау үшін әртүрлі тілді қолдануды ұсына отырып, А.Н. Леонтьев "функциялық жүйе" ұғымын психикаға немесе сыртқы практикалық іс-әрекетке тікелей қолданудан бас тартты. Сыртқы іс-әрекеттен ішке іс-әрекетке өту ретіндегі интериоризацияны ол іс-әрекеттің жаңа органдарынан ғана тек функциялық жасалымдары түрінде ғана емес, керісінше сыртқы процесс құрылымының ішкі процеске тікелей "айналуы" түрінде түсіндірді. Интериоризация бұлай түсінудің қарама-қарсы процесс-ішкі іс-әрекет құрылымының сыртқы формада орістеуге экстериоризация туралы түсінікке де қатысты.

Сөйтіп, А.Н.Леонтьев концепциясында психологиялық және физиологиялық жүйелердің өзара қатынасың күрделі проблемасы пайда болды. Егер физиолоиялық жасалымдарға функциялық жүйелерді қалыптастырудың логикасы тікелей қолданылса, ал психиканың өзіне бұл түсініктер пайдаланылмайды.

Психиканы заттық іс-әрекеттің формасы деген түсінікті дамыта отырып П.Я. Гальперин психиканың пайда болуының функциялық механизімін ашты. Ол психиканы заттық іс-әрекеттің жай ғана ерекше функциясы емес, субъектінің бағдарлаушы қызметі ретіндегі оның ерекше функциялы тұрғысынан сипаттайды. Субъектінің қажеттілігіне сәйкес, қоршаған болмыс-жағдайларын өзгертуге бағытталған субъектінің қажеттілігіне сәйкес практикалық іс-әрекеттен психикалық іс-әрекеттің айырмащылығы ол сыртқы субъектілерді өзгертудің тікелей функциясын орындамайды, бірақ практикалық іс-әрекетке оның бағдарлаушы компоненті ретінде енеді.

Бағдарлаушы іс-әрекет өз функциясы жағынан сыртқы практикалық іс-әрекеттен елеулі айырмашылығы бола отырып, ішкі жоспарда практикалық іс-әрекетпен құрылымдық ұқсастығын сақтайды, бұл жағдай әрекеттерді белгілі бір жағдайларда байқап көруге қажетті іс- әрекеттің ішкі жоспарын П.Я. Гальперин ашқан кезде "запас өріс" мәніне ие болды. Әрекетті бағдарлап байқап көру нақты практикалық іс-әрекеттің функциясын атқармаса да бәрібір белсенді заттық іс-әрекет болып табылады, бір жағынан осы әрекеттің қосымша бөлігі болса, екінші жағынан осы іс-әрекеттің өзгеше "көшірмес" болып табылады. Психикалық бейнелердің функциялық табиғатын аша отырып, П.Я. Гальперин мына жағдайды көрсетті. "Бейне жағдайдың механикалық жағдайдың механикалық еселенуі емес, іс-әрекеттің объект ерекшеліктерін білдіретін бөлігі ретінде пайда болады, ол субъектінің әрекетін құру мен бағдарлау үшін қажет, сондай-ақ өзінің бағдарлаушы функциясынан тыс болуы мүмкін емес". "Тек субъектінің заттық зерделі іс-әрекеттің жүйесінде ғана психикалық бейнелеулер өзінің тиісті табиғи орнына ие болады, - деп жазды Гальперин. Субъект үшін олар оның сыртқы іс-әрекеттің "запас өрісін" құрайды, ол әрекетті нақты жағдайға ыңғайлап, бейімдейді, оларды мақсатқа ұмтылдандырып ғана қоймайды. Сол индивиуалдық жағдайлардың мақсатына сай етеді".

Бағдарлаушы функцияның табиғатын түсіндіру үшін П.Я. Гальперин организмнің құрылысына емес, өзінің пайда болу қайшылықтармен, биологиялық адаптация органы ретінде психиканың негізгі детерминдейтін тіршілік әрекетінің сыртқы жағдайларын талдауға көңіл аударады. Ол алдымен тіршілік әрекетінің психикаға дейінгі реттелу механизімін қарастырады және психика әлі керек емес жағдайлардың негізгі белгілерін анықтайды: "Егер психика керек емес барлық жағдайларды салыстырсақ, онда осы жағдайларға тән жалпы сипаттаманы бөліп алуға болады: біріншіден, жануардың өмір сүру шарты орынында болады, екіншіден, бұл шарттар жануарларға организімдегі дайын, бар механизімдердің тітіркендіргіштері ретінде әсер етеді, ал бұл механизм осы жағдайда керекті реакцияны туғызады.... Үшіншіден, ең маңызды шарт мына тұрғыда:жұмыс істеп тұрған орган мен әсер ететін объекті арасындағы арақатынас соншалықты берік қамтамасыз етілген, көпшілік жағдайда ең аз дегенде, яғни іс жүзінде көбіне реакция сәтті болады және пайдалы нәтиже береді. Дайын механизм барлық жағдайда объектіні ойдағыдай іліктіруді қамтамасыз ететін реакцияны туғызады. Организм және оның өмір сүру шартының арасындағы мұндай қабысуларға псхиканың қатысуының тіпті де қажеті жоқ, ол қатысса еш көмексіз басы артық нәрсе болған болар еді".

Кеңес психологиясында біртіндеп психиканың табиғаты жайлы функциялық түсініктер барынша жинала бастады, солардың арқасында тіршілік әрекетіне қатысты сыртқы жағдайлардың дамуынан оның нақты қасиеттерін шығаруға мүмкіндік туады, олар өздерінің қайшылықтармен психиканың бағдарлаушы функциясын анықтап, сол арқылы психикалық процестерге сәйкес жұйені де анықтады.

50-жылдар басында П.Я.Гальперин психикалық процестердің қалыптасу әдісін жасады. Ойлау, қабылдау, есте сақтау зейін процесін осы әдістің көмегімен зерттеу бақылаудан жасырын болған психикалық әрекеттердің ұйымдасу механизімдерін түсінуге мүмкіндік жасады және сонымен бірге кітапта қаралған мәселелерді, атап айтқанда осы қаралған мәселелерді көрсетіп берді.Оның талдау негізгі объектісі психикалық іс-әрекеттің бір тұтас жүйелі ұйымдсуының нұсқасы ақыл-ой әрекеті болып табылды.Гальперин теориясында интериоризация әрекетте өзгертудің оны орындау деңгейі бойынша тек өзгертутің бір ғана параметірі ретінде қаралады. Әрекеттің үш негізгі деңгейі бөліп көрсетіледі: материалдық немесе материалданған, сөз арқылы , ақыл-ой әрекеті.

Әрект деңгейімен қатар Гальперин әрекетоперацтяларының ауқымдылық немесе орамдылығы, жалпыламалық және ең соңында оны игеру дәрежесі сияқты параметірлерін көрсетті. Психикалық процестерді басқарудың шынайы оьъектісі ретінде қалыптасатын эксперименттерде өзінің меншікті ұйымдасуының мейлінше қатал принцптер ашыла бастайды. Заттарды бейнелеу және олардың байналысы, психикада бірден пайда болмайды; тек процестерді заттардың формасы мен олардың қозғалыс логикасына қарай икемдегенде ғана пайда болады. Психикалық процестерді басқарып қалыптастырудың гальпериндік әдісі психикалық құбылыстарды функциялық көзқарас тұрғысынан қараған жағдайда ғана мүмкін болар еді. Л.С.Выготскийдің әрекеттің "интерпсихикалық" формасынан "интрапсихикалық" формасына өту формуласында адам психикасы ман іс-әрекетінде үлкен философиялық проблема- оздігінен қозғалыстың туу проблемасы көрсетілген. Адамның кез келген әрекеті мен кез келген психикалық процесі ,әрине, сөзсіз, субъектінің тек заттық жағдай логикасымен ғана емес,оның өзінің логикасымен де жүретін субъектінің меншікті беленді қозғалысы болып табылады."Интрапсихикалық" процестің туу актісі оның "Интерпсихикалық" жағдайдан туып, бөлінуі жаңа организімнің туу актісіне ұқсас болады.

12 дәріс Салыстырмалы психологияның қолданбалы жақтары

1.Тұрмыстық жағдайларда психика мен тәртіп туралы білімдер жүйесін пайдалану.


Тұрмыстық тәрбие негізінде қалыптасқан жануарладың психикасымен қылық-әрекеті туралы білімдерді адамның үй шаруашылық іс-әрекетінде қолдану.

Зоопсихологияның теориялық негізі жануарлар психикасының ерекшеліктерін тануда.Оның ішінде ең негізгісі адам қалыптастырған орта ішінде жануарлардың бейімделуі.Жасанды орта мен табиғи орта арасында ерекше айырмашылықтар кездеседі.Бұндай айырмашылықтарды жануарлардың әрекеттерінен де айтуға болады.

1.Жануарларда табиғи қалыптасқан әрекеттерімен адам қалыптпастырған әрекеттерінің айырмашылықтары.Табиғи ортада қалыптасқан жануарда агрессия басым болады.Өйткені олар күштерін үремі басқа жануарлардан қорғап жүреді,ал адам қалыптастырған ортада жануарлар күштеріне қолайсыз жағдай туындамайды.Сонымен қатар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи жануарлар көп күш салуда.

2.Өзгерістерге бейімделу қоғам үнемі дамып отырғандықтан адамның қоршаған ортасы да өзгеріс үстінде болады.Бұндай өзгерістерге жануарлар бірдей бейімделмейді.

3.Қажеттілігін қанағаттандырудағы әрекет динамикасының өзгеруі.Жануар психикасының қалыптасуына бірден бір ықпалын тигізетін әрекеттің бірі болып табылыды.Табиғатта өмір сүретін жануарлар мен адам ортасында тіршілік ететін жануардың арасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде туындайтын әрекет динамикасында айырмашылықтап кездеседі.

Адам ортасында тіршілік ететін жануарларда қорегін табу,өзін өзіқорғау,үйшік іздеу қиынға соқпайды.Зерттеушілердің айтуы бойынша адам ортасында қалыптасқан жануарлардың миының көлемі кіші болады.Осыған орай олардың әрекеттері де қарапайым болады.(Мыс:қой, ешкі,құстар т.б) Әрекетін адаммен бөлісетін жануарларда басқа эффект байқалады.Жануарлардың психикасы күрделене түседі.Инттелектісі,қабілеті дамиды.(Мыс:ит,ат,піл.).

Зоопсихологияның білімнің адам үй шаруашылық әрекетінде бірнеше бағыты бар.Адамрың жануарлармен сонымен қатар жануарлардың адаммен қарым қатынасын аңғаруға болады.

Жануарларды үй шаруашылығында қолдану.

Зоопсихологиялық білімнің үй жануарларын асырауда маңызы зор.Әсіресе адамның жануарлармен қарым қатынасқа түсуінде және жануарлардың күшіктеріне деген қатынасын аңғаруда.Зоопсихологиялық білім арқылы адам жануарлардың тіршілік ету әрекеттерін қолайлы қылады.Адам жануарларды еңбек әрекетін жеңілдету негізінде жануарларда физикалық,психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.Бұндай әрекетте жануарлардың агрессия деңгейі төмендейді.



Жануарларды еркіндіктен айыру.

Бұндай жағдай көбіне сирек кездесетін жануарларда кездеседі.Оның мақсаты не?

Сирек кездесетін жануарлардың ұрпағын жалғастыру.

Оларға қолайлы жағдай жасау.

Ерекше күтім.

Сирек кездесетін жануарларды белгілі топтарға бөліп асырады.Өйткені жануарлардың бейімделулері,талаптары,мінез қылықтары әртүрлі болады.



Балық аулау,аң аулау.

Бұл аймақта үш талап бар.

1.Жануарлардың ерекшеліктерін соның ішінде күшіктейтін уақытын анық білу.Күштерді аман есен алып кету үшін көптеген әрекет түрлері бар.

Мысалы күшіктердің анасын алдап тағамын күшіктерінен алшақтату.

2.Жануарларды аулау кезінде белгілі уақытты,күні болады.Күшіктері қасында жатқан жануарға мүлде тиісуге болмайды.Морж,кит,аң,аю,журавль деген аңдарға мүлде тисуге болмайды.Керісінше аңдарға тамақ беріп,қолайлы жағдай тудыру керек.

3.Табиғат ортасына қайта жіберілетін жануарларды асыраған кезде күшік адамға бейімделіп алмауы керек.Өйткені ол табиғатта қорегін өзі аулап,өз өзін қорғауы керек.



Практикалық үйрету.

Практикалық үйрету ежелден қалыптасқан әрекет түрі.Үйрету әр жануарға әртүрлі жүргізіледі.Адаммен жақын қатынаста болатын жануардың үйретілуіне ерекше көңіл болінеді.Өйткені бұл жаруар адамға тиімді әрекет атқарады.Бұндай жануарлар тобына жылқылар,пілдер,иттер т.б жатады.Жылқыны адам көлік және арба күші негізінде қолданады.Жылқы қатты шапқан сайыннөзіне рахат,ләззат алады.

Піл өте ауыр күштерді тасымалдау үшін қажет.

Иттер үйренуге тез бейімделген.Иттерді аң аулауға мал бағуға,күзетке,іздеуге байланысты үйретеді.Ит тек қана өз күштерін ғана емес,адамдарды малдыда күзетеді.

Үйрету кезінде үйретуші жануардың эмоциясына,бейімділігіне,белсенділігіне көп көңіл бөледі.Ең бастапқы кезде жануарлар адаммен бірге әрекет етіп одан кейін үйретушісіз әрекетті атқаруға талпынады.Бүл әрекет сонымен қатар адамды жоғалтып алған кезде де керек.Мысалы іздеу кезінде ит адамнан айырылып қалған кезде ол үйіне қайтып келеді.

Цирктік үйрету.

Цирктік үйрету тікелей жануардың шартты рефлекторына негізделген. Өйткені әрекет түрін жануар үшін еркін атқара алмайды. Сондықтанда бұл әрекет нәтижесіз болады. Мұндай үйретуде жануарлар тек өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін атқарады. Мыс үнемі оны қоректендіріп отырады.Топтық жұмыс кезінде бар жануарлар бір жануардың әрекетін қайталайды. Сондықтан бір жануарды таңдап алып оған ерекше көңіл бөлген жөн. Жануарлардың әрекеті көптеген дыбыстарға байланысты атқарылады. Мысалы дельфиндер олар әрект түріне адам эмоциясына, сөзіне қарағанда белгілі дыбыстарға бейім болады.

Дератизация.

Адамдар тек бір жануарлармен ғана емес қүрт құмырсқалармен, кемірушілермен, жыртқыштармен де қатынасқа түседі. Бұндай жануарлармен күрес дератизация деп аталады. Адамның алдына қойылған мақсаты бұндай жануарлар түрін жою,құрту.Оларды жоюға арнплған шаралар Ломоносов атындағы МГУ лабараториясындағы Н.Н.Мешкованың қол басшылығымен жүргізілген. Сұр тышқандармен үй тышқандарын зерттеу арқылы оларға арнайы улы заттарды ойлап тапқан.Адам бұрдай жануарлардың да әрекетін білген жөн. Мыс Шахташылар сұр тышқандармен жақын қатынаста болады,оларға тамақ береді. Өйткені олардың ойларына шахтаға қауіп түскенде шахтада бірде бір тышқан қалмайды және де жер астында тіршілік ететеін жалғыз тірі жан дейді.



Жануарға эксперименттік жұмыс жүргізу.

Жануарға жүргізілетін эксперимент ең алдымен медицина саласына тиімді. Зерттеу жұмысын психология саласынан да жүргізіледі. Яғни зерттеу көбінесе маймылдарға жүргізілген. Өйткені зерттеулердің айтулары бойынша адам мен маймыл психикалары бір біріне ұқсас.

13 дәріс Салыстырмалы психология саласына алынған білімді адам іс-әрекетінде пайдалану

1.Адам қоршаған ортаны қорғау әрекетінде зоопсихологиялық білімдерді қолдану.


Бұл жаңадан пайда болған жас сала ретінде қарастырылады. Қоршаған ортаны қорғау элементтері ежелден бері бар болса да (хан қорықшаларында аң аулауға тиым салу) мақсаты адам қолданылу үшін жануарларды сақтау. Табиғатқа байланысты адам позициясы ХХ ғасырда өзгере бастады: адам жерде өмір сүретін басқа да тіршілік иелері қатар тіршілік етуге құқылы екенін мойындады. Осы позиция бір қалыпты деп айтуға болмайды, ол прогресте. Бұл адам әрекет қылығын мақсатын образды түрде анықтауға болады. Көп жағдайда мұндай позиция адамның өзіндік мақсатымен бірлесе келеді. (ғылыми және т.б.) Осы саланың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: хайуанаттар бағындағы жануарларды асырап, ұстау; қорықшалардың ұйымдастыру; реабилитациялы станциялардағы жануарларды асырап көбейту. Барлық жағдайда адам жануарлардың өсіп көбеюіне неғұрлым қолайлы жағдай туғызып, олардың көбеюіне толық жағдай жасайды. Әрине, бұл жерде жануарлардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу керек.

Жалпы психикалық даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, сәйкесінше ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптрада көбірек болады (ортаның физикалық ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар топ құрамы, сенсорл және эмоционалды стимуляция деңгейі, адамның қарым-қатынасы және т.б.). Бұл бірінші жағдайда, ал екінші жағынан, депривациялық факторларды компенсациялау мүмкіндігі кең (жануарлардың адаммен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және басқа түрдегі жануарлармен байланыс жасау, компенсаторлы монепуляциялау, ойын әрекеттері және т.б.). Зоопсихологиялық білімдерді қолдану жануарлардың психологиялық қалпын оптималды мүмкіндік береді. Және табиғи жағдайда өмірлік әрекеттердің эффективтілігін жоғарылатады.

Хайуанаттар бағындағы жануарлар.
Хайуанаттар бағындағы асыра алатын жануарларды табиғи жағдайда өсетін жануарлармен салыстырғанда анағұрлым көп проблемаларды байқауға болады. Солардың ішінде жұптарды таңдау және көбейтудегі қиыншылықтар, жануарлар психикасының қалпы және табиғи әрекеттерін бұзушы стресстік факторлардың болуы.

Хайуанаттар бағында жануарлар әрекетін ауытқушылығын реконструкциялау мен коррекциялау жиі кездеседі. Көбіне жыныстық ауытқушылық немесе ата-аналық әрекеттердің бұзылуы, стериотипті қозғалыстың пайда болуы, қозғалыс және әрекет қылықтық ауытқушылықтар (өзін-өзі кеміруі, онанизм, агрессия және т.с.с.) Даму сатысы жоғары жануарларға стимулдаушы және оқытушы стратегиялар қолданылуы мүмкін. Мысалы, жыныстық сфераны көтеру кезінде жыныстық әрекеттерді демонстрациялау үлкен пайдасын тигізеді. (гориллаларға көп жағдайда горрилалардың жыныстық әрекеттері тралы бейне фильм көрсетіледі.)

Сонымен қатар хайуанаттар бағында басқа да мақсат бар. (мысалы, ғылыми-дәрістк жұмыстарда жануарлдарды қолдану, балалардың жануарлармен қарым-қатынаста болуын ұйымдастыру, мысалы, кішкентай балаға арналған хайуанаттар бағы).
Қорықшаларды ұйымдастыру.
Қорықшаларда да көптеген проблемалар кездеседі. Оларды шешуде жануарлар психикасы туралы білімдер қажет. Солардың ішіндегі негізгілерін айтатын болсақ. Қазіргі уақытта қорықшалардың барлығы адам әрекеті қатысуымен өмір сүреді. Бұл жануарлардың өмір сүруіне стресстік факторлар туғызатын болса, екінші жағынан жануарлардың табиғи байқампаздығын төмендетеді және өздеріне, сонымен қатар адамдарға да қауып төндіреді. Мысалы, жер өңдеу және жол салу жұмыстарын жүргізу жануарларда қалыптасқан бағыт-бағдарын бұзады. Африкадағы қорықшада горилла мен шимпонзе өмірін зерттеу нәтижесінде туристердің осы жануарға жақындап келуі тенденцияға айналды. Осының нәтижесінде үрей күшейе бастады, топ ішінде агрессия пайда болды. Ресейде қорықшаларындағы амурлық жолбарыстарды қорғаудың нәтидесінде оларда пайқампаздық төмендеп адамдар тұратын жерлерге жақындап келуі жиі кездесті және тұрғындарға үлкен қауып төндірген. Осындай проблемалар Индияда жолбарыстар, Африкада пілдер, арыстандар болды.

Жануарлар қажеттілігін қанағаттандыруда адамның көмегі, олардың табиғи әрекеттерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Мысалы, жануарларға жем салу олрдың осы көмекке бағытталуына стимул береді. Соның нәтижесінде жануарларда өз еркімен жемін табу мүмкіндігі жоғалады. Тұяқты жануарлар мен маймылдар ұсынылатын жеммен қолдануға әбден машықтанған, тіпті жағымды маусымдарда табиғи көздерді қолданылмайды.

Қорықшаларда ғылыми жұмыс жүргізу қажет. Ол жануарлардың адамдарға қатынасын өзгертуі мүмкін. Кәсіби қызметкерлер жануарлардың өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, қорғаныш позициясымен айналысады. Бұл адамдарға қатысты жануарлардың сенімсіздігі мен байқампаздығын төмендетеді. Жануарлар автокөліктерге және басқа да адами заттарға көңіл бөлмеуінің нәтижесінде өздеріне қауіп төндірді. Қорғалмайтын аймақтардан қарағанда қорғалатын аймақтарда жануарлардың автокөлікпен қағылысу рискі жоғары болып келеді.
Реабилитациялы станциялардағы жануарлар.
Қазіргі кезде мұндай станциялар түрлі жануарларға арналған: маймыл, аю, құстар. Бұл станцияныңы ерекшелігі адам жануарлардың күтуіне және олардың өсуіне қатысады. Осындай мекемелерге көбінесе жануарлар төлі мен үлкен жануарлар түседі – броконерлерден жәбірленген жануарлар, кей жағдайда станция қызметкерлері арнайы өздері ұядан балапандарды алып кетеді. Осылайша олардың өмір сүруіне және көбеюіне жол ашады. Бұл өз алдына қауіптің пайда болуына әкеледі, үйреншікті болып қалуы әрекет қылық формаларының өзгеруі және өз туыстарымен әрекеттесуі бұзлады. Кейбір жағдайда мұндай қауіптерден құтылу үшін қызметкерлер жануарлар төлімен минимальды қатынас жасайды (мысалы, аю төлін өсірген кезде, адамдар олармен тактильды қатынас орнатуға тырыспайды). Даму деңгейі жоғарғы маймылдарды өсіргенде, оларды өз бетімен өмір сүруіне үйретеді, яғни олардың адамдармен қатынасын шектейді.

Зоопсихологиялық білімдерді психотерапияда және балалармен даму жұмыстарын жүргізуде қолдану. Бұл ғылыми зоопсихологиялық бағыт ХХ ғасырда пайда болды, бірақ осы саланың кейбір жақтары, мысалы үй жануарларын терапиялық мақсатта қолдану ежелден бері келе жатыр. Адамдардың жануарлармен бұндай әрекеттесуін негізгі мақсатын анықтауға болады. Берілген салада зоопсихологиялық білімдердің негізгі үш бағыты бар: балалармен дамыту жұмыстарын жүргізу, үй жағдайында асыранатын жануарлар, анималотерапия.


Балалармен дамыту жұмысын жүргізу.
Педагогикада әдетте жануарларды табиғатпен таныстыру (көбіне мектепке дейінгі жастағыларға) мақсатында қолданылады. Бұдан басқа баланың жануарға қатынасын орнату үлкен маңызға ие, ол экологиялық сананың құрамды бөлігі болып келеді. Бұл жерде қатынас орнату деп отырғанымыз тірі табиғатқа деген сыйластық және эмоционалды – жағымды қатынас болып табылады. Ерте және мектепке дейінгі жастағылардың жануарлармен әрекеттесу процесінде баланың алатын эмоциялы тәрбиесі негізінде жүзеге асады. Бұндай әрекеттерді ұйымдастыру жануарлар психологиясы туралы білімдерге жүгінеді, ол жануарларды дұрыс таңдап және баланың онымен қарым-қатынасын ұйымдастыруына жүгінеді. Экологиялық тәрбиелеуге және балалардың жас ерекшеліктерін ескеруге жауап береді. Осыдан басқа жануарлармен әрекеттесу баланың жалпы дамуына үлкен пайдасын тигізеді. Соның ішінде қозғалыс сферасын (локомоторлы және монипуляциялы) дамытады, сенсорлы – перцептивті процесс, ес, интелект, эмоционалды сфера, қайта жаңғырту есінің дамуын стимулдайды, баланың өзіндік бақылауы және т.б. Осы процестердің дамуына «Автодидактикалық құрал» болып жануар пайдаланылады, жануарлар балада жағымды эмоция қарым-қатынасқа және әрекеттесуге құштарлық тудырады, ал ол өз алдына оқыту мен дамуына нақты мотевациялық фонды жасайды. Қазіргі кезде мектепке дейінгі педагогика саласында және психологияда бірнеше бағдарламалар бар олар баланың жануарлармен әрекеттесуінде экологиялық тәрбиелеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар біліми және дамыту жұмыстарын жүргізу бағытында да қолданылады.
Үй жағдайында асыранатын жануарлар.
Үй жағдайында асыранатын жануарларда адамдар ежелден қолданылып келеді. Бұл «жан» үшін, яғни эмоционалды қарым-қатынас, байланыстылық қажеттіліктерін қанағаттандыру, қамқорлық көрсетуге құштарлық жанұядағы баланың жалпы дамуына стимул және оптимилизациялау мақсатында қолданылады. Сонымен қатар кәсіби көмек қажет ететін бірнеше проблемалар туындайды. Осы проблемалардың ішінде жанұя жағдайында асырауға болатын жануарларды таңдау. Адам жануарларды үй жағдайында әр түрлі мақсатта ұстайды және өзіне лайықты деген жануарларды таңдайды. Бұл жерде жанұя мүшелерінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескерілуі қажет. Үй жануарларының әр түрлі түрлері кездеседі. Олардың белсенділік деңгейі,адамдармен контактіге түсе алуы, агресивтілік деңгейі әр қилы болып келеді. Оларды асыраудың өзі физикалық және материалдық түрлі жағдайларды қажет етеді. Кейбір жағдайларда сирек кездесетін жануарлар мен құстарда асырауда жанұяда үлкен материалдық проблема туындайды және ол адамға сонымен қатар жануарға да қауіпті болуы мүмкін (мысалы, «бағалы» түрлі немесе экзотикалық жануарларды асырау). Бұндай жағдайда жанұя мүшелеріне психологиялық түрлі проблемалар әкелуі мүмкін, әсіресе егер оларда жануарға байланыстылық қалыптасып кететін болса. Бұл бағытта мамандардың кеңесі қажет болады.

Жанұяда жануарға тіршілік ететін ортаны ұйымдастыру керек. Адамдар жануарларды үй жағдайында асырау кезінде оларға тиісті жағдайларды жасай бермейді. Олардың тамақтануы мен күтім көрсетілуі ғана емес, сонымен бірге жанұя мүшелерінің эмоционалды күтімі қажет. Жануарлар психикасында үнемі өзгерістер болып жатады. Бұл олардың жасымен репродуктивтілік деңгейіне байланысты, ал ол жануарлар әрекет қылығының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Осының барлығы зоопсихология және салыстырмалы психологмя саласындағы тікелей мамандардың жұмысы болып табылады.

Жанұя мүшелерінің жануарлармен әрекеттесуінің проблемалары және олардың туындау себебі түрліше: жанұя құрамының өзгеруі, жанұя мүшелерінің біреуінің күй жағдайының өзгеруі, және жанұя мүшелерінің біреуінің денсаулығына байланысты, (аллергия) және басқа да себептерге байланысты жануарларды ұстай алмауы. Осы да және басқа да жағдайларда мамандардың көмегі қажет.

Үй жануарларымен өткізетін психотерапия.

Жануарлардың үй жағдайында асыралуының нәтижесінде психикасында белгілі бір ауытқушылықтар пайда болады. Ол жануардың индивидуалды ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Өзіндік кеңістік шекараларының бұзылуы, иерархиялық қатынас, қажеттіліктер депривациясы және т.с.с. түрлі әрекет түрлерін көрсетудің себебі бола алады (тырнақтарын қайрауы, демалыс орнын бөлу және даярлау)

Үй жануарларына байланыстылық деген депривация қажеттілігі үлкен маңызға ие: адамның көп уақыт қатыспауынан жануарлар зардап шегеді, мазасыздық күшейеді, ал ол өз алдына адамға қажетсіз және жануарларға деструктивті әрекет формалары (үй заттарын бұзудан, жануарлардың соматикалық бұзылуына дейін: тері, респераторлы, асқазан-ішек проблемалары және т.с.с.) тудырады. Бұндай жағдайда психотерапия қолданылады. Ол жануарлардың белсенділігін компенсациялау формасында, ойын қолдану, басқа жануарлармен қарым-қатынас орнату формасында жүргізіледі. Психолог жанұя мүшелерімен бірлесе отырып жұмыс жасайды.

Ветеринария. Үй жануарларын асырау кезінде оларды мал дәрігеріне көрсетіп отыру қажет. Жануарлардың психикалық конфортын және психикалық жалпы жағдайын ұстауға көмектесу, емдеу шараларын жүргізу. Стрессті факторлардың әсері (жаңа тұрақ, жақын адамдарынан айырылу, үрей, қорқыныш және т.б.) деструктивті болып келеді. Өкінішке орай ветеринарлы оқу мекемелерінде зоопсихология пәні оқытылмайды, сол себепті зоопсихологиялық білімдер ветеринарияда көп қолданылмайды.
Анималотерапия.
Анималотерапия (немесе зоотерапия) – мұнда терапевтік құрал болып адамның жануарлармен әрекеттесуі болып табылады. Мұндай әрекеттестіктің басқа психотерапевтік құралдардан айырмашылығы:


  1. Жануарларда белсенділіктің ішкі бастауы бар, соның нәтижесінде оның әрекеттері болжамды болып келеді.

  2. Жануарлар адамға қатысты мағыналы және бағалы функцияларын тасымалдаушы болып табылмайды, ол психотерапия жағдайында «конгруэнтті емес» , яғни не сезетіндігін әрдайым көрсете алмайды.

  3. Жануарларды «ішкі позициясы»болады. Оның өзіндік мотивациясы адамдармен әрекеттесу кезінде қосылады.

Анималотерапияның өзіндік тарихы ежелден келе жатыр. Тұрмыстық психотерапиялық практикада жиі қолданылады. Жануарлардың адамға тигізетін жағымды қасиеттерін әсер ететін ежелден бері білген. (Физикалық әсер етуде – жылу , массаж және т.с.с. жан күйзелісін жеңілдетуге дейін – үрейден арылу, жетіспеушілікті компенсациялау немесе басқа да адамдардың деструктивті мінезді қарым-қатынасы)

Анималотерапияның деректері алғаш рет иппотерапия (жылқыға міну арқылы емделу) Денсаулық ауытқуында емдік және реабилитациялық құрал ретінде қоладанылады (физикалық және психикалық) Гиппократ заманынан басталады. Жылқының байыпты жүрісі мен ритмикасы жағымды ықпал етеді және оның жылуы мен арқасының бұлшықеттері массажды қозғалыстары, жағымды әсер етеді. Көңіл күйдің жақсаруын стимулдайды меланхолиядан құтылуға көмектеседі. ХХ ғасырда иппотерапия медициналық емдеуде қолданылады: қозғалыс функциясының бұзылуы (балалық церебральды паралич және параличтің басқа да түрлері, полиеомилит және т.с.с.), ақыл-ой жетіспеушілігі (олигофрения, даун синдромы),эмоционалды сфераның бұзылуы (аутизм, шизофриния), сенсорлы – прецептивті бұзылу (көру және есту).

ХХ ғасырдың ортасында анималотерапияның жаңа түрлері пайда болды – дилфинотерапия. Мұнда маңызды орынды су алады, бұлшықет жұмысына, дем алуға, ауырлық күшін жеңуге және т.б.

14 Әлеуметтік генез мәселесі

1.Адам тілінің пайда болуы мен олардың биологиялық алғышарттары. 2.Антропойдтардың интеллектісі мен адам санасының ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет