Бұл пәнді оқу нәтижесінде студент:
Ақпараттарды автоматтандырылған өңдеудің негізгі ұғымдарын;
Ақпараттарды өңдеудің, сақтаудың, жіберу және жинақтаудың негізгі әдістері мен құралдарын;
Есептерді алгоритмдеу негіздерін;
Жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтаамаларды қолданудың міндеттері мен принциптерін;
Ақпараттық-коммуникациялық желілер жұмысының негізгі компоненттері мен принциптерін;
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қауіптері мен әдістерін;
Ақпараттық технологияларды және бағдарламалық қамтамаларды қолданудың құқықтық аспектілерін меңгеруі тиіс; Ақпаратты сақтаудың және іздеуге арналған ақпараттық ресурстардың қолданылуын;
Іс-қағаздарын жүргізудің автоматтандырылған жүйелерінің қолданылуын;
Тиісті салада есептерді шешу үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданылуын;
Ақпараттарды қорғаудың әдістері мен құралдарының қолданылуын;
Кәсіби білімдерін кеңейту үшін электрондық оқытулардыңәр түрлі пішіндерінің қоланылуын білуі тиіс; Блок-схемаларды және алгоритмдерді құру;
Негізгі кеңселік қосымшалармен, деректер қорымен жұмыс істеу;
Ақпараттарды іздеу және өңдеуге арналған ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану дағдылары болуы тиіс.