Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды.
Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін.
Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды.
Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды.
Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды.
Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі (өнер мен әдебиет). Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды.
Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы бірдей болған жоқ. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Ол елде феодализм негізінде ІХ ғасырда құрылған. Ал Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды. Даму жағынан соңғы орында қалған скандинавтар және кельттер басып алған Еуропаның шеткі солтүстік және солтүстік-батыстық аймақтары. І кезеңнің әдебиеті ІІ кезеңмен салыстырғанда біртұтас және бірыңғай болып көрінеді.
Ал, ортағасырлық әдебиеттің екінші кезеңіне келсек, Европа мен Англияда ХІ ғасырдан XV ғасырға дейін өркендеген феодализм дәуірінің әдебиеті әлдеқайда қиын жағдайда дамыды. Мұнда сол елдердің даму жолымен анықталатын әдеби творчествоның бірнеше кезеңдерін айыруға болады. ХІІІ ғасырға дейін қоғамдық-саяси күрес негізінде феодалдар мен шаруа, басқаша айтқанда, бұқара халық арасында жүрді. Бұлардың арасында дін басылары өзгеше орын алады.
Сонымен, ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды – халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет – шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. (клерикализм – шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейтуге бағытталған реакцияшыл ағым).
ХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше (қалалық деп аталған) өнер мен әдебиет пайда болады.
Германдық эпос. Ежелгі германдық эпостың идеологиялық мазмұны сол кездегі барлық халықтарға тән. Батырлар жыры жауынгерлердің ерлігінің даңқын шығарады. Германдық эпоста кейіпкерлердің арасында жаңа қарым-қатынастар тағайындалады, бөлек-бөлек аңыздар циклдарға бірігеді.
Эпостық қаһарман ерекше күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып есептеледі.
Ежелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Өлеңдерді (жырларды) орындаушы, шығарушылар және айтушылар – жасақшы – әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы жырлаған. Сонымен қатар, жасақшы – әншілер ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы әншілер ерекше үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін бағалы сыйлықтарды алып тұрды (корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер т.б.)
Ежелгі неміс әдебиеті пайда болғаннан бастап (VIII ғасыр) монастырлық оқу мен христиандық дінге қызмет етті.
Ежелгі германдық эпостың сақталған жалғыз ескерткіші – «Хильдебрант туралы өлеңнен» үзінді. Бұл өлең әкесі мен ұлының кездесуінен басталады. Мұндай сюжет басқа халықтардың эпосында кездеседі (мысалы, орыс былиналарда Илья Муромец пен Сокольниктің кездесуі, парсылар эпосында – Фирдоусидің «Шахнамесінде» – Рустам мен Сохрабтың кездесуі т.б.). Бұл аңыздарда қаһарманның ұлы басқа елде басқа әйелден туады (некесіз туған бала). Ол ер жетіп әкесін іздеуге кетеді. Көптеген сюжеттерде әкесі шайқаста ұлын жеңіп, оны танымастан бұрын өлтіреді.
Ежелгі германдық эпостың сақталған ескерткіштерінің бірі – англосакс тілінде жазылған «Беовульф туралы поэма». Англосакс тілі деп ежелгі ағылшын тілін айтады. Бұл тілде V ғ. Британияны басып алған германдық тайпалар сөйлеген. «Беовульф туралы поэма» біздерге дейін тек жалғыз қолжазба түрінде жетті. Ол Х ғасырдың басында жазылған ежелгі өлеңдер. Поэма 2 бөлімнен және оларға кірген 3000 өлеңнен тұрады. Сол 2 бөлімді біріктіретін бейне – Беовульф бейнесі. Беовульф тарихи адам емес, поэмада тарихи оқиғалар көрсетілгенмен, көптеген эпизодтары басқа халық ертегілерімен салыстырмалы. Ежелгі германдықтар өзінің поэзиясын өлең түрінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жалғастырды.
“Эдда” деген сөздің мағынасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. “Эдда” жинағына кірген батырлар туралы өлеңдердің көбі Зифгридке, Нибелунгтар өліміне, Эрманарик пен Сванхильдаға арналған. Бұл сюжеттер Германияда пайда болып, соңынан Норвегия арқылы Исландияға жетіп, қайта жөнделген.
IX – XIII ғғ. Норвегия мен Исландияда скальдтар өнері өркендейді. Скальд деп Скандинавияда жасақ көсемінің қарауындағы әншіні айтады. Скальдтар өздерінің заманы туралы және князьдар мен жасақшылардың ерлігін дәріптейтін өлеңдерді шығарды. Скальдтардың өлеңдері біздің уақытымызға дейін көбінесе үзінді түрде жетті.
Басқа ежелгі герман халықтарымен салыстырғанда исландықтардың өте бай прозалық әдебиеті болған. Бұл әдебиет ана тілінде шығарылған. Оны “сагалар” деп атайды. Бұл әдебиеттің негізінде Исландияның алғашқы тұрғындары туралы әңгімелер, рулық аңыздар жатады. Олардың көбі XII – XIII ғ аралығында жазылған.
Рулық сагалар тарихи фактілерді, адамдар мен қалалардың аттарын дәл көрсетеді. Әсіресе Исландия және Норвегияға байланысты оқиғаларды дәл көрсетеді. Рулық сагалар әдетінше бірнеше ұрпақтың тарихын, өмірін бейнелейді. Сагалар бас кейіпкердің өмірбаянынан басталады. Алдымен оның балалық шағы, алғашқы ерлігі туралы айтылады. Содан кейін оның теңіз саяхаттары, Норвегия королінің жасағына кіруі, теңіз жорықтарынан даңқы шығып, құрметпен еліне оралуы, үйленуі, бейбітшілікте өмір сүруі, атақты рулар арасындағы күндестігі мен өшпенділігі және солардың кесірінен тұған қанды шайқастар туралы баяндалады. Рулық сагаларда кейіпкерлер батырлар жырындағы қаһармандай дәріптелмейді.
Мифологиялық және қиял – ғажайып ирландық сагалармен салыстырғанда исландық рулық сагалар сол кездегі Скандинавия халықтарының тұрмысын, қоғамдық және жанұялық қарым – қатынастарды, әдет – ғұрыптары мен діншілдігін көрсетті. Исландық сагалар бұл жағынан германдықтардың этнографиясын зерттеу үшін таптырмайтын материал болып табылады.
Сансыз көп рулық сагалардың ішінде классикалық түрде жазылған және тарихи материалды дұрыс көрсеткен – “Эгил туралы сага”
Рулық және тарихи сагалармен қатар аңыздар мен фантастикаға негізделген сагалар да болды.
Халық поэзиясы. Қоғамның түрлі жеңілдіктерін пайдаланушы таптар өздерінің мүдделері мен көзқарастарын рыцарлық және клерикалық әдебиеттен тапты. ХІІ ғ. бастап қалалардың ролі күшейіп, олар өздерінің ерекше қалалық әдебиетін шығарды. Ал жазу білмеген бұқара халық өз шығармашылығын орта ғасырлардың ортасына дейін тек қана ауызша жалғастырды.
Ортағасырлық әдебиеттің негізгі бағыттарының әлеуметтік тегі әртүрлі болса да, олар бір-бірімен байланысты болды. Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне өте бай материал беріп, оны өзінің сюжеттері мен бейнелерімен түрлендіріп, қамтамасыз етті. Халық поэзиясы өте бай және өз бетімен дамыған әдебиет болса да, ол ауызша дамығанның кесірінен тек XIV-XV ғғ. дейін өркендеді.
Халық өмірі туралы өлеңдердің авторы болған кәсіби әншілер. Оларды Францияда жонглерлер, Испанияда – хугларлар, Германияда – шпильмандар деп атаған. Жонглерлер ортағасырлық қоғамның барлық топтарына танымал болған. Олар жүргінші жолдармен жиһан кезіп, жолында кездескен қамалдарға, қалаларға және селоларға кірді. Жонглерлер сол кездегі жаңалықтарды жинап таратушы болды. Олар өз заманының барлық оқиғаларына үн қосты. Оларсыз ешбір сарай салтанаты, жәрмеңке, діни я халық мейрамы өтпейтін болды.
Халық поэзиясының барлық түрлерінен ең жақсы сақталған батырлар жыры. Бұл жанр Ирландияда жақсы дамыған. Оның негізінде рулық және жергілікті аңыздар жатады. Батырлар жырын орындайтын ақын жыршыларды бард деп атаған. Бард әнін музыкамен (сазбен) қостап, әртүрлі тарихи және аңыздарға айналған оқиғалар туралы, әр түрлі батырлар мен князьдардың құрметіне арналған өлеңдерді айтты.
Француз батырлар жыры. Батырлар жыры туралы материал әсіресе Францияда жақсы сақталған. Бұл шығармалар жүзге жақын поэма түрінде сақталған. Олардың ең көне түрлері XI ғ. аяғында, соңғылары XIV ғ. жазылған.
Француз эпосының негізгі мазмұнын үш тақырыпқа бөлуге болады: 1) елін қорғау (мавр, норман, сакс жауларынан); 2) корольге адал қызмет ету; 3) қанды феодалдық шайқастар. Алдыңғы екі тақырып мейрімді және дана корольдың бейнесімен байланысты. Көптеген поэмаларда бұл король Ұлы Карл болып аталады. Карл поэмаларда шындыққа жатпайтын бейне: ол әрқашан мейірімді, әділ, ұрыстарда жеңімпаз, сатқындарға қатал король болып бейнеленеді.
«Роланд туралы жыр». Француз эпосының әйгілі шығармасы, ортағасырлық поэзияның шыңы болып есептелетін поэма – «Роланд туралы жыр». Бұл поэма 4002 өлеңнен тұрады, жазылу уақыты – 1100 ж. шамасы, алғашқы крестік жорығы кезіне дейін. Авторы белгісіз.
Поэма Ұлы Карлдың жиені граф Роландтың Ронсеваль шатқалында маврлармен шайқаста ерлікпен қаза тапқаны туралы баяндайды. Эпос Роландтың қазаға ұшырауына себеп болған өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және Ұлы Карлдың Роланд және 12 пэр үшін кек алуы туралы баяндайды.
Роланд поэмада рыцарлық ерлік пен аса мейірімділіктің өнегесі болып көрсетілген. Роландта феодалдарға тән эгоизм, қомағойлық, қатыгездік жоқ. Ол өзінің отанына, халқына, короліне шын берілген рыцарь. Ол өзінің өмірін «сүйікті Францияға» арнаған.
Рыцарь болғанымен Роланд халыққа жақын, ол нағыз халық қаһарманы болды. Сондықтан «Роланд туралы жыр» тек қана Францияда емес, басқа Еуропа елдерінде де танымал болды. Поэманың аудармалары орта ғасырдың өзінде-ақ неміс, ағылшын, итальян, испан, скандинавтар, кельттер тілінде болған.
Клерикалық әдебиет. ХІІ – ХІІІ ғ. аяғына дейін халық поэзиясымен қатар клерикалық әдебиет өркендеді. ХІІ ғ. дейін тек дін басылары мен ақсүйектер ғана монастырлық мектептерде оқып білім алатын болған.
Клерикалық әдебиетте әулиелер өмірі мен әртүрлі діни аңыздар үлкен орын алады. Бұл аңыздар латын және басқа тілдерде елден елге, халықтан халыққа көптеген варианттарда тараған.
Әулиелер өмірі туралы әңгімелердің мазмұны әр алуан. Оны 3 топқа бөлуге болады.
бірінші топқа әр түрлі мұқтаждық, азап көрген, өзін өзі аштықпен, суықпен т.б қинаған, әулиелердің өмірбаяны ( мыс. Әулие Алексейдің өмірі ) ;
әртү рлі тайпаларды, аймақтарды христиандыққа айналдыратын миссионерлердің өмірі туралы ( үстем шіркеудің басқа діндегілердің арасында өз дінін уағыздау үшін жіберетін адамы ).
Құлдыққа түскен адамдарды қорғау және адамгершілік туралы әңгімелер ( мыс., Әулие Герман – ол өзінің барлық жинаған ақшасын тұтқындар мен құлдарды сатып алуға жұмсаған ).
ХІІ ғ. ортасынан бастап құдайанаға табынумен байланысты оның жасаған таңғажайып істері туралы көптеген әңгімелер шығады. Сол кезде адамдардың өлгеннен кейінгі тағдыры туралы әңгімелер көп таралды. Осы әңгімелердің сюжеттеріне ортағасырлық адамдар көп назар аударған, өйткені ол әңгімелерде өлгеннен кейін мейірімді адам жұмаққа барады, ол дүниелік жазаны тартады деген. Осыны естіген ортағасырлық қанайған адамдар ол дүниеде қанаушылар жазаға тартылады деп сеніп, үміттенген.
Рыцарлық әдебиет. ХІ-ХІІ ғғ. Батыс Европада феодалдық қоғамның үстем табы біржолата құрылды. Рыцарьлар енді әскери-феодалдар ақсүйектердің ерекше ұйымына айналды. Олардың өздерінің жазылмаған заңдары, дәстүрлері, жүріс-тұрыстың ережелері (қағидалары), абырой мен айыбының идеалдары болған. Сол заң бойынша рыцарь ер жүрек, әділ, адал, мейрімді, мырза адам болуы керек. Ол шіркеуді, әлсіз, әйел адамдарды, жетімдерді қорғау керек, өз қожайына (сюзеренге) адал еңбек ету керек және бөтен діндегі адаммен күресу керек. ХІІ-ХІІІ ғғ. (рыцарьлар поэзиясының) осы идеалды шығаруда рыцарьлар поэзиясының ролі орасан зор болды.
Рыцарьлар әдебиеті әсіресе Францияда өркендеді, ол басқа европа елдерінің әдебиетіне өнеге болды.
Францияда ХІІ ғ. – ғылымның гүлдену кезеңі 1200 ж. Париж университеті құрылады. Ол ғылымның ірі орталығы болады. Әдебиетте әсіресе Аристотель, Вергилий, Овидий, Цицерон еңбектері оқылады.
Рыцарьлық әдебиет өз мүмкіндіктерін әсіресе лирика мен романда толық пайдаланды.
Ұлы Карл империясының күйреуінен кейін Францияның оңтүстігіндегі Прованс облысы солтүстіктен саяси тәуелсіз болды. Онда латын тілінен өз бетімен провансаль тілі өркендедеі. Ол сол кездегі әдеби тілдің дамуы болды. Прованс әдебиеті барлық халықтарға үлгі өнеге болды. Рыцарь идеалы бәрінен бұрын осы Прованста пайда болды.
Рыцарьлар лирикасының халық өлеңдерінен үлкен айырмашылығы болды. Рыцарьлар лирикасының ерекше техникасы мен шеберлігі көрінеді. Прованс ақынды трубадур деп атаған. (трубадур – табу). Олар өлеңдерінің стиліне, әсіресе көркемдік формасына үлкен мән береді.
Сонымен қатар трубадурлар лириканың сан алуан түрлерін шығарған. Солардың негізгі түрлері: кансона (сүйіспеншілік өлеңдері), сирвента (саяси тақырыпқа жазылған өлең), тенсона (екі ақынның арасындағы мораль, әдеби т.б. тақырыпқа дауласу). Пасторелдер мен альбалар ерекше орын алады.
Трубадурлар арасында 30 шақты әйелдер болған.
Трубадурлар лирикасында жиі кездесетін сөздер – «қуаныш», «шаттық», «жастық». Негізгі тақырыбы – махаббат, соның ішінде бұл күйеуге шыққан әйелге сүйіспеншілік.
(Труба) Біздерге дейін трубадурлардың өлеңдерінен басқа ХІІІ ғ. құрылған олардың өмір-баяндарының жинағы жетті. Солардың ішіндегі ең әйгілі трубадурлар – Бернарт де Вентадорн және Бертран де Борн. Біріншісі махаббат тақырыбына, екіншісі – саясат тақырыбына жазған.
ХІІІ ғ. провансаль лирикасы төмендейді. Оның орнына қалалық поэзия келеді.
Жалпы прованс лирикасы европа поэзиясының негізін салушы болды.
Қалалық әдебиет. ХІІІ ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ортағасырлық мәдениет өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Сол кезде саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында, адамның ақыл-ойында үлкен өзгерістер пайда болады. Философия және басқа ғылымдар да өркендейді.
ХІІ ғ. қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. Әдебиетте өмірмен бірте-бірте байланысын үзген рыцарьлар поэзиясымен қатар жаңа, қалалық әдебиет дамыды. Ол күнделікті өмірді, қоғамның барлық таптары өкілдерін, әсіресе, шаруаларды, бейнелеуді мақсат етті.
Қалалық әдебиет рыцарьлар әдебиетімен байланысты болса да, оған негіз болған халық ауыз әдебиеті. Қалалық әдебиетте кездесетін ең жақсы образдар мен сюжеттер фольклордан алынған.
Қалалық әдебиет рыцарьлар поэзиясының кейбір жанрларын пайдалып, өздерінің өзгерістерін енгізді. Қалалық әдебиеттің жанрлары: публицистикалық, сатиралық лирика, өлеңмен жазылған қысқа тұрмыстық әңгімелер, үлкен сатиралық және аллегориялық романдар, әртүрлі дидактикалық (өсиетті) шығармалар. Қалалық әдебиеттің стилі де өзгерді. Ол рыцарьлар поэзиясының сыпайылығына, әсемділігіне, нәзіктілігіне қарсы халық тіліне жақын болды.
Францияның қалалық әдебиеті. Ортағасырлық қала тұрғыны өлеңмен жазылған күлкілі қысқа әңгімелерді жақсы көрді. Оның басты кейіпкері көбіне епті әрі қу қала тұрғыны немесе жайдары, тапқыр шаруа болды. Олар үнемі өзінің жауларын – тәкаппар рыцарьларды және қомағай монахтарды келекеледі.
Францияда өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер – фаблио қалалық әдебиеттің (ішінде) кең тараған жанрларының бірі болды. Ол күнделікті өмірден алынған қызықты, ерсі оқиғалар туралы әңгімеледі.
Фаблио 3 топқа бөлінеді. Оның қарапайым түріне анекдоттар жатады.
Фаблионың 2-ші тобына әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті жақсы дамыған әңгімелер жатады. Бұларда рыцарьдан гөрі қала тұрғынына тән қасиеттер дәріптеледі: тапқырлық, ұқыптылық, ептілік т.б. Типтік фаблиоға «Шаруа – емші» атты әңгіме жатады. Осы фаблио ХVII ғ. драматург Ж.-Б.Мольердің «Амалсыз емші болған» шығармасына негіз болды.
Фаблионың 3-ші тобына қоғамның әртүрлі таптарына, соның ішінде, қала тұрғындарына тән кейбір кемшіліктер әшкерленетін шығармалар жатады. Бұл әлеуметтік сықақ ауқатты қала тұрғындарының сараңдылығына, рақымсыздығына, мейірімсіздігіне, қомағойлығына, дін қызметшілерінің әдепсіздігіне, екіжүзділігіне, рыцарьлардың ақылсыздығына, дөрекілігіне, кәсіпқой алдамшылардың қитұрқы қылықтарына қарсы бағытталған.
Фаблионың ортасында – қала тұрғындары, олардың сол кездегі сауда-саттыққа байланысты дамыған жаңа қарым-қатынастар, қалалықтардың типтік белгілері. Бірақ қала тұрғындары екі жақты суреттеледі: бір жағынан, олардың ептілігі, икемділігі авторды таңқалдырады, ал екінші жағынан, сол қасиеттер адамды тонау немесе қанау үшін пайдаланатын болса, олар қатты әшкереленеді. Бұл сол кездегі қарапайым халықтың, шаруаның, қала тұрғындарының көзқарасы болды.
Көптеген фаблиолардың сюжеттері өзге халықтардың ертегілері, новелла, өсиетті әңгімелеріне жақын.
Ортағасырлық фаблио кейінгі француз әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Фаблионың сюжеттері Ф.Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романында, Ж.Б. Мольердің комедияларында, П.Лафонтеннің ертегілерінде, Ги де Мопассанның новеллаларында кездеседі. Фаблионы материал ретінде Д.Боккаччо және басқа да итальян жазушылары пайдаланған.
Франция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден «Түлкі туралы роман» дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр (Изенгрим), ақылды, тапқыр қала тұрғыны – Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының
педагогикалық идеялары.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Жүсіп Баласағұни.
Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.
В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.
Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.
Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.
«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.
Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.
-----------------------------------------------------------------------------
Жүсіп Баласағұни. Құдатғу білік. А, 1990, 60-68
Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.
Сонымен қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».1
Дастанда «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!».
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».
Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады.
Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.
------------------------------------------------------------------------
Сүйінішалиев Х. Орта ғасырлардың әдебиет ескерткіші. Алматы, 55-бет.
Махмұт Қашғари.
(ХІ ғ.)
Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Ұйғыр ғалымдары Махмұт Қашқариды «Қашқари» есіміне қарап, ұйғыр әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады. Бұл пікірдің негізсіз екендігін автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, белгілі бек отбасынан, яғни, оғыз ортасынан шыққан. Сондықтан да Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ қазына, ортақ классикалық мұра екендігін ескерткен жөн.
Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.
«Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Махмұт Қашқари түркі тілдерінің түрлі говорлары (жергілікті тілдік ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мысал ретінде берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ тілінде де айна-қатерсіз қолданылып жүрген төмендегідей сөздерді де ұшыраттық. Мысалы: «арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қазақ тілі түрккі тілдері тілінде ата сөздерін көп сақтаған таза тілдердің бірі деп әбден болады.
Махмұт Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге дейін дүние жүзі ғалымдарының назарын аудартумен келеді. Орыс зертетеушілерінен бұл шығарма жайлы өз ойларын айтқан негізінен В.В:Бартольд, С.Е.Малов және А.Б.Халидов болды.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.
Махмұт Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».
Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген:
«Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…»
Достарыңызбен бөлісу: |