БАҒдарламасы (силлабус) Пән Психологиялық- педагогикалық практикум Мамандығы



бет7/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,16 Mb.
#12896
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Кеңес беруге тыйым салу. Әр адамның өмiрi өзiндiк ерекшелiкке толы. Сондықтан кәсiби және өмiрлiк тәжiрибенiң деңгейi қандай болса да, кепiлден-дiрiлген кеңес беру мүмкiн емес. Бұдан өзге, өзiне жауапкершiлiктi ала отырып, психолог кеңес алушының тұлғасының дамуына және оның шындық болмысқа барабар қатынасына ықпал жасайды.

Анонимдiк. Бұл психолог клиент хабарлаған кез-келген ақпаратз аңда арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда, оның келiсiмiнсiз өзге бiреулерге беруге болмайды. Осы ережелер туралы клиентке алдын-ала ескертiледi.

Кәсiби және жеке қатынастарды шектеу. Бұл принциптiң әрекет етуi тасымалдың және контртасымалдың пайда болуымен байланысты. Кеңес беру процесiнде әрекет ете отырып, бұл феномендер оның тиiмдiлiгiн төмендетедi.

Клиенттiң кеңес беру процесiне қосылуы. Айқын эмоционалдық күйзелiстер мен сұхбаттың рефлексиясы клиент талқыланудағы нәрсенi, психолог iс-әрекетi-нiң логикалылығын және психологиялық атмосфераның қолайлылығын толық түсiнген жағдайда болуы мүмкiн.

6. Әлеуметтік сұраныс бойынша жұмыс - негізгі жоспарланған жұмыстардан тыс сұраныс бойынша орындалатын қосалқы тапсырмалар. (эксперименттер жүргізу, сауалнамалар толтыру, мониторинг шығару ж. т.б)

Мектеп психологының жұмысының негізгі түрлері: психологиялық алдын-алу, психодиагностика, психологиялық түзету және психологиялық ағарту екенін түсіндір. Іс-тәжірибе барысында әрдайым бірлесіп әрекеттеседі.

Мектептегі психологиялық қызмет ойдағыдай нәтиже беруі үшін: біріншіден, мектеп психологы мен педагогикалық ұжымның бірлесіп әрекет жасай білуіне, оқушылармен қарым-қатынас жасауда, оқу –тәрбие процесінің күрделі мәселелерін шешуде бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктеріна тікелей байланысты. Екіншіден, психологиялық қызмет өз жұмысын ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен, балаларды қамқорлыққа алған мекемелермен, жасы толмағандар мен жеткіншектер инспециясы жән дәрігерлік мекемелермен бірлесе жүргізсе ғана тиімді нәтижеге қол жеткізеді. Үшіншіден, психологиялық қызметті арнаулы психолог мамандар немесе қайтадан психологиялық даярлықтан өткен адамдар жүргізуі керек. Төртіншіден, мектеп психологтары психология ғылымының барылқ салалары бойынша теориялық білім түрлерін меңгеріп, оны күнделікті өз тәжірибесінде дұрыс қолдана алуы керек. Бесіншіден, мектептегі психологиялық қызмет өз деңгейінде жүргізілуі үшін психологтар өздерінің міндеттері мен құқықтарын білуі керек.



Психолог кабинетін безендіруге қойылатын талаптар

(үлгі)

Жұмыс нәтижелі болу үшін психологқа бөлек жүмыс кабинеті және топтық жұмыстарды жүргізуге арналған орын болуы шарт. Психолог кабинеті мектептің ең қолайлы, тыныш жерден бөлінуі керек. Кабинеттің жалпы көлемі аз дегенде 10-12 шаршы метр болады. Кабинетті жабдықтауда мына төмендегі ұсыныстарды ескеру қажет.



  1. Мебель (жиһаз) - жұмыс және журнал үстелдері, жұмыс орындығы, жұмсақ екі кресло, кітап шкафы, торшер, үстел лампасы;

  2. Безендіру заттары- жұмсақ түсті штор, түрлі түсті картиналар (жыл мезгілдері, табиғат көріністері), бөлмеге лайықты өсірілген гүлдер; обойдың түсі ақшыл жасыл, крем түсті немесе шабдалы түстес болады, яғни адам сезіміне жылы, жағымды әсер беретіндей. Қызыл, сары түстерді мөлшермен қолдану. Қара, қоңыр түстерді мүлдем қолданбау керек. Люстра бөлме жабдықтарына
    сәйкес болып келуі тиіс.

  3. Жеке телефон (параллель емес).

  4. Интернетке қосылған компьютер (Ресей және ҚР психологиялық қызмет көрсету орталығы туралы мәліметтер, профилактикалық, коррекциялық, консультациялық, диагностикалық жұмыстарды жүргізу әдістемелері туралы мәліметтер болуы қажет).

  5. Кілттенетін сейф (диагностикалық әдістемелер мен психологиялық зерттеулердің материалдарын сақтау үшін).

Топтық психологиялық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған бөлме.

Психологтың жұмыс кабинетінен басқа: оқу және коррекциялық ойындар, психотренингтер, педагогикалық клуб т.б. топтық жұмыстарды жүргізуге арналған жалпы көлемі 20-24 шаршы метр арнайы бөлме жабдықталады. Бұл бөлменің безендірілуі мына төмендегіше: бірнеше орындықтар, жұмсақ диван немесе бірнеше креслолар, үлкен үстел, еденде кілем, қабырғадағы түс қағаздың түсі жұмсақ, жылы болуы тиіс, жағымды түсті штор, картиналар, арнайы өсірілген гүлдер.

Бейнетренингтерді өткізуге арналған арнайы аппаратуралар, аудио-видео кассеталар жинағы, магнитафон.

Әрине, психологқа екі кабинет беруге мектептердің мүмкіндігі жоқ болғандықтан, психологқа бір кабинет беріледі, оны жабдықтауда мүмкіндігінше жоғарыда көрсетілген екі кабинет жабдықтарын біріктіру қажет.



Психолог құжаттары

Психологтың жылдық жоспары мектептегі оқу-тәрбие жұмысының перспективалық жоспарымен сәйкес және жоғарыда аталған нормативті құжаттарды, ҚР Заңдарын басшылыққа ала отырып құрастырады.

1. Психологтың жылдық жоспары:


  • мақсаты мен міндеттері;

  • балалар және мектеп ұжымының диагностикасы;

  • педагогикалық процестерді ізгілендіру диагностикасы мен болжамы;

оқушылармен түзету жұмыстары;

  • оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен, басшылармен консультациялық жұмыстар;

  • мектеп ұжымымен психопрофилактикалық, психологиялық ағарту жұмыстары;

  • ұйымдастыру әдістемелік жұмыстары, облыстық, аудан орталықтарымен өзара байланыс.

2. Психологтың апталық немесе айлық жұмыс жоспары:

  1. Әр түрлі бағыта жүргізілген (психологиялық ағарту, диагностикалық және профилактикалық, консультациялық, түзету дамыту) жұмыстардың материалдар жинағы.

  2. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша қорытындылар, хаттамалар

  3. Психолгтың кеңес беру журналы

  4. Психологтың топпен жұмыс бағдарламасы

  5. Топтық жұмысты есепке алу журналы

  6. Түзету - дамыту сабақтарының бағдарламасы, жоспары

9. Сынып ұжымы және оқушының диагностикалық картасы
10. Жүргізілген сабақтардың бағдарламалары, қысқаша жоспары
11 .Психологтың аналитикалық есебі

12. Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың бағдарламасы (2-3 жылға арналған)

13.Психолог кабинеті жұмысының циклограммасы

14. Психологиялық қызмет туралы Ереже

15.Психолог жұмысында басшылыққа алатын КР Заңдары мен құжаттары

Осы құжаттардың әрбірі бөлек папкаларда жинақталады. Әр папканың сыртында №1-15 дейін нөмірленеді. Психолог жинақталаған құжаттарға байланысты картотека жүйесін жасайды. Ол картотекаларда папкалардың мазмұны көрсетіледі.


Психодиагностика әдістеріне сипаттама беру және оны жіктеу
С.Л.Рубинштейн әдістерді психологиялық зерттеуде негізгі ерекше екі әдіс туралы жазған. Бұл бақылау (өзін-өзі бақылау, объективтік бақылау, содай-ақ, тікелей және жанама бақылау болып бөлінеді) және эксперимент (табиғи және жасанды, эксперимент және бақылау арқылы айналысушылардың нақты аралық орны). Оның басқа да әдістерге деген көзқарасы мынадай:

* әдіс «психикалық іс-әрекет ерекшеліктерінің негізгі өнімдерін

зерттеу»;

* әңгіме әдісі;

* анкеталық әдіс;

* тест әдісі (әсіресе оларды сынау)

* генетикалық әдіс, оның негізі - психиканың даму концепциясына

тиістілігі.

Б.Г.Ананьев өз еңбегінде психологиялық зерттеуде парадигманың бүтіндей негізін қалады. Барлық әдістерді төрт топқа бөлді:

I тобы: ұйымдастырылған әдістер:

* лонгитюдты;

* салыстырмалы;

* комплексті.



ІІ тобы: қосымша мәліметтердің эмпирикалық жолдары:

* обсервациялық әдістер (бақылау және өзін-өзі бақылау);

* эксперименталды әдістер (лабораториялық, табиғи және психолого-педагогикалық);

* психодиагностикалық әдістер (тест, анкета, сауалнама, сұхбат, әңгіме.);

* праксиметриялық әдістер: а) өнімдерді талдау және іс-әрекет процессі (хронометрия, профессиография, орындалған жұмыстың бағасы); б) үлгілеу (математикалық, кибернетикалық);

в) биографиялық әдістер ( документін және өмір сүру жолдарын зерттеу).



ІІІ тобы: бақылау және эксперименттің қорытындысын өңдеу тәсілдері:

* берілген статистикалық көрсеткіштерді өңдеу (сандық талдау);

* берілген мәліметтерді талдау сапалылығы (сынып бойынша материалдарды саралау, жұмыс типологиясы, психологиялық казуистикалардың құрылуы, «оқиғалар сипаттамасы» да бар).

IV тобы: түсініктемелеу (интерпретация) әдістері:

* генетикалық (даму сипаттамасын, эмпирикалық материалын түсініктемелеу);

* құрылымдық (жеке тұлға немесе топтардың жеке құрылым компоненттерінің арасындағы сипаттама түріндегі байланыс).

Р.С.Немов психологиялық зерттеуінде негізгі әдістерді оның нұсқаларын қолдану үшін алғашқы мәліметтер жинағы төмендегі кестеде көрсетілген.


Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және оның нұсқалары


Негізгі әдіс

Негізгі әдістердің нұсқалары

Байқау

(бақылау)



Сырттай (жан-жақты байқау)

Іштей (өзін-өзі бақылау)

Еркін

Стандартталынған



Енгізілген

Жан-жағынан



Тесттер

Тест-сауалнама

Тест-тапсырма

Жобалық тест


Экспери

мент


Табиғи

Лабораториялық



Үлгілеу

Көрсеткіштерді өңдеу әдістері

Көрсеткіштерді өңдеу әдістері


Математикалық статистикалық әдістер талдау

сапалығы негіздері



П.П.Дерьюгин талдау сапалы жіктеудің қызметтік негізі психологиялық ақпараттар мен әдістердің топтауымен жүзеге асырылатындығын ұсынған. Барлық әдістемелік тәсілдердің негізгі бес топтық бірлестігі бар. Бұл ақпараттарды жинау әдістері (бақылау, әңгіме, сауалнама, эксперимент, тестілеу қорытындыларын зерттеу және т.б.); ақпараттарды өңдеу әдістері (аналитико-синтетикалық, графикалық, статистикалық, ықтималдық, мінездемелерді еркін талдау, шкалалардың бағалануы, компьютерлік және басқа да); ақпараттарды пайдалану әдістері (тікелей ықпалы, кепілдеме, жоспарлау есебі, координация, жормалдау және басқа); ақпараттарды жинау әдістері (күнделіктер, журналдар, хаттамалар, берілген есептер, берілген электрондық базалар және т.б.) мен зерттеу қорытындыларының анық бағалану әдістері (іс-әрекет қорытындысын талдау, бақылау шаралары, төтенше қатерлі шарттар, бейресми жағдаяттағы мінез-құлықтар, статистикалық талдау және басқа.).

Психодиагностикада әдістерді жіктеу көп жақты. Оған негізінде методологиялық сәйкестік, технология немесе өлшем құралы жатады.

1950 жылы С.Розенцвейг барльқ психодиагностикалық әдістерді үш

топқа бөлді:

1. "Субъективтік" әдістер өз-өзіне объекті сияқты субъектіні бақылау құралдары (сауалнамалар, анкеталар, автобиографиялар және басқа).

2. "Объективтік" іс-әрекетті сырттай бақылау арқылы тұлғалық құрылымды іштей бағалау.

3. "Проективтік" зерттелінушінің реакциясын талдауда, "бейтарап-тұлғалық" стимулына негізделеді.



Объективтік

әдістеме


Субъективтік

әдістеме


Проективтік

әдістеме


Әрекетті орындау жолдары (ерекшелік) мен қорытындының өлшемі:

1.1. Тұлғалық тecт (ақыл-ой ерекшелігі)

1.1.1. Әрекет тecтi (мақсаттық тұлғалық тecт)

1.1.2.Ситуациялық тест (ситуацияларда шешім қабылдау)

1.2.Ақыл-ой тесті (интеллектінің даму деңгейі)

1.2.1.Қабілеттілік тест

1.2.2.Жетістік тест

1.2.3.Өлшемдік-бағытталған тест.




Зерттелушінің өзі берген ақпараттары

арқылы оны өлшеу:

2.1. Тұлғальқ және

арнайы сауалнамалар.

2.2. Анкеталар

2.3.Өзекті және өткенді шолатын сұхбат.

2.4.Биографиялық әдістемелер

2.5. Өзіндік мінез-

құлықты жағдайларда

сипаттау.

2.6.Герменевтикалық

әдіс (әңгіме, бақылау...)


Сыналушының өзін көpceтyi арқылы нашар құрылымдағы стимулдық материалдар арқылы өлшеу:

3.1.Белгіленген (құрылымдық, стимулдық, хаттау, мағына беру).

3.2. Конструктивті (белгілі 6ip детальдар арқылы жасалуы)

3.3.Түсініктемелеу (қандайда жағдайлардың мағыналылығы, ситуация)

3.4.Катартикалық(ұйымдастырылған ойын әрекетінің жүзеге асырылуы).

3.5.Экспрессивтік (еркін немесе берілген тақырыпта сурет салу)

3.6.Импрессивті (бip стимулдан басқасын таңдау)

3.7.Аддитивті(ұсынысты, әңгімені, тарихты, жағдаяттарды аяқтау).

3.8.Семантикалық (эмоциялы қарым-қатынаста объектіге тұлғалық мағынаны білдіру).


Р.Кеттел мен Ф.Варбуртон жинастырған анықтамаларын (1967 ж. пән бойынша және психология технологиясы бойынша 400-ден аса әр түрлі тестілер жинастырған) 12 класқа топтастырды:

1. Қабілеттілік тест (интеллектуалды функцияларын зерттеу... ).

2. Икем және дағды тесті (координация, қозғалыстың нақтылығы).

3. Қабылдау тесті (иіс сезу, сөз, сөйлемдерді қабылдау...).

4. Сауалнама (анкета, тікелей сауалнама...).

5. Позиция (басқа адамдарға қарым-қатынасы, мораль нормалары...)-

6. Эстетикалық тест (музыка, өнерді таңдау...).

7. Жобалық тест (құрылымсыз белгілер бойынша тұлғалық ерекшелік

жобасы...).

8. Ситуациялық тест (ситуациядағы мінез-құлық...).

9. Ойын әдістер (әлеуметтік-психологиялық тренингтер, қызметтік

және рөлдік ойындар...).

10. Физиологиялық тест (физиологиялық тексеру...).

11. Физикалық тест (салмақ, кеуде қуысының өлшемі, бой...).

12. Кездейсоқ бақылау (тексеру барысындағы мінез-құлқы, қосымша

және ақпараттарды толықтыру...)


Психодиагностикалық әдістемелердің негізі пәндік- технологиялық жолымен жасалуы

Қорыта келгенде кез-келген жіктеу белгілі функцияларда орындалатынын байқауға болады. Яғни, оның практикалық психологтардың қызметінде диагностикалық құралдардың көмегі өте зор. Таңқаларлығы, бip жағынан қарасақ, зерттелуші бағасына, ал басқа жағынан алсақ, объективтік және технологияның болуы мен психологиялық мәліметтердің интерпретациясына бағытталған. Бұл жеңілдету немесе үнемділікке қатысты қажетті немесе түрлі жоспарланған әдістемелер эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

Психодиагностикалық әдістердің жіктеліп таралуы жалпы ерекше критериялары, психодиагностиканың түрлі әдістеріне сәйкес жеке топтарға бөлінеді. Сондай критерияларға мыналар жатады:

- тестік тапсырманың әдістемеде қолданылу типі;

- тестік материалдың әдістемеде пайдаланушы адресаты;

- сыналушының тecтiк материалының формасы;

- бepiлген мәліметтердің сипаты, пайдаланушылардың психодиагностика қорытындысы туралы тұжырым жасау;

- әдістемедегі барлық тестік нормалар.



Әдістемелердің іштей құрылысы.

Тесті тапсырмаларын қолданылу типі бойынша психодиагностикалық әдістемелер сауалнама (онда сыналушының адресі бойынша сұрақтар қолданылады), пайымдаушы (бірнеше пікірлер немесе пайымдаулар қолданылады, сонымен қатар өз келісімін және келіспейтіндігін білдіру қажет), продуктивті (мұнда сыналушының басқа және сондай өзіндік шығармашылық өнімдерінің түрі қолданылады: ауызша, бейнелі, материалды, өз бетінше құрылған немесе сыналушының нұсқауы бойынша қайта жаңғырту.), әсершіл (сыналушы тапсырма алып, бірнеше кешенді практикалық әрекеттерді орындап, оның психологиялық мінезі бойынша тексеріледі), физиологиялық (мұндай жағдайда еріксіздікпен физикалық немесе физиологиялық реакциясының адам ағзасын талдау негізінде психодиагиостика шығарылады).


Топтық психотерапия
Топтық психотерапия- кәзіргі кезде әртүрлі аурулармен ауыратын адамдарға қолданылатын психотерапиялық әсер ету формасы.

Әдебиетте психогендік ауытқулар, мінездің патологиялық ерекшеліктерін, нашақорлық, маскүнемдік, токсикомания, психоз, талма, жүйке жүйесінің аурулары, жүрек тамырлары аурулары мен тағы да басқа аурулардың емдеу жолдары көрсетілген.

Топтық психотерапия әртүрлі жастардағы адамдарға қолданылуы мүмкін, мысалы А.В. Спиваковская мектеп жасына дейінгі балаларды, И.А. Мизрухин 100-142 жастардағы қарт адамдарды психотерапия әдістерімен емдеген.

Көптеген психотерапевт мамандардың пікірінше топтық психотерапия адамдармен қарым-қатынас жасау қиындығы, фобиялық ауытқулары мен айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста жанжалдасу қиындықтары бар емделушілерге оң әсер етеді. Мұндай жағдайларда ауру адамның қарсылығын жеңу үшін жеке терапиялық жұмыстар да қатар жүргізіледі.

Топтық психотерапия ауру адам үшін жеке терапияға қарағанда тұлғалық қауіпсіздігіне зор қауіп туғызатын жағдай болып көрінеді. Бұл жағдай жаңа қорқыныштар мен қобалжулар тудырады. Ауру адамдар өздерін нашар сезінеді, топта ашылып сөйлеуге, айналасындағы адмдардың сын сөздері мен бағалауларынан қорқады, көп жағдайда оларды осы емдеу әдістерінің дұрыстығына сендіру өте қиын.

Психолог ауру адамды топта ашылуға дайындап, оның ұстанымдарын өзгертіп, аурудан емделуге итермелейтін мотивациялық себептерді күшейтуіне тура келеді. Психолог ауру адаммен топтық психотерапия жағдайына көзқарасын, қобалжуларын талдайды.

Психологпен жеке қарым-қатынас топтық психотерапияға дайындық, жеке әсер етуді жүзеге асырумен қатар, топтық психотерапия толықтыру мен байыту үшін де қолданылады.

Ауруды емдеуші дәрігер топтық психотерапия кезінде аурудың жағдайын ескеріп, өз белсенділігін қарым-қатынас кезінде өзгертіп отыруға, емделушіні қорғап немесе оған қысым көрсетуді күшейтуі тиіс.

Көбінесе топтық психотерапиямен айналысатын психолог жеке психотерапиялық қабылдауды жүргізбейді, ол ауру адамның емдеуші дәрігермен немесе психологпен байланыста жұмыс істейді.

Жеке психотерапия топтағы жұмыспен қатар жүргізіледі, бірақ оның қарқындылық дәрежесі ауру мен оның жұмыс фазасына, оның емделу фазасына байланысты өзгеріп отырады.

Емдеудің аяғында жеке психотерапия шектеліп, жұмыстың топтық нысандарына баса назар аударылады. Осы кезде ауру адам өзінің іс-әрекетін басқара алатынын, өз өмірі өз қолында екенін сезінуі тиіс.

Осы жағдайда жеке және топтық психотерапевт маманның арасында рольдерді бөлу мен өзара әсерлесудің маңызы зор. Кейде осы екі рольді бір психолог атқарады, онда оның негізгі мәселесі- ауру үшін пайдалы етіп жұмысты үйлестіру болып табылады. Бұл көбінесе топтық психотерапевт топты басқарушы ретінде ғана емес, ал оның маңызды бір мүшесінің ролін атқарғанда мүмкін болады.

Көптеген психотерапевттердің айтуынша топтық психотерапия ролінің маңыздылығы- ауру адамға өзіне басқаша қарауға, жүріс-тұрысын түзетуге, жеке психотерапия бағдарламасын түзетуге мүмкіндік беретіндігінде.

Топтық психотерапия 25-30 адамнан тұратын (үлкен топтар), 8-12 адамнан (кіші топтар) құралған ашық және жабық топтарда жүргізіледі. Көбінесе этиопатогенетикалық гомогенді топтар (аурудың өршуінде психогендік факторлардың ролін анықтайды) мен гетерогенді (невроз түрі, жынысы, жасы, синдром формасы) топтар құралады.

Іс жүзінде психотерапиялық топтарға қабылдауда шектеулер болуы мүмкін, мысалы: бір топқа көкдолы, мінездің анонкастикалық акцентуациясы, обессивтік симптоматика ауруларымен ауыратын адамдар 2-3 адамнан көп болмауы керек. 18 жастан төмен және 50 жастан жоғары аурулардан жас мөлшерлеріне байланысты гомогенді топтар құру маңызды.

Сабақтар жиілігі әртүрлі- жұмасына бір рет немесе күн сайын өткізуге болады, және емдеу мекемесінің жағдайына байланысты анықталады.

Сабақтың тиімді ұзақтығы – 1-1,5 сағат. Топ амбулаториялық немесе стационарлық, қысқа мерзімді (1-6 айдан) және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

Жабық топта қатысушылар саны тұрақты. Ашық топта жаңа ауру адамдар үнемі қосылып тұрады, мұндай топ шектеусіз уақыт аралығында жұмыс істейді. 50 жастан жоғары және 18 жастан төмен топтар үшін жас мөлшерлері, ер адамдар мен әйелдер саны бірдей топтар құрулуы қажет.

Төменгі интеллектуалдық деңгейді есептемегенде топқа қабылдауда рұқсат бермеуге негіз болатын себептер жоқ. Бірақ кейбір жағдайларда бұларға жете назар аудару керек, мысалы: аурудың физикалық кемшілігі, физикалық кемтарлық, сексуалдық ауытқушылық болған жағдайда.

Бір топқа қызметтік немесе басқа бір қарым-қатынастағы адамдарды қабылдауға рұқсат берілмейді (бұл отбасылық терапияға қатысты емес).

Клиентті топтық психотерапияға дайындау мәселелері әртүрлі шешіледі, көбінесе психологиялық жеке жұмыс стилі мен жұмыс істейтін белгілі бір ауру адамға байланысты. Кейде бұл емдеу мекемедегі топтық психотерапияның дәрежесіне байланысты, ашық топтардың даму деңгейіне байланысты анықталады.

Психолог топ мүшелеріне топтық психотерапияның шарттары мен принциптерінің нұсқаулық мәтінін, топ мүшелерін не күтіп тұрғаны туралы жеке және топтық әңгіме өткізуге болады. Жұмыс істеп тұрған топтың сабағына қатыстырып немесе бұрынғы клиенттермен кездесу ұйымдастыруға болады.

Психотерапиялық сабақтар белгілі бір уақытта, орындықтары дөңгелене орналастырылған қолайшы бөлмеде өткізілуі тиіс. Міндетті түрде болмаса да психотерапевт ақ халатта болуы керек.

Кәсіби қызметтің жеке стиліне тәуелсіз психолог өзінің алғашқы сабақтарында топтың жұмыс жоспарының негізгі принциптерін түсіндіруі тиіс, олар:



  • топ сабақтарының қатаң тәртібін сақтауы;

  • топта барлық мәселелер бойынша ашық және шын айтуға тырысу;

  • топ сабақтары кезінде болатын жағдайлар туралы топтың сыртына шығармау (бұл топқа да, оның әрбір мүшелеріне қатысты);

  • топтағы адамдарға оған кіруге, аурудың себебі болып табылатын немесе оның өтуінде маңызды роль ойнайтын қобалжулар мен жүріс-тұрыс себептерін тануға және өзгертуге көмектесу;

  • жалпы тақырыптағы әңгімелерге уақыт өткізбеу, өзінің және топтың басқа мүшелерінің нақты мәселелерін басты назарға алу;

  • айналасындағы адамдардың пікірін, көзқарастарын, кеңестерін тыңдау, ол жайында ойланып, бірақ шешімді өз бетімен қабылдау.

Бұл принциптердің жүзеге асырылуы көптеген аурулар үшін қиын және осы сұрақтарды топта талқылауға болады.

Әрбір психотерапиялық талқылау талдау жұмыстарды түсінуге дайындық, бағалау мен «ярлыктарды жабыстырудан» бас тартуға негізделуі тиіс.

Топтық психотерапияда дәрігер мен психологтың біріккен қызметі әртүрлі болуы мүмкін. Топтық психотерапия топ ішінде топ мүшелерінің арасында қалыптасқан саналы және мақсатты іс-әрекеттерді яғни топтық динамиканы емдеу мақсатында қолданады. Сондықтан, әрбір топ мүшесі өзін-өзі көрсету және басқа мүшелермен қарым-қатынас жасау үшін қолайлы жағдай тудыру қажет.

Нәтижесінде топтық іс-әрекет арқылы тұлғааралық қарым-қатынас механизмдері мен заңдылықтары туралы, бірінші кезекте осы қатынастардың алатын орны туралы түсінік қалыптасады. Психотерапевтік топтардың жұмысын талдау адамды қалыптастудағы саналылық ролі, тұлғаны қалыптастырудағы идеяның алатын орны туралы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

Топтық психотерапияның дамуы мен жұмыс істеуі топ мүшелерінің санасы мен өзіндік сана сезімдеріндегі өзгерістерді көрсететін үш көрсеткішті атап көрсетеді. Бұл көрсеткіштер топтың даму кезеңдерімен тығыз байланысты.

Топтық жұмыс тақырыптарын келесі түрлерге бөлуге болады: жеке клиенттің өмірбаяны, олардың емдеу мекемесіндегі жүріс-тұрыстары, кәзіргі кездегі олардың өмірлік жағдайлары мен мәселелері, топтық сабақтар кезіндегі мінез-құлқы. Топта пайда болған мәселелер мен жағдайлар талданады.

Пікірталас белгілі бір тақырыптан басталып, сабақта талқыланады. Сабақ құрылымы алдыңғы сабақпен де айқындалуы мүмкін, оны қатаң түрде жоспар бойынша өткізуге міндетті емес.

Топтық жұмыстың алғашқы фазасында психолог емделуші дәрігермен келісе отырып, тақырыпты өзі ұсынуы мүмкін. Егер бұл ашық топ болып, оған жаңа емделуші келіп қосылса, сабақ оны таныстырудан басталады. Әрбір топ мүшесінің өмірбаяны мен проблемалық жағдайларын талдау кезінде емделушіге ешқандай шектеулер қойылмайды. Әңгімені аяқтаған соң қосымша ақпарат алу мақсатында оған сұрақтар қойылады.

Психолог эмоциялар, ойлар, емделушінің өзі туралы әңгімесінен туындаған сұрақтарды қою арқылы клиент туралы ақпарат жинауға белсендіріледі. Осы ақпаратты талқылау және топ мүшелерінің айтылған ойлары пікірталас кезінде талқыланады.

Бір клиенттің өмірбаянын талдау оның өзекті жүріс-тұрысы мен басқа клиенттің мәселелерімен ұштасады. Емделушінің топтағы қарым-қатынасын талдау осыған ұқсас түрде жүзеге асырылып, ең соңғы рет емделуші топтан кеткенде талқыланады.

Топтан кетуші адам өзінің топ туралы, психотерапия барысында өзінің мінез-құлқындағы өзгерістері туралы айтады.

Егер емделуші топтан емделмей немесе дұрыс емделмей кетіп бара жатса, топ осының себептерін талқылайды. Кейде топ емделушінің болашақтағы жоспарлары туралы талқылап, оған кеңестер береді.

Бұл топтың жұмысының негізгі белгілері, ол психологтың жеке жұмыс стиліне байланысты өзгеруі мүмкін.

Психологтың әсер ету құралдары- бұл оның вербальдық және вербальдық емес реакциялары.

Клиенттердің санасы мен өзіндік сана-сезімдерінің дамуында психологтың вербальдық әсер ету құралдарының маңызы зор, ол оның топ мүшесі ретінде белсенділігін көрсетеді және басқа топ мүшелерін де белсендіреді.

Психотерапевт бір жағынан әрбір емделушіні эмоциялық тұрғыдан қабылдаса, екінші жағынан топқа белгілі бір талаптар қояды. Сондықтан, топтағы бірлік пен қарым-қатынасты үнемі бақылауда ұстау керек. Сонымен қатар психотерапевтің өзін-өзі ұстауы топтық ситуацияда үлгі-өнеге болып табылуы қажет. Ол біреулерді мұқият тыңдау, бір пікірлерге назар аударып, екінші пікірлерге көңіл аудармау арқылы психолог емделушінің сана-сезіміне өзгерістер жасауға жағдай туғызады.

Топ мүшелерінің санасы мен өзіндік сана-сезімдеріндегі өзгерістер оның өзін-өзі қабылдауынан басталады.

Өзін-өзі қабылдау тұлғаның ішкі дүниесінің құрылымын көрсететін негізгі ұстанымдарды қалыптастырудан басталады. Мысалы: «мен әрқашан менен ештеңе шықпайды деп ойлаймын», «Мен әрқашан жетекші, көшбасшы болғым келеді», «Мен өзімде әйелдің ақылы екенін сезінем» және тағы басқалар. Топта әрбір клиенттің ішкі дүниесін саралауға мүмкіндік болып, жағдай жасалуы тиіс. Бұл клиенттің санасы мен өзіндік сана-сезімінде өзгерістердің пайда болуына әкеледі. Мысалы: біреуге жаны ашу, өзінің сезімдері мен ойларын жеткізу, өзімен-өзі болу және тағы басқа.



Топтық жұмыстан кейін емделіп шыққандардың жүріс-тұрыстарында өзгерістер пайда болады (жүрісі, дене қимылы, қылық-әрекетінде), олар клиенттің санасы мен өзіндік сана-сезіміндегі өзгерістердің сыртқы көрінісі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет