Инвестициялық қызмет - Ұзақ мерзімді активтерді алу және сатудан тұратын және нарықтық құнды қағаздарды алу мен сатудан тұратын шаруашылық қызметтер.
Күмәнді талаптар - өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нәтижесінде туындаған және табыс алынған сәттен бастап екі жыл бойына қанағат-маған (салық салу мақсатында) талаптар немесе үмітсіз борыштар, бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін қуюу мерзімі бойына, яғни 3 жыл бойына талап етілмеген борыштар деп есептейді.
Клиент – компаниялардың тауарларын немесе қызметтерін сатып алушы тұлғалар.
Күрделі шығындар - Активтер счетында көрсетілген ұзақ мерзімді активтер құру немесе сатып алу шығындары.
Консигнация - Тауар иесінің (консигнант) басқа компанияның (консигнаттар) қоймасына орналастырылған тауарлар.
Коммерциялық несие – Коммерциялық несие: Көтерме немесе бөлшек сауда жүргізу үшін сатып алушыларға берілген несие.
Кредиторлық берешек – субъект уақытша тартқан ақшалай қаражат, ол шарт бойынша белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс.
Кумулятивтік әдіс бухгалтерлік есепте негізгі құрал-жабдықтың өтеммін (амартизация) есептеудің үш әдісінің бірі.
Қамтамасыз етілген облигациялар – облтгация ұстаушыларға облигациялар құнын жабуға сенімділік беру түрінде компанияның белгілі бір активтері кепілдікке қойылды.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – Компанияның беделіне тән шығарылған облигациялар.
Қаржылық қорытынды есеп ескертпелері - Қаржылық қорытынды есеп мазмұнын түсіндіруші корпоративтік жылдық есептің қосымша тарауы.
Қарапайым вексель - Қойылған талап бойынша немесе келесі уақытта белгілі бір соманы төлеу жөніндегі қабылданған міндеттеме.
Қосылған құнға салынатын салық (ҚСС) - айналым салығының ерекше түрі, бюджеттің құралуының аса маңызды көздерінің бірі.
Қызмет мерзімі - зат, нәрсе, негізгі құрал-жабдықтар өзінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қасиеті мен сапасын сақтайтын кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |