Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қаржы есеп-қисабын ашу тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы, ережелердің жиынтығы.
Есеп айырысу - ақшалай міндеттемелердің атқарылуы.
Есепке алынған шығындар - Есепке жатқызылған, тиісті счеттарға тіркеліп жазылмаған шығындар.
Есепке алынған табыстар - Қызмет көрсетуден немесе қойылған өнімдермен тауарлардан алынуға тиісті табыстар, алайда тиісті счеттарға тіркеліп жазылмаған табыстар.
Еркін айналатын артықтылықты акциялар – Акция ұстаушылардың қалауына қарай артықшылықтағы акциялар қарапайым акцияларға айырбасталуы мүмкін.
Жалпы табыс - фирманың өнімді, жұмысшыларды, қызметкерлерді өткізуден алатын ақшалай түрде есептелген жиынтық жылдық табысы.
Жалақыдан ұстау - әкімшіліктің өкімімен немесе фирманың «Еңбекке ақы төлеу туралы ережесінде» бекітілген жағдайларда ұстау.
Жарғылық капитал құрылатын фирманың активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, қатысушы осы салымдар шегінде осы фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді.
Жария етілген құн – Номиналдық құны қойылмаған директорлар кеңесінің тағайындаған акциялар құны.
Жеке ұйым - Меншік иелерінен, несиелендірішілер мен клиенттерден жеке мағынада қаралатын бизнес.
Жойылу дивидендтері – бөлінбеген пайда сомасынан жоғары сомадағы дивидендтер. Корпорация өз қызметін қысқартқан немесе тоқтатқан жағдайда төленеді.
Жою құны - негізгі құрал-жабдықты пайдалы қызмет мерзімінің аяғында жою кезінде істен шығыуына байланысты межелі шығынды шегеріп тастағанда пайда болатын босалқы бөлшектердің, сынықтың, қалдықтардың алдын-ала ойластырылатын, болжалды құны.
Залал - субъектінің қаржы-өндірістік қызметі барысында экономикалық пайданың азаюына апарып соқтырған шығысы (қаржы, материалдық шығысы)
Инвестициялар - процент немесе дивиденд түрінде табыс алу, капиталдың құнын көбейту арқылы немесе басқа да тәсілмен капиталды көбейту мақсатымен субъект иеленетін актив.
Достарыңызбен бөлісу: |