Несие үлесі - Талап етілген соманы коммерциялық банкпен алдын-ала жасалған келісімге сай алып отыру.
Объективтілік принципі - Жауапты тұлғаның интеллектуалды тазалығы мен алаламаушылық әділ қасиеті.
Облигациялар – Инвестициялаушы ортадан корпорацияның алған ұзақ мерзімді займдарын (қарыздары) растаушы құнды қағаздар.
Облигациялық сертификат – Облигациялар ұстаушы жаққа компанияның қарыз екендігін дәлелдейтін құжат.
Облигациялар бойынша келісу – Облигация ұстаушылардың артықшылығын шектеу жөніндегі құқық жөнінде жасалған қосымша келісім.
Облигациялар шығару – Бір уақытта шығарылған облигациялардың жалпы саны.
Оперативтік есеп - бухгалтерлік есептен гөрі неғұрлым тез және егжей-тегжейлі есеп.
Операциялық жалдау - Қысқа мерзімге жалға алу немесе жал келісімі бұзылуы мүмкін жалдау. Жалдауға байланысты тәуекелшілік жағдайлары жалға алушы жақта болады. Жал төлемі жалдау шығындары сапасында есептелінеді.
Операциялық қызмет - Бизнес атқару мен басқару барысындағы басшының қабылдайтын шешімі.
Операциялық шығындар - Өнімнің өзіндік құнынан тыс шаруашылық қызметін жүргізу шығындары.
Операциялық цикл - Тауарлар сатып алу, сату, сондай-ақ сатудан түскен ақшаны есепке алу жөніндегі операциялар циклы (сериясы).
Орташа құнмен өлшеу тәсілі - Есепті кезең ішінде сатуға арналған барлық тауарлардың орташа құнын есептеу арқылы босалқылар бағасын анықтау тәсілі.
Орнықтылық принципі - Қабылданатын шешімге тікелей әсер етуші негізгі сапалық сипат.
Өтімділік - субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті (төлем төлеуге қабілеттілік).
Өзіндік құн ( өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің) фирманың өзінің тауарларын өндіруге, басқаруға және өткізуге жұмсалған ақшалай нысандағы шығындары.
Өтімділік - Міндеттемелерді өз уақытында төлеуге жететін қолда бар қаражаттар.
Шек қою - Шектеу, белгілі бір нәрсені алып пайдалануға норма қойып қажетті саны мен көлемін қою.
Өзіндік құн және нарықтық құнның төменгі мәнімен есептеу тәсілі - Әрбір жекелеген босалқылардың өзіндік және нарықтық құны салыстырылады, бұдан соң әрбір жекелеген босалқы осы екі құнның ең төменгі дәрежесімен есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |