Сальдо ( итал. Saldo – қалдық) - белгілі бір күнгі жай-күй бойынша кез-келген есеп айырысуда ақшалай түсімдер арасындағы айырма.
Санация – түзету, жақсарту – Банкроттыққа айнала бастаған кәсіпорындардың қаржы және несие жүйесін жақсартуға бағытталған шаралар. Мұндай түзетулердің негізгі бағыты: жаңадан акциялар мен облигациялар шығару, үкімет тарапынан жәрдем ақша (субсидиялар), жаңадан банк несиелерін алу, бұрын алынған несиелердің қайтару мерзімін ұзарту, зиянды кәсіпорындарды таратып, бұлардың негізінде жаңадан мықты материалды-технологиялық жүйе жасау, кәсіпорынды экономикасы қуатты ірі компанияның құрамына енгізу, немесе бірнеше кіші кәсіпорындар құру. Түзету мен жақсарту әдістері бюджетті тұрақтандыру мен қағаз ақша айналысын шектеуге, бағаның орынсыз өсуін тоқтатуға, валюталық және сыртқы сауданы шектеуге, шет ел несиелерін қатыстыруға т.б. бағытталған.
Сатудың жалпы сомасы - Есепті кезең ішінде ақша қаражаттарына және несиеге сатылатын тауарлардың жалпы құны.
Сатуды арзандату - Несиеге сатылған соманы мерзімінен бұрын төлегені үшін сатып алушыларға қойылған сомадан шегеру. Сатуды арзандату счеты табыстар счетының қарсы счеты болып табылады.
Сатылып алынған тауарларды тасымалдау - Қайта сату үшін алынған тасымалдау шығындары. «Сатып алуды тасымалдау» деп те аталынады.
Салықтандыруға дейінгі пайда - Операциялық шығындарды шегергеннен кейінгі жалпы пайда. Сондай-ақ операциялық пайда немесе қызметтен түскен пайда деп те аталынады.
Салыстыру балансы -Тексеру және теңестіру мақсатындағы счеттардағы дебеттік және кредиттік қалдықтарды Бас кітаптағы қалдықтармен салыстыру.
Сәйкестендірудің айырықша (арнаулы) тәсілі - Жылдың соңында қалған әрбір жекелеген босалқылар құны өзіндік құнын есептеу тәсілі бойынша анықталады.
Сенімсіз немесе күмәнды счеттар - Төлей алмайтын немесе төлегісі келмейтін сатып алушыларға арналған алынатын счеттар.
Сенімділік принципі - Сенімділік білдіруші қасиеттерді бекітуші ақпараттарды сапалық тұрғыда сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |