Бағдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп» Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»



бет18/20
Дата20.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#197721
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
sillabus zholaeva

Сериялық облигациялар - Әр түрлі уақыттар уақыттарда жабылатын мерзімі көрсетілген облигациялар шығару.
Сыйақы - Шығарылған облигациялар бағасының номиналдық құнынан жоғарылауы.
Табыс - активтерді арттыру есебінен есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданы көбейту немесе меншікті капиталдың өсуіне әкеліп соғатын міндеттемелердің азаюы.
Талдамалық есеп - ақшалай және заттай түрде егжей-тегжейленген шаруашылық операцияның бухгалтерлік есебі.
Таза активтердің құны - инвестициялық қорлар активтері құнының оның міндеттемелерінен асып түсуі.
Таза табыс жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда өндіріске жұмсалған шығындардың арасындағы айырма, яғни субъект есепті кезеңде алған қалдықтық нәтиже.
Таза сату - Сатып алғаннан қайтарылатын, басқалай шегерімдердің барлығын шегергеннен кейінгі тауарлар сатудан жалпы түсім сомасы.
Тану сәті - Операцияларды алдын-ала белгіленген уақытта тану. Әдетте меншік құқығы сатып алушыларға өткен сәтті – тану сәті деп атаймыз.
Тарихи құн принципі - Активтер, міндеттемемелер немесе меншікті капиталды құраушылар сатылғанға дейін, бұларды пайдаланудың мерзімі аяқталғанға дейін, сондай-ақ бұлар толығымен жойылғанға дейін немесе басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанға дейін өзгеріске түспейтін бастапқа құнды – тарихи құн принципі деп атаймыз.
Түсініктілік принципі - Берілетін ақпараттарды барынша қанағаттанарлық дәрежеде сапалық сипаттау.
Тәуелсіздік принципі - Бухгалтерлік есептің объектитілігін төмендетпейтін немесе сапасын жоғарылатын арақатынастық операциялар.
Тозу - негізгі құрал-жабдық объектілердің табиғи және сапалық қасиетін, көрсеткіштерін, сипаттамаларын жоғалту процессі немесе бейматериалдық активтерді пайдалану барысында құнын көшіруі, олардың табыс әкелу қабілетін жоғалтуы, құның нормалар шегінде шығынға жүйелі көшірілуі түріндегі тозудың құндық тұлғалануы өтелім ( амартизация) деп аталады.
Түгендеу (лат. inventarium-мүліктің тізімі) - субъектінің балансында есептеулі мүліктің бар-жоғын, оның сақталуын және сақталуының дұрыстығын; міндеттерді; қаражат алу құқықтарын; қойма шаруашылығының жүргізілуін, есеп деректерінің нақтылығын дүркіндік тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет