Үстеме шығындар субъектінің өндірістері ұйымдарға, басқаруға және оған қызмет көрсетуге жұмсайтын шығыны.
Үлес - компанияның үлесіне қатысу. Компанияның акционерлік капиталынан және таза пайдадан тиесілі табыс алу, сондай-ақ компания жойылған жағдайда активтерден үлес алу құқығын білдіруші қағаз (акция). Пайыздық үлес процесіде құнды қағаздар негізінде бірлесіп құрылған қордан (серіктестік, құрылыс салушы қоғам) немесе бір нәрседен үлес алу.
Патент – белгілі бір тауарлар өндіру немесе белгілі бір процестерді пайдалану жөнінде бірнеше жылдарға үкіметтің берген құқығы.
Пайдалық - фирманың, оның қызметінің пайдалылығы, табыстылығының көрсеткіші.
Пайыздың номиналдық ставкасы – акция ұстаушыларға төленетін, облтгациялардың номиналдық құнына негізделген пайыздық ставка.
Пайыздар - Алынған несиелер бойынша несиелерді пайдаланғаны немесе сйыақыландыру үшін төленетін пайыздық шығындар.
Регистрлар – Заңды маңызы бар бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін өңдеп түсіріп отыруға арналған бухгалтерлік құжаттар.
Реуквизиттер – Құжаттар мен актілердегі, вексельдер мен т.б. мәліметтердің дұрыстығын анықтаушы (құжаттардың аты, мұндағы сома, сан, қаржылық ақша төлеушілердің аты, т.с.с.) жазулар.
Рефакция – Қарсы әрекет - Келісім-шарт және стандарт сәйкестігі деңгейінде көрсетілген тауарлар сапасының төмендігінен қойылған бағаны реттеудің тәсілі. Тауарлардың бағасы мен салмағының пайыздық дәрежесіне қарай тауарлар құнын арзандатып отыру үшін қажет.
Резиденттер - ҚР тиісті заңнамаларына сай ҚР аймақтарында құрылған және орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын жеке тұлғалар.
Резидент еместер - Шет мемлекеттер заңнамаларына сай құрылған және ҚР тыс аймақтарда орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР тыс аймақтарда тұрақты тұратын жеке тұлғалар.
Салық салу объектісі - белгілі бір салық өндіріп алынатын мүлік.
Сатып алу (сату) - фирманы сатып алу – сату немесе акциялардың бақылау пакетін сатып алу жөніндегі тікелей мәміле жолы мен фирманы сатып алу (сату).
Достарыңызбен бөлісу: |