131
бетке жұғу дәрежесін бұрыш немесе шеттік бұрыш (а) шамасымен анықтайды. Осы
бұрыштың шамасы артқан сайын жұғысу дәрежесі көбейеді. Мұндайда сұйық ішіндегі
когезия күшінен гөрі сұйық пен адсорбент молекулаларының арасьшдағы адгезия күші
басым болады. Егер шеттік бұрыш доғал (3), яғни осы бұрыштың косинусы теріс мәнде
болса, ондайда жұғу құбылысы болмайды, мұнда адгезия күші когезия кушінен кем.
Ребиндердің ұсынысына орай су жақсы жұғатын қатты беттер гидрофилді, ал
жұқпайтындар гидрофобты деп аталады. Көмірсутекті қосылыс секілді гидрофобты заттар
жақсы жұғысатын болғандықтан, оларды кейде олеофилді беттер деп те атайды. Қатты
адсорбенттердің еріген заттарды адсорбциялауы мына ережеге бағынады:
еріткіш
адсорбент бетіне жақсы жұғысқан сайын, осы беттегі берілген еріткіште еріген зат
молекулаларының адсорбциясы аз және еріткіш қатты бетке нашар жұқса, онда осы
беттегі еріген зат молекулаларының адсорбция шамасы аса үлкен мәнде бола бермейді.
Егер еріткіш қатты адсорбент бетіне жақсы жұғатын болса, онда ол әлгі сұйықтың
керілу бетін төмендетеді, демек, адсорбент бетінде еріткіш молекулаларын
адсорбциялайтын қабат пайда болады. Сонда қатты адсорбент бетінде еріген заттың
молекулаларына арналған орын аз қалады немесе мүлдем қалмауы да мүмкін. Мұндай
қатты адсорбент бетіне еріткіш жұқпайтын жағдайда еріткіш бос күйінде қалып, осы бетке
еріген зат молекулалары адсорбцияланады.
Қатты адсорбентке сұйық зат адсорбцияланған кезде жылу бөлінеді. Берілген
сұйықтың 1г ұнтақталған борпылдақ адсорбентке адсорбцияланғанда бөлетін жылу
шамасын
жұғу жылуы
деп атайды. Осы жылу берілген сұйықтың адсорбентпен
адсорбциялану интенсивтілігіне байланысты болғандықтан, жұғу жылуының мөлшеріне
орай сіңіретін заттың адсорбциялау қабілеті байқалады.
Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қатты адсорбент бетінің табиғатын
өзгертуге болады екен. Айталық гидрофилді бетті гидрофобтыға, ал гидрофобтыны
гидрофилдіге айналдыру қажет делік. Ол үшін катты адсорбент бетіне, мысалы қанықкан
карбон қышқылы, сабын сияқты БАЗ ерітінділерін пайдаланып, жаңа сападағы
адсорбциялық қабат тудырады. Егер қатты адсорбенттің гидрофилді бетін қаныққан
карбон қышкылының ерітіндісімен өңдесе, онда ол гдирофобты болады. Мұндайда
гидрофилді бетке қышқыл молекуласының гидрофилді бөлігі бағытталып, ал оның екінші
гидрсфобты бөлігі ауаға бағытталады. Сонда қатты адсорбент беті гидрофобты қабатпен
қапталады да, сумен жұғыспайды. Оған тамған су тамшысы доғал шеттік бұрыш кұрап,
бет сипатының керісінше өзгергендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: