1 Пән туралымәліметтер Оқу пәнінің атауы және коды: Mik 1203 «Микроэкономика» ҚР және ЕСТS кредиттер саны: 5
Пәннің оқу жоспары бойынша бекітілген сағат саны:
ББ бойынша оқу жоспарынан көшірме
Пререквизиттер:Микроэкономика экономика мамандығы үшін базалық пәндер циклындағы міндетті пәні болып табылады. Пәнді игеруге қажетті дағдылар мен білімі: талдау, өз ойын толық жеткізе білу, жауапкершілік, жинақылық5, сабаққа тиянақты дайындалу, экономикалық жеңіл түсініктерді білу.
Оқылатын курсты игеруге қажетті дағдылар мен білімі: экономикалық пәндерден алған білімдерін атап айтсақ: «Экономикалық теория», сияқты пәндерден кейін оқылатын базалық экономикалық пән болып табылады.
Постреквизиттер:«Микрэкономика» курсын оқу «Кәсіпорын экономикасы», «Баға белгілеу», т.б. курстарды меңгеруге негіз болады
2. Оқу пәнінің сипаттамасы 2.1 оқу пәнін оқыту мақсаты Курс мақсаты: Микроэкономиканың негізгі түсінік қалыптастыру. «Микроэкономика» курсы студенттерге нарықтық экономикадағы тұтынушылардың сұранысымен, талғамы және тауар өндірушілердің ұсынысы мен өндіру мүмкіншілігін, сонымен қатар тауардың баға құру саясатын, жетілген және жетілмеген нарықтардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
«Микроэкономика» өндірістің өзінде игіліктерді тұтыну және айырбас бөлінуде пайда болатын адамдар арасындағы қатынастарды зерттейтін әдістемелік пән болып табылады. Еліміздің бәсекелі қабілетті елдер қатарына жетуде әр тауар өндірушінің өз өнімін сапалы бәсекеге қабілетті етіп шығаруда микроэкономика ғылымының заңдылықтарын білуі қажет.
Микроэкономика әдістерімен тәсілдерін қолдана білу қажет.
Нарық дамуынының негізгі микрэкономикалық көрсеткіштеріне, микроэкономикалық саясат бағыттарын талдау бойынша сұрақтарға көңіл аударылуы тиіс.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер Қазақстанның нарықтық субьектілердің іс әрекеттерін микроэкономикалық процесстерді және оның жалпы экономикалық дамуында рөлін сұрыптау жасай білуі тиіс.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер бағалай білуі тиіс:
Нарықтық экономика жағдайында микроэкономикалық ақпараттарға сүйене отырып, кәсіпорынның микроэкономикалық саясаты мен құралдарын жүзеге асыру барысын бағалай білу қабілетіне ие болу.