Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной 2014 ж



бет7/38
Дата01.06.2017
өлшемі6,21 Mb.
#17367
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38

Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?

  3. MS Access қандай мәліметтер қорына жатады?

  4. Негізгі объектілерін атаңыз.

  5. Қандай тақталар бар?


Зертханалық жұмыс №2

Тақырып: “МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ”

Жаттығу: объектінің қалай құрыла­ты­нын анықтау, өрістер сипаттамаларын енгізу, өрістер қаси­етін анықтау, кестенің құрылу режимімен таныс­у мақсатында берілген жаттығуларды орындаңыздар.

Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.
Лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдімтемелік нұсқаулар:

1 Мәліметтер типі және өріс қасиеттері

Әрбір Access мәліметтер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер суреттеледі. Өрістер объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс үш элемент арқылы сипатталады:



  1. Өріс (Поле – fіtld name) – өріс аты, кестеде қайталанбауы тиіс;

  2. Мәліметтер типі (Тип данных – Data type) – өрістегі мәліметтер ти­­пі;

  3. Сипаттама (Описание – Descrіptіon) – өріс қызметіне түсі­нік­­­теме беру;

Access-тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:

Мәтіндік (Текстовой – Text) – ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;

МЕМО өрісі (Поле МЕМО – Memo) – 32000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі – өрістегі информациялар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол информациялардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;

Сандық (Числовой – Number) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нүктелі. Бүтін сандар -32768 бен 32767


аралығында, көп разрядты бүтін сандар -2147483648 бен 2147483647 аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298E-45 пен 3.402823Е38 аралығында анықталған болуы тиіс. Нақты сандар енгізілетін өріс үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;

Дата/уақыт (Дата/время – Data/tіme) – күн/ай/жыл форматында мерзімді және сағат:минут:секунд pm не am (pm – 12.00-ден кейін, ал am –12.00-ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдап алған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері: Күннің толық форматы (мысалы, 3.01.03 09:00:12); қысқа форматы (мысалы, 12.07.01); орташа форматы (мысалы, ЗІ-окт-03); ұзын форматы (мысалы, 21 мая 2001г.);

Ақшалай (Денежный – Currency) – ақшалай көрсетілген информация­ларды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+/-900 триллион) жиі қолданылады;

Санауыш (Счетчик – Counter) – жазбалар реттік нөмірін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);

Логикалық (Логический – yes/no) – логикалық мәліметтерді (Иә/Жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;

OLE объектісі ( Объект OLE – OLE object) – Wіndows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы мәліметтер тізімінен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да, кестеде логикалық өріс жалаушалармен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен шертіп "Иә" мәні  белгісін орнату арқылы, ал "Жоқ" мәні өрісті бос қалдырылу арқылы енгізіледі.

Бұдан басқа, “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетінде өрістің бірсыпыра қасиеттер жиыны беріледі, “Алмастыру” (“Подстанов­ка”) ішкі бетінде басқару элементінің типі көрсетіледі. Олар Access өрістердің 11 түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады, бірақ қасиеттердің нақты тізімі өріс типімен анықталады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарасты­рып шығайық:


  1. өрістің ені (размер поля) – мәтіндер үшін алдын ала келісім бойынша 50 символ болып алынған, сандық өрістер үшін мына типтердің біреуі алынады: Байт (Байт), Бүтін сан (Целое), Ұзартылған бүтін сан (Длинное целое), Жылжымалы нүкте (С плавающей точкой) ені 4 немесе 8 байт, Репликация коды (Код репликации);

  2. формат (формат) – қағаздағы және экрандағы информация түрін анықтайды;

3) енгізу қалқасы (маска ввода) – онда мәліметтердің енгізілу түрін анықтайтын формат көрсетіледі;

4) ондық таңбалар саны – сандық және ақшалық өрістер үшін үтірден кейінгі разрядтар саны;

5) қолтаңба (подпись) – формалар мен басылымдарға арналған өрістер сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);

6) алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні (значение по умолчанию) – өрісте автоматты түрде бірден пайда болатын мәндер, бірақ оларды кесте немесе форма режимінде өзгерістуге немесе жаңадан енгізуге болады;

7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) – Access-тің енгізілген мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;

8) қате түралы хабарлама (сообщение об ошибке) – өрістегі информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын хабарлама;

9) міндетті түрде толтырылатын өріс (обязательное поле) – өріске мән беру қажеттілігін анықтайды;

10) бос жолдар (пустые строки) – өрістердің нөлдік мәндерін тағайын­дай­ды, олар бос жолдардан басқаша болып саналады;

11) индекстелген өріс (индексированное поле) – мәліметтер іздеуді жеделдету үшін осы өріс бойынша индекс құру қажет пе, жоқ па соны анықтайды.

Мәндердің енгізілу форматын беретін олардың қалқасын (маска) құруға арналған негізгі символдар 1-кесте­де келтірілген.

1 кесте


қалқа символы

ЕНГІЗУге болатын мӘндер

0

0-ден 9-ға дейінгі цифрлар

9

Сандар немесе бос орын

#

Сандар немесе бос орын, +/-

L/?

Әріп

A/a

Әріп немесе циф

&/c

Кез келген символ немесе бос орын

.

Ондық нүкте

: немесе /

Уақыт немесе мерзімді бөліп тұратын таңбалар

<

Таңбаларды төменгі регистрге ауыстырады (кіші әріптер)

>

Таңбаларды жоғарғы регистрге ауыстырады (бас әріптер)

Қалқа (Маска) мысалдары:

  1. (###) - ### - ### – 325477370 санын енгізгенде, ол өрісте келесі түрде көрінеді (325)-477-370;

  2. > – Алматы мәнін енгізгенде ол АЛМАТЫ сөзіне түрленеді.

Бет перде (Маска) құру үшін бет перде құру Шеберін қолдануға болады, ол үшін Енгізу бет пердесі қасиеттерінен Құру (көп нүктесі бар квадрат) батырмасын шерту керек.

Access индекстің екі түрін сүйемелдейді:

– индекс – алғашқы кілт – бұл әрбір жазбаны бір мәнді түрде анықтайтын өріс немесе өрістер комбинациясы;

– индекс – екінші реттегі кілт – сұрыптау немесе іздеу барысында қолданылатын өріс немесе өрістер комбинациясы.

Индекстер құру үшін өрістерді алдын ала белгілеп Кілт белгішесін немесе Түр/Индекстер меню командасын қол­да­нуға болады. Соңғы команда индекс атауы, индекстеу өрістері және сұрыптау реті көрсетілуі тиіс сұхбат терезе шығарады.

Кесте немесе форма өрістері өріс түрінде көрінуі керек пе, тізім түрінде ме, әлде тізімі бар өріс түрінде көрінуі керек пе осыны анықтайтын басқару элементінің түрі “Алмастыру” ішкі бетінде сипатталады. Егер өріс үшін Тізім (Lіst box) немесе Тізім бар өріс (Combo box) басқару элементтері таңдалса, онда тізімнің жолдары үшін мәліметтердің шыққан жерін және тізімнің басқа да бірқатар белгілерін анықтайтын қосымша қасиеттер шығады. Мәліметтер шыққан көзі кесте болып табылады, онымен жұмыс барысында үздіксіз байланыс орнатыл­атындықтан, ол тізімнің ең соңғы нұсқа екендігін, яғни өзектілігін қамтама­сыз етеді.

Егер өріс түрін анықтау кезінде Алмастыру шебері таңда­лса, онда “Алмастырулар” ішкі бетіндегі қасиеттер мәні Шебер арқылы толтырылады.



2. Кесте режимінде жұмыс істеу

Кестелер - МБ-ның негізгі объектілері. МБ жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері мен касиеттері анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі беті­н­ ашып, Құру (Создать) батырмасына шертсек, 1 сурет­те көрсетілген Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.





1 сурет. Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі
Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кес­­те құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл режим Excel-де кесте құру тәсіліне ұқсас. Кестеде 20-ға дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің мар­калары туралы мағлұматтары бар кестені құру үлгісі келтірілген. Бірінші жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab және Shіft-Tab немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады. Мән­дер­ді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесі­н­де кестеге ат беруге болады (стандартты ат – Кесте 1), сонымен қатар автомат­ты түрде енгізілетін түйінді (ключевое) өріс – реттік нөмірлер де көрсетіледі. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады (2 су­рет).­ Өрістердің типі енгізілген мәндер негізінде автоматты түр­де анықталады.

3. Конструктор режимінде кесте құру

Группа 37
Кестені құру барысында Конструктор режимін таңдап кесте өрістерінің сипттамасын анықтайық. Мұнда әрбір өріске ат беріп мәліметтер типін және оның сипаттамасын беріп, бұл өрістің қасиеттерін анықтау керек.

Мысалға объект ретінде автомобильді алайық. Бұл объектінің өрістерінің сипатта­масы 2 кестеде келтірілген.


К


онструктормен
жұмыс істеу терезесі 3 суретте келтірілген. Курсор “Мәліметтер типі” графасына түскенде бағыттауыш тілсызық пайда болады, оны бассақ, мүмкін болатын барлық мәлі­мет­тер типінің тізімі шығады. Суретте бұл тізім “Бағасы” өрісі үшін көрсетіліп тұр. Төмендегі “Жалпы” ішкі бетінде өріске шектеулар, алғашқы мәндер тағайындауға болады, мысалы мәтіндік типті өрістер үшін оның енін (мөлшерін – размерін) көрсету: “Нөмір” өрісі үшін 7 байт, “Марка” және “Түс” өрістері үшін – 10 байттан алуға болады. “Нөмір” және “Иесінің коды” өрістері үшін міндетті өріс (иә) белгісін ор­натуға болады, яғни оларды бос қалдыруға болмайды.

Группа 29



4 сурет. “Алмастыру (Подстановка)” ішкі бетімен жұмыс істеу

2 кесте “Авто” кестесінің өрістері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет