Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет10/19
Дата18.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#186431
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Қазақ балалар адебиеті, Ж.Ғ.Мусина

7-СОӨЖ тақырыбы: Б.Майлин шығармашылығы. Оқу-ағартуға шығарған өлең-жырлары, әңгімелері, повестері.
Тапсырмалар: Б.Наурызбаевтың «Б.Майлиннің прозасы» атты зеттеуін конспектілеу.
Есеп беру түрі: баяндама
СӨЖ тапсырмалары: 1917-1940 ж. қазақ балалар әдебиетінің ддамуына ықпал жасаған некгізгі жайлар.
Есеп беру түрі: презентация (слайд)
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қазақ балалар әдебиеті.-А, 1974 ж.

  2. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі-А, 1965 ж.

  3. Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы. А.1986-88 жж.

  4. Биаға естеліктер.- А, 1991 ж.

  5. Қазақ газет-журналдары (2000-2010 жж.).

  6. Наурызбаев Б. «Б.Майлиннің прозасы». А. 1967 ж.



Сегізінші апта
8 дәрістің тақырыбы: 1940-50 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.
Терминдер мен анықтамалар: «Көксерек», «Бүркітші» повестері
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Сол кездің өзінде Отанға, атамекенге деген сағынышқа, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының . жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтаған еді. М.Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады.Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасында тіл көркемдік жағы мен Мәншүк пен анасының арасындағы мейірбандықты, Мәншүктің сыртқы тұлғасын суреттеу жағын әдемі-ақ көрсеткен. Қара шашы қара бұлтпен жауғандай 
Қара қасы аймен егіз туғандай 
Желмен ойнап, желбіресе кекілі 
Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай. 
Меруерт тісті, қызыл ерін, қыр мұрын 
Алма бетті, дөңгелек жүз, сөз шырын 
Қолдан құйған қорғасындай денесі 
Қылығымен қызықтырған көз нұрын,- дейді. Бұлардың көркемдік дәрежесін салыстырғанда, бәрінен жоғары деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет