Он төртінші апта
№14 дәрістің тақырыбы: Тіл және қоғам
Қарастырылытын мәселелер:
1.Тіл және қоғам
2. Тіл және этникалық бірлік
Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.
Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.
Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
Тіл және қоғам. Социологиялық тіл білімі, оның зерттеу нысанасы. Дыбыс тілінің пайда болуы, бұған байланысты тіл білімі тарихындағы көзқарастар. Дыбыс тілінің пайда болуы туралы қазіргі заманғы тұжырымдар.
Тіл және этникалық бірлік. Дүние жүзіндегі тілдердің сандық шамасы мен жіктелу тарихы. Тілдердің бір-біріне қосылу (интеграция) және бір-бірінен бөліну (дифференциация) жекелену процесері, бұлардың қоғаммен , қоғамдық формациялармен байланысы, соңғылардың тілге тигізетін әсері мен ықпалы. Билингвизм, оны туғызатын себептер, әлемдік тілдің болу қажеттігі, бұл жөніндегі пікірлер, әрекеттер.
Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері. Әдеби тіл. Тілдік (узус) және әдеби нормасы.
№14 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл және қоғам
Тапсырмалар:
Тілдің қоғаммен байланысынан туатын тілдік қағидалар
Ұлттық сипаттын тілдегі көрінісі, тілдің этникалық белгі екендігін
Әлеуметтік тіл білімі, оның қарастыратың мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |