Бағдарламасы (Syllabus)



Pdf көрінісі
бет12/49
Дата22.11.2022
өлшемі385,53 Kb.
#159306
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Ауыз қуысы.
Ауыз қуысын кіреберіс (ұрт) және нағыз ауыз қуысы
деп екі бөлімге бөледі. 
Ұрттың 
сыртын бұлшықеттер мен еріндер жауып
тұрады. Оның ішкі жағында үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, қызылиек
және тістер орналасқан. Нағыз ауыз қуысы алдыңғы жағынан жақ
сүйектерімен, тістермен, ал артқы жағынан аңқамен (зев) көмкерілген.
Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай мен жұмсақ
таңдай, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың артқы
бөлімі жіңішкеріп әрі ұзарып бөбешікпен (тілшік) аяқталады. Ауыз
қуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз
қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып жұтылады.
Тамақты жұту күрделі физиологиялық процесс (75-сурет).
Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы –
ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады.
Осыған байланысты тіл өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және
ұшы болады. Тіл кілегейлі (шырышты) қабықшамен қапталған. Тілдің
кілегейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу


емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі – қышқыл мен тұзды, ал
түбі – ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады.
Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз
қуысы тікелей аңқа (зев) арқылы жұтқыншақпен байланысады.
Жұтқыншақ
 
– түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын
омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның
ұзындығы, шамамен 11–13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі
өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ
арқылы өңешке түседі (75-сурет). Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ
арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді.
Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ
қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан
жерінде бозғылт-қызыл түсті бадамшалар (миндалина) орналасқан.
Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе
ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамша қабынса, қызметі
дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.
Өңеш
– ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше.
Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі асқазанмен
жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты
эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен
кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының
көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесінде
тағам асқазанға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп,
құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет