БАҒдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 2015 жыл мазмұны 1 Өңірлік макроэкономика 9



бет1/5
Дата08.06.2018
өлшемі5,81 Mb.
#41390
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5


Түпқараған аудандық

мәслихаттың 07 қыркүйек

2015 жылғы № 33/224

шешімімен Бекітілген



2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ АУМАҒЫН ДАМЫТУ
БАҒДАРЛАМАСЫ

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко қаласы

2015 жыл


МАЗМҰНЫ


2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика 9

2.1.2. Әлеуметтік саланы дамыту 23

5 бағыт. Мемлекеттік қызмет көрсетулер. 100


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Түпқараған ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Дайындау негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы №931 «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесінің әрі қарай қызмет етудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Ауданның жалпы жер аумағы 8076,9 шаршы км. 01.07.2015ж. аудан халқының саны іргелес елді мекендермен қоса есептегенде 24646 адам. Аудан құрамына Форт –Шевченко қаласы, Баутино ауылы, Қызылөзен, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Таушық селолық округтары енеді.

Бағыттары

Экономика.

Әлеуметтік саланы дамыту.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы.

Жер ресурстары

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.


Мақсаттары

Өнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өңдеу өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ететін ауданның бәсекеге қабілетті мамандандыруларын қалыптастыру, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу мен жеткізу көлемін арттыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту. Ауданда бөлшек сауда көлемін арттыру.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, ауданның тнвестициялық

Жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін

қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту

үлесін арттыру.

Білім сапасын, қолжетімділігін,тартымдылығын жақсарту және балалардың құқығы мен заңды қызығушылығын қорғау жүйесін дамыту.

Медициналық көмектің тиімді жүйесін негіздеу.

Түпқараған ауданы халқының өмір сүруінің сапасын және әл-ауқатын жақсарту.

Мәдени құндылықтарға халықтың қолжетімділігін арттыру және дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.

Түпқараған ауданының бұқаралық спорт және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысы және туристік секторды дамыту.

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру

Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.

Ауданда жаңа талаптарға сай ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Аудан көлемінде тұрғын үй құрылысын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Ауданда дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.

Энергетикалық, инженерлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайды жасау.

Селолық аумақтарды тұрақты дамыту негіздерін қалау, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету.

Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи ортаның қайта жаңғырту әлеуетін сақтау және қоғамның өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жақсарту.


Міндеттері

Өнеркәсіптік өндіріс көлемнің өсуін қамтамасыз ету

Өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту

Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Аймақ экономикасының инновациялық, өндірістік және басқа салаларындағы шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін, капиталды салу үшін қолайлы инвестициялық жағдайды жасау

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін арттыру

Педагогикалық кадрлардың біліктілігін және ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту

Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін ынталандыру

Медициналық қызмет көрсетуді және денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін, мамандар ресурстарын дамытуды жетілдіру

Ана мен баланың денсаулығын нығайту, әлеуметтік-маңызды ауруларды төмендету және өлім-жітімді азайту

Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына қол жеткізу

Халықтың аз қамтылған жігіне берілетін атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін күшейту

Әлеуметтік қызметтерді дамыту

Аудан азаматтарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту

Өңірдегі жастарды мемлекеттік қолдауды, этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қылмысқа қарсы іс-қимылдың алдын алу құрамын арттыру.

Қылмыспен күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес

Дағдарыс жағдайларындағы басқарудың дайындық, шапшаңдық және тұрақтылық деңгейі

Телекоммуникация мен байланыстың және компьютерлік сауаттылықтың дамуы

Халықтың барлық топтарына арналған тұрғын-үйлерді салу және пайдалануға қосу

Аудан экономикасының көлiк қызметтерiндегi бағалы көлiк коммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ететiн қажеттiгiнiң құрастырылуы

Халыққа көліктік қызмет көрсету мүмкіндігімен қамту

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды қамтамасыз ету

Ауылдық елді мекендерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтің қол жетімділігі мен сапасын арттыру

Жергілікті атқару билігі қызметі тиімділігін арттыру



Жүзеге асыру кезеңдері

I кезең – ағымдық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру.

II кезең – қорытынды (2 жыл) - 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және қаланың әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру.



Мақсатты индикаторлар

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі – 2011 жылы - 104%; 2012 жылы - 100,1%; 2013 жылы – 101%; 2014 жылы - 102%; 2015 жылы -103%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі, өткен жылға – 2011 жылы - 50,0%; 2012 жылы – 50,0%; 2013 жылы – 60,0 %; 2014 жылы – 70,0%; 2015 жылы -80,0 %.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлемі, өткен жылға 2011 жылы – 90 %; 2012 жылы - 80%; 2013 жылы – 85 %; 2014 жылы – 90%; 2015 жылы – 96 %.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2011 жылы – 100; 2012 жылы – 101; 2013 жылы – 102; 2014 жылы – 103; 2015 жылы - 104.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 2011 жылы – 100,3%; 2012 жылы – 100,5%; 2013 жылы - 100,8%; 2014 жылы – 101%; 2015 жылы - 101,0%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2011 жылы - 95,0%; 2012 жылы – 100,0%; 2013 жылы – 106,0%; 2014 жылы – 110,0%; 2015 жылы – 120,0%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (3-тен 6 жасқа дейін): 2011 жылы – 75%, 2012 жылы – 80%, 2013 жылы – 85%, 2014 жылы –80%, 2015 жылы – 83,0%.

Пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың, олардың жалпы санындағы үлесі 2011жылы- 3%; 2012 жылы - 3%; 2013 жылы - 4%; 2014 жылы – 4%; 2015 жылы -5%.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы жыл 2011жылы – 69,0 жас; 2012 жылы - 72,0 жас; 2013 жылы – 72,0 жас; 2014 жылы – 73,0 жас; 2015 жылы – 72,2 жас.

Жалпы өлім-жітіміді төмендету (1000 адамға шаққанда) 2011 жылы – 4,3; 2012 жылы – 4,2; 2013 жылы – 4,2; 2014 жылы – 4,1; 2015 жылы – 4,0.

Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылы - 0,3%; 2012 жылы – 0,4%; 2013 жылы – 0,4%; 2014 жылы – 0,3%; 2015 жылы – 4,3%.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген адамдар санындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылы - 30%; 2012 жылы – 35%; 2013 жылы – 35%; 2014 жылы – 35%; 2015 жылы – 50%.

Барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтыру мен спортпен жүйелі шұғылданумен қамту 2011 жылы – 13,0%; 2012 жылы – 15,5%; 2013 жылы – 16,0%; 2014 жылы – 17,0%; 2015 жылы –18,4%.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасына оң баға берген тұрғындар үлесін ұлғайту- 2011 жылы -24,5%; 2012 жылы -25%; 2013 жылы -25,5%; 2014 жылы -26%; 2015 жылы -40%;

Жол-көлік оқиғалары санын (деңгейін) төмендету (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда): 2011жылы -15; 2012 жылы -25; 2013 жылы -25; 2014 жылы – 30, 2015 жылы – 30.

Тасқындар мен су басуларға, селдерге, көшкіндерге, жер сілкінулерге, өрттерге қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі: 2014 жылы – 90%, 2015 жылы – 90%.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға 2011 жылы – 105%; 2012 жылы – 106%; 2013 жылы – 108%; 2014 жылы – 110%; 2015 жылы – 85%.

Жақсы және қанағаттанарлық жай күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2011 жылы - 50%; 2012 жылы - 50%; 2013 жылы - 60%; 2014 жылы -70%; 2015 жылы – 70,8%.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының күрделі және ағымдағы жөңдеу жұмыстары 2011 жылы – 0,5; 2012 жылы – 1; 2013 жылы – 1; 2014 жылы – 1; 2015 жылы - 2 (км).



Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі 2011-2015 жылдары – 0 (бірлік).

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру 2011 жылы – 20,0%; 2012 жылы – 20,0%; 2013 жылы – 30,0%; 2014 жылы – 30,0%; 2015 жылы –30,0%.

Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру 2011 жылы – 60,0%; 2012 жылы – 60,0%; 2013 жылы – 70,0%; 2014 жылы – 85,0%; 2015 жылы – 90,0%.

Әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі


Қаржыландырудың көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаттары

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы – 333,3 млн.теңге

2012 жылы – 1175,0 млн.теңге

2013 жылы - 2621,3 млн.теңге

2014 жылы – 415,5 млн.теңге



2015 жылы - 1003,6 млн.теңге

Барлығы: 5548,7 млн.теңге


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Ауданның ілгерілеуі мен кемшін тұстары, олардың аумақтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
Ауданның әкімшілік -аумақтық жағдайы. 1 – сурет.

Түпқараған ауданы облыстың солтүстік-батысында Каспий теңізінің жағасында Бозашы түбегінде орналасқан. Аудан 1992 жылы құрылған. Ауданның аумағы 8076,9 шаршы км. Халық саны 2015 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша 24646 адам (стат. деректер) 2014 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда 2,9% өсті. Халық саны мен жер аумағының көлемі жағынан аудан облыста соңғы орында тұр. 2015 жылдын қаңтар –маусымында ауданға көшіп келгендер саны 371 адам болып 2014 жылдың қаңтар –маусымымен салыстырғанда 2,2 есе көбейді. 1963 жылдан аудан орталығы - Форт-Шевченко қаласы (халық саны 6298 адам). Аудан тұрғындарының басым бөлігі ауылда тұрады.


Климаты, пайдалы қазбалары

Аумақтың басым бөлігі сұр топырақты болып келеді, сирек өскен бұталары бар тақырдан, жусанды-сораңды шөлейт жерлерден, тұзы шыққан сорлардан, құмды аймақтан тұрады. Климаты шұғыл континентальды: ыстық әрі құрғақ жазымен, салқын қысымен, төменгі ылғалдылығымен, әр жылдарда мөлшері өзгеріп тұрғанымен жалпы жауын-шашынның аздығымен, үнемі желділігімен, жоғарғы күн радиациясымен ерекшеленеді. Жыл ішіндегі ауаның орташа температурасы 9,7 -ден 12,5 О С өзгереді. Күннің қатты суытуы желтоқсан-ақпан айларында, солтүстік бетінде қараша-наурыз айларында байқалады ,алғашқы аяздар қазан айында басталады, кейде сәуір айында да суық болады. Ең төменгі ауа температурасы 25-30 С, көбінесе қантар айынның екінші жартысына сәйкес келеді. Қантар айының орташа ауа температурасы 2,0-2,8 С, жалпы қыс жылы болғанымен, тайғақты, боранды болатын күндері де бар. Көктем ерте келеді, наурыздың ортасынан сәуірдің ортасына дейін бір айға созылады. Ең жоғарғы орташа айлық ауа температурасы шілдеде байқалады (23,3-28,3ОС), осы айда кейбір күндері ең жоғары температура 43-47 ОС –ге дейін көтеріледі. Жауын-шашынның мөлшері 130-150мм. Таулы жерлерде желтоқсанның үшінші онкүндігінен наурыздың ортасына дейін, жазықты жерлерде ақпанға дейін тегіс қар жатады. Түскен қардың қалыңдығы кейбір жерлерде 10-15 см-ден асады, желмен үрілген қар төмен жерлерді, жыраны, өзекті толтырып, күн жылына еріп, судың жерге сінуіне көмектеседі. Тасқақты жерлерде қар, жаңбыр суынан күн ысығанша жататын көлшіктер пайда болады. Жауын-шашынның аздығы мен ұдайы желдің әсерінен буланудың орташа жылдық көрсеткіші жылдың жылы мезгілдерінде 1285-1584 мм -ге дейін өзгереді.

Су ресурстары шектеулі, жартылай шөлейт аймақта тұрғандықтан ауданда ауыз су мәселесі өте қиын. Облыстағы жер асты су қорының 25% ауданның үлесіне тиеді.

Құрғақ, ыссы, ылғалдылығы аз күрделі климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығының негізін мал (түйе, жылқы,қой) өсіру құрайды. Отырықшы елді мекендерде сауындық мақсатта сиыр ұстайды. Мал жеке және шаруа қожалықтарында бағылады, олардан басқа ірі үш ауыл шаруашылық серіктестіктері бар. Соңғы жылдарда 171 га суармалы егістік жерлерінде көкөніс, бақша, жеміс-жидек егу қолға алынды.

Қаражанбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен орындарында жылына 350 млн тоннадан артық мұнай мен газ өндіріледі. Қызыл-Қаспақ -Айыржал кен орнында сұр көмірдің қоры барланып, анықталды. Мұндағы көмір қорының бекітілген мөлшері 34,7 млн тоннаны құрайды. Осы кезге дейін оның 0,5 млн тоннасы ғана өндірілді. Көмір кенінің құрамында германийдің 20 г/т, кейбір жеке сынамаларда 50 - 100 г/т дейін,сонымен қатар сирек кездесетін басқа да элементтердің бар екендігі болжанды. Таушық көмірі болашақта аталған сирек металдардың кен байлықтарын өндірістік негізде игеру үшін де пайдаланылуы әбден мүмкін. Сұр көмірді бұған дейін де мұнай өндірісінің түрлі қажеттіктеріне қолданған, алда осы істі өндірістік негізге аударуға да болады. Таушықта фосфарит кен орнының бар екендігі алдын-ала барланды. Ас тұзының үш ірі кен орындары белгілі. Ең ірілері: Бұлақ І – аумағы 0,5 шаршы км, құрамында 300 т қоры NaCl-95,2%, Қошқар-Ата – аумағы 25,17 шаршы км, құрамында 17,8 млн т NaCl-97% бар.
Туристік – рекреациялық ресурстары
Маңғыстау түбегіндегі мәдени-тарихи, діни, сәулеттік ескерткіштердің басым көпшілігі Түпқараған ауданының жерінде орналасқан. Республикалық дәрежеде қорғауға алынған бес ескерткіш, жергілікті дәрежеде қорғауға алынған алпыс үш ескерткіш тіркелген. Шақпақ-ата жер асты мешіті, Қошқар-ата, Сұлтан-епе, Долыапа, Қаңға-баба, Кенті-баба, Үштам, Ақшора-Белторан, Қарағашты әулие қауымдары, Абылғазының күмбез тамы, Қарлыбас, Қараған бекіністері тарихшылардың, туристердің аса көп қызуғышылығын тудырады. Саназар, Айназар қауымдықтарында мол биоэнергия көзінің бар екендігін байқап, тұрғындар түнемелік үйлер салған. Бірқатар әулиелердің жерленген жерінде жер асты мешіттері кездеседі. Көне молаларда он мыңнан астам сәулет өнерінің ескерткіштері бар: қойтастар, құлпытастар, қорғандар, сағана-тамдар, кесенелер және т.б. Молалар мен мешіттердің тұрғызылуы туралы аңыздар біздің заманымызға дейін жетті. Діни ескерткіштер тарихи-мәдени қажылық туризмді дамытуға сұранып тұр. Археологтар Түпқараған ауданының жерінен Қызылқала, Дікілтас, Кетік, Маңғышлақ атты Ұлы Жібек жолының бойында тұрған ірі елді мекендердің орындарын тапты. Жібек жолы – қызғылықты туристік маршрут. Батыс пен Шығыс арасында қатынас орнатқан бұл жол екі жүз жыл бойы талай қанды қақтығыстар мен эпидемиялардың куәсі болды, бүтіндей халықтар мен мемлекеттер жойылып кетсе де,олардың көзіндей мәңгілікке сақталып қалды. Маңғыстау түбегі халықаралық қызу сауда торабында тұрған.

Патшалық Ресейдің құзырымен айдауда болған украинның халық ақыны Тарас Шевченко болған орындар да бір туристік маршрут ашуға жеткілікті. Форт-Шевченко қаласында Т.Г.Шевченконің мемориалдық мұражай кешені бар. Тарас бағында ақынға қойылған ескерткіштер, бақша суарған шығыр, ақынның шығармашылық жұмыс істеген жертөлесі, су ішкен құдығы сол күйінде тұр. Бұған Новопетровск бекінісінің қалдықтарын, ғибадатхананы, Т.Шевченконің қарауылдық орнын, Таушыққа апаратын тас жолындағы Қаңға-баба ескерткішін, Баулы бұлағын қосуға болады. Қаңға-баба - ашық аспан астындағы мұражай. Бұлақтан аққан су, долана, бүлдірген, тұт, қарағаш, терек ағаштары бар тоғай. Сол жерде Қаракөз көне моласы бар. Бұл жердің суреттері Қаратау экпедициясымен келген Тарас Шевченконің сызбаларында сақталған.



Форт- Шевченко –мұражайлы қала. Мұнда «Қырымның қырық батырын» біздің заманымызға жеткізген айрықша талант иесі Мұрын-жырау Сеңгірбекұлының мұражай үйі, Маңғыстау этнография музейі бар. Олар экспонаттар қоры жөнінен орталық мұражайлардан қалыспайды. Ұсталық өнердің мұражайын ашуға да мүмкіндіктер жеткілікті. Ақкөйлек,Атанша ұсталар, Қаражүсіп, Ыдырыс шеберлер мұрасы ел арасында әлі табылады.

Баутин поселкесінде орыс кәсіпкері Захар Дубскийдің есімімен байланысты аурухана үйі, қызыл бұрыш, Захар бақшасы секілді көрікті орындар бар. Форт-Шевченко қаласында тарихи белгілі тұлғалар жерленген интернационалдық қауым бар.

Қазақ жеріндегі алғашқы радирелелі станция үйі де - Форт-Шевченкоде. Қазір реставрациядан өтіп жатыр.

Белгілі қоғам қайраткері Әліби Жанкелдиннің орталыққа қару –жарақ, азық-түлік тиеген керуені де осы қаланың үстімен өткен.

Форт-Шевченко өлкетанушылық туристік маршруттар ашуға да толық мүмкіндік бар.

Тамшалы, Саура, Жығылған сияқты табиғаты көркем, су көзі бар, теңіз жағасында орналасқан қорықты аймақтар – экологиялық-экзотикалық туризмге сұранып тұр.

Түбекте құрамында адам ағзасына пайдалы тұздары көп қайнарлар да бар. Мацестикалық және феодосиялық қайнар көзі тәрізді бұлақтар бар. Бір кездерде шипалы балшықпен емдейтін санаторий де жұмыс істеген. Теңіз суының өзі бірқатар жараларды емдеуге жарамды. Бұл байлықтардың қасиетін астраханьдық саудагерлер біліп, жақсы пайдаланған. Бұлар шипажайлы-курорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қашағандағы мұнай кеніштерінің барлануымен байланысты Форт-Шевченко, Баутин елді мекендерінде адамға керекті барлық жағдайлар жасалған қонақ үйлер кешені дамып келеді. Ауданның облыс орталығымен, басқа аудандардың елді мекендерімен көлік-логистикалық байланысы да даму үстінде. Шағын аэропорт, теміржол бекетін салу да жоспарда тұр.


2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Экономика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет