Байланысты:
Үлгілік бағдарлама Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Өзіңді таны. Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім жасау.
Тамақтану. Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі. Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері.
Аурулардың алдын алу . Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру. Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы келбетіне қарап, денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау.
Өзіңе және өзгелерге көмектес . Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде тыныштандыру кешені жайлы білу.
Табиғатты қорғау . Ағаштың түрлері туралы білу. Өсімдіктің түрлерін анықтай білу.
Әлеуметтік әлем . Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері .Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.
Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, лифттер, әткеншектер).
Күтілетін нәтижелер:
- маңызды мүшелердің қызметін біледі, азық-түліктердің атауларын және оларды қолдану тәсілдерін біледі;
- жұқпалы аурулар мен олардың белгілері туралы біледі, денсаулықты нығайту туралы ұғымдарға ие;
- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіздік мінез-құлық ережелерін біледі және атайды;
- өзінде және өзгелерде алғашқы ауру белгілерін байқаған жағдайда ересектерден көмек сұрай алады;
- қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды;
- шынықтыру шараларының қажеттілігі мен маңыздылығын түсінеді
Достарыңызбен бөлісу: