Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет22/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

Көркем әдебиет


Оқып беру және әңгімелеу

Балаларды:

- ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға;

- кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациялық бояуды қабылдауға;

- тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай, дыбыстарды айқын айтуға;

- орындау кезінде кейіпкерге, оқиғаларға деген өзінің көзқарасын бере білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:


- ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын тыңдайды және түсінеді;

- бейнелі сөздерді қолданады;

- таныс ертегілерді сахналауға қатысады;

- әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды;

- сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

- тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп оқи алады.

Русский язык


Воспитание звуковой культуры речи:

- слушания речи на русском языке (сказки, рассказы, короткие стихи и песенки).

- произношения гласных звуков русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я, используя игры и игровые упражнения.



Развитие артикуляционного аппарата. Словарная работа и развитие речи.

Формирование навыков:

Понимания и восприятия названий игрушек, некоторых предметов быта, овощей и фруктов, животных;

- выполнения просьбы воспитателя, дальнейшее расширение словарного запаса детей и правильное произношение слов на русском языке;

- названия некоторых предметов ближайшего окружения;

- слова, обозначающие признаки предметов по величине, по цвету;

- слова, обозначающие действия;

- понимания словосочетаний и составление их способом согласования (существительное и прилагательное, существительное и глагол).

- понимания простых вопросов и правильного ответа на них в виде короткого предложения;

- составлять простые предложения;

- запоминания детьми коротких стишков и песен.

Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении.

Ожидаемые результаты:


- умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а, о, у, е, е, и, ы, э, ю, я;

- умеет составлять простые предложения;

- употребляет в речи имена существительные в форме единственного и множественного числа;

- умеет слушать взрослых и понимает простую речь;

- применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок;



- слушает, понимает содержание сказки, запоминает образные слова;

- умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи взрослого, передавая свое отношение к содержанию;

- знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском языке и их предназначение;

- понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них короткими предложениями на русском языке.
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

- тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуді және есту зейінін жетілдіру;



- сөздерде дауысты және кейбір дауыссыз (п-б, т-д, к-г, ф-в,с-з-ц) дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру;

- сөйлеу қарқынын өзгерте білуді бекіту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу;

Сөздік қор

- сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы, сөздік қорын кеңейту;

- заттың бөліктерін ажырату және атай білу;

- заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен балалардың тілін байыту;

- заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білу;



- сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту, балалар сөздігіне антонимдер мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу.

Тілдің грамматикалық құрылымы:

- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану;



- сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай келістіру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

  • сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

Байланыстырып сөйлеу:

Дағдыларды қалыптастыру:

  • суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

  • шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

  • тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдану;

- ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

- кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

- рифмді және сөздік ойындарға қызығушылығын таныту;

- таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.

Күтілетін нәтижелер:


- сөйлеу кезінде мәнерліліктің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды;

- зейін қойып тыңдайды, тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады;

- заттарды, суреттерді қарастыруда, сұрақтарға жауап береді;

- қысқа әңгімелерді және ертегілерді қайталайды және заттар мен құбылыстардың белгілері және сапасын атайды;

- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

- зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады «үстінде, астында, артында, жанында».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет