- дыбыс, сөз, сөйлем туралы қарапайым түсініктерге ие;
- сөздің басындағы дыбысты анықтайды, дыбыстарды ажыратады және дұрыс атайды;
- дыбыстарды буынға қосады; сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;
- жай және жайылма сөйлемдермен ойын жеткізе алады;
- суреттерге сүйеніп ертегі, әңгімелерді айтады;
- алуан түрлі оқиғаларды құрастырады және әңгімелеп бере алады, ертегілер ойлап шығарады, өлең ұйқастары мен сөздерге қызығушылық танытады;
- сөйлегенде көп мағыналы, жалпылауыш сөздерді, антонимдерді, синонимдерді,салыстыруларды қолданады;
- тілге сыни қарым-қатынас танытады, грамматикалық дұрыс сөйлей біледі;
- алуан түрлі интонациялық мәнерлілік тәсілдерін қолданып, дыбыстарды айтады, сөздермен белсенді түрде ойнай алады;
- түрлі сөз таптарын,салыстыруларды қолданып, монолог құра алады;
құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын тілдік және тілдік емес құралдар арқылы жеткізеді;
- ізеттілік, сыпайылық ережелерін меңгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |