Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет16/192
Дата07.02.2022
өлшемі484,59 Kb.
#86671
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   192

Жаратылыстану

1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.

Заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тани білуге, табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, шөпті, гүлдерді, ағаштарды (бұталарды) ажыратуға және оларға қамқорлық жасай білуге үйрету.


Заттарды, еңбек құралдарын, жануарларды, кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорларын толықтыру.
Өсімдіктер мен жануарларға деген қызығушығы дамыту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін


Аталған жастағы балаларда қоғам өміріндегі кейбір нақты жағдаяттар жайлы қарапайым ұғымдар қалыптасады.
Балалар үйренеді:
- қоршаған ортадағы және суретте берілген заттарды, көлік түрлерін,үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді;
- жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын,белгілерін ажыратады және атайды;
- табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атайды;
- гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне көңіл бөледі;
- кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біліп, оларды суреттерде және шынайы тани біледі;
- су мен құмның қасиеттерін біледі.
Режимдік сәттер барысында танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін қоршаған ортамен таныстыруды қамтамасыз етуде, түрлі заттардың қасиеттерімен, пішіндерімен, түстерімен танысу мақсатындаойындар ұйымдастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет