- кейбір жануарларды шынайы тұрғыда, суреттерден, ойыншықтардантаниды және атайды, олардың дауыстарына еліктейді;
- қоршаған ортадағы және суреттегі заттарды таниды;
- шөп, гүлдерді, ағаштарды ажыратады және оларға қамқорлық танытады;
- нақты түстегі гүлді табады,ересектің көмегімен гүлді, ағашты, шөпті көрсетеді;
- кейбір көкөністер мен жемістер жайлы біледі, оларды суреттерде және шынайы таниды;
- табиғат құбылыстарын атайды;
- су мен құмның қасиеттері жайлы ұғымдарға ие.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту;
- балалардың байқампаздығын дамыту;
- көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
- қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |